Материалдар / Күзгі бал-2018 сценарийі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Күзгі бал-2018 сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәлімгерлерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
3181
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



«№12 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі














Тақырыбы: Мерекелі, берекелі «Алтын күз» атты мерекелік кеш сценарийі














Жылға ауылы




«Бекітемін»

Мектеп директорының

міндетін қоса атқарушы: Б.Қожабаева



Мерекелі, берекелі «Алтын күз» атты күзгі бал сценарийі


Жүргізуші:
Қайырлы кеш достар! Күз айы сіздерді соңғы сиқырлы сәтімен, күзгі гүлдердің керемет жұпарымен, жиналған жемістердің айқын да, сиқырлы сұлулығымен таң қалдырып, тамаша бір ғажайып әлемге енгендей керемет бір сезім сыйлауымен ерекшеленетін мезгілдердің бірі.


Жүргізуші:
Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,
Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі Күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:
Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі керемет күз әлемін әдемі де, әсем сәттермен бірге көңілді өткізу.



Жүргізуші:
Әділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерші, кім мықты? – деп, әділ – қазы алқасымен таныстырып өтейік.

Әділ – қазылар мүшелері.


1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі пәні мұғалімі Махашева Райхан апайым ыз


2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ермурзаева Алтынай апай

3. Технология пәні мұғалімі: Сейдазова Базаркул апайымыз


Жүргізуші:
Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей, сайыс кезеңін бастайық біз.
Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік

Жүргізуші:
1 – тур: Таныстыру
2 – тур: «Күзгі вальс» -

3 – тур: «Өнерің өрге жүзсін»
4 – тур: «Карбинг» жасау

5- тур: «Сән үлгісі»
6 – тур: «Көңілді сәт».
Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз «Таныстыру» сайысы!

1. 9а сынып оқушылары
2. 9ә сынып оқушылары

3. 9б сынып оқушылары

4. 10а сынып оқушылары

5.10ә сынып оқушылары... Рахмет көп-көп (Қазылар алқары берер бағаларыңыз)


Жүргізуші:
Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күз кешінде
Би билейік бәріміз, - деп келесі 2 – тур: «Күзгі вальс»
Ортаға вальс билеуге шақырамыз. Әділ қазылар әр тур өткен сайын бағалап отырады.(Қазылар алқасының берер бағаларын сұрайды)

Жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,


Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр сынып өзінің өнерімен ортада

Рахмет. Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп отырайық.

Жүргізуші:

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, себебі бізде «Карбинг» жасау. Күздің керемет жемісін сәндеп, қазылар алқасына тапсыру. Құрметті үміткерлер сайысымыз басталды. Ол дайын болғанға дейін біз көрермендермен көңіл көтерсек, қанекей ортаға әр сыныптан 2 жұп шықсын....


Жүргізуші:
Модельер болу оңай ма?
Қиналып жатсаң мұңайма.
Әр мамандық өзгеше,
Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі кезекте «Сән үлгісі» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да болады.Әр жұп дайындаған киімдерін киіп мода көрсетеді. Қазылар алқасы берер бағаларыңыз

Жүргізуші:
Әр сыныптың кезекпен дайындаған ойын кезеңі. Әр сынып кезекпен келесі сыныптардың оқушыларын ортаға шақырып ойын ойнатады. Құрметті қазылар алқасы берер бағаларыңыз


Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жаң болсаң сен ұғатын.
«Күзгі бал» байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділ қазыларда!

Жүргізуші:
Осылайша «Күзгі бал» сайысы өз мәресіне жетті. «Күзгі бал - 2018» байқауының жеңімпаздары сынып оқушылары


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Р.Махашева

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!