Күзгі баққа саяхат

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Күзгі баққа саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күз ертеңгілігіне сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің

«Барақ батыр негізгі орта мектебі» КММ









«Күзгі баққа саяхат»

Сыныптан тыс іс-шара»




https://www.instagram.com/reel/CyVYwp9L_j4/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==














2023-2024 оқу жылы




1-жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар ата аналар! «Күзгі баққа саяхат» атты күзгі балл кешіне қош келдіңіздер. Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-даланың дархан дастарханы. Күз - байлық, молшылық. Күзде егін жиналып, құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе!?

2- жүргізуші : Олай болса берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!Бүгін біздің мектебіміздің оқушылары. Күз мерекесін атап өтуді жөн көрді. Кешіміз сайыс түрінде өтеді.

Сайысымызды бастамас бұрын молшылық мерекесі Алтын күз мейрамымен құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Кунапин Ерлан Айткешевичке береміз. (директор сөз сөйлейді)


2- жүргізуші  : «Күзгі баққа саяхат» атты кешке қатысушы сыныптар төмендегі сайыс шарттарын орындауы керек.


Таныстырылым (Әр сыныпқа күзгі элемент ретінде жеміс түрі беріледі. Соған сай өздерін таныстыруы, киім үлгілерін жасауы және қорғауы керек)

5 - сынып

6 – сынып

7 - сынып

8 - сынып

9 -сынып

қияр

қызылша

жүгері

сәбіз

алма

2 сайыс. Күзгі дастархан (Қатысушы сынып тақырыпқа сай салат түрін жасауы қажет)

«Күз – береке, күз – мереке» (Кеш тақырыбына сай өнер түрін көрсетУ


Әр сайыс 5 балдық шкаламен бағаланады.)


1 жүргізуші: Ендігі кезекте Әділқазылармен таныс болайық








  1. жүргізуші : Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше.

  2. Жүргізуші: Күз молшылықтың мезгілі. Қауын қарбыз пісіп, астық оратын кез осы күз мезгілі. Молшылықтың белгісі ретінде 5 сынып оқушылары кешіміздің шымылдығын ашып, алғашқы болып өнерлерін көрсетпек.

Бірінші сайыс таныстырылым 5 сынып оқушылары көкөністер ішінен қиярды қорғайды, қарсы алыңыздар.

(5 сынып таныстырады өздерін, қорғайды)

1 жүргізуші : Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая-мая қызыл мидай

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жайнайды жаратылыс берген сыйдай,-деп Сәкен Сейфуллин атамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен.

Ендеше сайысымыздың келесі қатысушылары: 6 сынып оқушыларын қарсы алайық

(қызылшалар шығып өздерін таныстырады)

2 ж: Ақ көңілді, ақ пейілді жайыңыздар,

Үлгі тұту әрқашан ойымыз бар,

Қырандай қанат қаққан ұл-қыздарға

Қол соғып, қошеметтеп қойыңыздар, - дей келе жетінші сынып оқушыларын қарсы алайық

(7 сынып таныстыру)Жүгері

1ж: 8 сынып окушыларынын таныстыруын тамашаласак

(8 сынып таныстыру) сәбіз

2ж: 9 сынып окушыларынын таныстыруын тамашаласак

(9 сынып таныстыру)алма

1ж. Алғашқы сайысымыз аяқталды. Енді Әділқазылар баға беріп жіберсеңіздер. Және бірден есептеп отырсаңыздар.

5 сынып:

6 сынып

7 сынып

8 сынып

9 сынып

, Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап. Дей келе сайысымыздын екінші бөліміне келіп те жетік.

Сайыс шарты бойынша әр сынып өздерінің күзгі дастарханға арнап жасап келген салат түрлерімен әділқазылар алқасын таныстырып, өз тағамдарын қорғауы қажет.

(әр сынып өздерінің салаттарын кезектесіп қорғап шығады)

1ж. Күзгі дастархан сайысымыз аяқталды. Енді Әділқазылар баға беріп жіберсеңіздер. Және бірден есептеп отырсаңыздар.

5 сынып:

6 сынып

7 сынып

8 сынып

9 сынып


2 жүргізуші:

Күз — мереке, Күз — ырыстың белгісі,
Қайтып барады мекеніне жыл құсы.
Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз,
Шат – шадыман халқымыздың тұрмысы. Дегендей сайысымыздың соңғы кезеңі Өнерлілер додасы.

Сайысты алғаш бастайтын 5 сыныпты қарсы аламыз

1 ж: Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.

6 сыныптың өнерін тамашаласақ.

2 жүргізуші: 7 сыныптың өнеріне кезек берсек. Саханада 7сынып. Қарсы алыңыздар.

1 жүргізуші: Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді. 8 сыныптың өнерін тамашаласақ.

2 жүргізуші: Сап-сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.

9 сыныптың өнеріне кезек берсек. Саханада 7сынып. Қарсы алыңыздар.

1жүргізуші. Өнерлілер сайысы аяқталды. Енді Әділқазылар баға беріп жіберсеңіздер.

2 жүргізуші. 3 турдың қорытындысы белгілі болғанша көрерменмен ойын ойнай тұрсақ.жұмбақ жасырсақ.

Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен
тұрса қанша кг?
(3 кг)


Біздікі болғанымен басқалар қолданатын
нәрсе?
(Есіміміз)
Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?
(Өмір)

Қай айда 28 күн бар?
(Барлық айда)

Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан
кейін үш аяқты ол не?
(Адам)

Лимонның жартысы неге ұқсайды?
(Екінші жартысына)

Король кімнің алдында тәжін шешеді?
(Шаштараздың)

Суды елекпен қалай тасуға болады?
(мұз қылып қатырып)


Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын
келеді?
(Сөздікте)

Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк
машинаны бір қолымен кім тоқтата
алады?
(Жол полициясы)


Әділқазылардың қорытындысы дайын болса сөз өздеріңізде.


1 жүргізуші:Кешімізді Абай атамыздың керемет өлең жолдарымен аяқтағымыз келді

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

2 жүргізуші:

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Дей келе бүгінгі күзгі балымызды аяқтаймыз келесі кездескенше аман сау болыңыздар.













































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.04.2024
215
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі