жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Квиллинг өнері – мүмкіндігі шектеулі баланың ой өрісінің дамуына әсері»
Назаров Батырхан Доболұлы
№55 жалпы орта білім беретін мектеп
Графика жәнежобалау, кәсіпкерлік және
бизнес негіздері және көркем еңбек пәні мұғалімі
Шымкент қаласы.

Тақырыбы: «Квиллинг өнері – мүмкіндігі шектеулі баланың
ой өрісінің дамуына әсері»
Жоспар:
І. Кіріспе
1. Квиллинг қандай өнер ?
2. Квиллинг өнерінің тарихы
ІІ. Негізгі бөлім
2. Жұмыс жасауға қолданатын қарапайым құрал – жабдықтар
3. Бұйымды құрастыру технологиясы
5. Қауіпсіздік ережесі
ІІІ. Қорытынды.
І. Кіріспе
Квиллинг өнері қол саусақтарымен орындалатын жұмыс. Осындай өнер мүмкіндігі шектеулі баланың ой өрісінің дамуына оң әсерін тигізеді, саусақтарымен сезу арқылы ойлау қабілеттері артады. Нәтижесі оң әсерлі.
Бұл өнер - қабілеттілікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, қарапайымдылыққа үйретеді.
Квиллинг - қағазды енін 3 немесе 5 мм, ұзындығынан қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп әртүрлі туынды жасайтын қолөнерді квиллинг деп атайды. Шиыршықталған қағаздан қарапайым гүлдерден бастап, күрделі ою - өрнекті қайталанбас дүниелерді жасауға болады.
XV - ХVІ ғасырларда квиллинг үлкен өнер саналса, ХІХ ғасырда ол тек әйел затының ермегі болып қалды. Одан кейін мүлде ұмыт болған қолөнердің бұл түрі кейінгі уақытта қайта жанданып, кеңінен таныла бастады.
Біреулер шиыршықталған қағаздан алуан түрлі бұйымдар жасау орта ғасырларда Еуропа елдерінде дамыған десе, енді біреулер оны Таяу Шығыстан бастау алған дегенді алға тартады. Сондай - ақ бұл өнердің шыққан жері – Ежелгі Египет дейтіндер де кездеседі. Дегенмен, бұл айтылғандарға қарамастан, квиллингтің отаны негізінен Оңтүстік Корея саналады. Бүгінде бұл елде қағаздан түрлі бұйымдар жасаушылардың үлкен Ассоциациясы да жұмыс істейді.
Корей елінде дамыған қағаз шиыршықтау өнері еуропалықтардікінен сәл өзгешелеу. Еуропалықтар шиыршықталған қағаздарды барынша аз пайдаланып, құрастыру әдіс - тәсілі мейлінше қарапайым бұйымдар жасауды жөн көреді. Сондай - ақ шиыршықталған қағаздан жасалған әдемі гүлдер мен түрлі өрнектерді суреттер мен фотоальбомдарды сәндеуге кеңінен қолданады. Ал шығыс шеберлері болса, керісінше, қарапайымнан көрі барынша күрделі дүние жасауға құмар. Оны қағаз шиыршықтаудағы қолданатын құрал - жабдықтарынан - ақ байқауға да болады. Шығыс шеберлері қағазды жіңішке бізге немесе инеге ораса, еуропалықтар бұған жіңішке таяқшалар қолданады екен. Шиыршықталған қағаз ораған құралына орай әр түрлі сипатта болатыны сөзсіз, онда да үлкен айырмашылық байқалады. Квиллинг өнері осылай барынша жіңішке таяқшаға қағазды шиыршықтап орай отырып, түрлі кереметтер тудырады. Міне, түрлі - түсті қағаз бен желімді пайдаланып және қиялыңызға ерік беріп, үлкен дүниелер жасауға болады. ( Интернет желісінен алынған)
Жобаның мақсаты: Осы тақырыпты оқушыларға толық меңгерту, оның жасалу техникасын үйрету. Осы жұмыс бойынша балаға өмірлік өзіне қажетті бұйымды тәжірибе жүзінде жасап, қолданысқа қолдану үшін.
Жобаның міндеттері:
- қағазбен жұмыс жасау;
- қағазбен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау;
- бұл өнердің тарихымен танысу;
- бұл жұмыста қолданылатын құрал - жабдықтармен жұмыс жасай білу;
- үйрену барысында, оны іс жүзінде қолдану;
ІІ. Негізгі бөлім
Квиллинг — қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жасайтын қолөнер жұмысы. Қағаздан жасалатын осынау әдемі бұйымдарды сынақтан өткізбек болдық. Қажетті құрал — жабдықтар: түрлі -түсті қағаздар, қайшы, желім (ПВА), сызғыш, жіңішке таяқша.
1. Қағаздарды енін 3 немесе 5 мм, ұзыншалап бірдей етіп кесеміз.
2. Жіңішке қағаздарды нығыздап таяқшаға ораймыз.

(Суреттер интернет желісінен алынған)
3. Оралған қағазды таяқшадан суырып, соңын желімдеп жабыстырамыз. Сонда бізде мынадай формалар шығуы керек.

(Сурет интернет желісінен алынған)
4. Осы формаларды жинақтап, бір - біріне желімдей отырып, фантазияны іске қосып, әдемі бұйым жасаймыз.
Дәл осылай, түрлі - түсті қағаздан жасалған формаларды да пайдаланып, гүл, ойыншық жасауға немесе құттықтау қағаздарының да сыртын әсемдеуге болады.

Оқушылардың жасаған жұмыстары
ІІІ Қорытынды.
Осы тақырыпты мүмкіндігі шектеулі оқушыларға меңгерту, оның жасалу техникасын үйрету. Осы жұмыс бойынша балаға өмірлік өзіне қажетті бұйымды тәжірибе жүзінде жасап, қолданысқа қолдану үшін. Шиыршықталған қағаз ораған құралына орай әр түрлі сипатта болатыны сөзсіз. Квиллинг өнері осылай барынша жіңішке таяқшаға қағазды шиыршықтап орай отырып, түрлі кереметтер тудырады. Бұл өнер аса көп шығынды қажет етпейді, әрбір оқушыға қолжетімді. Міне осындай , түрлі - түсті қағаз бен желімді пайдаланып және қиялыңызға ерік беріп, үлкен дүниелер жасауға болады.


Оқушылардың жасаған жұмыстары
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген