Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

күзгі табиғатқа бақылау

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы







Күзгі табиғатқа бақылау


Күзгі табиғаттың құбылыстарына, күн шуағына, аспанға, бұлттарға, желге.

Мақсаты:

Күз туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін әңгімелеу. Табиғатты қорғуға, оның әсемдігін, әдемілігін сезіне білуге, үлкендер еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Сурет мазмұнына сәйкес жұмбақ шешу.

Сұрақтар:

-Жылдың қай мезгілі?

-Ауа-райы қандай??

-Жапырақтың түсі қандай?

-Күн бұлтты ма?


Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Жиып теріп болатын

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгілде болады?

(күз)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Күз көрінісімен таныстық.








Жауын-шашынға бақылау

Табиғаттың құбылыстарына, бұлттарға, жауын-шашынға.

Жауын-шашын өте пайдалы. Егер жауын болмаса ауа ластанып кетеді. Жауыннан соң өсімдік түрленіп, өседі. Жауын-шашынның түрлері: - Бұршақты; - Нөсер жауын; - Сіркіреп жауатын жауын; Бұршақты жауын қатты жауса егінді тесіп жібереді.

Мақсаты:

Жауын-шашын жайында толық түсінік беру. Пайдасы мен зиянын ажырата білу, тілдерін дамыту.

Сұрақтар:

- Жауын-шашынның пайдасы қандай?

- Жауынның зияны?

- Сендер ұнатасыңдар ма жауынды?


Т ақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Жаңбыр»

Алатаулар бауырына,

Атам-әжем ауылына.

Ақша бұлттар ауа берші,

Жау-жау жаңбыр, жауа берші.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Егінге пайдасын білдік.

Бұршақтың зиянды екенін білдік.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.












Кемпірқосаққа бақылау

Жауын-шашыннан кейінгі ауа-райы құбылысына, жауыннан кейін шыққан күнге, табиғат өзгерісіне бақылау жасау. Жаңбырдан соң пайда болатын кемпірқосаққа көңіл аудару. Кемпірқосақ – жауын-шашыннан кейін аспанға түрленіп, дөңгеленіп шығады, жеті түрлі түстен тұрады.

Мақсаты:

Кемпірқосақ жайында толық түсінік беру. Түстерімен таныстыру. Түстерді ажырата алуға үйретіп, зейінін аудару.

Сұрақтар:

- Жауын-шашыннан кейін ауа-райы қандай?

- Кемпірқосақ аспанға неге және қай кезде шығады?

- Оның неше түсі бар?


Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:


« Кемпірқосақ»

Күркіреді күн, күн,

Терезелер шың, шың.

Жауды жаңбыр топ,топ,

Кемпірқосақ көп, көп.


Қорытынды: «Біз не білдік?»

Кемпірқосақ жайында білдік.

Жауыннан кейін шығатынын білдік.

Ол жеті түрлі түстен тұрады.

Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.



Саңырауқұлаққа бақылау

Жауын-шашыннан кейін орманда тал арасында саңырауқұлақ көп шығады. Адамға саңырауқұлақ жеген өте пайдалы. Олардың пайдалысы, зияндысы бар. Сондықтан, адамдар олардың түрлерін білуі тиіс.

Мақсаты:

Ж абайы саңырауқұлақ пен жеуге жарамды саңырауқұлақтардың аттарын, түрлерін ажырата алуға үйрету. Аттарын жаттау.

Сұрақтар:

- Саңырауқұлақ қай жерде шығады?

- Саңырауқұлақтың бәрін жеуге бола ма?

- Адамдар не үшін жейді саңырауқұлақты?

- Саңырауқұлақ сендерге ұнайды ма?


Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Саңырауқұлақ»

Жауынды сүйеді, басында домалақ қалпағы бар. Ол не?

(саңырауқұлақ)


Қорытынды: «Біз не білдік?»

Саңырауқұлақтардың аттарын, түрлерін білдік.

Олардың жейтін және жеуге болмайтын түрлері бар екенін білдік.


М арапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.









Picture 28

Күз ағашына бақылау

Күз ағашы – ол көктемде жапырағы көгеріп, жайқалып тұратын ағаш. Күз мезгілі жеткенде ағаш жапырағы сарғаяды. Алма ағашы, қайың, емен, жөңке ағашы, жеміс ағаштары тағы да басқа ағаштардың жапырақтары сарғаяды. Тек қана шырша ғана қысы-жазы жасыл қалпында болады.

Мақсаты:

Күз ағашы туралы ұғымдарын бекіту. Табиғаттың күз мезгілінде өзгеретінін айтып жеткізу. Күз ағашының ерекшелігімен таныстыру.

Сұрақтар:

- Сендерге күз мезгілі ұнайды ма?

- Несімен ұнайды?

- Күзде ағаштарда қандай өзгеріс болады?


Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Жиып теріп болатын

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қ ай мезгілде болады?

үз)


Қорытынды: «Біз не білдік?»

Ағаштың ұзақ өмір сүретіні жайында.

Күзде жапырақтардың өзгеретіні жайында білдік.


Марапаттау сәті

Бақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.









Түскен сары жапыраққа бақылау

Жапырақтың түсі неге сары? Сары болатын себебі – ол күз мезгілінде сарғайып жерге түседі. Күз мезгілі аяқтала өз «киімдерінен» айырылып, қысты тек бұталарымен өткізеді. Ал, көктем, жазда қайта бүршік атып, жапырақ жаяды.

Мақсаты:

Балаларға жапырақтың өсуі жайында, әр мезгілде түрленетіні жайында айтып, түсіндіру. Талды сындырмауға, табиғатты аялауға үйретіп, тәрбиелеу.

С ұрақтар:

- Сендерге күз мезгілі ұнайды ма?

- Несімен ұнайды?

- Күзде ағаштарда қандай өзгеріс болады?


Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Жиып теріп болатын

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгілде болады?

үз)


Қорытынды: «Біз не білдік?»

Жапырақтың әр түске енуін.

Т алды сындырмауды.


Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.






Ұшатын құстарға бақылау


- Құстар әр түрлі болады. Біз тек ұшатын құстарды қарастырамыз. Күзде құстар жылы жаққа ұшуға қамданады. Себебі, жазда, жылы жақта тіршілік ететін құстар қысқа қалса олар өмір сүре алмайды. Әр құстың мекендейтін жері бар. Солардың ішінде қарға қысы жазы бір орында мекен ете алады. Өйткені ол құс төзімді келеді.

Мақсаты:

Балаларға құстар жайында түсінік беру. Құстардың тіршілігімен таныстыру.

Сұрақтар:

- Қандай құс қысқа төзімді?

- Сендер қандай құсты жақсы көресіңдер?


Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Құстар, құстар сызылтып ән салады,

С ол әнімен тербетеді даланы.


Қорытынды: «Біз не білдік?»


Құстардың тіршілігімен таныстық.

.


М арапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.









Қайыңға бақылау

Қайың – ақ түсті қабығымен ерекшеленетін,

әдемі, көпжылдық ағаш. Ол көктемде ерте

бүршік жарып, жапырағын кеш түсіреді.

Оның көп түрлері бар. Бұтағы мен діңі

берік. Күзде ерекше сары түске боялатын

қайың жапырақтары саябақтарға көрік

береді. Қайың шырынының емдік қасиеті

мол. Сусын ретінде де пайдаланады.


Мақсаты:

Б алаларға жалпы ағаштар жайында, оның ішінде қайың ағашы жайында түсінік беру. Өсу жолы мен пайдасын айтып өту. Оларды сындырмауға, аялауға тәрбиелеу.


Сұрақтар:

- Қайың қандай ағаш?

- Жапырақтары күз соңында қандай болады?


Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Бүршігі мен қабығы-ем, шырыны бар,

Қасиетін қайыңның ұғыныңдар.

Теңеп оны сыланған сұлу қызға,

Сусын жасап ішетін шырыны бал.


Қорытынды: «Біз не білдік?»

Қайыңның көпжылдық ағаш екенін.

Қасиеті мен пайдасын және сұлулығын.

Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.



Picture 4

Бақылау

«ҚР Рәміздері»

ҚР Рәміздеріне бақылау

Балаларға ҚР Рәміздерін көрсете отырып, олар жайлы айтып беру. Рәміздерге - Ту, Елтаңба, Әнұран жатады. Әрқайсысы біздің еліміз жайлы айтып тұр. Елтаңбада қазақтың барлық өмір салтын бейнелейтін бейнелер, Әнұранда тәуелсіз елдің арманы мен тілегі айтыса, Тудың түсі бостандық пен бейбітшілікті көрсететін аспан түсі мен қыран құс, күн бар. Бұларды қадірлеу әрбір азаматтың борышы.

Мақсаты:

Бала қиялының дамуына себепкер болу. Еліміздің қасиетті белгілері жайында айтып түсіндіру. Бала бойына Отансүйгіштік қасиетті дарыту. Есте сақтай алуға жағдай жасау.

Сұрақтар:

- ҚР Рәміздеріне не жатады?

- Олардын қандай бейнелер көріп тұрсыңдар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Жалауымда көгілдір,

Әні сөзбен толығып,

Күн күледі төгіп нұр.

Маздар бойда мол үміт.

Қыран бейне қанатты,

Намыс, жігер жұпатсқан,

Көкке самғар елім бұл.

Ол - Әнұран! Зор РУХ!

Төрт түлігім бақ үйсін,

Серттен тайсам дәм ұрсын.

Елдігімді, ғұрпымды,

Елтаңбамнан танырсың!

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Ертегі адамның арманынан шығады.

Кез-келген ертегі жақсылықпен аяқталады.



Бақылау

«Ертегілер елі»

Ертегілер еліне бақылау

Балалар, бүгін біз сендермен «Ертегілер еліне» саяхатқа шығамыз. Ертегі деген - адамның қиялынан шығып, шындыққа айналса деген арманынан пайда болатын дүние. Ертегіден адамдар нағыз ержүрек, батыр, қорқақ, жаман іс-әрекет, жақсылық, зұлымдық пен адалдықты көреміз. Ертегілер әруақытта тек жақсылықпен аяқталады.

Мақсаты:

Б ала қиялының дамуына себепкер болу. Белгіленген тақырыптағы ертегіні көрсете отырып, оның бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Ертегіге терең бойлай отырып елестетуге, сезінуге, өзін-өзі бағалай алуға, жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелеу. Шындық пен қиялды ажырата алуға дағдыландыру.


Сұрақтар:

- Ертегі дегенді қалай түсінесіңдер?

- Қандай ертегіні ұнатасыңдар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Ертегі адамның арманынан шығады.

Кез-келген ертегі жақсылықпен аяқталады.

Бақылау

«Хат»

Хатқа бақылау

Хат –ақпарат алмасу көзі болып есептеледі. Ол арқылы адамдар бір-бірімен сөйлеседі. Бір-бірінің амандығын біледі. Ертеде адамдар қаламсап болмағанда құстың қауырсынын пайдаланған. Хат тасушы ретінде үйретілген құстары болған. Қазіргі кезде адамдарға хат алмасу көп жеңіл. Өйткені, хатты жеткізетін техникалардың түрлері көбейді.

Мақсаты:

Бала қиялының дамуына себепкер болу. Балаларға хат жайында, оның жазылуын көрсету арқылы білімін толықтыру.

Сұрақтар:

- Хат не үніш қажет?

- Ертеде хат тасушы қандай жануарлар болған?

- Хат жазу білесің бе?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Хат жазамын» Л.Мырзахметова

Қалам алып қолыма, Құрбы-құрдас, достарға,

Хат жазамын анама. Бауырға да, ұстазға.

Әкемді де қуантып, Хат арқылы тілеймін

Сәлем айтам ауылға. Амандықты баршаға!

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Хат жазу адамға қуаныш сыйлайды.

Хат арқылы хабарласамыз.

Б ақылау

«Хат тасушы құс»

Хат тасушы құсқа бақылау

Хат –ақпарат алмасу көзі болып есептеледі. Ол арқылы адамдар бір-бірімен сөйлеседі. Бір-бірінің амандығын біледі. Ертеде адамдар қаламсап болмағанда құстың қауырсынын пайдаланған. Хат тасушы ретінде үйретілген құстары болған. Қазіргі кезде адамдарға хат алмасу көп жеңіл. Өйткені, хатты жеткізетін техникалардың түрлері көбейді.

Мақсаты:

Бала қиялының дамуына себепкер болу. Балаларға хат жайында, оның жазылуын көрсету арқылы білімін толықтыру.

Сұрақтар:

- Хат не үніш қажет?

- Ертеде хат тасушы қандай жануарлар болған?

- Хат жазу білесің бе?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Әуеде қалықтайды,

Инелік деуге болмайды

Үйден үлкен ол не? (тікұшақ)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Хат жазу адамға қуаныш сыйлайды.

Хат арқылы хабарласамыз.












Картотека № Бақылау

«Тікұшақ»

Тікұшаққа бақылау

Көліктердің бірі әуе көлігі – тікұшақ. Ол адамдарды керек жеріне лезде жеткізеді. Оның аты айтып тұғандай, ол аспанға бірден тік көтеріледі. Өте үлкен бұл әуе көлігі өте қолайлы. Оның ұаштын жері жазық алаңқай болуы керек. Себебі оның төбесіндегі айналатын қалақшалары іске қосылғанда өте күшті жел болады. Оны арнайы оқып, дайындалған мамандар ғана ұшыра алады.

Мақсаты:

Көліктерді еске түсіре отырып, тікұшақ жайлы түсінік беру. Тілін дамытып, ойлау қабілетін арттыру. Өз бетінше әңгімелеп беруге үйрету.

Сұрақтар:

- Тікұшақ қандай қызмет атқарады?

- Ол аспанға қалай көтеріледі?

- «Әуе көлігі» деп не себепті айтамыз?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Ұшқыш болғым келеді» Қ.Аманжолов

Айға әнін тыңдатқан,

Ұшқыш болмай немене!,

Ақын жырын жырласа,

Қуат бітті денеме,.

Таңшолпанын қуантқан,

Қанатым бар қайыспас!

Ұшқыш болғым келеді!.

Ұшқыш болғым келеді!

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Тікұшақ өте күшті әуе көлігі.

Ол төбесіндегі қалақшаларының көмегімен ұшады.



Картотека № 13


Бақылау

«Жәндіктерді бақылау»

Мақсаты:

Балаларды жәндіктерді үркітпей, олардың тіршілігін бақылап, байқауға үйрету. Балалардың қоршаған ортаны көріп, ондағы тіршілікті байқап, аңғырып, сезінулерін, табиғатқа аяушылық сезіммен қарауды үйретіп, тәрбиелеу. Жәндіктердің де табиғаттағы орны, қызметі жайлы түсінік беру. Қоңызды, көбелектерді танып, олардың әрқайсысы туралы мәлімет беру.


Тапсырма:

Жәндіктер туралы өз қиялдарымен әңгіме құрастыру.


Көркем сөз:

Шырылдауық шегіртке,

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып гөлайттап,

Қызықпен жүріп жазды алған.
















Картотека №14

Бақылау

«Бағдаршам жұмысына бақылау»

Мақсаты:

Төрт жақты бағдаршам туралы балалардың білімдерін бекітіп, тереңдете түсу.

Сұрақтар:

  1. Бағдаршамның қандай белгісіне жаяу жүргіншілер жүре бастайды?

  2. Машина жүргізушілер қандай белгіге жүреді?

  3. Бағдаршамның неше жағы бар?

Балалардың жауаптарын қортындылау. Бағдаршам көшедегі тәртіпті реттеп тұратынын балаларға түсіндіру



Көркем сөз:

Қызыл көзі сөнді,

Жасыл көзді жанды.

Алға басам енді,

Бір шолып ап маңды.


Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды

марапаттау.










Картотека №15


Бақылау

«Арнайы машиналардың атқаратын жұмысын бақылау»

Мақсаты:

Адамдардың еңбегін жеңілдетіп, қызмет атқаратын машиналар туралы балалардың түсінік – білімдерін анықтап, арнайы машиналар туралы толық мағлұмат беру.

Сұрақтар:

  • Бұл машиналар қалай аталады?

  • Олар не істейді?

  • Адамдар бұл жұмысты атқара ала ма?


Көркем сөз:

Аталар, ағалар, әжелер, апалар,

Жол шекті балалар,

Тұлпарға пара пар

Автобус сенімді.

Елге аман апарар,

Шофер де көңілді.


Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды

марапаттау.







Картотека №16

Бақылау

«Табиғат күнтізбесі бойынша бақылау»

Мақсаты:

Өткен күндердегідей ауа райына, қоршаған ортаға байқау жүргізу. Балалардың назарын жәндіктерге аударып, табиғатқа, хайуанаттарға қамқорлықпен қарауға, оларға нұқсан келтірмеуге тәрбиелеу.

Сұрақтар:

  • Бұл машиналар қалай аталады?

  • Олар не істейді?

  • Адамдар бұл жұмысты атқара ала ма?


Көркем сөз:

Аталар, ағалар, әжелер, апалар,

Жол шекті балалар,

Тұлпарға пара пар

Автобус сенімді.

Елге аман апарар,

Шофер де көңілді.


Марапаттау сәті

Серуенде жақсы қатысқан балаларды

марапаттау.













Картотека №17

Бақылау

«Саябаққа мақсатты серуен»


Мақсаты:


Саябақта түрлі ағаштар өсетіндігі туралы балалардың түсінік – білімдерін арттыру. Сол ағаштарды, бұталарды, жасыл шөптерді бір – бірінен айыра білуге, құстарды даусынан тануға үйрету. Табиғатты аялауға, қамқорлықпен қарауға үйрету.

Тапсырма: «Өсімдіктер хандығы» атты ұжымдық панно дайындау.


Көркем сөз:


Жеміс біткен бау – бақта,

Желі жайды жан – жаққа.

Бақта құстар сайрайды,

Құйқылжытып жан – жаққа.


Марапаттау сәті


Серуенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.









К артотека №1

Бақылау

«Ауа»

Ауаға бақылау

- Балалар, біз бәріміз білеміз ауа болмаса ешбір тіршілік те болмайды. Біз бір сәт тыныс алмай тұрсақ тұншығып қаламыз. Ауасыз тіршілік жоқ. Ол адамға, жануарларға, өсімдіктерге, тіпті, отқа да ауа керек. Ауа біздің көзімізге көрінбейді. Ауаның кездеспейтін жері жоқ. Ол суда да болады. Онымен су асты өсімдіктері, балықтар тыныстайды. Ауа – оттегі, көмірқышқыл газы, азот, басқа да көрінбейтін газдардан тұрады. Оттегі ең керек газ. Адамдар таза ауамен демалады да керексіз газды шығарады. Ол –көмірқышқыл газы. Ауаның құрамында су булары, шаң бар. Адамдар қажетсіз қалдық заттарды көп тастаса ауа ластанады. Ол өте зиянды. Көліктердііің түтіні де ауаны ластайды. Ластанған ауа қауіпті.

Мақсаты:

Ауа жайында толық мәлімет беру. Оның құрамы жайында, пайдасы жайында, кездесетін ортасы жайында айтып, ұғындыру. Ауаны ластамауға баулу.

Сұрақтар:

- Ауа көзге көріне ме?

- Ауаның ластануы қалай болады?

- Ауасыз өмір бола ма?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Бір нәрсе жер мен көктің арасында,

Көрінбес өзі түгіл қарасы да.

Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы,

Пайдалы адамзаттың баласына.

Ол не? (ауа)

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Ауаның пайдасын, құрамын.

Ауаның ластануы өте қауіпті екенін.

Өсімдіктер ауаны тазартып тұрады.



К аротека №2

Бақылау

«Желді күн»

Желді күнге бақылау

- Көктемде ауа-райы сан құбылады. Бірде жылы, бірде жауынды, енді бірде желді болады. Жел – жылы ауа мен суық ауаның бір-бірімен қабаттасуынан пайда болады. Жел қатты болса ағаштарды құлатып, жерді құрғатып жібереді. Дегенмен, желдің де адам үшін пайдасы бар. Ол ауаның тазарып отыруына септігін тгізеді. және жауынның пайда болуына да ықпалын тигізеді.. Өйткені, желменен бұллтар жиналады. Балалар, байқап қараңдаршы, бүгінгі ауа-райы қандай екенін желдің бағытын.

Мақсаты:

Көктемгі ауа-райының өзгерісіне назар аудару. Табиғат құбылысының өзгерісіне қарау. Желдің пайда болуын түсіндіру. Желдің күшін, бағытын бағдарлай алуға баулу. Өз бетінше суреттеп айтып бере алуға үйрету. Сұрақтар:

- Жел қалай пайда болады?

- Желдің пайдасы бар ма?

- Желдің қатты болғанда қандай өзгерісін байқауға болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Желді күн»

Гу-гу, гу-гу шықты, Жапырағы судырлап,

Желдетті де бұлт қуды. Тал таранды сұлуша.

Жел соққан соң жел тіпті, Сұлу құрақ сылдырап,

Жын соққандай жұлқынды. Салды саусақ бұрымша.

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Желдің қала йпайда болатынын.

Желдің ауа-райына тигізетін әсерін білдік







К артотека №3

Бақылау

«Ағаш»

«Гүлдеген шие»

Гүлдеген шиеге бақылау

- Көктемде ағаштар бүршік атып, гүлдейді. Жеміс ағаштары гүл ашады. Сол гүлден жеміс береді. Шие – жеміс ағашына жатады. Шие ағашы да көктемде гүлдейді. Гүлі ақшыл түсті, әдемі. Шиеден аналарымыз тосап (варенье) қайнатады. Ол тосап адам ауырғанда ішсе өте пайдалы. Шие адам ағзасына пайдалы, өте көп дәрумені (витамин) бар.

Мақсаты:

Көктемгі ағаштардың қалай гүлдейтіні жайында түсінік беру. Шие ағашының пайдасы жайында айтып, ұғындыру. Ағаштарды сындырмауға, табиғатты қорғауға үйрету. Өсімдіктерге деген сүйіспеншілігін ояту.

Сұрақтар:

- Ағаштар қалай жеміс береді?

- Шие ағашының пайдасы қандай?

- Шиенің қандай пайдасы бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

«Шие»

Әрі азық, әрі бал,

Сүйсіне жеп тойып ал!.

Шие деген мен болам,,

Ыдысыңа толтыр, сал..

Қорытынды: «Біз не білдік?»

Шие ағашының гүлі арқылы жеміс беретінін білдік..

Шие көктемде гүлдейді..

Адамға өте пайдалы..









К артотека №4

«Аквариумдағы балықтар»

Аквариумдағы балықтарға бақылау

Аквариумдағы балықтардың әдемі де дені сау болып өсуі үшін оларды үнемі күтіп-баптап отыру қажет. Уақытында суын ауыстырып, жем шашып отыру керек. Суды тазартатын арнайы құрылғы - «компрессор» үлкен аквариумдарға қойылады.

Мақсаты:

Балаларға аквариум жайлы толық түсінік беріп, тілін дамыту. Қауіпсіздіік ережелерін естен шығармауды тапсыру. Үлкендердің еңбегін бағалауға баулу. Балықтар жайлы білімін жеілдіру арқылы аяушылық сезімін, жауапкершілікті қалыптастыру.

Сұрақтар:

- Аквариум деген не?

- Қандай пайдасы бар?

- Ол неден жасалады?

- Су тазартатын құрылғыны не деп атайды?


Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:

Суда өседі, өнеді.

Сыртқа шықса өледі.

Ол не? (балық) .


Қорытынды: «Біз не білдік?»

Аквариумның пайдасы жайында білдік..

Аквариумдағы балықтарға үнемі күтім қажет.













К артотека №5

Бақылау

«Бұлттарды бақылау»

Ауада әрқашан дымқыл (сулы) бу бар. Жердегі өзендердегі, теңіздерлегі, көлдердегі сулар бу болып аспанға көтеріледі, біз оны көрмейміз. Аспанға көтерілген будан бұлттар пайда болады. Бұлттар кішкентай-кішкентай су тамшыларынан тұрады. Егерде бұлт суып, тоңази бастаса тамшылар жиналып, үлкен тамшыларға айналады, салмағы да ауырлай бастайды. Сосын олар жаңбыр болып, жерге жауады.

Мақсаты:

Балаларға жер бетіндегі су айналымы туралы түсінік беру. Одан қортынды жасауға үйрету. Бүлттарды көрсетіп, балалардың назарын соған аудару.

Бұлттарды көріп, олардың малдарға, аңдарға, түрлі заттарға ұқсас келетінін атап айту.

Сұрақтар:

- Жаңбырдан кейін шалшықтар пайда болады, кейін олар қайда кетеді?

- Су қайда кетеді?

- Бұлттар қалай пайда болады?

- Су тазартатын құрылғыны не деп атайды?

Көркем сөз:

Күн күркіреп: «Гүр,гүр,гүр!»

Діріл қақты: «Дір,дір,дір!»

Жаңбыр құйып басылды,

Ашылды аспан: «Нұр, нұр, нұр!»

























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2019
512
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12