"Күз мерекем, күз берекем!"

Тақырып бойынша 25 материал табылды

"Күз мерекем, күз берекем!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз туралы мағлұмат беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Күз мерекем , күз берекем!»


Ходжа-Ахметова Камшат Еділқызы

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылы

ДК Қосуақова Ж.Қ. «Күншуақ» бөбекжай – балабақшасы» жекеменшік мекемесінің тәрбиешісі,

Жоғары білімді, ІI-санатты.

e-mail: kunshuak2017@mail.ru



Білім беру дағдысы : 1)Танымдық және зияткерлік дағдыларын дамыту.

2) Шығармашылық дағдыларын , ашық іс-әрекетін дамыту.

Ұйымдастырылған ашық іс-әрекеті: Қоршаған орта , сөйлеуді дамыту, таным, құрастыру, жапсыру,көркем әдебиет.

Тақырыбы. «Күз мерекем, күз берекем!»

Мақсаты: Балалардың күз туралы түсінігін кеңейтіп, күз мезгілінің ерекшелігін бақылау. Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістерін, күз мезгілінің құбылыстарының ерекшеліктерін атай білуге үйрету. Табиғатты қорғауға, оның әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Білімділік: Ойлау қабілетін дамытуға, тіл шеберлігін білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Табиғат ерекшеліктерін, өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыта отырып, сөздік қорларын молайту және айта білу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: Айналаны, қоршаған ортаны қорғауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Таныстыру, түсіндіру, сұрақ-жауап,саяхат, ойын.

Көрнекіліктер: Қолшатыр, жемістер мен көкөністер, жапырақтар, бояулар, фетр.

Ұйымдастырылған іс-әрекет барысы:

І.Кіріспе бөлім:

Шаттық шеңбер:

Алақанды ашайық

Көктің нұрын алайық

Жүрекке жылу сыйлайық,

Бір-бірімізге шашайық.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Сәлем, сәлем достар!


Сұрақ-жауап:

(доп лақтыру арқылы сұрақтарға жауап алу)

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі.

-Күз мезгілінің неше айы бар?

-Үш айы бар.

-Қане, айлардың аттарын атап беріңдерші?

-Қыркүйек, қазан, қараша.

-Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады?

-Салқын, жел,жаңбыр жауады.

-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Ағаштың жапырақтары қурап,жерге түседі.

-Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Адамдар жылы киіне бастайды.

-Күзде адамдар қандай еңбек етеді?

-Барлық жеміс-жидектер пісіп жетіледі,адамдар оны күзде жинап алады.

ІІ. Негізгі бөлім:

Сиқырлы алтын жапырақтың көмегімен күзгі баққа саяхат жасау.

Тәрбиеші: -Балалар,күзгі баққа саяхатқа барамыз ба? Олай болса,мен күзгі жапырақтар арасынан алтын түсті, сиқырлы жапырақ тауып алдым.Осы жапырақтың көмегімен күзгі баққа саяхатқа барамыз.Оның сиқырын қанекей, бәріміз бірге көрейік.

(Музыка ойналады. Жапырақпен бірге балалар көзін жұмып айналады )

Тәрбиеші: -Ой,балалар күзгі табиғат әлеміне де міне келіп жеттік. Қараңдаршы, айналаның барлығы сап-сары, алтын түске боялған екен. Күзгі табиғат өте әсем көрінеді. Ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түсіпті. Бау-бақшадағы жемістер мен көкөністерде күзде толық пісіп жетіледі. Сендерге күз мезгілі ұнай ма?

-Қандай керемет?

-Ия,мен күз мезгілін жақсы көремін.

Тәрбиеші:-Ой,балалар мына ағашта кірпі тұр екен, ал тиін төменде көңілсіз тұр екен. Қалай ойлайсыңдар, кірпі ағашта мекен ете ме?

-Жоқ. Ағашта тиін мекендейді.

-Ендеше, кірпіні жерге түсірейік.Ал тиінді ағашқа мінгізіп көмектесіп жіберейік. Ол үшін алдымен сендерге қойған тапсырмаларын орындайық.

Күз туралы тақпақтар айту.

-Қане кім күз туралы тақпақтар айтады?


Ханшайым: Б.Аяна

Алтын,сары,қызыл,көк Бәрекелді күз келді

Алуан-алуан жапырақ. Мерекелі күз келді.

Күзгі бақта күлімдеп, Кел жемісті Алтын күз!

Көз тартады атырап. Кемелденсін халқымыз.


Райана: С.Әлинұр

Күз келгенде тамаша Күзім-ау,күзім-ау,

Ән саламыз жараса Мінезің бұзық ау.

Жеміс жидек піскенде Жаңбырың сіркіреп,

Жейміз оны таласа. Келгенің қызық ау.


-Жарайсыңдар!

(Балалар тиінді ағашқа,кірпіні жерге түсіреді.)

-Балалар күзде нелер піседі екен?

-Жемістер мен көкөністер.

-Жемістердің бізге қандай пайдасы бар?

-Денсаулыққа пайдалы. Дәрумендерге бай.

-Қане, бақтағы жемістер мен көкөністерді жинап алайықта, оларды ажыратып себетке салайық. Байқасаңыздар,жемістер қайда өседі? Ағашта ма әлде жерде? Бұл бақта бәрі шатасып кеткен екен,ендеше біз оларды ретке келтірейік.

-Балалар, жерге түскен алуан жапырақтардың түсі қандай әдемі екен. Жапырақтар арасынан күзгі алтын,сары түсті жапырақтарды ғана жинап терейік.

(кенеттен жаңбырдың даусы естіледі)

-Балалар, жаңбыр жауып кетті,келіңдер қолшатырдың астына кіре қойыңдар.(балалар жүгіріп қолшатырдың астына кіреді).

-Жаңбыр басылып,күн ашылды. Күннің шуағында ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше,қолшатыр ойынын ойнап алайық.

«Қолшатыр» ойыны.

(әуен қосылады)

Шарты: Әуен ырғағымен айнала жүгіріп билейді.Әуен тоқтаған кезде тамшыларды ұстап үлгереді.Тамшыларда берілген түстерге сәйкес жемістер мен көкөністерді атайды. Оларды ажыратады. Түстері мен дәмін атайды.


Тәрбиеші: -Балалар,сиқырлы жапырақтың көмегімен тобымызға қайтайық. Қане, шығармашылық алаңына барайық, сендерге берілген тапсырмалар бар соны бірге орындайық. Алдымен үш түрлі жапырақты таңдай отырып, үш топқа бөліне қояйық. Әр алаңға бару үшін сендер жол кедергілерінен сүрінбей өтулерің керек.

Үш түрлі таңдаған жапырақтарымыздың түрі мен түсіне қарай жерге түскен жапырақтардан секіріп өту арқылы оларды атайды. Үш алаңға бөлініп барады.

1-Тапсырма: «Жемістер мен көкөністер» .Фетрден жасалған жемістер мен көкөністерді ыдысқа салып жапсыру.

2-Тапсырма: «Жемістер мен көкөністерді саусақпен бояу арқылы табу,атау.»

3-Тапсырма: «Күз» .«Жемістер мен көкөністер». Қима суреттерді құрастыру.

-Жарайсыңдар, ендеше жемістерден тәтті сусын жасайық.

«Дәмін татып көр»

Жемістер мен көкөністердің дәмін татайық.

Сергіту сәті:

Таң атты. (Ұйқыдан оянғандай орындарынан тұрады)

Күннің көзі шықты.(Екі қолдарын айқара ашады)

Жел соға бастады.(Екі қолдарымен тербеледі)

Жапырақтар айналып жерге түсті.(Айналады)

Жаңбыр жауа бастады. (Отырып,екі алақанмен жерді соғады)

Жаңбыр қатты жауа бастады.(Қолдарымен жерді тез-тез соғады)

Жаңбыр тоқтады.(Орындарынан тұрады)

Қайтадан күн шықты. (Қолдарын айқара ашады)

Қорытынды:

-Балалар сендерге ұйымдастырылған іс-әрекеті ұнады ма?

-Қай бөлімі ұнады?

-Біз қайда бардық?

-Маған сендердің күз туралы тақпақ айтқандарың ұнады.

-Ендеше мен сендерді күзгі бақта піскен жемістермен дәм татқызып қуантқым кеп тұр. Жарайсыңдар! Сендер бүгінгі ашық іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар! Олай болса, келген қонақтарымызбен қоштасайық.

-Қош,сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2024
155
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі