жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Күз Ханшайымы
«Қазақтың қыздарына қайран қалам»
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар, қонақтар! «Күншуақ»топ қыздарының қатысуымен өтетін «Қазақтың қыздарына қайран қалам» атты байқауына қош келдіңіздер!
Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге қыздарымыздың да ақылды да,парасатты, тәрбиелі де, инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ, балабақшадағы бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі.
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне ортаға толқып-тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.
1.____________________________________________
2. ____________________________________________
3. ____________________________________________
4. ____________________________________________
5. ____________________________________________
6. ____________________________________________
7. ____________________________________________
8. ____________________________________________
9. ____________________________________________
10. ___________________________________________
( Сайысымызда арулардың реттік белгілерін анықтау үшін, қыздарымыз сандықшадан нөмерлер алады.)
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,- деп еңалдымен сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік
1._______________________________________
2._______________________________________
3._______________________________________
Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Сайыс шарттары:
1. «Менің ата-тегім» (өзін-өзі таныстыру.)
2. «Үй тапсырмасы» (Ата-анасымен бірлесіп,үйден қол жұмысын жасап,оны таныстыру)
3. «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ-жауап)
4. «Күзгі топтама-2018» (сән үлгісін көрсету)
1 кезең «Менің
ата-тегім» (өзін-өзі
таныстыру.)
Жүргізуші: Ақыл-көркі бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға өзімен,
Тез арада таныстырып өтеді.
(сайысқа қатысушылыр өздерін таныстырып өтеді.)
Әділ қазылар бағасын береді.
Ән «Алтын күз»
Орындайтындар: «Күншуақ» тобының бүлдіршіндері
2 кезең «Үй тапсырмасы» (Ата-анасымен бірлесіп,үйден қол жұмысын жасап,оны таныстыру)
Жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би-билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Сайыскерлер аянбай жан салыпты,- деп үй тапсырмасына кезек берейік
Әділ қазылар бағасын береді.
Ән «Күз тамаша»
Орындайтындар: «Күншуақ» тобының бүлдіршіндері
3 кезең «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ-жауап)
Жүргізуші: Білім жолы сара жол.
Білімді адам бастар қол,
Сұрақтарды тыңдап ал.
Дайын бол жауап беруге,- дей келе келесі кезеңді сұрақ-жауап кезеңіне береміз.
-
Күз айларын ата?
-
Бір жылда қанша мезгіл бар?
-
Біздің елбасымыз кім?
-
Бас қаламыз қалай аталады?
-
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-
Республикамыздың рәміздерін ата?
-
Дауысты да дауыссыз да болатын қандай дыбыс?
Әділ-қазылардың берген бағасы.
Ән «Что случилось?»
Орындайтындар: «Күншуақ» тобының бүлдіршіндері
4 кезең. «Күзгі топтама-2018» (сән үлгісін көрсету)
Жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен.
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен,
Күз топтама өнерімен ортаға шығып.
Сән көрсетер сайыскерлер өз сәніменен,- деп сайысымыздың 4-кезеңі бойынша сайыскерлерімізді өз фантазиясы бойынша сән үлгісімен ортаға шақырамыз.
Әділ қазылар бағасын береді.
Ән «Отличное настроение»
Орындайтындар: «Күншуақ» тобының бүлдіршіндері
Жүргізуші: Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші,
Әділ қазыларға сөз кезегін берейікші.
Жеңіп шыққан аруға,
Құттықтап тек сәттілік тілейікші.
Келесі сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.
-
«Сұлу ару - 2018»
-
«Өнерлі ару - 2018»
-
«Биязы ару - 2018»
-
«Бұрымды ару - 2018»
-
«Батыл ару - 2018»
-
«Әдемі ару - 2018»
-
«Инабатты ару-2018»
-
«Ақылды ару-2018»
-
«Мейірімді ару-2018»
-
«Биші ару-2018»
Жүргізуші: Білім,ғылым,өнерге.
Қанат қағар кездерің,
Еліміздің ертеңі.
Үміт етер өздерің,-дей отырып, бүгінгі ««Қазақтың қыздарына қайран қалам»» сайысы да өз мәресіне жетті.Қыздарымыздың бар өнерін тамашалап,алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп рахмет.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген