Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Күз ханымы мен ханшайымы- 2018

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге,ата аналарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімділігінің білім беру бөлімінің Ақсай қаласының №1 МДБҰ» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорныны.



Бекітемін: Тексерілді:

1МДБҰ №1 МДБҰ әдіскері директоры С.М.Нугманова.

А.А.Олешко









8-наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.

«Шуағын шашқан-аялы алақан»

















Тәрбиешілер: Ельтаева Т.С

Раханова Г.У.













2015ж

«Шуағын шашқан-аялы алақан»

Ән әуенмен ұл балалар залға кіреді.

Бұл көрініс «Мерекеге дайындық».

1-ұл бала: Мереке де келіп қалды,

Бізде бәрі дайын ба?

Қазір қыздар келеді,

Залды қылдырайық әдемі.

2-ұл бала: Айттым ғой мен сендерге,

Үлгермей қаламыз деп!

Бәріне қыздар кінәлі

Өлең айтса болғаны!

Жүргізуші: Ұлдар, ұлдар, ұрыспаңдар,

Әне, өздері де келіп тұр!

Көңілдірек жымияық,

Біздің қыздар келіп тұр!

Музыка ырғағымен залға қыздар кіреді.

Ұлдар қолдарын шапалақтайды.

Жүргізуші: Өмірге ана-бұлақ, ана пана,

Өмірді өркендетер, ана ғана,

Ана! Ол біздің елде ардақты адам,

Кішіде, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанды да,

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.-деп біз бүгінгі аяулы жандар, ардақты қыздар, ақ жаулықты апаларға арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.

Ән: Анашым.

Тақпақтар.

1-ұл: Бәріне бүгін не болды?

Қыздар неге әдемі?

Мен түсіндім бұл күнді,

Наурыздың сегізі.

2-ұл: Наурыздың сегізі

Шықты анам-әдемі

Әжем де, тәтем де,

Әп-әдемі көйлекте.

3-ұл: Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

4-бала: Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен.

Құрметті аналар.

Ән:

Залға Қызыл телпек кіреді.

Қызыл телпек: Мен Қызыл телпекпін,

Орманға қазір барамын,

Гүлдерді теріп аламын.

Қызыл телпек шеңбер бойымен жүріп, гүл таба алмай жүреді.

Қызыл телпек: Гүлдер көрінбейді,

Анам енді не дейді.

Жүргізуші: Қызыл телпек, бүгін 8-наурыз мерекесін тамашалауға қал. Қандай өнерің бар?

Қызыл телпек: Билегенді ұнатамын.

Би:

Залға әуенмен Ару-Көктем келеді. (Құшағында бір құшақ гүлі бар, басына гүлден тәж тағынып вальс ырғағымен Көктем келеді).

Көктем: Маған жаңа мында не болып жатқанын құстар келіп сыбырлап кетті. Ал мына залдағы көңіл-күй қандай тамаша!

Жүргізуші: Біздің балалар қазір көктемге және аналарына арнап өлеңдерін оқып береді.

1-ұл бала: 1. Көктем келді, көктем келді!

Күн шуағын әкеліп төкті.

2. Көктем жетті шуақ шашып

Су ағады сай-салада.

3. Күн де, жер де, бұлт та, жел де,

Бүгін қандай жайдарлы.

Көктем: Қандай тамаша өлеңдер! Мына құшағым толы гүлдерді Қызыл телпекке ала келдім. Анасына апарып берсің. Балалар гүлдермен «Гүл жинау» ойынын ойнайық. Қызыл телпектің себетіне жинап берейік.

Ойын: «Гүл жинау»

Жүргізуші: Рақмет саған Ару-Көктем. Енді біздің Қызыл телпектің анасына апаратын сыйлығы бар.

Көктем: Жүздерің бал-бұл жайнап, гүлдей құлпырып жүре беріңдер.

Жүргізуші: Ал біздің ұл балалар қыздарға, аналарымызға және әжелерімізге арнап би дайындап келіпті.

Би:

Жүргізуші: Бүгінгі мейрамға біздің сүйікті әжелеріміз де келді. Сондықтан біз құрметті әжелер сіздерді құттықтаймыз.

1-бала: Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен, кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.

2-бала: Ертегі қандай көп еді,

Күнде айтып береді.

Қуанатын балаша,

Әжем менің тамаша.

3-бала: Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Қажет болса бәріне.

«Әжем айтқан ертегі» әні.

Жүргізуші: Әжелерді ойын ойнауға шақырамыз.

Ойын: «Өз немереңді тап» (әжелермен).

Жүргізуші: Дабыл! Дабыл! Сұлу қыздарымыз өз өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші: Қазір ойын ойнаймыз,

Аналарды құттықтаймыз.

Бұл ойынды біз ойнап,

Аналарға сыйлаймыз.

Ойын: «Кірді кептіру» (балалар мен аналар).

Жүргізуші: Біздің балалардың дайындаған сыйы.

1-бала: Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.

Өзің жайлы әнім де

Арнадым саған бәрін де.

2-бала: Бәрімізге анасың,

Біз үшін көп жанасың.

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым.

3-бала: Мынадай ана тағы бар,

Мамандығы мұғалім.

Үйретеді баланы,

Сурет салып, билеуге.

Жүргізуші: Сіздерді 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, жұмыста табыс тілейміз. Біздердің шын жүректен жасаған кішкентай сыйлығымыз бар, соны сіздерге ұсынамыз.

Балалар сыйлықтарын таратады.

Ата-аналарымен билеп, топқа кетеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
291
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12