«Қазақ тілі» пәні бойынша 3- сыныптың күнтізбелік – тақырыптық жоспарға арналған түсінік хат
2021-2022 оқу жылы
-
1-4 сыныптардың оқу үрдісі төмендегі бұйрықтар негізінде жүзеге асырылады:
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (28.08.2020 № 372 өзгерістер мен толықтырулармен);
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары (04.09.2018 ж. № 415 өзгерістер мен толықтырулармен 20.08.2021 ж.) ;
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 (10.05.2018 ж. № 199) бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары;
-
«Орта білімнен кейін орта, техникалық және кәсіптік ұйымдардың педагог қызметкерлері орындауға міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығы.
-
-
1.«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
-
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын дамытуды, әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсуін жетілдіруді және дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық және рухани құндылықтарын, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуді, қазақша сөйлеу әдебі мен әдетін дағдыландыруды және қазақ әдебиеті үлгілерін терең меңгертуді мақсат етеді және алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді.
-
2. Міндеттері:
-
шығармашылықпен жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру;
-
қазақша сөздік қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгерту;
-
қазақша сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
-
сөз тіркестерін және жай сөйлемдер құру, сол сияқты айтылым дағдылары негізінде қазақша ойлау дағдыларын қалыптастыру;
-
тұрмыста, қоғамдық орындарда, мәдени орталарда қазақ тілінде қарым-қатынас жасау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
-
қазақ тілінде меңгерген білім, білік дағдыларына сүйене отырып, өзгелермен еркін қарым-қатынасқа түсуге үйрету;
-
қазақ тілінің саяси-әлеуметтік әлеуетін ұғындыру;
-
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту.
-
«Қазақ тілі» пәнін оқу арқылы оқушылар сөздік қоры мен тілдік сауаттылығын дамытып, қазақ халқы мен мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастырады, қызығушылығын арттырады.
-
Қазақ тілі пәні , 4-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 144 сағат болады.
-
«Қазақ тілі» оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
-
тіл және сөйлеу: ауызекі және жазба тілде сөйлеу ерекшеліктері;
-
сөйлеу мәдениеті: түрлі жағдаяттағы қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу; интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл мен ым-ишара, қаратпа сөздерді қолдана отырып,тыңдарманның назарын аудару; өзгенің пікіріне өз көзқарасын білдіруде тілдік және этикалық нормаларды сақтау;
-
мәтін: мәтін туралы 2-сыныпта өтілгенді қайталау; көмекші сөздердің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау; мәтіннің тақырыбын және ондағы негізгі ойды анықтау; мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; мәтіндерге салыстырмалы талдау; ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін салыстыру;
-
тыңдалған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілеу; ашық және жабық сұрақтарға жауап беру; берілген тақырып пен суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау; берілген мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздерді, жоспарды пайдаланып ауызша әңгіме құрау;
-
қаратпа сөз, оның тыныс белгісі; қыстырма сөз, оның тыныс белгісі;
-
фонетика: дыбыс туралы 2-сыныпта өткенді қайталау; Э, е, ф, в, ц, ч, ш, щ дыбыстарының ерекшеліктерін меңгерту; бұл дыбыстарды дұрыс айтып, сауатты жазуға дағдылану; В, ф дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктерін салыстыру; Ч, щ дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктері; Х, һ дыбыстары, олардың айтылу ерекшеліктері; Х, һ дыбыстарына қатысты сөздердің емлесі; сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл – Жаңгүл);
-
сөз және оның мағынасы: сөз және оның мағынасы туралы берілген білімді еске түсіру; сөз мағыналарымен жұмыс: сөз өзінің тура мағынасынан басқа ауыспалы мағынада қолданылатынын және бір сөздің бірнеше мағынада жұмсалатынын байқау; мәндес және қарама-қарсы мағыналы сөздер; тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын мәнмәтінде түсіну, сөйлеу барысында пайдалану; түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып, сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
-
сөз құрамы: сөз құрамы жайында 2-сыныпта өтілген ұғымдарды қайталау; түбір сөз және туынды сөз; туынды сөз жасайтын жұрнақтар; түбірлес сөздер; қосымшалардың емлесі: буын үндестігін сақтау, қосымша жалғанғанда кейбір сөздердің соңғы дыбысының өзгеруі немесе түсіп қалуы туралы түсінік;
-
сөйлем: сөйлем туралы 2-сыныпта берілген білімді қайталау; сөйлем мүшелері; тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер; бастауыш пен баяндауыштың байланысы; бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша; жалаң және жайылма сөйлем; үлгі сызба, сұрақ бойынша сөйлем құрау;
-
сөз таптары: сөз таптары туралы берілген ұғымды қайталау; зат есім туралы 2-сыныпта өтілген материалды еске түсіру; негізгі және туынды зат есім; туынды зат есім жасайтын жұрнақтар; зат есімнің тәуелденуі; тәуелдік жалғау, оның жекеше және көпше түрлері; тәуелдік жалғаудың емлесі; етістік туралы берілген білімді еске түсіру, негізгі және туынды етістік, болымды және болымсыз етістік; сөз таптары; сын есім жайында берілген білімді еске түсіру, негізгі және туынды сын есімдер; салыстырмалы шырай жұрнақтарымен таныстыру; сан есім туралы берілген білімді еске түсіру; есептік және реттік сан есімдер;
-
шығармашылық жұмыс: жоспар немесе сызба негізінде тірек сөздерді қолданып әңгімелеу, салыстыра сипаттау және көмекші сөздерді қолданып пайымдау мәтіндерін құрап жазу; оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу; сызба, график, кесте, фотосуреттер қолданып мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация) құрастырып жазу; өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік, өмірбаян жазу; жіберілген қателерді (пунктукациялық, орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық) тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету;
|
Сынып |
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны |
|||
|
|
1-тоқсан |
2-тоқсан |
3-тоқсан |
4-тоқсан |
|
3-сынып |
3 |
3 |
3 |
3 |
Қазақ тілі пәні 3 «а» сыныбы.
Аптасына: 4 сағат .
Барлығы: 136 сағат.


