жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Күз ханшайымы шақырады!
«Теміртау қаласы №15 қазақ мектеп-гимназиясы»КММ
Тақырыбы: Күз қаншайымы шақырады!
(тәрбие сағаты )

Бастауыш сынып мұғалімдері: В Маханбетова
Ж Сұлтанова
2018 ж
Тақырыбы: Күз ханшайымы шақырады!
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар ,ата-аналар және ұстаздар бүгінгі бастауыш сыныптар арасында "Күз ханшайымы шақырады "атты мерекелік қойылым концертімізге қош келдіңіздер!
Ән : Күзгі ән
Елімізге Алтын күз мезгілі келді. Жай келмей өз байлығын ала келеді.4сынып оқушыларының сахналақ қойылымын тамашалаңыздар!
Сахнаның шетінде « Алтын күз» тақырыбына арнап шығарма жазып отырған оқушы отырады. Кітап, дәптерлерін ашып, сабақ қарайды. Кітап оқып, әрі , бері - бері жүріп үстелге отырады.
Абылай : Мирас достым не істеп отырсың, қалің қалай ?
Мирас: -Достым, Абылай , мұғалім үйге күз тақырыбында шығарма жазуға берген. Көмектесші.
Абылай: - Мирас оған қиналатын несі бар Күз айы –өте бір тамаша мезгіл. Күздің бізге берер сыйы да мол. Өзің ойланып отырып жаз , содан кейін маған оқып бересің (Мирас ойланып жаза бастайды.)
Дауыстап оқып, отырып жазады.
Мирас: Күз келді, күн суыта бастады. Ба-ла-лар да өз-де-рі-нің ал-тын ұя мек-теп-тер-іне о-рал-ды-ыыыы. –(деп ұйқыға кетеді. дауысы біртіңдеп бәсеңдейді)
Ән: Күзгі вальс
(Мирас мен Абылай сахнаға шығып аң - таң болады.Таңданып )
Мирас : Абылай -Біз қайда келдік?
(Күз киімін киген қыз бала келеді.)
Шұғыла
-Мен күз ханшайымын . Өте еркемін . Сәл нәрсеге ренжіп бұртыйып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп , көз жасымды ұстай алмай төгіп-төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақ көңілдігімді бәрі де ұнатады.
Менің айларым - еңбек ерліктің айы. Отан қоймасы, алтын астыққа толады. Диқандар еңбек жемісіне келетін береке айы , берекесін тойлайтын, мереке айы Сондықтан да мені жұрт « Алтын күз» деп теңейді.
Ән 4 «А» сынып оқушысы Қайыржан Балерке «Алтын күз» әнімен қарсы алайық!
Абылай:
-Мирас күздің ең керемет байлығын көрдің бе?
(Мирас таңырқай .) - Ол не?
Абылай:
-Ол деген егін . Егін дегенім-дән . Дән дегенім нан емес пе? Біздің бар байлығымыз нанға толды. Нан –бақытты өмірдің бастауы, нан ән мен жырдың өзегі . Нан қасиет, нан -береке , нан-мереке емес пе !
2 «А» сынып оқушыларының биін қарсы алыңыздар!
Сахнада әр түрлі жануарлар киіммен киінген аңдар алма, алмұрт, жемістерді себетке жинап жүргенін көрген Мирас
- Оу тиін , сен не істеп жүрсің?
Тиін: Сен айналаңа қарашы, жемістер, көкөністер пісіп , жерге түсіп жатыр, соны жинап, қысқа дайындалып жатырмыз.
Мирас - Араларыңда аю жоқ қой?
Тиін: - Аюлар қысқы ұйқыға дайындалып жатыр.
Сен екеуің не істеп жүрсіңдер? Мен жұмбақ жасырғанды жақсы көрем.Сендерге күзгі көкөністер, жемістер туралы жұмбақ жасырсам жауабын білесіңдерме?
Мирас. Ал жасыр шешейік:
1. Көк лағым көгенде тұрып семірген (қарбыз)
2.Нос снеговика. (морковь.)
3. Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар.(сарымсақ)
4.Заготовка для кареты Золушки. (тыква.)
Тиін: - Рахмет, балалар! Күн суытты, бізге азық жинап үлгеру керек. Сау болыңдар!
Домбыра күй «Балбырауын»
Кезекті менің кішкентай достарымаберейік өнерлерін көрейік.
Ән 1 «В», «Б»
Би 4 «Ә» 4 «Б» мәнерлеп оқу
Мирас: Күз ханшайымы достарың өте көп екен жануарларда, балаларда менде досың болайыншы?
Абылай: Мирас, сен не, ұйықтап қалғансың ба? Сенің шығарма жазғаның қайда?
Сондай қызық түс көріп жатыр едім күз ханшайыды көріп достасайын деп жатқанда неге оятып жібердің? Түсімде көргендерімді есіме түсірсем, күздің кереметін енді түсінген сияқтымын.
-Күзді береке дейміз. Өйткені күзде барлық жеміс - жидектер, егін пісіп, мал семіреді. Күзді-байлық дейміз. Өйткені піскен егін , жеміс-жидектер дүкендерге толады. Молшылық болады. Күзді мереке дейміз-адамдар өз еңбегінің жемісін көріп қуанады, мерекелейді.
-Енді мен шығармадан «5» алатын болдым.
Абылай : Күз – береке, күз – молшылық , күз – қуаныш, күз – шаттық. Күз айының молшылығымен көп болсын.
«Арайлы алтын күз» атты-мерекелік сахыналық қойылым кешіміз аяқталды. Қатысқандарыңызға рахмет!
Жүргізуші Абылай: Құрметті «Күз ханшайымы шақырады!» мерекесіне жиналған мұғалімдер, оқушылар! Дәстүрге айналған «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!
Елімізге Алтын күз мезгілі келді. Жай келмей өз байлығын ала келеді. Еліміз, жеріміз бай дархан қазақ еліміз Отанымыздың болашағы көркейе берсін деп – «Рахмет саған,туған ел!» әнімен Досболат Арайлымды ортаға шақырамыз!
Шұғыла күз ханшайымы: Келіңдер, айларым менің қасыма! Міне біздің адамдарға сый жасайтын кезіміз де келіп жетті. Бұл мезгілде жеміс - жидек, астың пісіп жетілуі, күзде мал да, аң мен құстар да қоңданып, семіреді. Күзде қыс қамы жасалады, сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды олай болса қыркүйек , қазан, қараша айлары жүріңдер күз сыйымызды беріп, күз мерекемізді тойлап қайтайық. (сахна ортасында күз ханшайымы, қыркүйек, қазан, қараша )
Абылай. Қош келдіңіз Күз ханшайымы! Күз - жазира даланың дархан дастарханы.. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі жақсылығы, әртүрлі мерекесі бар. Сосың ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше!
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар және оқушылар! Күз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын, себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары бояуға малынған, екіншіден, алтын – байлықтың белгісі. Екеуін аттастырып Алтын күз деп атаған. Бүгін мен 3 айларыммен келдім. Ал айларым бүгінгі мерекеге дайындап келген қызықты тапсырмаларыңыз не балаларға арналған ойындарыңызды бастап мерекені қызықты өткізейік.
Жүргізуші Абылай: Күз ханшайымы әрине біз сіздің де көңіліңізден шығар деген оймен ән, би дайындап қойған едік.
Ән 4 «А» сынып оқушысы Қайыржан Балекрке «Алтын күз» әнімен қарсы алайық!
Күз ханшайымы: Оқушылар сондай өнерлі екен. Қыркүйек айы сен қандай сыйлықпен келдің?
ҚЫРКҮЙЕК. . Күздің бірінші айы. Қыркүйек айымен қоса молшылық та бірге келеді. Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол еңбек - айы
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Қәне оқушылар 3 тілде жұмбақ шешіп көрейік!
1.
Ағайынды
бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)
2.Қанатсыз құс жақын барады,
Көзінен жас тамып барады. (бұлт)
3.
Әр желінің асты толған көк
қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп
қоям. (қияр)
4. Мысық мұртты, Өрмек басты. (бидай )
5. Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (Алма )
Рақмет оқушылар!
Меніңде жемісімнен дәм
таттыңдар!
Жүргізуші Абылай: Рақмет
қыркүйек айы! Сіздің жұмбақтарыңыз қызықты екен. Сізге деген
ризашылығымызыды бимен
жеткізсек 2 «А» сынып оқушыларының биін
қарсы алыңыздар!
Күз ханшайымы : Қазан – күздің дәл ортасы. Құстар қайтып кетеді. Қазақ бұл айды «Қазан» немесе «Ақырап» деп атайды. Дала жұлдызы саябырлайды. Қазан айы сен оқушыларға қандай өнермен келдің?.
Дінмұхаммед: Менің атым - қазан. Күзгі
жиын - теріннің соңғы айымын. Еңбекқор елді той - думанға
кеңелтемін. Қазан айы мереке күндерге
толы.
Қазан айының алғашқы жексенбісі - Ұстаздар
күні. Қарттар күні, сабантой мерекелері аталып
өтіледі. Мен сіздерге бір ойын дайындап
келдім.
Слайд. Алма
Еңбек етсең ерінбей------
Алмұрт еңбектің наны тәтті--------------
Еңбек ердің санаты------------ Білім ердің қанаты
Еңбек ет те мактан, Ойнап күл де шаттан.
Дінмұхаммед: Жарайсыңдар оқушылар бізде бір өнерімізді сіздерге көрсетейік!
Домбыра күй «Балбырауын»
Жүргізуші Абылай: Рахмет саған қазан айы! Өнеріңе, ойыныңа риза болдық! Саған мың алғыс! Сіздерге арнап 4 «Б» сынып оқушысын «Күз» тақпағымен ортаға шақырайық.
Күз ханшайымы: Қараша – күздің соңғы айы, қыстың хабаршысы. Қазақ бұл айды «Қауыс» деп атайды. Келесі, күздің соңғы айы қарашаны шақырамыз.
Назира: Менің атым - қараша. Күздің соңғы айымын. Қыстың жақындап қалғанын хабарлаймын. Мен өз достарымды ерте келдім. Сіздерге жапырақтар биін билеп береміз.
Би: Жапырақтар биі
Жүргізуші Абылай: Күз ханшайымы бүгін сыйлаған көңіл –күйіңізге көп рақмет! Айларыңыз да өнерлі екен. Біздің де оқушыларымыздың өнерлерін тамашалаңыздар!
2а,2б,2ә.3 а, 3ә 1 болса
Жүргізуші Абылай : Күз – береке, күз – молшылық , күз – қуаныш, күз – шаттық. Күз айының молшылығымен көп болсын. Кәне оқушылар Күз ханшайымын қошеметпен шығарып салайық! Рақмет сізге Күз ханшайымы сау болыңыз!
Біздің бүгінгі « Күз ханшайымы шақырады» атты-мерекелік кешіміз аяқталды. Қатысқандарыңызға рахмет!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген