жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Күнделікті сабақ барысында оқушыларды жобалық жұмысқа баулу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы
Бағыты: Физика-математика бағытындағы пәндер (Информатика)
Тақырыбы:
Авторлар:
«Шығыс Қазақстан облысы Семей
қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
КММ «Семей қаласының №6 гимназиясы»
Информатика пәні мұғалімі
Жаугашарова Г.Д.
2019-2020 оқу жылы
Семей қаласы.
кіріспе
Білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды деген ортақ ұстаным қалыптасуда. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады
Оқыту
әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің
басты мәселесі болып отыр. Оқыту
әдістерінің тиімділігін арттырып,
оқытудың жаңа нысандары мен тәсілдерін
меңгеру қажеттігіне педагогикалық
зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.
Алайда,
оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің
бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты
асыра сілтеушілікке жол бермеу керек.
Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері
мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан,
оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану
қажет.
Сабақтың
тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының
мазмұны мен көлеміне, оқушылардың
дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың
құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып
отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап
алады.
Жаңа мыңжылдықтың қарсаңында қоғамның әлеуметтік жағынан да, білім беру саласында да өзгерістер болып жатыр. Қазіргі заманғы адам үлкен көлемде ақпарат ағымын жылдам басқарып, шын мәнін түсінуге тырысуы керек, ең бастысы адамгершілік құндылықтарды күмәнді идеалдармен алмастырмауы керек. Сондықтан шебер мұғалімге деген қажеттілік ешқашан жоғалмайды, ол жеке тұлғаның санасын білім берудің гуманитарлық аспектілеріне бағыттай отырып, өз шәкіртін өзінің жаратылысының жаратушысы етеді. Мұғалім мен шебердің арасында не ортақ? Бұл сұрақ белгілі бір қасиеттерге немесе құзыреттерге ие тұлға екенін білдіреді. Біріншіден, ол келесідей қасиеттерге ие: мағыналық-мағыналық белгілеу; білім берудегі гуманитарлық тәсілге бағдар беру; өзін басқаның жағдайына қою мүмкіндігі; оның білімін ғана емес, сонымен бірге оқушы тәрбиесінің де авторы болу бәріне немқұрайлы қарамау
Проект – это пять «П»
Оқытуда
қолданылатын көрнекілік әдістер
Көрнекілік
әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі
әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын,
тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру,
есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын
меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде
қолданылатын көрнекі құралдарға және
техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекілік
әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік
әдістерімен өзара байланыста қолданылады
және құбылыстармен, объектілермен
оқушыларды таныстырранда олардың сезім
мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет,
көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс,
объектілердің символдық бейнелерін
немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды.
Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық
және техникалық құралдар кең қолданылады.
Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі
үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация
және демонстрация.
Иллюстрация
әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық
құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте,
картина, карта, тақтадағы суреттер,
үлгілер көрсетіледі.
Демонстрацияның
(көрсету) оқыту әдісі ретіндегі
ерекшеліктері
Демонстрация
әдісі арқылы заттар мен құбылыстар
тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық
құралдардан, кино-фильмдерден,
диафильмдерден көрсетіледі.
Оқу
процесіне жаңа техникалық құралдарды
енгізу (теледидар, видеомагнитофондар)
оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін
кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі
құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар
қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл
бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш
техникасы кабинеттерін құру міндеті
шешілуде, оқу процесіне белгілі бір
жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге
мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу
міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға
бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген
көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі
түрде көруге мүмкіндік береді.
Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің
оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін
елеулі түрде кеңейтеді.
Оқытудың
көрнекілік әдісінің шарттарды:
•
көрнекіліктің оқушылардың жасына
сәйкестігі;
•
көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде
қолдану;
•
демонстрацияланған затты барлық
оқушылардың көруі;
•
иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін
нақты бөлу;
•
құбылыстарды демонстрациялау кезінде
берілетін түсініктерді мұқият
ойластыру;
•
демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу
материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
•
көрнекі құрал мен демонстрациялық
қондырғылардан керекті мәліметтерді
табуға оқушыларды ңатыстыру.
Оқытудың
тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар
тәжірибелік қызметпен айналысып,
тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын
қалыптастырады. Тәжірибелік әдістер:
жаттығулар, зертханалық және практикалық
жұмыстар.
Жаттығу
көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік
іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық пәндерді
оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде
қолданылады. Оның сипатыжәне әдістемесі
оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу
материалына, оқушылардың жасына
байланысты. Жаттығу сипатына қарай
ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбек
деп бөлінеді.
Оқушылардың
өз бетімен жұмыс істей білу деңгейіне
қарай жаттығулар бірнеше түрге
бөлінеді:
•
белгілі білімдерді еске түсіріп, оны
бекіту мақсатындағы жаттығулар;
•
білімді жаңа жағдайда қолданып жаттығу.
Оқушыларға алгоритм беріледі. Алгоритм - оқушыға зат не құбылысты толық білуге көмектесетін бағыт беретін іс-әрекеттердің жүйесі. Оқушыларға конспектілеудің, салыстырудың, есеп шығарудың алгоритмдері беріледі. Алгоритмдер бірнеше операциялары бар дағдыларды қалыптастыруға пайдалы, себебі күрделі іс-әрекеттен оның жеке операциялары бөлінеді.
Тосын сый сабақ.
Бұл сабақтың ерекшелігі - студенттер қандай тапсырмаларды күтіп тұрғанын білмейді, ол үшін арнайы дайындалған қораптар, «қара» қораптар, конверттер және т.б. қолданылады.
Бұл сабақтың міндеттері:
студенттердің ұғымдар туралы білімдерін қорытындылау, олардың мағынасын, байланысын көрсету;
құндылықтар туралы тарихи мәліметтер арқылы көкжиегін, сөздік қорын кеңейту, масса, ұзындық, уақыт ескі бірліктерін қайталау;
процестердің, құбылыстардың бар білімі мен тұжырымдамаларын жеке өмірлік тәжірибе деңгейінде анықтау;
6.
Ынталандыру әдісі
Қызығушылықтың
үш түрі:
•
іс-әрекетке деген оң көзқарастың
болуы;
•
танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі;
•
іс-әрекеттің баланы ынталандыруы.
Оқыту
процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң
көзқарасын туғызу керек. Оқылып отырған
материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа
бөлеуі, таң қалдыруы, аяушылық сезімін
тудыруы сабақтың мақсатына жетуді
тездетеді.
Педагог
ақын М.Жұмабаев ақыл көріністері
әсерленуден пайда болады, әсерленудің
күшті болуы, жалғасып дамуы ұғымның
дұрыс болуының кепілі деп көрсетеді.
Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин әдеби
шығармалардың адамгершілік туралы
жазған жерлерін оқушыларға талдатады.
Қызықты мысалдар, тәжірибе жүргізу,
бір-біріне кереғар келетін айғақтар
оқушының түрлі сезімдерін туғызып, оны
оқуға ынталандырады. "Тұрмыстағы
физика", "Ертегілердегі физика"
деген тақырыпқа мысалдар жинату да
пайдалы жұмыс.
Атақты
ғалымдардың және қоғам қайраткерлерінің
өмірі мен қызметі туралы кештер, көркем
әдебиеттен үзінділер оқу танымдық
қызығушылықты арттырады.
Мұғалімнің
сөйлеу мәдениеті де оқушы сезіміне әсер
етеді. Оқулық тақырыптарының мазмұны
- оқу іс-әрекетіне қызықтыратын негізгі
құрал.
Оқуға
қызықтырудың өте жақсы әдісі - танымдық
ойындар. Пікірсайыстар да оқушыны оқуға
қызықтырады. Үлгерімі төмен оқушыларды
жеткен жетістігіне қуанту да олардың
оқуға ықыласын арттырады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген