Материалдар / "Күзгі жапырақ"

"Күзгі жапырақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мезгили туралы ашык сабак
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Танымдық оқиға.

Жас ерекшелігі 4-5 .

Білім беру саласы: Таным.

ҰОҚ: Жаратылыстану.

Тақырыбы: Күзгі жапырақ.

Мақсаты: Табиғат құбылыстары туралы түсініктерін, танымдық қабілеттерін қалыптастыруға арналған жағдайларменқамтамасыз ету болып табылады.

Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен серуенге шықтық. Серуен кезінде балалар еркін ойын ойнап жүрді. Нұрислам жерде түсіп жатырған жапырақты алып қарап тұр екен. Тәрбиеші қасына келіп немен ойнап тұрсың деп сұрады.Ол жапырақ деді. Жапырақ қайда өседі деп сұрақ қойдым. Ол көп ойланып тұрып , ағашта деп жауап берді. Ол жапырақ ағаштан түсіп қалыпты деді.Содан ішке кіретін уақыт жақындап қалды да , барлық балаларға ішке кірмес бұрын жапырақтар жинап аламыз деп тапсырма бердім. Балалар оны неге жинаймыз деп сұрақтарды жаудырды. Тәрбиеші жапырақтарды кептіріп одан әр-түрлі пішінді жапырақтардан жануарлардың дене келбетін жасаймыз деп айтты. Жинаған жапырақтарын балалар терезе алдына , кітаптардың арасына салып кептіруге қойдық. Балаларға жапырақ кепкен соң алып оны зертейміз деп едім , олар мәз болды.Арада бір апта өтті.Кепкен жапырақтарды алып , әуелі түстерін ажыратық, Нұрислам мен өз жапырағымды алайын деді. Нұрислам өзім жерден тауып алған жапырағын алып , мен бұл жапырақты анықтаймын өзінің орнына келді. Нұрислам мен өскенде зерттеуші боламын деді.Ал балалар олай болса бізде жапырақты барлығымыз зерттеп көрейік. Жапырақты түсіне қарай жинатып, оны ақ қағаз бетіне желіммен жапсыртып шықтық. Жапырақтардан аңдардың бейнесін жасап үйрену. Жапырақтың пайдасын неде ?.

Балалардың жауабы: Жапырақ бізге көлеңке береді жазда, ал күзде алуан түсті болып жерге түседі.Жапырақадам денсаулығына пайдасын балаларға түсіндіріп айту. Лавр жапырағының пайдасы – бәріміздің де ас үйімізде бар.

Себебі ол адам ағзасына пайдасы көп. Лавр жапырағын аурулардың алдын алуға көмектеседі.Жапырақтарды басып кетпеу керек. Оларды жинап қоямыз. Сонымен жапырақтың пайдасы бізге көп екенін білдік.







Жүгіріп қағып ал.

Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші үлкен әдемі доппен балаларға қарама-қарсы тұрады. Тәрбиеші «Бір лақтырамын, екі лақтырамын, үш лақтырамын, кім жүйрік қағып алсын!»-деп допты лақтырады да өзі қағып алып: «Қаға алмағандар қайта жүгіріңдер» дейді. Балалар өз орындарына қайта барып тұрады. Ойын жалғасады. Ойын кезінде балалардың қағып алуына мүмкіндік жасап, қойып жүреді. Қалған балалар соңынан еріп жүреді.

Жұптық эстафеталық доп беру.

Жылдам қозғалыс, допты дәл қолға беруді, шапшаңдыққа үйрету.

Ойын барысы: Ойыншылар бір-біріне қарама-қарсы жұп жұбымен тұрады.бір ойыншыда доп . Ойыншылар жүгіріп келе жатып бір біріне допты беріп отыруы тиіс. Эстафеталық ойынды бірінші аяқтаған жеңімпаз атанады.



































Бірінші күні мен біліктілікті арттыру бағдарламасының мазмұны және білім беру үдірісін жоспарлауда жақсы білгенім А. Байтыһұрсынова, Н. Құлжанова, Ф. Фребель, М. Монтессори, Р. Эмилия, Штайнер .В, философиялық ілімдерді толық түсіндім.Мек тепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының білім салалары бойынша мақсат, міндет, мазмұндарын ашық түрінде түсіндім. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша оқу жоспарларындағы жас топтары бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің аптадағы жалппы көлемін біліп түсіндім. Сентизивтік кезең –адамның өміріндегі белгілі бір психологиялық қасиеттер мен мінез-құлық түрлерін қалыптастыру үшін барынша жағымды жағдайды қалыптастыратын кезеңін түсіндім.Менің сүйікті балабақшам тақырыбына жарнама жасап үйрендік. Жағдайдың эмоционалдық факторларына –жақсы көңіл күйін факторын физикалық кеңістікпен анағұрлым маңыздырақ болатынын, оны топпен талқылаған ұнады және эмоцияға ертегі ойдан шығарып, қойылым көрсетік түсінікті етіп.Сол екі күнім ойдағыдай өтті.


























































































































«Қарлығаш» балабақшасы










«Назар сал жаяу адам»








Орындаған:Мульканова Г.







2019ж

Жол белгілері туралы білімдерін кеңейту, олардың атқаратын қызметімен таныстыру. Балаларды жолда жүру ережесі мен көшеде жүру тәртібімен таныстыра отырып, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

-Бүгін біз жаяу серуендейміз, яғни жолда жүру ережесін жақсы білетін, әрі көше тәртібін сақтай білетін кәдімгі жаяу жүргіншілер боламыз.

Балабақша ауласында, асфальт үстінде шартты белгілермен «жолақ жол», «кең көше» сызылған, «жол алабы», «жаяу жол» тротуар,»қиылыстар», «тар көшелер» белгіленген.

-Сонымен, көшелері көп білім қалашығына да келдік. Қаламызға ат қояық.

-Жарайды , қаламыздың аты «Балабақша» болсын.

«Балабақша» қаласының көшесінде қалай жүру керек?

-Дұрыс , көшеде жүру тәртібін сақтай білу керек,көліктер де көп екен. Жолда жүру ережелерін білмейінше, бұл жолдармен жүру өте қиын.

Сондықтан да жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де үлкен- кіші де «Жол ережесін» білуі тиіс. Ереже бойынша автобустар, автокөліктердің бәрі көліктің негізгі жолы «жол алабымен» жүруге тиіс. Ал жаяу жүргіншілер «жаяу жолмен» жүрулері керек.

-Жаяу жолмен тротурмен қалай жүру керек?

-Иә, екі-екіден қол ұстасып, басқа жүргіншілерге бөгет жасамай , жаяу жолдың оң жақ шетімен жүру керек.

-Кәнекей, екі топқа бөлініп, бір-бірімізге қарама-қарсы жүріп көрейік.

-Бәрі де оп-оңай екен.

-Ал қазір бізге жолдың ар жағына өту керек.Кім көмектеседі.

-Көшеден тек «Жаяу жүргіншілер» өтпесі арқылы өту керек.Жаулар өтетін жол жолақтарын «Зебра» деп атайды.

-Мінекеи, «Жаяу жүргіншілер өтпесін» де келіп қалдық. Көшеден қалай өту керек?

-Жолдаың ар жағына асықпай , жүгірмей өту керек. Жүргіріп өтемін деп , шалынып құлап қалуың мүмкін.

-Жолдан өтеміз.

-Балалар, жолдан өтіп бара жатқанда бәтеңкелеріңнің бауы шешіліп кетсе, не істер едіңіздер?

-Дұрыс , бәтеңкеңнің бауын жол алабынан өткен соң байлаймыз.

-Екі жақта қозғалысты жолы бар мына кең көшеде қалай өтуге болады?

-Дұрыс. Бірінші солға қараймыз, көлік жоқ болса ғана жолдан өтеміз, жолдың ортасындағы «қауіпсіз алаңшаға» келіп тоқтаймыз. Содан соң, жолдың оң жағына қараймыз. Егер жүріс алабы бос болса,әрі қарай өте беруге болады. Кеттік.

-Мына жерде көшелер қиылысады

-Қиылыс деп нені айтамыз?

-Қиылыстан қалай өтуге болады?

-Жол қиылысы- ең қауіпті жер. Одан тек жаяу жүргіншілер өтетін жолдан ғана өткен жөн. Жолдан өтерде үлкендердің, ата-аналарыңның қолынан ұстап алу керек. Егер қиылыста бағдаршам тұрса, онла жасыл көзі жанғанда ғана өтеміз.

Жайраңдаған жарндар,

Жан-жаққа да қараңдар

Жолдан азап тартпаңдар

Әдеп, тәртіп сақтаңдар

Алдымен оңға,

Содан соң солға,

Қараңдар жолға

Жолда көлік жоқ болса,

Сонда ғана өтіңдер.

-Балалар, егер көшеде жол жолағы мен жол белгісі болмаса, қиылыстан өтуге бола ма?

-Егер жаяу жүргіншілер өтпесі жоқ көшеде жаяу жолдың түйіскен жеріндегі бұрыштан, жолдың арғы жағындағы жаяу жолға қарай төте жүріп өту керек.

-Міне былай. Жүріп көрсету.

-Енді сендер өтіп көріңдер.

-Жолдың мына бөлігінен өтуге бола ма?

Балаларға жаяу жүргіншілер өтпесі мен жол белгісі жоқ көшеден өтуге болмайды?

-Бұл жерде көліктер қатты жүреді, өйткені жүргізушілер, жаяу жүргіншілердің үлкен-кішісі де жолда жүру ережесін біледі ойлайды.

-Жүргізуші тежегішті қанша салып басса да,

Көлікті бірден тоқтатып үлгермейді. Бұл жерде жаяу адамның қалай болса солай жүруіне болмайды.Жүргізушілер, жаяу жүргіншілер «Жолда жүру ережесін» сақтап, жаяулар өтпесі бар рұқсат етілген жолмен өтеді деп ойлайды. Кейбір асығыс жаяу жүргіншілер көліктің жақындап келіп қалғанын көре тұра, рұқсат етілмеген жолды кесіп өтпекші болады.Қатты жүріп келе жатқан жүргізуші көлігін тоқтатып үлгермейді. Тіпті ақырын келе жатқан күнде де, оған көлікті тоқтату оңайға соқпайды. Көше тәртібін бұзып, өкінішті жағдайға тап болуларың мүмкін.Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер тездетіп шешуін табасындар.

Аяғы жоқ жүрмейді,

Аузы жоқ сөйлемейді. (Бағдаршам).

-Балалар, сендер бағдаршам туралы тақпақтар білесіңдер ме? Олай болса тақпақтарымызды айтып берейікші.

ЕрҚосай: Бағдаршам аты

Көп көзі бар батыр

Тоқ болғанымен заты

Өзінде көп ақылы

Аяна: Көргенде дәу қырағы

Көшемізде тұрады

Бағынамыз аманда

Ашса кезек үш кезін

Тоқта, сақтан, жол ашық

Жасмин: Көргенде дәу қырағы

Көшемізде тұрады

Өміріңді сақтайды

Жанып-өшіп тұрады

Аруназ:Алса дағы үш көзін

Айтты деп ұқ үш көзін

Тоқта, Сақтан, жол ашық

Жүрме жолға таласып

-Жарайсыңдар, балалар. Бағдаршам жайлы тақпақтар біледі екенсіңдер.

Бағдаршам сендердің достарын.

Көшеде бағдаршамға сүйеніп, жолда жүргенде сақ болыңыздар.

Ойын: «Бағдаршам».

Қызыл көзін жағады : балалар қозғалмай тұрады.

Сары көін жағады: Балалар қол шапалақтайды.

Жасыл көзін жаққанда :

Балалар, орындарында жүреді.

-Жарайсыңдар, балалар, сендер бағдаршамның көздерінің қандай қызмет атқаратын үйрендіңіздер.Сақ болайық.

































Ерте,ерте,ертеде.

Мақсаты: Балаларға саусақ театры туралы түсінік беру. «Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат бере отырып, түсініктерін нығайту. Ойын , тілін сөздік қорын дамыту. Ертегіні қызығушылықпен тыңдауға дағдылардыру.

Ұйымдастыру бөлімі:Балалар сендер қандай ертегілер білесіңдер, Бауырсақ, Үш аю, Шалқан,Үйшік,Маша мен аю, Жеті лақ, Қызыл талпек жарайсындар ия біздер өте көп ертегілер білеміз.Балалар, аталған ертегіні сахналап беруге қалай қарайсыңдар ,олай болса сендермен саусақ театрын көрсетеміз. Көрсетпес бұрын Шалқан ертегісін есімізге түсірейікші.Кім бізге мәтінін мәнерлеп айтып береді. Бір бала шығып ертегіні айтады қалғандары мұқият тыңдайды.

-Ерте, ерте, ертеде ата көктемде шалқан екті. Шалқан үлкен болып өсіпті. Күзде сабағынан ұстап тартып еді жұлынбады. Көмекке әженішақырады.

Әже атадан, ата-шалқаның сабағынан ұстап тартып еді, ол жұлынбады Әжесі немере қызын көмекке шақырады. Қыз-әжесінен, әжесі- атасынан, атасы-шалқаның сабағынан тартып еді жұлынбады.Немере қызы күшігін шақырады.Күшік-немересінен, немересі- әжесінен, әжесі-атасынан, атасы-шалқаның сабағынан тартады жұлынбайды. Күшік-мысықты шақырады, мысық-күшіктен, күшік-немересінен, немересі-әжесінен, әжесі-атасынан, атасы шалқаның сабағынан тартады жұлынбайды. Мысық-тышқанды шақырады.Тышқан- мысықтан. Мысық-күшіктен, күшік -немере қыздан, немере қызы – әжесінен, әжесі-атадан, атасы шалқанның сабағынан әрі тартып, бері тартып шалқанды әзер дегенде қопарып жұлып алады екен.

Сонымен балалар ертегі аяқталды. Балалар ертегі сендерге ұнады ма?

Ертегі кейіпкерлерін атап айтып беріңдерші.

Ата-әже, немере қыз, күшік, мысық, тышқан.Ендеше ертегіні біздер сахналап берейік. Балаларды рольдерге бөліп беру.Олай болса ертегіміз аяқталды.
















«Мың бір мақал»

Мақал- мәтелдердің түрлерімен таныстыру.

Балалардың сөздік қорын молайту.Имандылық қасиеттерін дамыту, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қазір жылдың қыс мезгілі. Қыс мезгілінде үш ай бар.Желтоқан, қаңтар, ақпан. Тамаша балалар, біздің қазақ халықы тыйым сөздер, мақал-мәтелдерге өте бай. Сендер жыл мезгілдеріне, табиғат құбылыстарына байланысты қандай мақал-мәтел білеміз барлығымыз айтамыз.

Шағала келмей-жаз болмас, шаңқай болмай-боз болмас.

Тамшыдан тама берсе дария болар.

Нөсер алдында найзағай ойнайды.

Тау кезеңсіз болмас, өлке өзенсіз болмас.

Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар.

-Жақсы балалар, мақал-мәтелдердің түрлері өте көп.

Тақтаға әңгімеге байланысты сурет ілінеді. Суретке қарап әңгіме құрастыру. Балалар, суретке қарап, әдептілікке байланысты әңгіме құрастырады.

-Балалар, сендер әдептілікке байланысты қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Жақсы қыз-жағадағы құндыз

Жақсы жігіт – көктегі жұлдыз

Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені

Өзін –өзі мақтаған өліммен тең

Өлімнен ұят күшті

Әдепті бала –арлы бала

Әдепсіз бала-сорла бала

Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны алады.

-Өте жақсы балалар, ал сендер еңбек туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?

-Иә.

Еңбек түбі-береке

Көптің түбі – мереке.

Еңбек етпесең елге өкпелеме, егін ексең, жерге өкпелеме.

Бейнетсіз рахат жоқ.

Еңбек етсең мерінбей, тояды қарның тіленбей.

Еңбексіз өмір-сөнген көмір.

Ер дәулеті еңбек.

-Жақсы балалар ендеше ойын ойнағыларың келеме ?


Ойын: Жалғастыр.

Ойынның шарты:Қазір мен саендерге доп лақтырамын да мақал-мәтелдің басын айтамын,кімде-кім допты қағып алса, мақал-мәтелді жалғастырады.

Отансыз адам-ормансыз бқлбұл

Еібектің наны тәтті- жалқаудың жаны тәтті

Оқу- білім бұлағы- білім өмір шырағы

Қыз өссе елдің көркі-гүл өссе жердің көркі

Атаңа ауыр жүк артпа-анаңа ауыр сөз айтпа.

«Жүректен-жүрекке».

Балалар шеңберге тұрады. Бір- бірлеріне жақсы тілектер жазылған жүрекшелер сыйлайды.

Балаларды мақтап бағалау.

Балалар мақал-мәтелдердің неғұрлым көп түрімен танысып, айту. Қарапайым сөйлеуге үйрету.Үлкендерді құрметтеу, әдепті, иманды, еңбекқор болуға баулу.


































«Жаса мәңгі, ана тілі!»

Ана тілге мақтаныш, құрмет сезімдерін қалыптастыру.Ән мазмұны негізіндеана тіліне деген сүйіспеншілікке тірбиелеу, сөйлеу мәдениетін дамыту.Ана тіліне деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін ұялата отырып адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Балалар сазды әуенмен кіріп, шеңбер бойымен жүріп отындрына тұрады.

Балаламен амандасу. Гимн орындалады.

Балалар, бүгін ана тілі туралы әңгімелесейік.

-Ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?

-Біздің ана тіліміз қай тіл?

Әрбір халықтың өзінің тілі болады, кім біледі біздің ұлттық тіліміз қай тіл?

-Дұрыс айтасыңдар, біз қазақ деген ұлт болғандықтан қазақ тілі-біздің ана тіліміз. Тілімізді шұбарламай, басқа тілдің сөзін араластырмай, таза сөйлеп, оны құрметтеп сүюіміз керек.

-Ана тілі-біздің ата бабамыздан қалған тіл.

Ата бабалардың суретерін көрсетіп әңгімелеу.

-Ана тілі – біздің анамыздың әлдиімен құлағымызға сіңген тіл.

Ана тілін білмесең,

Қадірлісің кімге сен?

Ана тілі арқылы,

Тарихыммен тілдесем.

Ана тілін білмесең,

Қадірлісің кімге сен?

Өз тіліңді ер жетіп,

Қол созасың күнге сен.

Өлеңге қысқаша талдау жасу.

Ән тыңдау: «Ана тілі».

-Ән қандай?

-Әннің әуені сендерге ұнады ма?

Ән айтар алдында дауысты қалыпқа келтіру.

А-а-а (созылыңқы)

Ля-ля-ля (жылдам)

Біз ән айтамыз

Жақсы айтамыз

Әннің сөзін анық, таза айтуға тырысу. Дем алғанда иықты көтермей, ішпен алып үнемдеп шығар. Сонда ән бүлінбей таза шығады, жақсы орындалады.

Ән айту: «Анамның тілі-аяулы үні».

Әнде не туралы айтылды?

-Әннің әуені сендерге ұнады ма?

-Сен өз еліңнің азаматы болу үшін ана тілінде таза сөйлеуің қажет. Көп ойлан, жақсы сөйле.Сөзің түсінікті, әрі қысқа болсын.Ақын Қ. Мырзалы айтқандай «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп өсиет еткен.

-Балалар сендер тыңдаған «Ана тілі» әніне, «Ананың тілі-аяулы үні» әндерінің әуеніне қандай қимыл қозғалыстар жасағанды қалайсындар?

«Қазақ вальсы» Л. Хамида. (үнтаспа)

Вальс- жұптасып билейтін би. Жұптасып, шеңбер бойымен аяқтың ұшымен жүреді. Жетекші белгі берген кезде тоқтап, бір-біріне қарсы тұрып қол ұстасып, бір қадам оңға, бір қадам солға қимыл жасп, тұрған орнында бір айналып, қимылдың музыкаға сәйкес жасалуын қадағалау.

Музыкалық дидактикалық ойын. «Өз апабыңды тап».

Ойын ережесі: Үш аспап алынады, асатаяқ,дабыл, сылдырмақ. Төрт бала ортаға шығады.Бірінші бала жүргізуші,қалғанддары өзіне аспап таңдапжанына тұады. Әуен басталғанда үш бала шеңбермен жүреді. Ал жүргіуші аспаптардың орнын ауыстырып қояды. Әуен тоқтағанда балалар өз аспабын табу керек. Ойын ережесін мұқият тыңдап, көңілді ойнау.

Ана тілі туралы ұғымды бекіту. Жақсы қатысып отырған балаларды мадақтау.





























«Кім тапқыр»

Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтап бекіту, берілген сұрақтарға ойланып дұрыс жауап беруге үйрету. Көркем сөз арқылы тілін жетілдіру, сан санау ұғымын, ойлау қабілетін дамыту. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

-Балалар, тыңдаңдаршы, даладан бір дауыс естіледі. Тып-тыныш құлақ түрейік. Бұл кімдер екен, қаны есікті ашайын. Тышқан мен торғай кіреді.

Тышқан мен торғай: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Балалар, бізге келген қонақтар қай ертегінің кейіпкерлері екен?

-«Тышқан мен торғай» ертегісі.

-Сәлеметсіздер ме, қонақтар, Сіздер мұнда не істеп жүрсіздер?

-Біз мына дінді бөлісе алмай жүрміз.

-Ол дін қайдан келді?

-Біз екеуміз дос болдық. Мен тырнағыммен жер жырттым , ал торғай тұмсығымен дән сеуіп, су құйды. Осылайша, дән ектік, бидай мол болып шықты. Оны жинадық, бір бидай артық қалды. Соны бөлісе алмай балалардан көмек сұрап келдік.

Торғай: Шик-шик-шик, бұл бидай менікі.

Тышқан: Пи-пи-пи, жоқ менікі болуы керек.

-Босқа таласпай бидайды маған беріңдерші. Балалар, тышқан мен торғайға көмектесеміз бе?

-Иә.

-Олармен дос боламыз ба?

-Иә.

Тышқан мен торғай : Алақай, біз көп дос таптық.

-Мәссаған, бұл сиқырлы дән екен. Оның ішінде көптеген тапсырмалар бар. Осы тапсырмаларды орындасақ, тышқан мен торғай қайта дос болады.

1-тапсырма: Ойын «Кел санайық». Кері, тура санау.

Ойын: «Қай сан жоқ». Жоқ санды атау.

Ойын: «Сиқырлы сурет». Суретті санап, таңбасын қою.

-Балалар, сандар туралы тақпақтар, санамақтар білесіңдер ме? Балалар санамақ, тақпақтарын айтадды.

2-тапсырма: «Кім жылдам». Геометриялық пішіндерді атап, түстерін ажырату.

3-тапсырма: «Не артық». Артық заттарды атау.

Сергіту сәті: «Апта күндері».

4-тапсырма: «Ертегілер әлемінде».Нешінші, алдында –артынды, жоғары –төмен, оң жақ- сол жақ.

Балалар тышқан мен торғай масақты сыйлайды. Олар достарына алғыс айтып ертегілер еліне қайтады.

Қимылды ойын: «Қасқыр қақпан».

Тыныс алу жаттығуы: «Жел соғады», Жапырақты үрлейік».

Балалар сендерге ұнады ма? Балаларды мақтап мадақтау.

«Үйшік» ертегісі.

Балаларға ертегінің мазмұны мен тақырыбының арасындағы байланысты көруге баулу.Ой-өрісін, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту, жақынына деген сүйіспеншілік, адалдық қасиеттерін тәрбиелеу.

Балалар шеңберге тұрып, бір- біріне жақсы тілектерін білдіреді.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше баламыз.

Қонақтарды көргенде,

Амандасып аламыз.

-Сәлеметсіздер ме!

-Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

- Қандай ертегі білесіңдер? Олай болса бүгін біз ертегі еліне саяхат жасаймыз. Бірақ ол алыста ғой, қалай олайсыңдар ол жаққа тез жетуге болады? Балалардың жауаптары.

-Ертегі еліне жету үшін мына сиқырлы таяқшаны қолданайық. Қолымыздан ұстасып шеңберге біз тұрайық, көзімізді жұмайық та, елестетейік шулаған орманды, сайраған құстарды, әртүрлі аңдарды.

-Кәне, сиқырлы таяқша бізді ертегі еліне тез жеткіз!

-Көзімізді ашамыз, қараңдаршы біз ертегі еліне келдік. Міне ағаштар, ертегі кейіпкерлері. Балалар, ұараңдаршы мұнда не жатқанын?

-Бұл сандықша ғой! Жай ғана сандықша емес, сиқырлы сандықша екен. Ішінде не бар екенін көреміз бе?

-Кәне бәріміз жайғасып отырайық. Сандықшаның ішінде ертегілер желісі бойынша жасалған «Үйшік».

- Үйшікте неше аң тұрады?

- Төртеу.

- Тышқан мен бақа аң емес.

- Сендер барлық ертегілерді дұрыс айтып бердіңдер.

Сергіп алайық балалар.

Ормандағы оюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп- теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

Ертегіне сахналау.

Бірлік туралы мақал-мателдер .

Бір жеңнен қол шығар,

Бір жағадан бас швғар.

Бірге көтерген жүк –ауыр болмас.

Дидактикалық ойын:» Қимфлфн көрсет

Ойынның шарты; Айтылған кейіпкерлердің қимылын көсету,

Мысалы: қоян , қасқыр, түлкі, тышқан, аю,бақа .

-Ал енді балалар бізге тобымызға қацтатын уақыт келді.

Шеңберді біз құрайық, көзімізді жұмайық. Сиқырлы таяқша бізді тобымызға

  • Көзімізді ашайық, міне тобымыз қайтадан келдік.

  • Саяхат аяқталды ендеше келген қонақтар мен қоштасу.






Жоба тақырыбы: «Ілгек»

Жобаға қатысушылар: «Ақбота» тобппының балаларымен ата аналары.

Жобаның мерзімі: Қысқа мерзімді.

Жобаның мақсаты: Балаларға ілгек туралы мәліметтерін тереңдету, ілгектің атқаратын ролін көрсету арқылы түсініктерін қалыптастыру. Танымдық-ізденімпаздыққа және дүниетанымын кеңейту, ұсақ моторикасын , байланыстырып сөйлеу, ойлау шығармашылық қабілеттерін дамыту.Өз халқының салт-дәстүрлерін қабірлей білуге, асыл мұраларын, өнерлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

шгпчяМлрп.ММіндеттеччыы

а ілгектердіңдіс-тәсілдері:Зерроолшрптеу, әңгімелеу, сұрақ-жауап, интерактивті тақта қолдану.

Жолрпа,баның түрі: Ата-анамен жұмыс, балалар мен топтық жұмыс.

Жобаны жүзеге асыруға арналған қажетті көрнекіліктер: Видео түсірілім, сурет жинақтарынан буклет жасау, ілгек туралы мақал-мәтелдер, альбомдар жасау.

Жобамен жұмыс жасау кезеңдері:

ЗоІ-кезенде. Жобамен таныстыру, бақылау жұмыстарын жүргізу,ілгек жөнінде ақпарат жинау, суретін салу, мүсіндеу, жапсыру.

ІІ-кезеңде. Әдебиеттер, ертегі, өлең, мақал- мәтелдер, бейне баяндар көрсету, кеңестер, ұсыныстар беру. Баланың танымдылық ортасын қалыптастыру.

ІІІ- кезеңде. Тұсау кесу. Жобаны қорғау\

\

Ж\ъ

гпн








































16 Мамыр 2025
67
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі