«BINOM SCHOOL - «Ұлы дала»
мектеп-лицейі»
«Бекітемін»
«Келісілді»
Мектеп директоры
Тәрбие ісі жөніндегі
Байтажикова К.А. директордың
орынбасары
__________________
_________
«___» _____ 2021 ж.
«____»_________2021 ж.
7- сынып оқушыларына
арналған
«Күзгі ойындар-2021»
күзгі көңілді
эстафета
жарысының
бағдарламасы
1. Сайыстың мақсаты мен
міндеттері:
1.Ата-аналар мен оқушылардың
спортқа деген қызығушылығын арттырып,
салауатты өмір салтын ұстануға
бағыттау.
2.Оқушыларды ұйымшылдыққа,
достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3.Оқушыларды жылдамдыққа,
шапшандыққа үйрету. Білім, білік дағдыларын
кеңейту.
2. Өткізілетін орны мен
мерзімі:
BINOM SCHOOL-«Ұлы дала»
мектеп-лицейінің спорт алаңында 2021жылы
20 қараша күні
сағат 13:30
3. Жарысқа қатысуға
қажетті құжаттар.
7-шы сынып жетекшілерінің
(Куратор) тапсырысы.
4. Жарысымыздың
қорытындысын шығарып, әділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен
таныстыру.
1. Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Сағидолла
Қазбек
2.Дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі
Жолшыбай
Еділбай
Серик
Нұрболат
Темирбеков
Азамат
Мергенов
Серижан
Қайқыбек
Әлішер
3.Сайысты
ұйымдастырушылар:
7-шы сынып
жетекшілері
Дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі: Нуралинов Жасулан
Маратович
Ортаға командалар шығады.
Мұғалімнің командасы бойынша сапқа тұрғызылады. Мемлекеттік Әнұран
орындалады.
4. Құрал-жабдықтар:
Доп, кедергілер, секірткіш,
ысқырық, шығыршық, қап, эттафета таяқшасы.
5.Сайыс
түрлері:
1. Таныстыру
кезеңі. (топтың атын таныстыру
керек)
2.«Эстафета таяқшасын
алып жүгіру»
Әр топ ойыншылары төрешінің
белгісі бойынша кедергілердің арасымен эстафета таяқшасын алып
белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады. Екінші ойыншыға
береді. Бірінші келген команда жеңіске
жетеді.
3.«Секіртпемен
жүгіру»
Топ оқушылары төрешінің
белгісі бойынша секіртпемен жүгіреді. Белгіленген жерге жүгіріп
барып, кейін қайтады. Келесі ойыншыға береді. Ойынды бірінші
аяқтаған топ жеңімпаз болады.
4.«Шығыршылықпен
тасы»
Төрешінің белгісі бойынша топ
басшысы шығыршылықпен белгіленген жерге топ мүшелерін біртіндеп
тасып, кейін қайтады. Соңғы ойыншыны апарып, барлығын бірдей алып
келеді.
5.«Кім
жылдам»
Төрешінің белгісі арқылы
белгіленген жерге допты жерге ұрып барып, қайтарында жүгіріп
келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып, бірінші
келген команда жеңімпаз болады.
6.«Қаппен
жүгіру»
Төрешінің белгісі арқылы қапты
киіп алып, белгіленген жерге секіріп барып, кейін қайтады. Қапты
шешіп келесі ойыншыға береді. Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз
болады.
7.«Арқан
тарту»
Команда мүшелері түгел арқан
тартуға шығады. Белгіленген жерге қарсылас команда мүшелерін тартып
келеді. Командалар бір-бірімен түгел арқанмен
тартысады.
Қорытынды сөз әділқазыларға
беріледі. Командалар сап түзеп қатарға
тұрады. Ұпай санын есептеп, жарысқа қатысқан командаларды
марапаттайды.