«Күзгі жапырақтар»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Күзгі жапырақтар»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшадағы ашық іс әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: мүсіндеу.

Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»

Мақсаты:бедерлі мүсіндеу жолдарымен таныстыру;жалпақтау, кесу, шымшу әдістерін бекіту, түрлі құралдарды дұрыс қолдана білуге машықтандыруды жалғастыру.

Міндеттері:

білімдік:маусымдық өзгерістер туралы білімдерін кеңейту;

дамытушылық:балалардыңқиялын, ойлау қабілеттеріндамыту;

тәрбиелік:еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды:әртүрлітәсілдерді пайдалана отырып мүсіндеуді;

түсінеді:күз мезгілінің басқа мезгілдерден ерекшелігін;

қолданады:өзінежәне өзгеніңеңбегіне баға беруді.

Қолданылатынкөрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №1жұмыс дәптері, ТОҚ (бейнеролик), күзгі табиғат бейнеленген бүктеме, күзгі жапырақтардан дайындалған кеппе шөп,ермексаз, ыдыстағы су, тақтайша.

Сөздік жұмыс: күз, алтын күз.

Көптілділік:күз–осень –autumn, жапырақ –лист–leaves, табиғат –природа–nature, алтын күз–золотая осень –golden autumn, сары –желтый–yellow, қызыл –красный–red.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог:

Кәне, балалар, шеңбер жасап, бір-бірімізге алақан жылуы арқылы жақсы лебіздер білдірейік.

Педагогбалаларға күз мезгілінің басқа мезгілдерден қандай ерекшелігі бар екенін айтады.

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Кәне, күз айларын атаңдаршы?

Жарайсыңдар,өте жақсы!

Күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

Иә, дұрыс айтасыңдар!Айналаның барлығы жапырақтар, сап-сары алтынға ұқсайды екен.Сондықтан біз күзді «алтын күз» деп атаймыз.

Жарайсыңдар, балалар! Енді күздің осындай керемет көріністерін қазір бейнероликтен тамашалаймыз.

2.Негізгі кезең.

Балалар бейнероликтен күз туралы көріністерді көрген кезде төмендегі өлең жолдары оқылып тұрады:

Күзгі жапырақтар

Алтын, сары, қызыл, көк...

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Күн шуақта маужырап,

Жатыр енді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұштыкенет жапырақ.

Ой, алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді,жатып ап! (Қ. Шаңғыбаев)

Ал қазір сол жапырақтарды мүсіндейміз:

1. Бір кесек ермексазды алып, алақанымызға салып домалақтаймыз.

2. Домалақ ермексазды алақанымызға салып басу тәсілі арқылы жалпақтаймыз. Ермексазды қатты қағаздыңүстіне қойып, үлгіқалыптың шетін кескішпен бастырып, кесеміз.

Ал енді жапыраққа ұқсады ма?

Сергіту сәті.

Кел, билейік, кел,билейік,

Неге тұрсын билемей?

Кел, билейік, іркілмейік,

Неге отырсың үйренбей?

Жалығуды білмейміз,

Жабығуды білмейміз.

Жауқазындай көзді тартып,

Жайраң қағып билейміз. (М.Әлімбай)

Сөздік жұмыс: күз, алтын күз.

Көптілділік:күз–осень –autumn, жапырақ –лист–leaves, табиғат –природа–nature, алтын күз–золотая осень –golden autumn, сары –желтый–yellow, қызыл –красный–red.

Енді артық ермексазды қалақшаның көмегімен қырып алып тастаймыз. Саусағымыздың ұшымен шымшу арқылы жапырақтың жиектерінтегістейміз.Кескіш таяқшамен жапырақтың үстін бедерлеп, сызықтар түсіреміз.Міне, жапырағымыз дайын болды.

3.Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды.

Балалар сары жапырақтарды бір қатарға, қызыл жапырақтардыекінші қатарға тізіп, жұмыстарын талдайды.

Тапсырма: серуен кезінде кіші топ балаларына жапырақтан тізбек жасап беру.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2023
402
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі