400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Күзгі ерекшеліктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мезгілі жайлы білімдерін кеңейту. Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту. Сөйлеу тілін дамыту мақсатында екі –үш сөзден тұратын сөйлемді айта білуге үйрету. Күз мезгілінің ерекшеліктерін, табиғаттағы құбылыстар туралы әңгімелесу. Есте сақтау қабілетін, тіл байлығын. Табиғатты аялауға, әсемдікті бағалауға, көмек көрсетуге, ептілікке,тәрбиеші нұсқауын орындауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖШС «Жас Батыр Атырау» балабақшасы









Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Күзгі ерекшеліктер»

«Балапан» ортаңғы топ

Күні:14.11.2023

Тәрбиеші: Қабдешова А.Ә



















Атырау 2023-2024

Тақырыбы:Күзгі ерекшеліктер

Мақсаты: Күз мезгілі жайлы білімдерін кеңейту. Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту. Сөйлеу тілін дамыту мақсатында екі –үш сөзден тұратын сөйлемді айта білуге үйрету. Күз мезгілінің ерекшеліктерін, табиғаттағы құбылыстар туралы әңгімелесу. Есте сақтау қабілетін, тіл байлығын. Табиғатты аялауға, әсемдікті бағалауға, көмек көрсетуге, ептілікке,тәрбиеші нұсқауын орындауға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдерме балалар! Көңіл күйіміз қалай?

Бүгінгі оқу іс әрекетімізді бастамас бұрын,тамаша көңіл күйімізбен қимылды би жасап жіберейік

Әуен ырғағымен қимылды би

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар орнымызға отырамыз

Ғажайып сәт:Кірпі келуі

Тәрбиеші: Балалар қарраңдаршы бұл кім?таныдыңдарма?

Дұрыс айтасыңдар бұл кірпі

Сәлеметсіңбе,кірпі сен мұнда нестеп жүрсің?

Кірпі: Орманда жеміс теріп жүріп,бір дауыс естіп осы жаққа жол тарттым.Әдемі балаларға келіп қалыппынғой

Тәрбиеші:Кірпі,ендеше сен бізге қонақ бол,балаларымыздың қандай білімді екенін көр

Кірпі: Жарайды

Балалар біз бүгінгі іс әрекетімізді бастамас бұрын,барлығымыз тақтаға назар салайық

Мнемокесте арқылы бүгінгі тақырыппен таныстыру

(Слайд арқылы күз мезгілімен таныстыру)

Мнемокесте арқылы күз мезгілі туралы өлең жолдарын айтып көрейік

Балалар күз мезгілінде нелер пісе бастайды есімізге салайықшы,ендеше балалар осы көкөністер мен жемістерге байланысты ақылды сағат ойынын ойнап көрейік

Ойын: «Не қайда өседі?»

Шарты: Ортаға екі бала шығады,сағат тілі арқылы көкөніс немесе жемісті таңдап,түсін,пішінін,дәмін айтады.Екінші бала бірінші баланың таңдаған көкөніс немесе жемістің қайда пісетінін сағат тілімен көрсету арқылы айтады.Бақта немесе бақшада.

Ал балалар күз мезгілінде ағаштар қандай болады?

Ендеше барлығымыз бірге күзде ағаштар қандай болатынын,бірге жасап көрейік

«Күзгі ағаштар»

Шарты: Ағаштарға сары,қызғылт сары түсті жапырақтарды жабыстырамыз. Әдемі күзгі ағаштарды жасаймыз

Балалар орнымыздан тұрып денемізді бір шынықтырып алайық

Сергіту сәті: «Кірпілер»

Кірпі: Балалар,сендер санауды білесіңдерме?

Ендеше менің себетімдегі саңырауқұлақтарды санайықшы

1-5ке дейін санаймыз

Дидактикалық ойын: «Саңырауқұлақтарды санау»

Шарты: Сандар мен саңырауқұлақтар суреті беріледі. Берілген сандарға қарап,саңылауқұлықтың үстіндегі нүктелерді санап,сандармен сәйкестендіріп қояды

Кірпі: Рахмет,балалар өте білімді екенсіңдер.Менің қайтатын уақытым болды сендерге көп рахмет! Сау болыңыздар

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі іс әрекетімізде біз не туралы айттық?

Қандай тапсырмалар орындадық?

Бізге қонаққа кім келді келді?

Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнадыма?

Жарайсыңдар балалар,бүгін барлықтарыңда өте белсенді болдыңдар.

Сендерге көп рахмет! Осымен бүгінгі іс әрекетіміз аяқталды

Балаларды марапаттау

















































Күзгі ерекшеліктермен таныстыру





Д/О: «Не қайда өседі?»



Ғажайып сәт: «Кірпі келуі»



Шығармашылық жұмыс: «Күзгі ағаштар»





Д/О: «Саңырауқұлақтарды санау»





Балаларды мадақтау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30.11.2023
596
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі