жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Күзгі саяхат»
МКҚК №46 «Балбұлақ» бөбекжай
Келісілді
Әдіскер____________ Кобланова А.Р
10.11.2025ж
І тоқсандық кешенді оқу қызметінің
есеп беру конспекті
Тақырыбы: «Күзгі саяхат»
Дайындаған:
А.Т.Имангалиева
Ақтау қ.
Мақсаты: Дидактикалық ойын арқылы сандарды білу, сәйкестендіру. Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту, жемістер мен көкөністерді ажырата білуге тәрбиелеу. Жануарлардың түрлерін, дауыстарын ажырата білуге, төлдерінің қалай аталуын пысықтау. Танграмды қолдану арқылы берілген зат жасауға үйрету. Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғыну зейінін дамыту.
Тәрбиеші: Балалар, қарандаршы біздің топқа қонақтар келді, амандасайықшы. Балалар: Сәлеметсіздерме қонақтар! Тәрбиеші: Балалар күн қандай керемет, мен саяхатқа шыққым келіп тұр, ал сіздерше? Балалардың жауаптары. Тәрбиеші: Ал саяхатқа немен шығуға болады? Балалар: Ұшақ, машинамен, мотоциклмен, велосипедпен, автобуспен. Тәрбиеші: Бір сөзбен айтқанда олар не - көліктер. Балалар біздер көппіз, сол үшін саяхатқа автобуспен шығамыз, автобус қозғалу үшін сіздер бірнеше сұрақтарға жауап беруіңіз керек. Дайынсызба? Балалар: Ия, дайынбыз. Тәрбиеші: Казір жылдың қай мезгілі? Күз жыл мезгілінде неше ай бар? Қазір қай айы? Балалардың жауаптары. Тәрбиеші: Сұрақтарға дұрыс жауап бердіңіз, автобусқа жайғасыңдар, саяхатымызды бастаймыз. Бірінші аялдама. Балалар қараңдаршы біз сіздермен бау-бақшаға келдік. Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? Балалар: Жаңбыр жие жауады, жапырақтар сарғайып түседі, жемістермен көкөністер піседі, салқын жел соғады. Дидактикалық ойын «Банка жабамыз» Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар. Балалар алдарыңызда екі түрлі банкілер бар, жасыл қақпағы бар банкіге санына қарай көкөністер, ал қызыл қақпағы бар банкіге санына қарай жемістерді салуымыз керек. Тапсырманы түсіндіңізба? Балалар тапсырманы орындайды, ал тәрбиеші пысықтайды. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, ал енді ол банкілерді дүкенге немен апарамыз? Балалар: Банкілерді дүкенге машинамен апарамыз? Дидактикалық ойын «Танграм» Тәрбиеші: Дұрыс, алдарыңызда танграм бар. Әр түрлі пішіндерді қолданып машина жасандар. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, саяхатымызды жалғастырайық. Біздер бір фермаға келіп қалдық. Тыңдайықшы не ферма екен?
Дидактикалық ойын «Дауысын ажырат?» Ойын шарты: Балалар мұқият үй жануарларының дауыстарын тыңдап қай үй жануарының дауысы екенін айтады. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, жануарлар фермасы екен, дауыстарын дұрыс ажыратыңыздар. Сіздерді тағыда тапсырма күтіп тұр екен Дидактикалық ойын «Ненің төлі?» Ойын шарты: Балалар мұқият үй жануарларының енесімен төлдерін ажыратуға және де атауларын біліп, айтуға дағдыландыру. Балалар тапсырманы орындайды. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, саяхатымыз көңілді өтті, сіздерге саяхатымыз ұнадыма? Қайда бардық,не жасадық? Балалар жауаптары. Тәрбиеші: Бүгінгі саяхатымыздан сіздерге естелік
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген