400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күздің соңғы күні 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қай мезгіл болмасын өз сұлулығы болады. Соның ішінде өз ерекшелігімен күз айы. Күз мезгілі мен үшін бір ерекше мезгіл
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Күздің соңғы күндері

Күз. Қыркүйек айының соңына дейін суық түсе қойған жоқ

Бүгін күз айынынң тамаша бір күні болды. Шіркін, табиғат-ана ғажап қой! Әр мезгілдің адамның жан-дүниесіне ерекше әсер ететін шақтары болады.

Осынау бір күздің тамаша күнін жіберіп алмай, бір жақсылап тамашалап қайтқым келіп,ауыл ортасындағы шағын саябаққа аяңдадым...

Әлгінде ғана сіркіреп жауған жауын бір мезгіл басыла қалып, аспан шайдай ашыла қалды.Жауыннан кейінгі саф ауаны жұтқан сайын, көңіл сарайым ашылып, көзімді жұмған күйімде рахатқа батып, отырып қалыппын.

Ал ағаштар ше? Олар да шаң-тозаңнан бойларын тазартып, рахаттанып, тынысталып тұр. Ағаш жапырақтарының үстінде жауын тамшылары жылт жылт етіп, бейне бір інжу-маржандардан әшекей тағып алған сияқты.Саябақ ішіндегі жан-жаққа тарап жатқан жолдар ше? Бейне бір алтын түстес сары матаңың үстінде қоңыр жолақтар салып безендіріп тастағандай.Ғажап көрініс қой!

Ақын жырлағандай:

...Жазғы бақта, жазғы бақта

Саулайды жапырақтар,

Өз өмірін соңғы рет бір жыр етіп...

Осындай күздің бір жаймашуақ күніне өз ризашылықтарын білдіргендей, құстар да шықылықтап, енді бірде бәрі қосылып, хормен әнге басқандай шулап ала жөнеледі...

Иә, данышпан Абай атамыз жылдың төрт мезгілін бекерден бекер өлеңге қосқан жоқ-ау!

Жылдың әр мезгілі өзінше бір ерекше, өзінше бір әдемі ғой. Әсіресе күз айы шығармашылықпен айналысатын адамдарға ерекше әсер етіп, шабыттандырады, жан-дүниесіне , сезіміне есер етеді.

Жаз өмірін мәз өмірін қысқартып,

Бара жатыр құс құс қайтып....

Еріксіз өлең жолдары тіліңі оралады. Міне, қасыма досым да келе қалды. Екеуіміз осындай тамаша көріністің аясында суретке де түсіп алдық.

Көп ұзамай қыс та келіп жетеді. Осы әдемі көріністің бәрін аппақ көрпесімен жауып тастайды. Қыс та өзінің ерекше әдемі шақтарын бізге тарту ететін болады.

Досыммен қоштасып, үйге қарай жайлап басып келемін.

Күздің соңғы күндері!... Алысқа сапар шегіп бара жатқан жақынымдай. Сенімен қайта қауышатыныма сенемін. Тек біз өмір сүріп жатқан қара жер, осынау сырға толы әлемде тыныштық жақсылық болсыншы деп тілеймін! Осынау ғажап табиғат-ананы адамзатқа сыйға тартқан жаратқан иемізге мыңда бір шүкір дегім келеді!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
1070
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі