Квест ойындары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Квест ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жол реттеушісінің қызықты тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жол реттеушінің қызықты тапсырмалары» квест –ойыны жол қозғалысы ережелерін үйретуге бағытталған.Ойын барысында қатысушылар әртүрлі тапсырмаларды орындап,жол қауіпсіздігі туралы білімдерін тексереді және нығайтады.

Квесттің мақсаты: Жол қозғалысы ережелерін уйрету.

Қауіпсіздік дағдыларын дамыту.

Логикалық ойлау мен командалық жұмысты жетілдіру.

Міндеттері: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, есте сақтауға үйрету. Танымдық белсенділігін жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық тәртіпті сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілеті арқылы тіл байлықтарын дамыту. Жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру. Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, ойын ойнату, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Бағдаршам,интерактивті тақта, жол белгілер плакаттары, слайд, жолақ жолдар, ойыншық доптар

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз

Сәлеметсіздерме балалар!

Сәлеметсіздерме апайлар!

-Балалар жұмбақ шешуге дайынсыздарма?

Жұмбақ:Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр!»дейді.

*Бағдаршам

-Дұрыс айтасыңдар балалар!Бағдаршамда қанша көз бар? Қандай қандай?

-Қызыл,сары жасыл

Қызыл түс –тоқта

Сары түс-дайындал

Жасыл түс- жүр дейді.


Карточка таратылады.

Балалар үш топқа бөлінеді.

Әрбір топ карточка қойылған стол басына жиналады.

1-тапсырма: «Бағдаршам дұрыс таңда» ойыны

Шарты: Әртүрлі түстердегі белгілер беріліп,қатысушылар

олардың қайсысы қандай мағынаны беретінін анықтайды.

Барлық бала түсіне қарай белгілерді көрсетеді.

Балалар шеңберге тұрып,интерактивті тақтадан жол ережелерімен танысады.Жол белгілерін қарап атап шығады.

Жол белгілеріне сәйкес ойын онатылады.

2- тапсырма: «Жол белгілерін құрастыр»



Шарты:Жол белгілерін дұрыс орналастырып құрастыру керек.

Құрастырған белгілерді атап шығады.

Белгі нені білдіретінін түсіндіреді.

Сергіту сәті:Балалар музыкалық ырғақпен қызыға сергіту сәтін жасайды.

3-тапсырма: «Жол белгілерін сәйкестендір»

Мақсаты:Жол белгілерін тану және олардың мағынасын білу.

Жол белгілерінің суреттер бар карточкаларға дұрыс белгіні сәйкестендіреді.

Shape1

4-тапсырма: «Қауіпті жағдай»

Мақсаты:Дұрыс әрекетті таңдау арқылы қауіпсіздікті үйрену.

Шарты:Қауіпті және қауіпсіз жағдайды сюжетті-роль арқылы көрсетеді.

Балалар жолда доп қуып ойнағаны дұрыспа,бұрыспа?

Полиция қызметкері мен баланың қимыл әрекетін көрсетеді.

Қорытынды: Балаларды қаладағы жолда жүру ережесімен,бағдаршаммен жол белгілерімен таныстырады.

Бағдаршам көздерінің түстерінің қимылдарын сұрайды.

-Дұрыс айтасыңдар балалар!Бағдаршамда қанша көз бар? Қандай қандай?

-Қызыл,сары жасыл

Қызыл түс –тоқта

Сары түс-дайындал

Жасыл түс- жүр дейді.

Жол белгілерін тану және олардың мағынасын біліп айтып шығады.

Балаларға жақсы керемет қатысқандары үшін барлығына рақмет білдіріп,смайлик таратылды.

Іс-әрекет соңында балалар барлығы қимыл-әрекет арқылы ән шырқайды.

Ән: Бағдаршам

Келген қонақтармен қоштасады.

Shape2










































































Білім саласы; Таным.
Ұйымдастыру оқу іс - әрекеті:
Математика негіздері.
Тақырыбы.
«Ғажайып сандық»
Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау,. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып - алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, « Қай сан жоғалды?» дидактикалық ойыны, жұмбақтар.
Құрал жабдық ретінде суреттер, кілем, шар, геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар, үлестірмелі материалдар пайдаланылады

Балалардың әс - әрекеті;
- Саламатсыздар ма, балалар!
Саламатсыз ба!
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Біз әдепті баламыз Амандасу үлкенге,
Алдыменен қонақпен Тәрбиенің басы ғой.
Амандасып аламыз. Ал қанекей бәріміз.
Сәлем!- дейік үлкенге

Жылулық шеңбер.
- Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
- Балалар, мынау ненің суреті? (күннің)
- Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
- Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.
- Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!
Көздерін, құлақтарын уқалайды.
Шапалақтайды.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырып.
- Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық
оқу - іс әрекеті.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.
- Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
Мына шарларды ала келдім.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз)
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?(ақ)
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)
Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.
- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)
- Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады.
Бір бала шығып шарды жарады, Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мына сиқырлы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз

1 - тапсырма.
1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау
Екі тілде санау.
2 - тапсырма. Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан».
(1 - ден 5 - ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.)

3 - тапсырма. Логикалық есептер
- Дүкеннен анам төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. менде неше доп қалды? (1)
- Қоянда неше құлақ бар?(қоянның суретін көрсету)
Мынау ненің суреті?
- Қолда қанша саусақ бар?
2. Ағашта 5құс отыр, оның 2 - уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
3. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма

4 - тапсырма Жұмбақтар.
Адамға серік, күзетке берік.(ит)
Жүрегі бар, ізі жоқ,
Қанатты бар, ұшпайды.
Су астында қыстайды. (Балық)
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым
Таба алмадым атамды, әжемді.
Үйімді сағындым.(Бауырсақ)
Бұл қай ертегі?
Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар (қой)

Сергіту сәті:
«Үйде нешеу екенбіз» әні: Бір серігіп алсаңдар одан әрі жалғастыру.
Балалар, ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен.
Мынау түрлі - түсті пішіндерді қараңдаршы. Оларды қалай атаймыз.
Балалар: Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.
Тәрбиеші: Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек)
Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)
Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға)
Үлестірме материалдармен жұмыс.
Балалар, геометриялық пішіндерді ажырата білсек, енді «Ғажайып математика» еліне саяхатқа баратын кілемшемізге қарап геометриялық пішіндерді орналастырайық!
Қараңдаршы, балалар, қандай әдемі кілемшелер жасадыңдар. Ал осы кілемдегі оюлар қандай пішіннен құралған (үшбұрыш, төрбұрыш, дөңгелек)
Қорытынды:
Геометриялық пішіндерді кілемшеге орналастырдық.
1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санадық.
Жұмбақтар шештік.
Балалар, келесі оқу іс - әрекетінде осы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.
- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Қорытынды:
- Балалар, біз бүгін геометриялық пішіндерді ажыраттық және кілемшеге орналастырдық.
Сандарды тура және кері санау, логикалық есептер, жұмбақтар шешу,
зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері, дамыған.













Тақырыбы: Қыс
Мақсаты:
Балаларға жыл мезгілдері туралы әңгімелеу, қыс мезгілі жайлы білімін қалыптастыру, сөздік қорын молайту. Сұрақтарға жауап бере білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сурет бойынша әңгіме құрап, толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету. Тіл байлықтарын молайтып, ойлау қабілеттерін арттыру. Балалардың тынымдық ұйымдастыру, құрастыру әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Технология: Ойын технологиясы, «Тәй-тәй технологиясы», Мәселелік оқыту технологиясы.

Көрнекілігі: Қысқы суреттер, аққала, таратпа құралдар, қар.
Тәрбиешінің іс әрекеті - Шаттық шеңбер құру.
Үлкенге де - Сіз,
Кішіге де – Сіз.
Барша жұртты құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Әдептен озбай, бүгінгі келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Баланың іс әрекеті - Қонақтарға сәлемін алақанмен үрлеу апрқылы жібереді.

- Балалар, көңіл күйлерің қалай?
- Тамаша!
- Ендеше біз Тамаша ойынын ойнап жіберейік. Ойын шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтсам, сендер жақсы-жақсы, тамаша деп жұдырықты түйіп, бас бармақтарыңды көтеріп, бір бірлеріңе көрсетесіңдер. Тамаша!
- Күншуақ тобының балалары қандай?
- Тамаша!
- Қыс мезгілі қандай?
- Тамаша!
- Қар жауған ше?
- Тамаша!
- Даниялдың күлгені қандай?
- Тамаша!
- Бүгін келген қонақтар қандай?
- Тамаша!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Қанеки, орнымызға отырайық. Балалар, мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын.
Кеше ғана жерді жапты ақ мақта,
Балалар жүр шаңғы теуіп сол жақта.
- Қар!
- Дұрыс!
- Ал қар қай жыл мезгілінде жауады?
- Қыста.
- Дұрыс. Сонымен, біздің тіл дамыту сабағының тақырыбы – Қыс.
Балалар, барлығымыз терезеден далаға қарайықшы. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
- Қыста ауарайы қандай болады?
- Суық болады, үскірік аяз болады, гуілдеп боран соғады, қар жауады.
- Ендеше боран соққаның қимылмен қалай көрсетеміз?

Үскірік аяз болып, тоңғанда не істейміз?
Балалар қолдарын жоғары көтеріп, әрі-бері шайқалып, ауыздарымен гуілдеп дыбыс шығарады. Балалар қолдарын құыстырып, аяқтарын таптырлатады.

Тәрбиеші: Тақтадағы суреттерді көрсете отырып әңгімелеу.
- Қыс суық, қарлы, боранды, қалың киім киеміз.
Қыстың өзгерістері жайлы әңгімелеу.
- Қыс мезгілінде неше ай бар? (Атап шығу.) Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
- Қыста балалар қалай ойнайды?
- Қыста балалар коньки тебеді, аққала жасайды, қармен ойнайды.
- Қыста қандай мерекелер бар?
- Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда,

31 желтоқсанда Жаңа жыл мерекесі өтіледі.

Біз қуана-қуана Аяз ата мен Ақша қарды тосамыз.
- Балалар, қанеки, мұқият тындап отырындар, мен сендерге әңгіме оқып берейін. Ерте ерте, ертеде Жыл ақсақалдың төрт баласы болыпты. Оның екі ұлы, екі қызы болыпты, үлкен ұлының аты – Қыс, тентек қатты, суық болып өсіпті. Одан кішісі Көктемгүл көңілді, ашық жарқын, сұлулығымен елдің аузында жүріпті. Екінші қызы Жазгүлдің даңқы жайдары, салмақты мінезімен шығыпты. Кенжесі – Күз, сылбыр, ерке болып өскендіктен көңілшек, көзінің жасы бырт-бырт жас тамшылап шыға келеді. Бір жақсысы қолы ашық жомарт болыпты. Жыл ақсақал төртеуінде өте жақсы көрген. Балалары да оны қатты құрметтеп, сыйлапты Жыл ақсақал балаларын өскен кезде шақырып: «Ұлдарым мен қыздарым, ақылдарын толысты, енді мен сендерге төрт мезгілді бөліп беремін, келешектеріңе үлкен сенім артып отырмын, дайынсыңдар ма?» Балалары: «Дайынбыз!» Содан бері Жыл ақсақалдың төрт баласы халыққа қалтқысыз еңбек етіп келеді.
Балалар қыстың мінезі қандай?
- Қатал, тентек.
- Жыл ақсақалдың үлкен үлының аты кім екен?
- Қыс.
- Қыста күн қандай болады? Айнала ағаштар, жер не жамылған? Қыста қардан не жасаймыз? Балалар мен сендерге табиғатқа байланысты халық болжамдарын айтып шығамын. Аспанада жұлдыз көп болса, қыс ұзақ болады. Түтін аспанға тік көтерілсе, аяз болады. Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады. Тұман түссе, күн жылынады. Мысық жылы жерді паналаса, аяз болады.
1.Қандай қызық қыс деген!
Бәрін шебер істеген.
Бақша-бауды, тауды да
Бояған ақ түспенен. .
2. Ауа райы құбылды,
Күн қабығы суынды.
Шығыс жақтан жел шығып,
Жауған қарды суырды.
Аяз келіп каһарлы,
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр,
Дәл атамдай салмақты.
Жерге көрпе жазылды,
Қаймақтанды су беті.
Терезеге салынды
Талай гүлдің суреті.
Тәрбиеші: Балалар, мен қазір сендерге эксперемент жасап көрсетемін. Қардың мұзға, мұздың суға айналатынын көрсетемін. (Балалар алақандарына кішкене мұзды қысып тұрып, мұздың суға айналуын өздері бақылайды.)
Сергіту сәті
Тербелейді ағаштар,
Алдымнан жел есейді.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Биік биік өседі.
Жұмбақ шешеді және тапсырма орындайды.
Шелек екен қалпағы,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туады,
Тауып көрші сен оны. (Аққала)
Бірінші топ: Аққала құрастырады.
Екінші топ: Шыршаны бояйды.
Үшінші топ:Қысқы заттарды белгілейді.
Сұрақтар: Шыршаның түсі қандай? Шыршаны қай мерекеде құрамыз?
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны - сәбіз үп-үшкір.
Көзі - көмір қап-қара.
- Аққала неше бөліктерден тұрады?
- Үш бөліктерден тұрады.
Дидактикалық ойындар:

Қар қиыршықтарын кім тез жылдам жинайды?
Сыңарын тап.


Қорытынды: Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту.
Бағалау: Мадақтау.Сыйлықтар беру.

Қыс мезгілінің ерекшеліктерін білуі.
Сурет бойынша әңгіме құрастыра білуі, жаңа сөздерінің мәнін түсінуі.
Жауап бере білу. Аққаланы құрастырып жасау және шыршаны бояу. .....





















































Тақырыбы: «Ою-өрнек сәніміз»
Мақсаты: Балалады қазақ халқының қол өнерімен таныстыру. Қоғам өміріндегі еңбектің, халық қол өнерінің рөлін түсіндіру. Дәстүрден тыс - тәсілдерді қолдана отырып, ою – өрнекті
жапсыруды үйрету.
Баланың есте сақтау қабілетін, саусақ ұсақ бұлшық еттерін дамыту.
Қазақтың қолөнерін құрметтеуге, өнердің мәңгі өшпейтін ою - өрнектердің сыры мен қырын білу арқылы, балаларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Киіз үй, үй жабдықтары, ұлттық киім-кешектер мен бұйымдар, қазақтың ою - өрнектері бейнеленген суреттер, әр балаға үлестірмелі материалдар, желім, сулық.
Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Жүрек жылуын салайық.
Жиналған бар жылуды,
Қонақтарға шашайық.
Ғажайып сәт:
Ішке көңілсіз болып қошқар мүйіз оюы келеді.
Тәрбиеші: Балалар бұл қошқар мүйіз оюы емес пе? Ою сен неге көңілсізсің?
Қошқар мүйіз оюы:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен Өрнек әженің Қошқармүйіз оюымын. Мен
достарымнан ажырап қалдым. Сендер маған достарымды табуға
көмектесесіңдер ме?
- Ия, көмектесеміз.
Қошқар мүйіз оюы: Рахмет, балалар!
Тәрбиеші: Балалар ауылға баратын жол алыс. Ат арбамен барамыз.
Балалардың барлығы ат арбаға мінеді.
Музыка әуенімен ауылға жетеді.

- Міне, Өрнек әженің үйіне де келдік.
Өрнек әже: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қош келдіңдер!
Балалар әжемен амандасады.
- Сәлеметсіз бе?
- Қалыңыз қалай, Өрнек әже?

Әже: жақсы, бірақ мен далаға көңілді оюларымды ойнатуға шыққам, қошқар мүйіз оюымды таба алмай қалдым.
- Өрнек әже сіз қамықпаңыз. Біз сіздің адасып қалған көңілді оюыңызды ала келдік.
- Сендер мені бір қуантып тастадыңдар. Келіңдер, төрлетіңдер.
- Балалар, қараңдаршы, Өрнек әженің үйі әдемі ме? Әженің үйі қалай
аталады?
- Ия ұнайды. Киіз үй.
- Бұл үй ою - өрнектерден әсемделіп жасалынған. Бұрынғы кезде біздің ата —
бабаларымыз осы киіз үйде өмір сүрген. Сол киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарын ұстаған. Қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарына сандық, көрпе, жастық, киіз, торсық; киім-кешектерге — кимешек, кажекей, мәсі, сырмақ жатады.
Қазақтың қай ұлттық бұйымы болмасын, ою — өрнексіз болмаған. Бүгін мен сендерге ою — өрнектің көптеген түрлерімен таныстырамын. Өрнек әже балаларға оюлар түрін көрсетіп, олардың мән - мағынасымен таныстырады.
- Ою - өрнектің мазмұндық ерекшелігі бар. Тарихы мол өнер. Ирек - су, дөңгелек - ай, құсқанаты оюы – еркіндік, азаттық, бейбітшілік, қошқар мүйіз оюы - молшылық, байлық - мазмұнын берген.
- Өрнек әже, біздің балаларымыз ою - өрнек, өнер туралы тақпақтар мен
мақалдар біледі.
Балалар тақпақтар айтады.
Қол таңбасын әжемнің анық көріп,
Бұл кестенің сырына қанық болып,
Өнерімен өзгелерді тамсандырған
Қошқармүйіз өрнегін салып беріп.

Қазақта бір ою бар -«Қошқар мүйіз»,
Орын алар тұрағы, көрпе - киіз.
Шеберлер осы өрнекпен сәндегенде,
Көз тартып құбылады оюымыз.

Ою — өрнек дегенде ою — өрнек
Көріп жүрміз күнде біз.
Алашада, кілемде, киізде ою — өрнек
Бүгінгі күн жоғалмай ұрпақтарға
Жалғасуда ою - өрнек.

Өнер тамған - он саусақ, үзілмейтін ырысын.
Өнері жоқ - он саусақ, бар болмай - ақ құрысын.

Шебердің қолы – алтын.
Шешеннің сөзі – алтын.

Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде сызу сызады.

Әжем өрнек тереді.
Сырмақ отыр оюлап,
Басы ауыра береді.
Шай ішпесе, қоюлап.
- Жарайсыңдар, балалар. Мен сендерді өз шеберханама шақырамын. Сендерге оюлап әдемі көрпеше жасауды үйретемін.
Үстел үстінде жапсыруға қажетті қажетті құрал жабдықтар.
Өрнек әже балаларға әдемі көрпешені жапсыру әдісін түсіндіреді.
Балалар өз бетінше жұмыс жасауға кіріседі.
Жұмыс соңында Өрнек әже балалардың жасаған жұмыстарын қарайды.
Тәрбиеші: Өрнек әже, балалардың жасаған жұмыстары сізге ұнады ма?
Өрнек әже: Ұнады. Балалар мен сендерден қонақ кәде сұрағым келіп отыр. Қандай өнерлерің бар?
- Біздің қыздар «өрнектер биін» билейді.
Өрнек әже: Рахмет, балалар! Маған билерің қатты ұнады.
Тәрбиеші: Өрнек әже сізге көп рахмет! Біз сізге әлі де келеміз
Сау болыңдар!
Балалар арбаға мініп, Балабақшаға оралады.
- Балалар, сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?
- Біз қайда бардық? Қандай оюлармен таныстыңдар?
- Қане, көрсетейік:
Бас бармақты бассам егер,
«Ботакөз» боп шығады.
Алақанды ашсам егер,
«Бестаңба» боп шығады.
Егер жұмсам алақанды,
«Тарақ» оюы шығады.
Оюларды білетін,
Мен қазақтың баласы.
Тәрбиеші балаларды мадақтайды. .....



















«Отаным менің-Қазақстан!

Мақсаты:

 Балаларды туған жерін, туған елін, халқын құрметтеуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі- туған Отанды сүюден басталатындығын  түсіндіру.Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Бүлдіршіндер жүрегінде отанға деген сүйіспеншілік сезімін  ояту, мемлекетін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Тулар, шарлар,суреттер,буклет, слайд.

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар қолдарына ту ұстап кіреді.

 

Кенге толы қойнауы

Төлге толы жайлауы

Ол- біздің Қазақстан!

Анамыздай тілеуі- ақ

Отан бізде біреу-ақ,

Ол біздің Қазақстан!

Қайырлы күн Қазақстандықтар!

Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз  ерекше болғалы тұр ендеше әнұранмен бастайық.

Таңғажайып сәт. Ой, балалар бізге почташы хат әкеліп берді кәне бірге оқиық. Хатта жазылыпты 25-шы қазан қандай мереке күні?  Республика  күніне байланысты Қазақстан Республикасының туның суретін салып  беріңдер депті.

 Сұрақ-жауап және түсінік беру

-Балалар 25- қазан  Республика күні болып 2022 жылы қайта бекітілді.

 

Республика күнінің тарихна тоқтала кетсек, Республика күні 1990 жылы қазан айының 25-і Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің  шешімімен «Қазақ КСР-нің  мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды.

Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады.  Әлем картасында  жаңа мемлекет Қазақстан Республикасының негізі қаланды.

Қабылданған декларатция Қазақстанның  болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналады.  Бұл декларацияның  қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік өкіметтің дербестігі мен толықтылығы, мемлекеттік  бюджеті, халықаралық қатынсатардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран, сондай-ақ ұлттық валютасы бекітілді.



-Балалар  сендер қандай мемілекетте тұрасыңдар?

Қазақстан мелекетінде тұрамыз

-Қазақстан мемілекетінің  президенті кім?

-Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы

-Сендер қай қалада тұрасыңдар?

-Астана қаласында тұрамыз.

Балаларға жан-жақты түсінік бере отырып слайд арқылы түсінік беру.   

(Слайдқа назар аударту)

Балалар бүгін бізде ерекше  күн, біз  бүгін  барлық  әндерімізді, тақпақтарымызды   біздің  Отанымызға арнаймыз, өйткені  25- қазан күні Республика күні болып тойланады.

Отан туралы кім тақпақтар біледі?


Алиасқар:

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде  гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің  туған өлкем!

Еркежан:

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар  Президенті.

Асылым:

Әнұраным, жан ұраным

Туған жерім сағынарым.

Мәңгі-бақи шырқалады

Республика,  Әнұраны.

Каусар:

Ақжайық , Алтай арасы

Қазақтың шалқар даласы

Республикама қарашы!

Жерімнің дәні маржандай

Қырманы асқар таулардай

Республикама қарашы!



-Жәрайсыңдар балалар, Республикамыз туралы тақпақтар айттық.

 Қазақстан рәміздері туралы мәлімет

1992  жылы 4-маусымда  жаңа  мемлекеттік рәміздер  Елтаңба,Ту,Әнұран  бекітілді.

Елтаңбаның, тудың  суретін  көрсету.

-Елтаңбаның  қандай  белгілері  бар?

-Тудың  түсі  қандай? Қандай белгілері  бар?

-Қазақстан ,елтаңба, ту  туралы  кім  қандай  тақпақ, мақалдар   біледі?

Мақал-мәтелдер:

Рамиза:  «Отан оттан да ыстық»

Ескендір:  «Отан — отбасынан басталады»

Ағлан:  «Отан үшін отқа түс күймейсің»

Сергіту сәті:

Елімде тыныш, жерімде тыныш

Бейбіткүн әні шырқалсын.

Бақытты елім, жақұтты жерім

Тіл көзден сені сақтасын.

Дидактикалық ойын :

«Мемлекетіме қалай көмектесем»

Сурет бойынша әңгімелеп беру.

Мемлекеттім алға қарай дамуы үшін не істеуміз қажет?

(білімді болумыз қажет)

Мемлекеттіз де мәдени орындар көп болуы үшін не істеу қажет?

(біз өнерлі болумыз қажет)

-Мемлекетімізде спорт алаңдары көп болуы үшін не істеуміз қажет?

(спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын сақтаумыз қажет)

-Мемлекетімізде оқу орындары көп болу үшін не ітеуміз қажет?

 (Жақсы оқушы болумыз қажет)

-Мемлекетіміздің кең байтақ даласын  игеру үшін не ітеуміз қажет?

 (Ерінбей егістікте еңбек етуміз қажет)

-Мемлекетіміздің шекарасын қорғау үшін не ісеуміз қажет?

(Батыр да батыл сарбаз болумыз қажет)

 «Көк аспанда желбіре көк Туым» тақырыбында сурет салу.

Қортынды:

25- қазан қандай күн?   Республика күні

Қазақстанның тұңғыш президенті кім? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қазақстанның қазіргі президенті кім? Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы

Бүгінгі іс-әрекетіміз  сендерге несімен ұнады?

Қазақстанның Туының суретін салған сендерге ұнады ма?

Қазақстан елінің келешегі сендерсіңдер білімді ақылды болсаңдар көктуымызды талай көктен желбірететіндеріңе біз  сенеміз!

 Балалардың  білімдерін  бекіту, балаларды белсенділіктері үшін  мақтау.          

 



































Тәуелсіздік – тұғырым

Мақсаты: Балаларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баулу, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, елін, жерін, тілін, тарихынқұрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі:  Қазақстан Республикасының рәміздері, Желтоқсан оқиғасы құрбандарының суреттері, гүлдер, тақырып жазылған плакат, слайд.

Жүргізуші: Құрметті балалар, әріптестер. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болдық. Бүлдіршіндеріміз тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатыр. Өмірлерің мәнді де, сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деген игі тілекпен Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілігімізді бастаймыз. Балалар бүгін біздің ертеңгілігімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.

Балалар:   Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Біздің «Бәйшешек» тобына қош келдіңіздер. Балалардың тілек шеңбері  Аспанымыз ашық болсын
Еліміз тыныш болсын
Деніміз сау болсын
Бәріміз дос болайық.
Жүргізуші: Ендеше орнымыздан тұрып, қолымызды жүректің тұсына қойып Әнұранымызды орындайық.

Балалар:   «Әнұран»

Алтын күні аспаны
Алтын дән  даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін.
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Жүргізуші: Балалар ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолы, тағдыры ауыр болған. Талай зорлық-зомбылықты, алапат қырғынды бастан кешірді. «Азаттықтың ақ таңы атып, Тәуелсіздік келсе екен» деген жалғыз арманы болды. Сол жолда жандарын пида етті.

Жүргізуші: Балалар, Қайрат, Ербол, Ләззат, Сәбира сынды аға-әпкелеріміздің есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Балалар, иә бүгінде егемен ел болдық. Ежелгі қазақ жерінде Тәуелсіз жас Қазақстан Мемлекеті көк туын желбіретіп, өзінің тарихи таңдауын жасады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып тағайындалды. Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік – осы үш ұғымның салтанат құруы жолында қаншама қиындықтарды бастан кешті. Тәуелсіздік алдық дегеніміз – өзіміздің жеріміз, еліміз, теңдігіміз, Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз, төл теңгеміз бар. Осындай Тәуелсіз еліміздің болашағы біздің балаларымыздың бүгінгі мерекеге арналған тақпақтары бар екен.



Асылым:Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн

Еркежан:

Арымыздай тап-таза
Жанымыздай шуақты
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы

Каусар:

Естісін ел үніңді
Дүние түгел естісін
Тәуелсіздік туыңды
Биік көтер жас ұлан.

Жүргізуші: Еліміз кең байтақ өлке. Қойнауы толған кен, жайлауы толған мал. Бай мемлекетіміз тәуелсіздікке қиыншылықтармен қол жеткізді. Нағыз ержүрек, елін, Отанын, халқын сүйген «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан ардагер әпкеміз, ұстазымыз Омар Гүлзираны ортаға шақырамыз.

Ардагер Омар Гүлзира:      Армысыңдар  балалар! Мен Тәуелсіздік жолында болған ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан ардагермін. Мына суреттегі Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол сынды аға-әпкелерің көре алмай кеткен болашақта өмір сүріп жатырсыңдар. Ал сендер біздің еліміз туралы не білесіңдер, Желтоқсан оқиғасы туралы естулерің бар ма? Мен сендерге бірнеше сұрақтар қояйын:

  1. Қазақстан Республикасының президенті кім?
    Қасым-Жомарт Тоқаев

  2. Қазақстанның астанасы қай қала?
    Астана қаласы

  3. Әнұранның авторлары кімдер?

  • Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев Жұмекен Нәжімеденов

  • Әні: Шәмші Қалдаяқов

Әнұран туралы тақпақ білесіңдер ме?

Шұғыла:

Әнұраным, жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім, сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады

Республика Әнұраным.

4. Қазақстан туының авторы кім?
Шәкен Ниязбеков 

Мемлекеттік Ту жайлы тақпақ білесіңдер ме?

Рамиза:

Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт қанаты
Сол қырандай еркіндеп
Бала өседі талапты.

Алиасқар:

Көк аспан көгілдір
Қазақстан байрағы
Тұрса күндей төгіп нұр
Жылдарыңыз жайдары.

5. Елтаңбаның авторлары кімдер?

  • Шот-Аман Уалиханов

  • Жандарбек Мәлібеков




Балалар Елтаңба туралы білетін тақпақтарың бар ма?


Медина:Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Құт, береке шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.

- Жарайсыңдар балалар, сендер Қазақстан Республикасының рәміздері туралы тақпақтарды өте жақсы біледі екенсіңдер. Рахмет сендерге, менің сұрақтарыма жақсы жауап бердіңдер.

Жүргізуші: Ендігі кезекте бүлдіршіндеріміздің орындауындағы «Атамекен» әнін тамашалаңыздар.

Ән: «Атамекен»


Мұстафа:

Отанды әркім анасындай
Қастерлейді бағалап
Өйткені Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.

Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер
Отан – ана
Отан – өлкем.

Жүргізуші: Ендігі кезекте бүлдіршіндеріміздің орындауында «Қазақстаным алға» биін тамашалаңыздар.

Би: «Қазақстаным алға»

Жүргізуші:

Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.


Міне құрметті қонақтар, мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, бүгінде әлемге танылды. Қазақстан Республикасы қазіргі кезде бай да бақытты, болашағы зор, тәуелсіз егеменді ел. Олай болса осындай мемлекетте тұратын бізде бақыттымыз. Елімізде әрдайым тыныштық болып, аспанымыз ашық, деніміз сау болсын. Қазақстанымыз көркейіп жайнай берсін. Қазақ елі мәңгі жасай берсін.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2025
107
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі