Күз Ханшайымы мен Ханзадасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күз Ханшайымы мен Ханзадасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз Ханшайымы мен Ханзадасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Күз ханзадасымен ханшайымы.
Нұрсұлтан:
Көк аспаным мөлдіреп,
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін
Айтшы кане балалар
Бұл қай мезгілдің келгені.
Меруерт:
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз
Балалар, бұл Алтын күздің келгені.
Мұғалімнің сөзі:
Қайырлы күн! Армысыздар құрметті ата - аналар мен балалар. Ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп қуанышпен қарсы алайық. Көңілді күйді көтеріп, әсем әнмен бастайық. Мінекей күзде келді, жапырақтар сарғайып жерге түсіп, күн суыта бастады. Бүгін міне сіздерде Алтын күз мерекесі болғалы жатыр екен. Осы мерекеден күз ханшайымы мен күз ханзадасын тағайындауымыз қажет. Осы шарттарды бұлжытпай орындаған баланы ханшайым мен ханзада етіп тағайындаймыз.
Нұрсұлтан:Қайырлы күн, Ұлағатты ұстаздар, ата-аналар және жігерлі жас достарым. Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!
Меруерт: Біздерде ойын - сауық басталады
Тамаша би билейді ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей отырып,
«Күз ханшайымы, күз ханзадасы» атты сайысымызды бастаймыз.

Нұрсұлтан: Олай болса, бүгінгі «Күз ханзадасымен ханшайымы» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерді қошеметпен ортамызға шақырамыз.
Меруерт: Бүгінгі сайысымыздың ханзадалары мен ханшайымдарын қарсы алыңыздар!
1 - жұп: Махамбет пен Арайлым
2 - жұп: Нұрилхам мен Айша
3 - жұп: Бекарыс пен Аяжан
4 - жұп: Нұрасыл мен Айару
Нұрсұлтан:
Кімдер жүйрік өнерпазды білейікші
«Ханзада мен Ханшайым» деп жүрейікші
Әділқазы алқасынан әділдікті
Ал балаларға сәттілік тілейікші - дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық







Меруерт: Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар
Бағдарламамыз 6 кезеңнен тұрады.
1 - кезең: «Кел танысайық» (жұптар өздерін таныстырады)
2 - кезең: «Өнерлі бала – елдің көркі» (әртүрлі жанырда өнер көрсетеді)
3 - кезең: «Сұлулық сыры» (қолдан тігілген жарасымды киім үлгілерін көпшілікке ұсынады)
4 - кезең: Ханзадамен ханшайым әзірлемесі (жұптар бірігіп салат жасайды)
5 - кезең: Қорытынды (Марапаттау)


Нұрсұлтан: Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық» жұптарымыз өздерін таныстырады.
1.

2.

3.

4.



Меруерт: Ханзадаралымыз бен ханшайымымызды танып білсек сайысымыздың екінші бөлімі «Өнерлі бала» кезек берейік.








Нұрсұлтан:
Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп, дайын тұрған
Қыздарымызбен, ұлдарымызға қызығып қарасатын
Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз!
«Сұлулық сыры» кезеңі бойынша, сән үлгісін тамашалаңыздар. Бірінші жұпты қошеметпен ортаға шақырайық!









Меруерт: Нұрсұлтан, міне төртінші кезеңге де келіп жеттік.Әділ-қазы алдындағы қатысушылар дайындап келген тағамдарын көрейік.









Нұрсұлтан:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін
Қатысу да бар жеңіс, болсаң егер ұғатын.
Меруерт: Келешекте әрі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар
Өнерлілер көбейсін күннен – күнге Өмір күрес әлі талай жарыстырар - дей отырып, «Күз ханзадасымен ханшайымы» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз.


Марапаттау
Нұрсұлтан: Қымбатты көрермендер! Жемпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз?
Меруерт: Жеңісті күндерде кездескенше достар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.00.2024
225
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі