Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Күз сыйы" Тәй-тәй бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз сыйы тәй тәй бағдарламасы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Күз сыйы

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы , күзгі еңбек туралы түсініктер беру. Күз туралы сөйлемдер құрастырып, әңгімелеуге үйрету.Адамдар үшін жемітер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Жемістердің осы мезгілде пісіп жетілуі, жапырақтардың түсінің өзгеруі жайлы балалардың ой –өрісін дамыта отырып, есте сақтау қабілеттері мен тілдерін дамыту. Суреттер арқылы күзгі еңбек туралы түсініктерін қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: адамның еңбегін бағалауға, табиғатты аялауға, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Мезгілдердің суреттері, үлестірмелі карточкалар, жемістер мен көкөніс муляждары.

Әдіс-тәсіл: Әңгімелесу, дидактикалық суретпен жұмыс, түсіндіру, сөздікпен жұмыс, қайталау, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс:  алтын күз, хош иіс.

Билингвизм: Күз – осень , жапырақ-листья, сары- жолтый.

Әрекеттің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

 

 

 

Мотивациялық -  ынталандыру кезең

Балалар шаттық шеңберіне тұрып:

-Арайланып таң атты,

-Алтын сәуле таратты.

-Қайырлы таң, қайырлы күн!

-Күліп шықты күн бүгін!

Ұйымдастыру кезеңі:






 

Балалар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

 

Балалар өз орындарына жайғасып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру-ізденгіш кезең

-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

 -Қазір қай мезгіл?

-Күз мезгілінде қандай табиғи құбылыстар болады?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

Суреттермен жұмыс.

-Балалар мына суреттерге қарап әр мезгілдің өзіне тән табиғи құбылыстары болатынын білеміз.

Балалар қазір күз мезгілі.Күз мезгілінде үш ай бар. Табиғаттың барлық мезгілдерінің барлығының да өзіндік ерекшеліктері бар. Және де өзіне тән құбылыстары болады.

\Мезгілдердің суреттерін көрсете отырып құбылыстарына тоқталу.\

Дидактикалық ойын:

«Артығын тап»



Балаларға суреттер көрсете отырып күзгі еңбек туралы әңгімелеу.

-Балалар күзде қандай жұмыстар атқарылады?

-Көктем мезгілінде жер жыртылып, тұқымы себіледі.Жаз мезгілінде егншілер осы егін даласында аянбай еңбек етеді. Күз мезгілінде барлық жемістер мен жидектер , көкөністер, бидай пісіп жетіледі.Күзде егін пісіп, егін орудың науқаны басталады.Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай, Ақмола ,Ақтөбе және Түркстан облыстарында егіледі.Бұл жақтарда күн ерте суытатын болғандықтан егінді ерте жинауға тырысады.

-Балалар күз мезгілін неліктен алтын күз аталу себебін білесіздер ме?

-Дұрыс айтасыңыз, балалар! Күзде жапырақтар , шөп біткеннің барлығы сарғаяды.Дала алтын түске енеді. Сондықтанда бұл мезгіл «Алтын күз», «Күз-молшылық, береке» деп аталады.

Билингвалдық компонент:

Күз-осень, листья-жапырақ, сары-жолтый.

Дидактикалық ойын: «Ойна, ойлан, тап!»









 

 







Бір жылда төрт мезгіл бар.

 Қазір күз мезгілі.

Жаңбыр көп жауады.Күн салқындай бастайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Жапырақтар сарғаяды.

Барлық мезгілде 3 ай болады.



Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Балалар суреттерге қарап әр мезгілдің құбылыстарын атайды.

Балалар ойынға атсалыса қатысады. Берілген суреттерден артығын табады.



Күзде егін орылады.

Күздік алмалар жиналады.

Күздік көкөністер жиналады.



 

 

 -Күз мезгілінде дала сары түске боялады.

 

 Балалар мұқият тыңдайды.

 Балалар жаңа сөздерді тәрбиешімен бірге қайталайды.

Жұмбақтарды шешіп, суреттерді тауып жапсырады.

 

 

 

 

 

Рефлексиялық - түзету

Қорытынды бөлімі.

Балаларға қайталау сұрақтары қойылады:

-Қазір қай мезгіл?

-Күз мезгілінде қандай құбылыстар болады.

-Күзгі жиын-терін дегеніміз не?

 

  Балалар ойлана отырып жауап береді.

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Күз мезгілі жайлы, күзде қандай маусымдық өзгерістер болатыны жайлы білді.

Болуы керек:Табиғи көріністің көркін байқауға үйреніп білімдерін бекітті.

Жасай алады:Өз ойларын анық, толық және ашық айта алады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
588
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12