Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кулон заңы, элементар электр заряды.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары физика пәні мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

8.2 В Электростатика негіздері

Мектеп: Жамбыл атындағы орта мектебі



Күні:

Мұғалімнің аты жөні: Жантасова Б.Д.



Сынып: 8

Қатысқандар :

Қатыспағандар:



Сабақ тақырыбы

Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекетесуі, Кулон заңы, элементар электр заряды.



Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

8.4.1.4 - Электр зарядының сақталу заңын түсіндіру

8.4.1.5 - Кулон заңын есептер шығаруда қолдану



Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну, қолдану



Сабақ мақсаттары

  • Электр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңын тусіндіру

  • Зарядтың сақталу заңын эксперимент пен имитациялық модельдеу арқылы есте сақтау

  • Кулон формуласын қолдана отырып есептерді шығаруын қарастыру.



Бағалау критерийлері

  • Электростатика заңдарын сипаттап, Кулон заңынын физикалық мағынасын тусіндіреді

  • Зарядтың сақталу заңын зерттеу арқылы түсіндіреді

  • Кулон заңын әр түрлі ортаға қолданып есептер шығарады.



Тілдік мақсаттар


Электр зарядының сақталу заңына, Кулон заңына ауызша және жазбаша түсініктеме береді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминология: Заряд, күш, вакуум, арақашықтық, электр тұрақтысы, Кулон заңы


Диалогқа қажетті сөз тіркестері: Тұйық жүйеде Кулон заңын бойынша күш зарядтардың көбейтіндісіне ............. болады, ал, күш ............ ............. кері пропарционал болады.



Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарына жеке, топтық жұмыс арқылы дарытамын.



Пән аралық байланыс

Математика - арифметика, Информатика – АКТ



Тақырып бойынша алдынғы білім

Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер.



Сабақ барысы



Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)


Ресурстар



Сабақтың басы

12 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу. "Өзіңізге тілегеніңді, өзгегеде тілеңіз" әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу.

Жұмыс түрі: Жеке

Kahoot.it бағдарламасы арқылы тест жұмысы беріледі.

  1. Электрлену қандай жағдайда орындалады

Жауап: А) үйкелгенде , жанасқанда.

2.Аттас зарядтар......

Жауап: С) тебіледі

3.Электрленуді байқауға арналған аспап.

Жауап: Е) Электроскоп

4. Жүнге үйкелген эбонит таяқшаның заряды қандай?

Жауап: В) Теріс

5. Электр зарядының өлшем бірлігі

Жауап: Д) Кл

Тапсырма жауаптары интерактивті тақтадан көрсетіледі

Кері байланыс: Ауызша

Қалыптастырушы бағалау түрі: Өзін-өзі бағалау

Қалыптастырушы бағалау тәсілі: Бас бармақ

Пазлдар арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді. Топтың атауын оқушылар өз қалауларымен атайды. Демонстрациялық тәжірибелер көрсетіледі.

1. Зарядтың сақталу заңына демонстрациялық тәжірибе

Электрометрдiң металл өзегiне металл диск орнатып, оның үстiне жұқа кенеп мата жабамыз, ал оның үстiне диэлектрик тұтқасы бар екiншi диск қоямыз.

1.Бұл демонстарциялық тәжірибеден не байқадыныз? Жоғарғы дискінi оқшаулағыш қабатқа айналдыра үйкеп алып қояйық. Сонда бiз электрометр стрелкасының ауытқығанын көремiз. Бұл кенеп пен үйкелген дискiде электр зарядының пайда болғанын көрсетедi.

Тәжiрибенi жалғастырайық. Ендi алып қойған дискiнi екiншi электрометр өзегiне тигiзейiк. Бұл электрометрдiң стрелкасы да тура сондай бұрышқа ауытқиды. Бұдан электрлеу кезiнде екi дискiде модулi жағынан бiрдей заряд алғанын көрсетедi.

2.Осы зарядтардың таңбасы туралы не айтуға болады?

2.Электр зарядының сақталу заңына түсінік беру.( Имитациялық модельдеу)

10 - оқушыны тақтаға шығарып шеңбер құрылады.

Шеңбер тұйық жүйені көрсетеді. Шеңбердің ішіне 4 оқушыны кіргіземіз ол оқушыларды - заряд деп түсіндіреміз. Заряд саны шектеулі емес екендігін айта кетеміз. Қалған оқушылар шеңбер сыртында қалады оларды шеңбер ішіне кіргізбейміз. Шеңбер ішіндегі оқушыларды (зарядтарды) шеңбер сыртына шығармаймыз. Зарядтардың қосындысын көрсету үшін шеңбер ішіндегі оқушыларды бір-бірімен қол ұстатқызамыз.

3.Осы имитациялық модельдеуден не түсіндіңіздер?


Интерак-тивті тақта







Ұялы телефон






Kahoot.it кодтары





Электро-

метр


Металл диск



Сабақтың ортасы

20 минут






Жұмыс түрі: Топтық

Тапсырма – 1: «Ойлан, жұптас, пікірлес» деген оқудың белсенді әдісі арқылы үш топ мәтінмен жұмысты талқылайды. Әр топ өз білгендерін постерге жазып оны талқылайды. Әр топтан бір адам қалады сол адам постерді келесі топтың мүшелеріне түсіндіреді. Топтың мүшелері сол топтың жұмысын стикер арқылы кері байланыс жасап ұсыныс айта алады.

Қалыптастырушы бағалау түрі: Өзара бағалау

Қалыптастырушы бағалау тәсілі: Бағалау парақшасы Кері байланыс: Жазбаша


Критерий

Дескриптор

Ия

жоқ

Электростатика заңдарын сипаттап, Кулон заңынын физикалық мағынасын тусіндіреді


Электр зарядының сақталу заңын түсіндіреді





Кулон заңының физикалық мағынасын сипаттайды



Зарядтың сақталу заңын және Кулон заңының математикалық өрнегін жазады



Жұмыс түрі: Топтық

Тапсырма-2: «Эксперимент» тәсілі арқылы Электр зарядының сақталу заңы түсіндіре алады

Берілетін құрал- жабдықтар: Кофеден қалған металл қалбыр, қағаз қиындылары, жібек мата, шыны әйнек (қақпақ ретінде)

Критерий

Дескриптор

Ия

жоқ

Зарядтың сақталу заңын зерттеу арқылы түсіндіреді

Қажетті құралдарды таңдайды





Экспериментті болжайды



Экспериментті көрсетеді



Нәтижесін түсіндіреді



Қалыптастырушы бағалау түрі: Топтың өзара бағалау

Қалыптастырушы бағалау тәсілі: Бағалау парақшасы

Кері байланыс: ауызша


Жұмыс түрі: Жеке

Тапсырма -3: Есеп шығару

  1. Зарядтары бірдей екі шар берілсе, олардың ара қашықтығын 2 есе кемітсе. Олардың әсерлесу күші қалай өзгереді.

  2. Егер өзара әсерлесу күш 1,8 Н болса,0,1 мкКл және 200 нКл екі нүктелік заряд бір-біріне қандай қашықтықта орналасқан ?

  3. Егер әрқайсысының зарядын 2 есе азайтқанда,оларды вакуммнен диэлектрик өтімділігі басқа ортаға апарып орналастырса,бірдей екі зарядтын әсерлесу күші қанша есе өзгереді?

  4. 2)Бір - бірінен 0,5 м қашықтықта орналасқан екі шардың заряды 10*10-6 Кл. Екі шардың бір-бірімен 17,14*103 күшпен тебіледі. Зарядталған екі шардың қай ортада орналасқандығын анықта

Критерий

Дескриптор

Ия

Жоқ

Кулон заңын әр түрлі ортаға қолданып есептер шығарады.

Есептін шартын жазады







ХБЖ келтіреді



Есептін белгісіз шамасының форуласын табады







Формуланы пайдаланып математикалық есептеу жүргізеді







Қалыптастырушы бағалау түрі: Өзін-өзі бағалау

Қалыптастырушы бағалау тәсілі: Үлгіге қарап бағалау.

Кері байланыс " Идеялар себеті"

Осы сабақта алған білімдерін, тақырыпқа байланысты түсінбей қалған сұрақтарын стикерге жазып қалдырады

Рефлекция

"Рефлексивті нысана"



DrawObject1 Зарядтың сақталу заңы Кулон заңы

DrawObject4 DrawObject5 DrawObject3 DrawObject2

DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6





Эксперимент Есептер шығару



Үй тапсырмасы: Эдектр зарядының сақталу заңы және Кулон заңы. № 4,5,6 есеп

Зерттеу тапсырмасы: Жібек жіпке екі кішкене үрленген шардың бір-біріне жақын, бірақ өзара жанаспайтындай етіп іліңдер. Екі шарды былғарымен үйкелеңдер. Осы тәжірибенің нәтижесін түсіндіріңдер

Түрлі-түсті

стикелер



Қосымша №1





Интернет















Оқулық





Интернет













Оқулық

Үлестірмеқағаздар





























Сабақтың соңы

8 мин


Идеялар себеті






Дифференциация – Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді енгізіп отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорғау



Жіктеу

" Өзіңе не тілесең, өзгегеде тілейміз" Әдісі арқылы жағымды ахуал туғызамын. Кahoot.it бағдарламасы арқылы тест жұмысын беремин. Осы тест жұмысы арқылы алдыңғы білімді еске түсіртемін.

Жаңа тақырыпты қабылдау үшін оқушыларға имитациялық модельдеу, демонстрациялық тәжірибе көрсетіледі

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жаңа материалды меңгертуде оқушылардың өздігінен ізденіп, топтық жұмыс жасау арқылы ынтымақтасып жұмыс істейді.

Жаңа тақырыпты бекіту барысында «Эксперимент»,әдісі берілді. Берілген құрал-жабдықтар арқылы өздігінен тәжірибе жасайды. Әртүрлі есептер шығарады, бірін-бірі, өзін -өзі бағалауды үйренеді.

Бағалау- Сабақ барысында оқушылардың білімін әр тапсырма соңында бағалап отырамын.

Қорытынды: Оқушылар үлгіге қарап өзін- өзі бағалайды.

Әрбір кезеңде ауызша кері байланыс беру арқылы оқушыларды ынталандыруға бағыттаймын және оларға әр тапсырмада дескрипторларды ұсына отырып, оқуының қай деңгейде екенін білуіне жол ашамын және мақтап, мадақтау арқылы қолдау көрсетіп отырамын.



Физика кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтау қатаң түрде сақталады.



Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?







Жалпы бағалау


Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
31.01.2019
1740
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12