Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Күзгі орманға саяхат" технологиялық карта

Материал туралы қысқаша түсінік
технологиялық карта тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы топ балаларымен

ұйымдастырылған оқу

қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Күзгі орманға саяхат

Мақсаты:

Білімдік: Күз мезгілінің белгілерін бекіту. Гимнастикалық орындықтың үстімен жүргенде, тепе - теңдікті сақтай білуге үйрету; текшелерден қос аяқтап секіріп өтуді бекіту; кеңістікті бағдарлай білуге; жылдамдық пен ептілікті жетілдіру.
Түзете-дамытушылық: Қимыл-қозғалыстарын, есту зейіні мен көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты аялауға тәрбиелеу. Шыдамдылыққа, төзімділікке, шапшаңдыққа, бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеу.


Оқу қызметі

кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог балаларды саппен кіргізеді. Аяққа арналған жаттығулар ретін орындайды:

-бақай ұшымен;

- өкшемен;

- тізені көтеріп;

-табанның сырт жақ қырымен;

-іш жақ қырымен жүру.


Педагог сұрақ қояды:

-Балалар, күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?




Балалар шеңберде тұрып педагогпен амандасты, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.


Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

-Күн суыта бастайды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түседі.

Ұйымдастыру-іздестіру

Педагог:

-Балалар, бүгін бізде ерекше оқу қызметі болғалы тұр. Біз сендермен күзгі орманға саяхатқа барамыз. Саяхатқа бармас бұрын жолға дайындалып, шынығып алайық.

Жалпы дамыту жаттығулар ретін өткізеді.

Педагог балаларды тізбекпен жүргізіп шеңбер бойымен орманға жолға шығуға шақырады. Жолда әртүрлі кедергілер кездеседі:

-Өзеннен көпір арқылы өту (гимнастикалық орындық бойымен тепе-теңдік сақтап жүру);

-Тастардан қос аяқтап секіріп өту (Заттарды аттап қос аяқтап алға жылжи отырып секіру).

Орманда балалар алдынан тиін жолығады. Тиін жылап, көңілсіз болады.

Тиін: Қыс мезгілі болса жақындап қалды, ал мен әлі азық жинап үлгермедім! Маған сендердің көмектерің қажет.

Тиіннің тапсырмалары:

  1. Жаңғақ жинау;

  2. Саңырауқұлақ теру;

  3. Күз көрінісін бейнелеу.

Педагог: Балалар, тиінге көмектесу үшін, тапсырмаларды жылдам орындау үшін екі топқа бөлініп алайық.

-Балалар, әр топтың жинаған жаңғақтары мен саңырауқұлақтарын санайық.

Тиін:

-Балалар, сендерге көп рахмет! Маған қысқа көп азық жинап бердіңдер.

Түзету жаттығу: «Қоян»

Педагог балаларды шеңбер бойымен тұрғызып:

-Балалар, орманның таза, самал ауасымен кеудемізді толтыра тыныс алайық! Көзімізді жұмып, денемізді бос ұстайық. Орманның тыныс-тіршілігін,үнін тыңдайық.

Тыныс алу жаттығуы: «Жапырақтар сыбдырлайды».









Балалар жалпы дамыту жаттығуларын жасайды.

Балалар қуанады.


Балалар өзеннен көпір арқылы, тастардан қос аяқтап секіріп өтеді.







Балалар тиіннен не болғанын сұрайды.


Балалар тиінге көмектесуді ұйғарады.







Балалар қолдарындағы орамалдың түсіне қарап (сары, көк) екі топқа бөлінеді.

Тиін тапсырмаларын орындайды.

Балалар жарыс ретінде екі команда болып тұрып тиіннің алғашқы тапсырмасын орындайды, шырша ағашының түбінен жаңғақ жинайды.

Тиіннің екінші тапсырмасы шөркелер арасынан «жыланша ирелеңдеп» жүріп өтіп саңырауқұлақтарды себетке жинайды.

Тиіннің үшінші тапсырмасы бойынша балалар магниттік тақташаға күз бейнесін жапсырады.

Балалар шеңбер бойымен тұрып, үнтаспадан орман дыбыстарын тыңдайды. Жапырақтардың сыбдырын, құстардың дауыстарын, бұлақтың сыңғырлап аққанын тыңдайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Педагог оқу қызметін тақырып бойынша сұрақтар қойып қорытындылайды:

- Балалар, біз қайда саяхатқа келдік?

-Жолда қандай кедергілерден өттік?

-Орманда бізге не жолықты?

-Тиіннің қандай тапсырмаларын орындадық?

-Сендерге бүгінгі күзгі орманға саяхатымыз ұнады ма?

Педагог балаларды атқарған істеріне сәйкес мадақтады.

Педагог:

-Балалар, енді балабақшамызға оралатын уақыт та келген сияқты.

Оқу қызметі соңы.

Балалар педагогтың сұрақтарына жауап береді.

Саяхат кезінде алған әсерлерімен бөліседі. Тиінге көмек бере алғандары үшін қуанады.

Күзгі орман тіршілігі жайында көп мағлұмат алып қайтады.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
1155
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12