ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕСИТЕТІ
|
|
Факультет Институт Ұстаз университеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖОБА
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы және
когнитивті лингвистика
Тақырыбы: Қосалқы (көмекші) сөздер, түрлері және қолданылуы
Студент Заманбек Айгерім Мейірбекқызы Тобы КЯ 18/1
/аты-жөні./ /қолы/
Жетекшісі ф.ғ.к. доцент м.а. Мейірманова Г.С
/қызметі/ /аты-жөні./
Қорғауға жіберілді «_____»_______________20____ж. __________________
/қолы/
Жұмыс қорғалды «_____»___________20__ж. бағасы ________________
/жазбаша/
Комиссии мүшелері: ________________________ _________________
/аты-жөні./ /қолы/
________________________ _________________ /аты-жөні./ /қолы/
Тараз 20___
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
________________________________________________________кафедрасы
___________________________________________________________пәнінен
_________________ тобындағы ______________________________________
/студенттіңаты-жөні./
курстық жоба (жұмыс) бойынша
ТАПСЫРМАСЫ
1.Тақырыбы________________________________________________________
__________________________________________________________________

2. Тапсырма бойынша арнайы нұсқаулар ______________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
|
3. Есептік-түсіндірме жазбаның (жұмыстың) негізгі бөлімдері) |
Орындау кестесі |
|
|
көлемі, % |
орындау мерзімі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4. Графикалық материалдың тізбесі (сызбалардың масштабын көрсете отырып) |
|
|
|
|
|
|
|
5. Жобаны (жұмысты) ресімдеу |
|
|
|
6. Қорғау |
|
|
Тапсырма кафедра отырысында бекітілді «___»_____20___ж.Хаттама №____
Жетекшісі:
_______________ __________________ ____________________________
/қызметі/ /қолы/ /аты-жөні/
Тапсырманы орындауға алдым«____»________20___ж. ___________
/студенттің қолы/
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
-
Еліктеу сөздер туралы түсінік...............................................................4
-
Еліктеу сөздердің фонетика – морфологиялық сипаты......................9
-
Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі....................... .....................13
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................16
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................17
КІРІСПЕ
Тіліміздегі семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр – сипаты жағынан да, фонетика – морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес, өз алдына дербес сөз табы ретінде қаралатын бір алуан сөздер еліктеу сөздер деп аталады.
Еліктеу сөздердің бір тобы семантикалық мағыналары жағынан табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстар мен байланысты болса, екінші тобының семантикалық мағыналары сол табиғаттағы әр қилы табиғи көріністердің бейнелерімен байланысты. Осы себептен бұл сөздер іштей екі салаға бөлінеді, бір тобы еліктеуіш сөздер деп, екінші саласы бейнелеуіш сөздер деп аталады.
Еліктеуіш сөздер дегеніміз – өзіне тән лексика – семантикалық мағынасы, морфологиялық тұлға – тұрпаты бар, дара түрлеріне де, қосарланған түрлеріне де көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайтын, сөйлемде әрқашан сын – қимыл пысықтауыш болатын және бастапқы түбірлерінен жұрнақтар арқылы туынды есімдер және етістіктер жасалатын сөздер.
Бейнелеуіш сөздер деп табиғаттағы құбылыстар мен заттардың және неше алуан жан – жануарлардың сыртқы сын – сипаттары мен әрекет – қимылдарын көру қабілеті арқылы қабылданған бейне – көріністердің атауларын, яғни атаулары ретінде қызмет ететін сөздерді айтамыз.
Еліктеу сөздердің сөйлемде қандай мүше қызметін атқаруы олардың өздерінен басқа қандай сөздерге тіркесуімен байланысты. Өйткені, жоғарыдағыдай, шаң – шұң дауыс шықты (С.Сейфуллин); Сарт – сұрт төбелес болды да қалды (С.Көбеев) дегендердегідей, зат есімдермен тіркесіп, орын жағынан олардан бұрын тұрып қолданылатын шаң – шұң, сарт – сұрт тәрізді еліктеу сөз, әрине, анықтауыш болады. Ал, еліктеу сөздер негізінде етістіктермен тіркесетін категория болғандықтан, олардың негізгі синтаксистік қызметі де сын – қимыл пысықтауыш екендігі күмәнсыз. Еліктеу сөздің жалаң (дара) түрі мен күрделі қосарланған түрі көмекші етістікпен де, негізгі етістікпен де тіркесе береді. Ет көмекші етістігімен тіркесетін еліктеу сөздер қашан да болсын құранды мүшенің құрамына енеді де, сол құрам, ет көмекші етістігінің қай формада тұруына қарай, тұтасымен тұрып бір күрделі мүше болады Мысалы: Сергей Петрович елең етті (Ғ.Мұстафин); Қараңғылықтан қылаң етіп бір аттылы адам шыға келді (С.Ерубаев) деген сөйлемдердегі елең етті тіркесі баяндауыш болса, қылаң етіп тіркесі рысықтауыш болып тұр т.б.
I. Еліктеу сөздер туралы түсінік
Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр – сипаты жағынан да, фонетика – морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес, өз алдына дербес сөз табы ретінде қаралатын бір алуан сөздер еліктеу сөздер (мимема) деп аталады.
Еліктеу сөздер семантикалық жағынан алғанда, біріншіден, табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір – бірімен қақтығысу я соқтығысуларынан туатын, сондай – ақ неше түрлі жан – жануарлардың дыбыстау мүшелерінен шығатын әртүрлі әрекет қимылдарынан туатын, әр қилы дыбыстарға еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе, екіншіден, сол табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың және неше түрлі жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаты мен қимыл-әрекеттерінің де қилы-қилы көріністерінен пайжда болатын түсініктерді білдіреді. Мысалы: арс, гүрс, дүрс, қорс, тарс, тырс, ырс, барқ, борт, күрт, кірт, морт, сарт, шырт, дүңк, күңк, қыңқ, мыңқ, маңқ, саңқ, шаңқ, шіңк, сыңқ, таңқ, тыңқ, ыңқ, болп, былп, балп, жалп, желп, қолп, ірк, ырқ, сарт-сұрт, тарс-тұрс, арс-ұрс, жалт-жалт, жалт-жұлт, қалт-қалт, қалт-құлт, қаңқ-қаңқ, қаңқ-құңқ, шаңқ-шаңқ, шаңқ-шұңқ, арбаң-арбаң, бүгжең-бүгжең, арсалаң-арсалаң, ербелең-ербелең, батыр-бұтыр, далаң-далаң, тарбаң-тарбаң, қызараң-қызараң, қаңғыр-күңгір, қайқан-құйқаң, митың-митың, салаң-сұлаң, ыржың-тыржың т.б.
Еліктеу сөздердің бір тобы семантикалық мағыналары жағынан табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты болса, екінші тобының семантикалық мағыналары сол табиғаттағы әр қилы табиғи көріністердің бейнелерімен байланысты. Осы себептен бұл сөздер деп, екінші саласы бейнелеуіш (бейнелеме) сөздер деп аталады.
Бұл сөздер семантикалық жағынан ғана емес, фонетика – грамматикалық сыр – сипаттары жақтарынан да (мысалы: буын құрылымы, морфологиялық тұлғалары, синтаксистік қызметтері) бір – бірімен ұқсас, орайлас болып келеді. Еліктеу сөздердің өзді – өздеріне тән жалқы ерекшеліктері мен барлығына да тән жалпы қасиеттері төмендегідей.
Еліктеу сөздердің семантикалық сипаты
Еліктеуіш сөздер
Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір – біріне қақтығысу – соқтығысуларынан, туатын дыбыстарды, сондай – ақ жан – жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есту қабілеті арқылы белгілі – белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан болған және сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айтамыз.Мысалы: Мылтық тарс етті қарға қарқ етті; деген сөйлемдерді алсақ, ондағы тарс деген сөз мылтықтың атылуынан туған дыбыстың атын білдірсе, қарқ деген сөз қарғаның дыбыстау мүшесінен қарқылдауынан шыққан дыбыстың атын білдіреді. Демек, бұл екі сөздің екеуіне де жансыз және жанды заттардан шыққан дыбыстар негіз болған. Бірақ бұл дыбыстардың қайсысы болса да, әрине, сол дыбыстардың дауыстарын дәлме – дәл етіп айтуға тырысудан туған әрі дыбыстық бейне, әрі сол бейненің атауы ретінде қалыптасқан дыбыстар. Заттың құрылымдық бөлшектерінің ерекшеліктеріне қарай, жерге түскендегі дыбысы я дүңк, я тыңқ, я діңк, я тоқ, я тық..... етіп естілуін тілмен дәлме – дәл айтып жеткізу қиын – ақ. Дегенмен, осы дыбыстар дыбыстық бейне ретінде де, сол бейнелердің атаулары ретінде де қалыптасқандықтан, оларды біз сөздер есебінде қабылдаймыз. Оның бер жағында, бұл дыбыстар белгілі – белгілі табиғат дыбыстарының таңбалары есебінде қабылданып, тиісті сөздерге айналған. Оған көркем әдебиеттен кейбір мысалдар келтірейік.
Дәл сол кезде түп қарағаннан аса бере, алдына жас қызыл қозы топ ете түсті (М.Әуезов); Қасқыр тыпырлап жатқан қозыны көре сала, ырр етіп барып бас салды. Қозы екі қомағай ауыздың кергісінде қанжоса болып дар – дар айрылды. Сырт – сырт етіп жас сүйек сынды. Қапаш – құпаш қорқ – қорқ етіп қомағай қанды ауыздар асайды. Осы сөйлемдердегі топ, ырр, дар – дар, сырт – сырт, қорқ – қорқ сөздері де тиісті дыбыстарды естуден пайда болған түсініктерді білдіреді. Сондықтан бұлар да, әрине, еліктеуіш сөздерге жатады.
Осындағы дар – дар, сырт – сырт, қорқ – қорқ деген еліктеуіш сөздер бастапқы түбірлердің екі рет қайталауынан жасалған. Егер сол сөйлемдрдің құрамдарына да, құрылыстарына да ешқандай өзгеріс енгізбей, тек осы еліктеуіш сөздерді қосарланған түрде емес, жалаң түрде ғана қолдансақ (мысалы, сырт етіп жас сүйек сынды), өзге сөздер сияқты, еліктеуіш сөздердің не жалаң түрі мен қосарланған түрі болатыны, олардың мағыналарында тиісті айырмашылық барлығы аңғарылады. Демек, еліктеуіш сөздің жалаң түрі
амал – әрекеттің бір ғана рет жасалатынын білдірсе, қайталанған түрі сол амал-әрекеттің үсті – үстіне әлденеше рет қайталанып жасалатынын білдіреді.Мысалы: дар айрылды және дар – дар айрылды; сырт етіп және сырт – сырт етіп; қорқ етіп және қорқ – қорқ етіп дегендерді мағына жағынан салыстыруға болады.
Еліктеуіш сөздердің қайталанған түрінің екінші сыңарындағы ашық дауысты дыбыс қысаң дауысты дыбыс қысаң дауысты еріндік дыбысқа айналып өзгерсе, ол сөздің тұлғасында туған осы өзгеріске байланысты мағынасында да сәл өзгеріс туады. Мысалы Біреу есікті тарс – тарс ұрды және біреу есікті тарс – тұрс ұрды деген сөйлемдердің құрылысы мен құрамдарында айырмашылық болмаса да мағыналарында (сәл болса да) айырмашылық бар тарс – тарс ұрды дегенде, адам есікті әрі қатты, әрі бірнеше рет ұрғанымен, бірқалыпты ұрғаны аңғарылады, ал тарс – тұрс ұрды дегеннен есіктің қатты ұрылуы бірқалыпты емес, бірде қатты, бірде онан да қаттырақ, я солғын болып алмасып отырғаны аңғарылады. Бірақ бұл екі форманың қызметіңде тарс-тарс (сарт – сарт) дегенде де, тарс – тұрс (сарт – сұрт) дегенде де ешқандай өзгешелік болмайды.Олар біреуінің орнына біреу тұра алады. Морфологиялық жағынан да бұл үш форма (тарс, тарс – тарс, тарс – тұрс) өзгермейтін сөздер ретінде қала береді.
Басқа сөздер сияқты, мағына жағынан бір – біріне жақын, синонимдес, екі түрлі еліктеуіш сөз қосарлана береді, мысалы: сатыр – күтір, салдыр – күлдір, бұрқ – сарқ т.б. Бұл ерекшелік те – еліктеуіш сөздердің қосарлануына тән қалыпты, заңды құбылыс. Әдетте, су бұрқ – бұрқ қайнап жатыр деп те айтылады. Бұл сөйлемдердің де құрылыстары мен құрамдарында ешқандай айырмашылық жоқ, арасында азды – көпті мағыналық айырмашылық бар: бұрқ – бұрқ қайнауға қарағанда, сарқ – сарқ қайнау әлдеқайда күшті. Солай болса, сол екі дыбысты сөзді есіткеннен кейінгі алынатын әсерде бірдей емес. Ендеше, бұл екеуінің мағыналары да бір – біріне қарайлас та, жақын да. Егер бұл екі сөздің бір – бір сыңарларын бөліп алып, оларды қосарлап: Су бұрқ – сарқ қайнап жатыр десек, оған бұрқ және сарқ деген екі сөздің де беретін мағынасы бірдей кіреді, демек, су я бірыңғай бұрқылдап та; я бірыңғай сарқылдап та қайнамай, жоғарыдағы айтқан тәрізді (тарс – тұрс сияқты), бірде (я бір жері) бұрқылдап, бірде я бір жері сарқылдап қайнаудың дыбыстық та, бейнелік те көрінісі білінеді. Салдыр – күлдір, сатыр – күтір сияқтанған сөздердің де құрылыстары мен мағыналарынан осыны байқауға болады.
Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстың не ашық, не қысаң болуы да сол сөздің мағынасына әсер етеді. Мысалы, есік сарт етіп жабылды және есік сырт етіп жабылды деген сөйлемдерде құрылыс жағынан ешқандай айырма жоқ бола тұрса да, мағына жағынан бір – бірінен, сәл де болса, ерекшеленіп тұр. Ол ерекшелік: сарт және сырт деген сөздердің дауысты дыбыстарына ғана байланысты, демек, сарт етіп жабылғаннан есіктің тқатты жабылғаны, яғни құлаққа естілетін дыбыстың қатты шыққаны, ал сырт етіп жабылғаннан есіктің дыбысы ақырын шыққаны аңғарылады. Ал есіктің қатты я ақырын жабылғандығын (соған сәйкес дыбысын да ажыратып дифференциялау) білдіріп тұрған нәрселер түбірлердің дауысты дыбыстарының я ашық, я қысаң болуына ғана байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, еліктеу сөздің түбіріндегі дауысты дыбыс ашық болса, құлаққа келетін табиғат дыбысы да қатты естіледі – қысаң болса, - ақырын естіледі. Осыған сәйкес сол сөздің мағынасы да ажырайды (дифференцияланады). Ондай сөздердің мағыналарындағы айырмашылықты білу үшін, қосымша, мысалы, тарс және тырс, шақ – шақ және шық – шық, шаңқ – шаңқ және шыңқ – шыңқ, қарш – қарш және қырш – қырш, борт – борт және бырт – бырт деген сөздерді салыстыруға болады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Курстық жұмыс. Еліктеуіш сөздер

шағым қалдыра аласыз