Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

«Күзгі орманға саяхат» ашық сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға күз жайлы түсінік бере отырып, орман көрінісінен мағлұмат беру. Ормандағы аңдарға, құстарға, ағаштарға олардың ерекшеліктеріне мән бергізе отырып түсіндіру. Балалардың білімін ойындар арқылы әртүрлі тапсырма
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ашық ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Таным», «Денсаулық»

Бөлімі: Сауат ашу, Экология, Қарапайым матеметикалық ұғымды қалыптастыру, Денешынықтыру.

Тақырыбы: «Күзгі орманға саяхат»

Мақсаты: Балаларға күз жайлы түсінік бере отырып, орман көрінісінен мағлұмат беру. Ормандағы аңдарға, құстарға, ағаштарға олардың ерекшеліктеріне мән бергізе отырып түсіндіру. Балалардың білімін ойындар арқылы әртүрлі тапсырма


ларды орындай отырып, салыстыру, санау, топтау дағдыларын ойын арқылы дамытып, санамақ айту арқылы сөздік қорларын молайту, ой - өрісін дамыт.Сөздерді буынға бөлу және дыбыстарды айыруға дағдыландыру. Өз ойын ашық, еркін айтуға, табиғатты қорғауға, әдемілікті көре білуге тәрбиелеу. Жіппен жұмыстану арқылы саусақ моторикасын дамыту.

Алдын – ала жүргізілген жұмыстар: Көркем сөз жаттату.

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, санау,санамақ, салыстыру, логикалық есептер,кеңістікті бағдарлау,буынға бөлу, дыбыстарды ажырату,сергіту сәті, триз ойыны.

Көрнекіліктер: Слайд, сандар, касса, пішіндер, бархат қағазы, жіп.

Билингвалдық компонент: Орман-лес-forest, құстары – птицы – birds, аңдар-животное-animals.


Іс – әрекеттер кезеңі

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық









Балалар, бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз ерекше болғалы тұр, бізге бүгін қонақтар келген.

Біз ересек баламыз,

Кішілерге панамыз,

Үлкендерді құрметтеп,

Сәлемдесіп аламыз.

-Балалар саяхатқа шыққыларың келеме?

-Балалар орманға саяхатқа шықпас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысып алайық.

Орман дегенде көз алдарыңа не елестейді?

-Ендеше, балалар бүгін біз орманға саяхат жасап көрейік.

(-Балалар орманға барғанша ән айтып көңілді барайық қимылды жаттығулар жасап)

-Жарайсыңдар!

Слайд

- Балалар,қараңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілінде табиғатта тағы қандай өзгерістер болады?

-Қане маған күз айларын атап беріңдерші?

Тақпақ «Күз»

-Жарайсыңдар!

Тренинг «Жаңбыр»


Балалар үш тілде амандасты.





-Ия

-Көп ағаштар, құстар, аңдар








-Күз

Жапырақтар сарғаяды, күн салқындайды.

-Қыркүйек, қазан, қараша.

Ұйымдастыру іздестіру

-Балалар, осы күзгі орман ішін аралап көрейік.

-Балалар қараңдаршы мынау не тұрған?

-Балалар біз саяхатымызды одан әрі жалғастыру үшін ағаштардың бірнеше тапсырмалары бар екен, соны орындауымыз керек.

-Балалар қараңдаршы мына ағаштар әр түрлі сияқты, қане салыстырып көрейікші?

(Оң-сол жағын, ұзын-қысқа және аз-көпті, асты-үстін ажырату)

1-тапсырма: Д/О «Көршісін тап», 1- 5 ке дейін тура және кері санау, үш тілде санау

Санамақ

Бір-дегенім білеу.

Екі-дегенім, егеу.

Үш-дегенім, үскіл.

Төрт-дегенім, төсек.

Бес-дегенім, бесік.

Алты-дегенім, асық.

Жеті-дегенім, желке.

Сегіз-дегенім, серке.

Тоғыз-дегенім, торқа.

Он дегенім – оймақ,

Он бір – қара жұмбақ

2-тапсырма: Логикалық есептер

1.Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Екеуі қайың астынан,

Үшеуін терек қасынан.

2.Бес алманы бақтағы,

Кірпі алып жинадьы.

Ең әдемі екеуін,

Ақ тиінге сыйлады.

3.Пісіп тұрған төрт алмұрт,

Қызығатын көрген жұрт.

Екі алмұртты бұтақтан,

Алып жеді Мұратхан.

4. Бес қонжық орманға,

Бара жатты қорбаңдап.

Бірі олардың шаршады,

Әрі қарай бармады,

Сонда нешеуі барды орманға?

3-тапсырма:

«Пішіндерді ажырат», «Кеңістікті бағдарлау»

-Жарайсыңдар балалар, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар, саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.


-Балалар қараңдаршы мынау не тұрған?

-Қандай құстар?

-Қанда құстар қыстап қалады?

-Балалар қыстап қалатын құстарға қамқор болуымыз керек.

-Балалар құстардыңда біздерге да

йындаған тапсырмалары бар екен.

1-тапсырма: Сөз дегеніміз не?, Сөйлем дегеніміз не?

-Ал енді маған сөз құрап беріңдерші?

-Жарайсыңдар енді сөйлем құрап беріңдер?

2-тапсырма: Буынға бөлу (Орман, құс, қарға, сауысқан, торғай), Дыбыс деген не?Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып кассаға салу.

3-тапсырма: Тілдік жаттығу.

Қарқ-қарқ-қарқ ,

Қонып алға талға.

Қарқылдайды қарға.

Кук-кук-кук.

Өзінің атын төтеп,

Шақырады көкек.

Шиқ-шиқ-шиқ.

Отыра алмай тыншып,

Шиқылдайды шымшық.

-Жарайсыңдар балалар, сендер дыбыстарды жақсы біледі екенсіңдер, енді мына алдарыңдағы жіппен түрлі-түсті қағазға «О» әрпін жазып беріңдерші.

Сергіту сәті

Бойыңды сергек тік ұста,
Деміңді ішке тез алда
Емін-еркін тыныста.
Сол қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол босқа тұрмасын,
Шеңбер сызып сырласын.

-Жарайсыңдар балалар, одан әрі қызықты болу үшін саяхатымызды жалғастырайық.

-Балалар қараңдаршы мынау нелер жүрген?

-Балалар орман аңдарынан сақ болу керек, себебі олар жырқыш, кез келген кезде адамдарға шабуыл жасауы мүмкін. Олар өте сергек және иісшіл болып келеді. Дегенменде олардың адам үшін пайдасы бар, адамдар олардың терісінен тон тігеді.

-Балалар жыртқыш аңдар бізді ізімізден тауып алмас үшін, жүрген ізімізді жапырақтармен жауып тастайық.

Ш/Ж (Губкамен жапырақ салу)

-Жарайсыңдар!

Қол ұстасып тұрайық
Шеңбер жасап құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау –саламат болайық!

Сау болыңыздар!


-Ағаштар



Қостілдікті қолданды

Балалар тура, кері санады және үш тілде санады.





Балалар санамақ айтты





Балалар санның көршісін тауып, артық-кем таңбаларын қойып берді.






5-саңырауқұлақ



3-алма




4-алмұрт




4-қонжық


Слайдтан пішіндерді ажыратып, қағазға пішін

дерді орн-у.

-Құстар

Құстардың

дыбысын тыңдады.

-қарға, торғай,т.б


Балалар сұраққа толық жауап берді.


Шапалақпен буынға бөлу.




Тілдік жатығуды балалар қайталады







Бархат қағазына «О» әрпін жазды




Сергіту жаттығуын жасады.







-Аңдар



Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдады




Балалар қызыға жұмыстанды


Балалар қоштасады.

Рефлексивті түзетушілік

ҰО ІӘ - әрекетін сұрақ қою арқылы қорытындылаймын.

Балаларды мақтау және мадақтау.

Балалар ҰОІӘ не белсене қатысты


Күтілетін нәтиже:


Нені біледі: Күзгі ормандағы тіршілік туралы толық білді

Қандай түсініктерді игерді: Балалар ойын арқылы санауды, кеңістікті бағдарлауды, сөздерді буынға бөлуді түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұраққа толық жауап беруге және табиғатты қорғауға дағдыланды.










Тексерілді: ________________ Орындаған: Табимбаева Н.Ж






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2019
2987
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12