Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................1-3
I. Пиреней түбегі елдеріндегі экономикалық және саяси жағдайы
1.1 Испания, Португалия мемлекеттерінің экономикалық дамуы...........4-10
1.2 Мемлекеттердің реформалары............................................................11-13
II. Пиреней түбегі елдерінің тәуелсіздік үшін күресі
2.1 Испания, Португалия революциясының барысы..............................14-18
2.2 Испания, Португалия мемлекеттеріндегі революцияның нәтижелері..19-23
Қорытынды.....................................................................................................24-25
Пайдаланылған әдебиет тізімі......................................................................26
Кіріспе
Пиреней түбегі, Иберия түбегі, Еуропаның оңтүстік батысында орналасқан. Еуропаның басқа бөліктерінен Пиреней таулары, Африкадан Гибралтар бұғазы арқылы бөлінген. Пиреней түбегін Атлант мұхиты қоршап жатыр. Аумағы 584 мың км². Жағалары нашар тілімденген, тек солтүстік-батыс бөлігінде риас типтік жағалар (теңіз суының тау аңғарларына толуы) тараған. Жер бедерінде таулы үстірттер (Месета, Галисия) мен ұзына бойы созылып жатқан тау жоталары (Пиреней, Кантабрия, Каталония, Иберия, Андалусия, т.б.) басым. Ең биік жері — Сьерра-Невада жотасындағы Муласен тауы (3478 м). Пиреней түбегінің жағалау бөлігін шағын ойпаттар (Португал, Андалус, Арагон, т.б.) алып жатыр. Климаты субтропиктік, жерортатеңіздік типке жатады, солтүстігінде және солтүстік-батысында теңіздік климат басым. Ірі өзендері: Тахо, Эбро, Дуэро, Гвадиана, Гвадалквивир. Жерінің 40%-ын ормандар мен бұталар алып жатыр. Негізгі өсімдіктері — жерортатеңіздік бұталар (маквис, гарига), шалғындар. Пиреней түбегінде Испания, Португалия, Андорра мемлекеттері мен Британия қауымдастығына қарайтын Гибралтар орналасқан.
Өзектілігі: Пиреней түбегі елдеріне кіретін мемлекеттердің эконмикалық-саяси дамуында өзара ұқсастықтармен қатар бірқатар ерекшеліктері де бар. Мысалға айтатын болсақ жаңа заманда Испания мен Португалияда болған революциялардың нәтижесінде екі мемлекеттің де экономикалық дамуы әлсіреп, құлдырай түсті. Жалпы экономикалық – саяси даму- кез- келген қоғам өмірінің барлық салаларымен тығыз байланыста дамитын және оның ішкі саяси тұрақтылығына тікелей әсер ететін аса маңызды саяси – әлеуметтік фактор ретінде қоғамдық ғылымдар, оның ішінде тарих ғылымында өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Әр халықтың даму тарихы, мемлекеттің мүмкіндіктері шексіз еместігін және экономиканың рөлінің өсуі бір қалыпты үрдіс емес екендігін көрсетеді. Мұнда мүмкін өсуде, құлауда, қатаң ұстау кезеңдері мен босаңсыну кезеңдері де бар.Революция- табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғыл.-тех., мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады. Әлеум. Революция қоғамның жаңа сапаға ауысуына жол ашып, сапалы өзгерістерді бейнелейді. Әлеум. Революция қоғамның саяси, экон., рухани өміріне түбірлі өзгерістер енгізу үрдісін бастап береді. Революция өзінің даму мүмкіндіктерін сарқыған қоғамның прогрессивті сатыға өтуін қамтамасыз етіп, оның әлеум.-экон. құрылымын түбегейлі өзгертуге қызмет етеді. Адамзат тарихын қоғамдық-экон. формациялардың бірін-бірі алмастыру тұрғысынан зерттеушілер осы алмасу үрдісін жүзеге асыру әлеум. Революцияның басты міндеті деп санайды. Жаңа заманда Пиреней түбегі елдерінде революция көп болды. Олар бір- бірінен сипаты, барысы, нәтижесі жағынан ерекшеленеді.
Мақсаты: Пиреней түбегі елдерінің экономикалық саяси дамуына тоқталу. Испания, Португалия ревалюциясының басталу барысы, себептері мен оның қозғаушы күштері туралы мәліметтер келтіру, революцияның нәтижесін көрсете отырып әр мемлекеттің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу.
Міндеттері:
-
Пиреней түбегі мемлекеттердің экономикалық саяси дамуына тоқталу.
-
Ревалюция барысындағы елдегі жағдайға, әр революцияның ерекшеліктеріне тоқталып, олар туралы нақты мәліметтер келтіру, не себептен туындағандығы туралы зерттеу.
-
Пиреней түбегіндегі мемлекеттердің саяси өзгерістерін зерттеп, мемлекеттерде жүргізілген реформалардың маңызын анықтау.
Тарихнамасы: Пиреней түбегі елдерінің тарихы, дамуы туралы әдебиеттерде материалдар көп. Әр мемлекеттің тарихын біліп, олардың саяси экономикалық дамуын зерттеу тарихшылар үшін маңызды. Тақырыпқа байланысты көбінесе Испания мен Португалияның экономикалық дамуын Ю.В. Шишковтың « Заподноевропейская интеграция: современные тенденции развития и противоречия» деген еңбегінен аудардым. Жаңа заманда Пиреней түбегі елдерде болған реформалар мен революциялардың маңыздылығын, сипатын Г.К. Көкебаеваның « Всемирная история в новое и новейшее время» деген еңбегінен пайдаландым.
Зерттеу әдістері: Тақырып бойынша материалдар жинақтап, оларды зерттеп, бір-бірімен салыстыра отырып қорытынды жасау.
Жұмыстың құрлымы: Ғылыми жоба жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігімен мақсаты айқындалған. Бірінші және екінші тарау екі тармақтан құрылып, негізгі мазмұны мен теорилық мәселелер қарастырылды. Ғылыми жобасы жұмысы соңында қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.
1.1 Испания, Португалия мемлекеттерінің экономикалық дамуы
XVII-XYIII ғасырдың басындағы Испанияның жағдайы оның экономикалық құлдырауымен қатар , жалпы дағдарыстық тұрпатта болды. Абыройынан айырыла бастаған король билігін жүргізуді әртүрлі мүддедегілерден тұратын «үкіметтік кеңесте қатысушылар» жүзеге асырып отырады. Халық тағдырына қатысты саясат тұтқасы помещиктердің құзырында болады. Елдегі сословиелік бөліністің алдыңғыларын дворяндардан ( олардың өзі грандаларға жоғарыдағыларға және кабальеро және идальголарға, яғни титул иеленген , төмендегілерге бөлінеді) тұратын топтағылар мен екіншісін дін иелерінен бастап селолық священиктерге дейін кіретін топтағылар құрады. Үшінші сословиеге тұрғындардың негізгі дені саналатын шаруалар, қолөнерші, саудагерлер, ұсақ кәсіпкерлер жатады да, жалдамалы жұмысшылар мен қызметшілерден тұратын төртінші сословие өкілдерімен қатар, олар король ауласын , помещиктер мен шіркеуді қаржыландыруға жұмсалатын салықтың негізгі төлеушілерін құрайтын. Ауқымы кең отарлардан, яғни Бразилиядан бөлек бүкіл Оңтүстік Америкадан, Мексикамен сол кездегі Калифорния және Техас жерлері аумағымен қоса , Флорида, Куба, Сан – Домингомен, сондай ақ, Италия мен Нидерландының едәуір бөлігінен испан наместниктері тонау әрекеттерінің қарқындылығы арқасында пайдалы қазбалар тасымалдауды үдете түседі. Сонымен қатар, американдық отарларда сол аумақтардан алынып жатқан шикізат өнімдерінің өндірісін дамытуға және Испаниядан басқа жерде сауда жүргізуге тыйым салынды. Бұл жәйт ағылшын қарақшылықтары секілдердің айла – шараларына ыңғайлы болады. Оңтүстік Америкадан метрополияға алтын мен құңды заттар тиеген испан жүктерін тонау әрекеті олардың әдетіне айналады. Елдегі бюджеттік тапшылыққа ұрынған қазына босай түседі. Жергілікті тұрғындардың арасында американдық құрлыққа қоныс аудару әрекетінің қарқынды орын алу жағдайында, елдегі жұмыс күшінің саны да азая бастады. Ауыл шаруашылығының құлдырауы ,жердің бірқатар бөлігінің өңделуге рұқсат етілмеуімен туындаған шаруалар арасындағы аштық және ауқатты малшылардың елдің барлық бос жатқан бөлігін мал жайылымына айналдыруымен жүйесіз, жабайы сипатта болуына себепкер болды. Шаруалардың негізгі дені өздері жалға алған жерлерден түскен өнімнің үштен екі бөлігін мемлекетпен, шіркеу қазынасына құйып отырады. Азаматтық құқығы жоқ қолөнершілер қана қаржы төлеу арқылы , істерін аяқтатып алғаннан соң иеліктерін қуып отырды. Елдегі ішкі кедендік бөліктер ішкі нарықтың қалыптасуына едәуір кедергілер тудырады. Елегі табиғи байлық пайдаланылмады да , кен орындары шет еліктерге сатылып , оның өнімдері солардан сатылып алынды. Әскер мен флоттың қауқары да төмен болғандықтан , олардың арасында басбұзарлық әрекеттер де жиі қайталанып отырады. Испанияның халықаралық қатынастағы әлсіздігі, оның ірі державалар арасындағы күрес обьектісіне айналуына жағдай жасаған болатын. Франция, Англия, Германия билеушілері әлі де ауқымды испандық мұраларын бөліске салуға даяр тұрды. XIX ғ ортасында Испанияның экономикалық даму темпі жылдамдай түсті. Жеңіл және тамақ индустриясы, тері, темекі, қант өндіру салалары жылдам дамыды. 1848 жылдан бастап теміржолдар салына бастады, ішкі сауда өнімі артты: шарап, цитрусты жемістер, олив майы, түрлі түсті металл кендерін шығарды; көмір, мақта, машиналар әкелінді. Саудадағы басты серіктестері Франция, Англия, Германия, Португалия, Куба болды. Осындай өзгерістерге қарамастан Испания Еуропа елдеріндегі артта қалушы елдердің бірі болып қала берді, себебі ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлінбеді, жердің 70% өнделмеді. 60 жылдардың ортасында жұмысшылардың саны артты, олардың саны 250 мыңға жетті, соның ішінде 50 мыңға жуығы мемлекеттік қызметтегі, ауыр жұмыста 30 мыңнан жоғары, 180 мың жұмысшы жеңіл және тамақ өндірісінде жұмыс істеді. Жұмысшыларға қойылған талаптар өте ауыр болды, жұмыс уақыты 14-16 сағатқа созылды, тапқан жалақылары отбасын толық қамтамасыз етпеді. [1,46]
XIX ғасырдың 30 жылдарында әртүрлі жұмысшылар ұйымы жұмыс істеді – өзара көмектестік кассалары, одан кейін алғаш рет Барселонада «Тоқымашылар қауымдастығы» 1840 жылы құрылды. Кейіннен осындай жекеленген қауымдастықтар бірігіп « Каталония жұмысшылар бірлестігін» құрды, бірақ оған өкімет тарапынан қолдау көрсетілмеді. Дегенмен Каталондық жұмысшылар өздерінің бірлестіктерін заңды түрде құру құқығын 1868 жылы ғана алды.
60 жылдардың ортасында Испан халқы Королеваның халыққа қарсы саясатына наразылықтары өрши түсті. Генерал Хуан Прим бастаған прогрессистер партиясы II Изабеллаға қарсы наразылығын білдірді. Бұл белсенді партияны жақында құрылған «республикалық партияның » басшылары белгілі адвокат және әдебиетші Франсиско Пи- и-Маргаль және Мадрид университетінің тарих профессоры Эмилио Кастеляр қолдады. Кастелярдың айтуы бойынша корольдың жаулап алған жерлері королеваның меншігі емес, ал халықтың байлығы болып табылады. Осыған жауап ретінде II Изабелла ректорға университеттен профессорды жұмыстан шағаруға бұйрық береді, ал ректор одан бастартқанда екеуінде жұмыстан шығарып жібереді.[1,43]
Өнеркәсіптің көлемі жағынан Испандар Батыс Еуропада 5-орын, дүние жүзі бойынша 8-орын алады. Елде машина, кеме жасау, ұшақ шығару, электртехникасы, химия, тоқыма өндірістері жақсы дамыған. Соңғы жылдары тау-кен өндірісі жыл сайын кеміп, оның орнына электронды жабдықтар өндірісі дамуда. Ел экономикасында мемл. сектордың үлесі – 30%. Ел пайдалы қазбаларға бай, бірақ 100-ден аса қазбалардың тек 16-сы ғана өндіріледі. Ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Шарап (дүние жүзінде 3-орында), цитрустік жемістер, бидай, күріш, темекі, көкөніс, т.б. өсіріледі. Зәйтүн майын шығарудан Испандар дүние жүзінде 1-орында. Мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Теңізден балық аулау мен теңіз азық-түліктерін пайдаланудан дүние жүзіндегі алғашқы ондыққа кіреді. Елге туризм үлкен табыс әкеледі. Жыл сайын И-ға 62 млн. шет ел туристері келеді. Негізгі сауда серіктестері Еур. одақ елдері (импорттың – 61%, экспорттың – 68,5%-ы), АҚШ (7,4% және 5,1%), Латын Америкасы(4% және 5,4%). Алтын-валюта қоры 72,6 млрд. 17 ғасырдың 1-жартысында испан кескіндемесі басым бағытта дамыды. Өмір шындығының рухани мәнін ашуға ұмтылу, қарапайым заттарға назар аудару Испания суретшілеріне тән тақырып болды. Өмір мәнін шынайы түрде қабылдау, адам мінезіне ерекше көңіл бөлу – сол кездегі суретшілердің, әсіресе, Д.Веласкестің шығармаларынан тамаша көрініс тапты. 17 ғасырдың 2-жартысындағы Испания өнерінен сән-салтанатқа бой ұру, мистика сарыны байқалады. Испаня өнерінің 18 – 19 ғасырлардағы жаңа өрлеуі Ф.Гойя шығарм-мен байланысты. Модерн стилін қолдаушы арх. А.Гауди (1852 – 1926) мен “оқтай түзу қала салу” жобасының авторы А.Сорио-и-Матаның шығарм-ғы қазіргі заманғы қала салу өнерін ілгері дамытты. 17 ғасырда орган музыкасындағы имитация-полифониялық және вариациялық стиль қалыптасты. 18 ғасырда тонадилья атты музыкалық комедия туды. Мадрид (1830) пен Барселонада (1847) консерваторияның және тұрақты опера театрының ашылуы Испания музыка өмірін жандандырды. 17 ғасырларда сарай театрының алғашқы нышаны байқала бастады. 17 ғасырдың ортасында ойындарында қарапайым реквизиттер қолданған кәсіби театр труппалары пайда болды. Алғашқы осындай труппаны драматург және актер Лопе де Руэда ұйымдастырды. 17 ғасырдың 2-жартысында театр ойындарын шіркеу басшылары өз бақылауына алып, Мадрид (“Корраль де ла Крус”, 1679; “Корраль дель Принсипе”, 1682), Севилья, Барселона, Валенсия, т.б. ірі қалаларда корральдар деп аталатын тұрақты көпшілік театрлар ұйымдастырды. Мұнда аса көрнекті драматург Лопе де Вега (1662 – 1735), Х.Руис де Аларкон (1681 – 1739), Тирсо де Молина (1671/83 – 1748) пьесалары қойылып, Қайта өркендеу дәуірінің гуманистік және демокр. драматургиясы қалыптасты. 17 ғасырда ауто жанры дамыды. Ол шіркеу мейрамдары кезінде жылжымалы платформа – арбаларда қойылып отырды. 18 ғасырда француз классицизмі өріс алып, ол пафос пен декламациялық стильге құрылған актерлік өнер дамуына ықпал жасады. Көптеген театрлар 17 – 18 ғасырлардағы испан драматургиясының туындыларын қоюды одан әрі жалғастырды, ал М.Ладвенант, Р.Луна, М.Р. Фернандес сынды үздік актерлер өз өнерінде реалистік дәстүрге сүйенді. Осы дәстүр сайнете, сарсуэла, тонадилья сияқты муз.-драм. жанрларда да өріс алды. Көрнекті актер И.Майкес Мадридтегі “Каньос дель Пераль” (1801 – 05) және “Принсипе” (1805 – 18) театрын басқарып, театр өнерінде бірқатар маңызды реформалар жүргізді. Мадридте “Эспаньоль” (1849), Барселонада “Лисео” (1847), т.б. жаңа театрлар ашылды. Аса көрнекті ақын әрі драматург Ф.Гарсиа Лорка (1898 – 1936) мен драматург А.Касона (1903 – 65), актриса М.Ксиргу театрға реформа жүргізді. Демократияландыруға талпыныс жасалды. Театр цензурасының қыспағына қарамастан, 1850 жылы бірқатар театрларда испан классик. драматургиясынан қойылымдар қойыла бастады. Қазір Мадридте 20-дан астам театр бар. Актер кадрларын Мадрид пен Барселона консерваториясы және Мадридтің драм. өнер мектебі даярлайды. Испаниядағы тұңғыш көркем фильм 1905 жылы түсірілді. Барселона 1908 жылдан кино өндірісінің орталығына айналды.
Мадрид европада үлкендігінен
үшінші орын алады. Европаның мәдени қалаларының бірі. Испанияның
орталығында орналасқан. Барселона испанияның шығысында орналасқан ,
Каталония аутономды обылысында орналасқан , аттас провинциясының
астанасы. Испанияда үлкендігінен екінші орын алады. Жерорта
теңізімен шектеседі.
Валенсия испанияның туризм дамығын қалаларының бірі. Орналасқан
жері шығыс испания , Турия өзенінің төменгі ағысында орналасқан. 18
ғасырда Испания әдебиетіне француз классицизмінің әсері күшейді.
Поэзияда ағартушылық бағыт басым болып, мысал жанры дамыды. Бүл
кезеңнің өкілдері М.Х. Кинтан (1772 – 1857), Х.Н. Гальегос (1774 –
1853), А.Лист (1775 – 1848) өз шығармаларында еркіндікті жырласа,
Ф.Мартинес де ла Роса (1787 – 1862) драмалары испан романтизмінің
өркендеуіне жол салды.
Португалия мемлекетіне келетін болсақ 1580 жылы Пиреней түбегі бірлестігінің арқасында Португалия көрші Испаниямен бірікті, оларға бірегей монархиялық билік әсер етті. 1640 жылы Португалия өз тәуелсіздігін қайтарып алды. 60 жыл бойы испан-португал бірлестігіне Азия, Африка және Латын Америкасындағы колониялар үшін теңіз державасы Нидерландтармен үздіксіз күрес жүргізуге тура келді. Бұл күресте Португалдықтар мемлекеттік қолдау таппады. Испандық монархия өз кезегінде Испандық калонияларды қорғауға және кенітуге дайын болды. XVI ғасырдың соңында Португалдықтар инерция бойынша Азияға тереңірек ене түсті. Гоа экспедициясының нәтижесінде Португалияның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия да ықпалы арта түсті. XVIII ғасырда реставрациядан кейінгі алғашқы жылдардағы кедейлік кезеңі артта қалды. Дегенмен XVII ғасырдың соңында Шығыстағы Португалдық колониялық империяның көп бөлігі шығынға ұшырады, Бразилияның орталық бөлігінде алтынның орналасқан жерлері анықталды. 1728 жылы Минас Жерайс ауданында алмаздар табылды. Бұндай байлыққа ие болған Жуан V (1706-1750) өнерге, академиялар мен кітапханаларға қорғаушылық танытып, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырды. Осы кезде архитектураның дамуы ілгері басты. 1703 жылы Метуэнстік саяси келісімге қол қойылды, келісім бойынша Англия Португалдық шараппен бағалы маталарды алуды дұрыс деп тапты. Жауынгерлер Франциямен бірлесіп кең көлемде сауда – саттықты дамытты, шараптың басқа да сұрыптарын әкеп сатты, ал бразилиядан қымбат бағалы тастарды әкелу англиялық сауда өндірісінің Лиссабонда кең көлемде дамуына жол ашты. Осыдан кейін корольдің билігі әлсірей түсті король өзінің абсолютті билігін өзінің министрлері арқылы жүзеге асырды. V Жуан дүние салғаннан кейін оның ұлы Жозе (1750-1777ж.) елді басқаруға қызығушылық танытпады және Себаштиан Жозе ди Карвальюді( маркиз Помбал) министр етіп тағайындады, оның қабілеттілігі 1755 жылы 1 қарашада Лиссабонда болған жер сілкінісі кезінде көрінді. Соның салдарынан мыңдаған адамдар қаза тапты, қамалдар, шіркеулер және ескі үйлер қирады. Помбал Коимбреда университет реформасын жүзеге асырды, барлық Португалия бойынша ауқатты адамдардың балаларының білім алуына, дворяндық колледжді ашуға жағдай жасады. Сонымен қатар ол елдің басқа елдермен сауда өндірісін дамытуға күш салды, бағаны тұрақтандырып, жүзім өсіру бойынша стандарт енгізді. Бразилиядағы алтынның қорының азаюына байланысты сауда өндірісін басқа товарлардың есебінен тұрақтандыру монополиялық компаниялардың қолдарынан келмеді. Корольдің қаза болуынан кейін елдегі саяси жағдайлар өзгеріп Помбалдың әлсіреуіне алып келді, дегенмен оның көптеген жақтастары өздерінің лауазымдық қызметтеріне қалды. Помбалдың қызметтен аластатылуына оның қызы Мария I ( 1777-1816ж.) қарсы болды.Португалия индустриалды-аграрлы ел. Елде металл өңдеу, химия, мұнай өңдеу, тігін, балық консервілеу, шарап жасау өндірістері жақсы дамыған. Соңғы жылдары кеме жасау және жөндеу, электр жабдықтары, күкірт қышқылы, тыңайтқыш, тоқыма, аяқ киім өндірісі дамуда. Халқының 20%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Басты ауыл шаруашылығы өнімдері — астық өнімдері (бидай, күнбағыс), картоп, жүзім, зәйтүн жемісі, ет және сүт өнімдері алынатын мал шаруашылығы дамуда. Елге туризм едәуір табыс әкеледі. Экспортқа тігін және тоқыма өнеркәсібі өнімдерін, шарап тығынын (әлемде алдыңғы орында), ағаш өнімдерін, шарап, аяқ киім, қағаз, балық және балық өнімдерін, электр жабдықтарын шығарады. Сырттан отын-энергия өнімдері, химиялық өнімдер, құрал-жабдықтар, азық-түлік, көпшілік тұтынатын тауарлар әкелінеді. [3,28]
1.2 Мемлекеттердің реформалары
Испанияда король отбасының француз тұтқынында болған кезде, елде билік еткен Орталық хунта шешімсіз , ілгерлі қайта құрулар жасауға қабілетсіз , жеңіске қолдау көрсетуге қауқарсыз болады. Прогрессивті топ өкілдері 1810 жылы абсолюттік монархияны конституциялық монархиямен алмастыруға талпына 1812 жылдың наурызында қабылданған конституцияны әзірлеген парламент (кортестер) сайлауында өткізеді. Испанияның оңтүстік – батысындағы Кадис қаласында кортестердің жұмыс жүргізуімен , конституцияда Кадистік деген атауға ие болады. Кадистік конституция жоғарғы биліктің иесі халық деп жариялай , биліктің бөлінісін қарастырады. Билік бөлінісі – заң шығару ( парламент ) , атқарушы ( король және үкімет) және өзгелеріне тәуелсіз сот билігімен тармақталанады. 25 жастан асқан еркектердің екі жыл мерзімге сайлануымен жүзеге асатын заң шығару билігі бір палаталы кортестерге тиесілі болды. Парламенттегі депутаттардың көпшілігінен тоқтам алғаннан кейін ғана , король үкіметті жабдықтай алады. Кортестер жылына үш реттен кем емес бас қосуға тиісті болды. Король оларды өкілеттілігі біткенше тарата алмайтын болғанымен , олар қабылдаған заң король бекітпейінше күшіне енбеді. Прогрессивті сипаттағы қабылданған конституция көптеген елдердегі революциялық қайта құруларға үлгі болады. Кадистік кортестер конституциядан басқа, шіркеу десятинасы және инкивизацияны жою, король жерлерін жерсіз шаруалар мен тәуелсіздік күрескерлеріне бөліп беру, құл саудасын болдырмау секілді бірқатар декреттер де қабылдайды. Бірақта испан территориясының көптеген бөлігі француздардың бақылауында болғандықтан бұл декреттердің көбісі қағаз жүзінде қалады. VII Фердинандтың бұдан былайғы әрекеті оның қатал диктатор екендігін көрсетеді. Революционерлерді жек көрген король «тарихты кері» бұру әрекетін жасамақ болады. Кадистік кортестерді тарату арқылы , Фердинанд Конституция мен Испаниядағы 1808-1813 жылдар аралығында қабылданған заңдардың барлығын жарамсыз деп танып , өзін абсолютті монарх деп жариялайды. Құпия тыңшылардың желісін құрудың барысында инквизиция мен барлық монастрларды қалпына келтіріп , иезуиттерді елге қайтару және революционерлерді дараға асу мен түрмелерге қамау секілді істерді жүзеге асырады. Жаңа құрылым жаппай наразылық тудырып, құрамына буржуазияның бір бөлігі, зиялылар, офицерлер және студенттер, яғни тұрғындардың негізгі дені енген либералдық партияның құрылуына сілтеме жасалынды. Конституцияны қалпына келтіру үшін күресетін құпия қоғамдар да пайда болады. Жерлері тартылып алынған шаруалар, «ренжулілер әскерін» құрып, помещиктермен күрес ұйымдастыра бастайды. Үкіметке қарсы негізгі күш , тәуелсіздік үшін соғысқандар басқарған әскер болды. 1812 жылы Конституцияның қалпына келіуін талап еткен қарулы бас көтерулер Мадридпен , өзге де қалаларды шарпуын жылдан -жылға үдете түседі. Монархияны республикамен алмастыруды талап етуді көтерген құпия ұйымдар пайда болады. Осыған қарамастан, 1820 жылға дейін бірде - бір бас көтеру ешқандай нәтижеге жетпейді, ал олардың ұйымдастырушылары король сенімділерінің аяусыз құрбанына айналып жатады. [1,50]
Португалияның алғашқы конституциясы 1822 жылы кортестердің келісімімен қабылданған. Ол конституцияда жоғарғы билік халықтың қолында деп көрсетілген. Бұл заңға халық жаулары қарсы шығып, революция ашпақшы болды. Португалияның премьер – министрі Маркиз де Помбал біраз уакыт мемлекетті басқарды. Ол жеркісіннен кейін Португалияның қалпына келтіруін басқарды. Ол біраз реформаларын енгізді, олар Португалияның аяққа тұруына көп септігін тигізді. Помбал ол христиан дінін ұстауға, осы дінге сенуге ешкімді қинаған жоқ. Тағы бір ол барлық адамға бірдей тең азаматтық құқық орнатты. Король қайтыс болған соң 1826 жылы IV Педро таққа отырады. Бірақ ол Бразилияда болады. Ол Португалиға өзінің қызын таққа отырғызады, бір шартпен ол қызы өзінің ағасы Мигельға тұрмысқа шығуы туралы. Ал Мигель Педро дайындаған конституцияны қабылдауы керек. 1826 жылғы концтитуци Хартия басқаруы деп белгілі. Бірақ бұл шешімге Мигель келісім бермей ол Португалияға 1828 жылы қайтып келіп, Марияға таққа отыруға кедергі жасауға келеді. Ол Хартиялық басқаруды құлатып, кортес құрады. Ал Педро Бразилиялық халықпен ұрысып, биліктен бас тартып, Европаға қарай жылжиды. Ол қызын Португалияға таққа отырғызу мақсатымен. Ол Англия мен Франциямен келісімге отырып, Португалия, Испаниядағы либералистермен қосылып Мигельді тақтан алып салады. Ол 1834 жылы кортестер оның қызын королева деп мойындаған соң қайтыс болады. II Мария 15 жасында таққа отырып, мемлкетте конституциялық монархия құрылады. 1836 ж қыркүйек айында билікке радикалдық ұсыныс келді. Қыркүйекшілдер 1822 жылы шыққан либералдық конституцияны қайтан қалпына келдірді. 1837 жылы герцогтар Салданья және Терсейра көтеріліске шығып, Қыркүйекшілерді алып салмакшы болады. Бірақ өздері жеңіліске ұшырайды. Хартистер билігі бұларға қарсы ұлттық гвардия мен радикалдық ұйымдарды қолдарына алды. 1845 жылы шіркеуде жерлеуді тыйым салды. Бұған қарсы шаруалар көтеріліс щықты. Бірінші конституция елде 30 жыл сақталды.[3,32]
2.1Испания , Португалия революциясының барысы
Тәуелсіздік үшін соғыспен қатар, Испанияда бір уақытта тарихындағы тұңғыш революцияның оты да тұтана бастайды. Бастапқыда Наполеон Годойға да Португалияға қарсы жаңа соғыс шараларын бастауды тапсырады да, біріккен әрекеттерге ену сылтауымен испан территориясына өз әскерін кіргізіп жібереді. Алғашқы соғыстағыдай португал королі қарсыластық әрекеттерге ену сылтауымен испан жерінен кетуге асықпайды. Керісінше , тағыда Франциядан келіп жатқан жасақ саны күннен күнге ұзара береді. Король отбасы мен Годой Оңтүстік Америкаға қашу жоспарын құрып жатқан кезде, бұл жәйтелге жетіп қалады да, жұртшылықтың наразылығы француздарға талан –таражға тастап кетпек болған олардың әрекетіне деген ашу ызаны өршітеді. 1808 жылдың 19 наурызында испан королінің жазғы резиденциясы Аранхуесте көтеріліс басталады. Шоғыр сүйкімсіз Годой сарайын басып алуға тап қойған кезде, олардың әрекеті әскер күшімен тойтарылады. Көтерісшілер IV Карлдан тақты оның ұлы Фердинандқа табыс етуін, Годойдың биліктерін аластатылуын талап етеді. IV Карл осы талаптарды орындауға мәжбүр болады. Алайда жас Фердинандтың қаншалықты әрекет етуге құлшынысына қарамастан, оның билікке келу жолын заңсыз деп тапқан Наполеон алдап арбау арқылы келісім жасап мәжбүр етіп , испан тағын өз иелігіне қаратып алады да, кейіннен бұл орынға өзінің ағасы Жозеф Бонапартты отырғызады. 1808 жылы 2 мамырда Мадрид көтерілісі деген атпен белгілі. Бұл Испан билеушілерінің келісімімен, елдегі Наполеондық бақылаудың күшеюі халық үшін көнбістік әкелмеді. Испандық король отбасының барлық мүшелерін Байоннада жинауға шешім қабылдаған император, Мадридтен IV Карлдың ұлын алғызуға жарлық береді. Оның Мадридтен жөнелтуі тұсында, астананың мыңдаған тұрғыны көшеге шығып, басқыншыларға қарсы көтеріліс жариялайды. Көтерілісшілерге қарсы француздар оқ атқан тұста, испандық гарнизоны көтерісшілерді қолдап, офицер – патриоттар өз әскерлерін көшелерге алып шығады да, Мадридтегі француз солдаттарына қарсы шайқас ашады. Теңгермесіз күш жағдайындағы қан –құйлы қақтығы , келесі күннің азанында ғана көтерілісті қатыгездікпен басу арқылы аяқаталады. Осыған дейін ешқандай тойтарыс көрмеген Наполеон Мадридтегі оқиғаларға аса мән бермейді. Ол артта қалған феодалдық Испанияда буржуазиялық реформа жүргізуді жоспарлай, Байоннада испандық жоғарғы сословие өкілдерін жинап, парламенттің құрылуы мен ішкі кедендерді жою, жаңа заңдық кодекстерді енгізу мен күштеуге тыйым салатын, сондай – ақ көптеген қайта құруларға негізделген Испания тарихындағы тұңғыш конституцияның мәтінін жаздырды. VII Фердинандтың тақтан түсірілуі, шетелдіктің король етіп жариялануы, әскери оккупация және испан дәстүрлерінің бұзылуы Наполеонға деген жек көрінушілікті күшейтті. Осы жағдайда, испандықтар елінің тәуелсіздігі мен Фердинандтың таққа қайта оралуы үшін күреске көтерілді. Француздарға қарсы бірінен соң бірі соғыс жариялаған испан провинцияларындағы ұлттық сезім мен революциялық өрлеудің күштілігі, данқты наполеондық әскерге бірнеше тойтарыс әкелгенімен, нашар қаруланған, дайындығы жоқ жасақтағыларға тәжірибе болады. Бұл кезеңнің даңқты беттерінде аты қалған Сарагосаның айбынды қоғанысында, жасақшылардың соңғы тірі қалған адамның да шайқасып өлгендігі туралы аңыз бар. [11,65]
1820-1823 жж Испанияда екінші революция болды. Осы кезде Испания француздардардың қол астында болғанда, Оңтүстік Америкада бостандық қозғалыстары басталды. Латынамерика халқы метрополияның әлсіреуін пайдаланып өздерін тәуелсіз мемлекет деп жариялай бастады. Осы сәттен бастап, тәуелсіздік үшін Испания және оның колониялары бірегей күрес жүргізе бастады. Колониялардың тәуелсіздік алуына VII Фердинанд қарсылық танытты, себебі ол Америкалықтардың байлығынан бас тартқысы келмеді де тәуелсіздікке жол бермеуге қарсы интервенция ойластырды. 1819 жылы VII Фердинанд Америкаға қарсы 30 мыңдық армия аттанды, осы армия ішіндегі әскерлер бұрынғы колониялар бостандығы үшін емес бүкіл Испания бостандығы үшін күресеміз деген саясатты ұстанды. 1820 ж 1 қаңтар күні подполковник Рафаель Риего эскерлеріне 1812 жылғы конституцияны қалпына келтіруге бұйрық береді. Әскерлер конституцияға ант берді. Бұл контитуцияны басқада бөлімшелер қолдай бастады, яғни бұлар өздерін ұлттық әскерлерміз деп жариялады. Бұл эскерлерді полковник Кирога басқарды. Ұлттық эскерлердің даңқын мемлекеттер тани бастады, Сотүстіктегі қалалар бірінен – бірі ұлттық әскердің құрамына кіре бастап, Кадистік конституцияны қолдайтының білдірді. 1820 ж 7 наурызда Мадрид халқы күреске кірісті, мұндағы әскер бөлімшілері көтерісшілерді қолдады. VII Фердинандтың Кадистік конституцияның қалпына келтіруі туралы қаулыға амалсыздан қол қойды. Испанияда үлкен саяси күрес орын алды.
1834-1843 жылдары үшінші революция болды. Карлистік әскерлер мен Испания арасындағы күрестің нәтижесінде халықтар шіркеулерге қарсы қозғалыстар жүргізе бастады. Олар монастрьларды бұзып, өртеп монахтарды өлтіре бастады. Изабелланың жақтаушылары өздері «изабелинос» деген ұйым құрып, Марий Кристинаның жүргізген демократиялық саясатына наразылықтарын білдірді. 1812 жылғы конституцияны қайтадан қалпына келтіру талаптары өрши түсті. Марий Кристина осы талапты орындауға келісім беріп, бұл істі 1835 ж Риего Хуану Мендисабалюдің жақтастарына тапсырды. Олар реформалардың түрлерін құрастырып, қалалар мен провинцияларда өзін өзі басқару органдарын құрғызып, карлистерге қарсы әскерлерді қатайтты. Ен халыққа пайдалы шешім ол монастрьлардың жер иеліктерін халыққа таратып оларды арзан түрде аукционға салды. Жерлер халықтарға таратылғаннан бастап шаруашылық жақсы дами түсті, ал шіркеулердің экономикалық жағдайы нашарлай түсті. Риегоның адамдары карлистер женетін болса шіркеуге жерлерін таратып беретін біле тұра олар капиталистік шаруашылық құра бастады. Мария Кристина Мендисабаляның әрекеттерін андып, байқап оларды тым революционерлер деп санады. Ол осы конституцияны таратып жіберіп, құрамында жақтаушы адамдарды жұмыстарынан шығарып жібереді. Карлистармен соғыс кезекпен кезек олжалы болып отырды. Мысалы солтүстікте карлистер жеңіп жатса, ал оңтүстік шығысында изабелинос ұйымы жеңіп жатты. 1837 жылы күзінде Карлистерге Мадридтің шеттеріне басып кіруге мүмкіншілікке ие болды. Бірақ генерал Эспатеро карлистерге қарсы соққы ұйымдастырып, астанадан қуып шығады.
1854-1856 жж төртінші революция. Изабелла 13 жасқа толғанда, кәмелеттік жасқа толды деп оны II Изабелла Королева деп жария етті. Бірақ толық билік генерал Нарфаэстың қолында болды. Королева өз әкесі сияқты мемлекет істеріне жарамсыз болды. Мемлекетті көбінесе оның көңілдестері басқарды. Олардың бірі Сан Луис мемлекетті басқарып, 1854 жылы декретке қол қояды. Ол декртетте қазына бос, сол себепті халық салықты 6 ай бұрын жылдам төлеу керекті аятылған. Мұндай шешім ешқашан Испанияда болмаған. Осы шешімге байланысты генерал О, Доннель салық туралы наразылықтарды пайдаланып халыққа өз манифесін жариялайды. Ол манифесте өзін қолдауын сұрайды, жалған билікті жойып, қатаң заңды қолданып, налогтарды қысқарту, экономикалық мемлекет режимін орнату, қалалық органдарды көбейту туралы айтылған. Бұл манифесті халықтың көбі қолдап, көптеген қалаларында көтеріліске шығып, ұлттық милиция топтары құрылды, бұл жолы халық дәстүрлі түрде қолдайтын монархиялық биліктерінен бас тартып, алғаш монархиялық республиканы қолдады. Осы революцияны естіген Эспартеро Испанияға қайта оралады. Халық қолдауымен ол премьер министрлікке тағайындалады. Ол халықтың келісімімен парламентте либералдық конституция жүргізеді, алғаш Испания тарихында басқа діндерге шек қоюды жойды. Ал шіркеулерге жер сатып алуға тыйым салынды. Алайда Эспартеро халықтың басты талабы керестьянствоны жоюды орындай алмады. Осы себептен халық тағы бір көтерілді. Осы көтеріліске генерал О, Доннел қолдау көрсетті. Бірақ Эспартеро көтерілістен бас тартты. 1856 ж көтеріліс басылды. Испанияда 1868-1878 жылдары бесінші революция болды. Бұл революцияның барысы Королева мен генерал Нарваэстың қарсыластары қарулы көтеріліске дайындалды. Бұл революцияны генерал Примом басқарды. Революция 1868 жылы қыркүйек айында басталды әскери теңізшілердің Кадистегі көтерілісіиен. Оларды Оңтүстіктегі қалалардағы гарнизондар қолдады. Бұларға қарсы жіберілген әскерлер өздерін сатып кетті. Барлығы бір ауыздан II Изабелланың тақтан кеткенің талап етті. Оған Францияға қашып кетуге тура келді. Барлық жерде ұлттық милициялар құрыла бастады. Жаңадан кортестер тағайындалды, болашақ мемлекеттің болашағы үшін наразылықтар туындады. Монархиялық билікті сақтаймыз ба әлде республика құрамыз ба деген сұрақ туындады. Бұл сұрақтың жауабы бастапқыда монархиялық биліктің жағында болды. Тағы бір король кім болад деген мәселе туындады. Король болатын ең бірінші кандидат Пруссия королінің туысқаны Леопольда Гогенцоллерна, бұл шешімге Француз император III Наполеон қарсылық білдірді. Сол кезде Италияның королінің ұлы Амадей Совойскийға тоқталды. Ол өзі Испания 1870 ж келіп таққа отырды. Бұл күні генерал Прим қайтыс болды. [11,67]
1581 жылдан Португалия испан тағы жерлерінің құрамында болады. Бұл тәуелділік елде жаппай наразылық тудырады да, 1637-1638 жылдар аралығында орын алған Эвора қаласындағы көтеріліске ұласады. Испан әскерлері басқан көтерілісті ұйымдастырушылардың үйлері өртеніліп , көтеріліс болған жерлер аласталады. Эвор көтерілісінің жеңілісінен кейін қалалықтар мен шаруалар күрестен кейін жасқаншақтап қалған болатын. Осыған қарамастан , португал ауқаттылары , фидалгулар провинциялық испан дворяндығы жағдайында қалғысы келмейді. Ақыр аяғында , олар ұйымдастыруымен орындалған төңкерістің нәтижесімен , 1640 жылдың 1 желтоқсанында IV Жоана (1604-1656) атымен тәжіленген, ежелгі португал тегінен шыққан герцог Браганский, Португалияның королі болып жарияланады. 1641 жылдың қаңтарында бас қосқан жалпыпортугалдық кортестер, тәуелсіздікті сипаттайтын « Португалия манифестін» жариялайды. Жаңа үкіметтегілерге қоғамды Отанды қорғау ұранымен шоғырландыру мүмкіндігі туады. [3,39]
2.2 Испания, Португалия мемлекеттеріндегі революцияның нәтижелері
Бірінші революцияның нәтижесінде Испанияда Маршалдары мен генералдарының әрекетіне риза болмаған Наполоен, әскерін Испанияға өзі бастайды да, испан астанасын басып алады. Наполеон помещиктер құқығының, инквизициясының ыдырауын, көптеген монастрлардың жабылуын жариялаған декретке қол қояды. Француздардың бірқатар жеңістеріне қарамастан, соғыс әлі де жалғаса береді. Бірақта оның сипаты партизандық соғыс түрімен алмасады. Халықтық қарсыласуды басуға жіберген 300 мыңдық әскердің міндетін орындай алмауымен , Испанияда Наполеонның «ұлы әскерінің» әскери сәтсіздіктері басталады.
Екінші революцияның нәтижесінде бірнеше партиялар құрылды, олар: Сервили, Модерадос, Эксальтадос. Партиялардың ішіндегі адам саны жағынан Модерадос үлкен рөл атқарды. 1822 ж шілде айында король мадрид қаласын жаулап алып, абсолютизмді орнату іске аспады. Шілде қозғалысы жүзеге аспағандықтан VII Фердинанд француз әскерлерінен Испаниядағы революцияны тоқтату туралы конгресте көмек сұрайды. Испаниядағы революцияны басу үшін киелі одақ құрылады. Осы киелі одақтың мемлекет басшылары Испанияға қарсы намыстарына тиетін ультиматум жариялайды, ол талапта олардың саяси жүйесін өзгертумен корольдарына билікті қайтару көздеді. Испания мемлекеті бұл киелі одақтың ішкі саясатына араласуына қарсылық білдірді. Бұның нәтижесінде 1823 ж сәуір айында 100 мыңдық франция әскері испания территориясына басып кірді. Француздардың талабы бойынша 1 қазанда король және оның отбасы француздардың басқаруында болады. Кетер алдында король абсолютизмді қалпына келтірмеуге және революция көтерісшілерін жайына қалдыруға қолқат жазды. Өз еліне барған соң король келісім берген қолқаттарына манифест жариялады. Риего жалғыз өзі көтерісті жалғасытруаға тырысты, бірақ әскері соққыға жығылып, оны сатқын деп жариялап өлім жазасына кесті. Ал екінші революцияның жеңіліснен кейін Испания жағдайы нашарлайды. Тәуелсіз мемлекет болысымен, ол Америкадағы барлық колонияларынан айырылып қалады. Елдің дамуы сол баяғыдай артта тұра берді, тек 30 жылдардан бастап машина, металлургия өнеркәсібі құрыла бастайды. Фердинанд абсолюттік режимді қайта қалпына келтіріп, революционерлерді қатаң түрде жазалайды. Фердинандтың ағасы дон Карлос карлистік партия құрып , кадистік партияны таратып жібереді. Бұл партияның мақсаты Фердинандты биліктен алыстатып, дон Карлосты таққа отырғызу. Олар Фердинандтың ауырған күйіне дәмеленіп отырды. Алайда 1830 жылы оның төртінші әйелі Изабелла деген қыз табады. Сол кездері Испанияда тақ мұрагерлері ғана таққа отыра алады деген заң болды. Фердинанд осы заңды пайдалана отырып Изабелланы тақ мұрагері деп жариялайды. Карлистер бұл жарияға Изабелланың құқығын мойындамайды. 1833 жылы VII Фердинанд қайтыс болады, үш жастағы Изабелланың регентшасы анасы Мария Кристина болады.
Испаниядағы үшінші революциясының нәтижесі бірінші карлистік соғыс ешқандай жеңіспен де, жеңіліспен де аяқталған жоқ. Бұл соғыс келісіммен аяқталды. 1839 жылы екі жақтың әскерлерінің генералдары:Эспартеро мен Марото өздерінің әскерлерінің көзінше қол беріп, достық шешімге келді. Келісім бойынша карлистер соғыс ашпауға уәде беріп, оның орнына жағдайларын жасап беруге, бұрынғыша өзгерістерсіз тұра беруіне келісті. Карлистермен бірінші соғыс біткен соң Мария Кристи билікке модералос саясатын шакырды. Регентша генерал Эспартерога әскер күшімен халықтардың бассын деген бұйрық береді. Оныі даңқы өсіп, бұл бұйрықты Эспартеро орындамайды. Халық Мария Кристинның регентшадан кеткенін талап етті. 1840 жылы ол Испаниядан кетуге мәжбүр болады, Эспартеро оның орның басып регент болады. Бірақ та жақсы генерал, қолбасшы нашар саясаткер болады. Ол көптеген партиялармен қарым –қатынастарын үзеді, оның ішінде либералды, демократиялық құрылған әскерлерде болады. Ол ойға қонымсыз саясаттарын жүргізеді. Дамыған Каталония провинциясында қоныстану болған кезде олар автономия талап еткен, оған Эспартеро қарсы жауап беріп, ойланбастан бас тартты. 1848 жылы Каталония астанасының тұрғындарымен, Барселонадағылар көтеріліске шықты, автономия талап етіп және Англиядағы саудаға байланысты келісім жоққа шығарғаны үшін Эспартеро Испанияның рыногын ағылшындарға ашып беріп, солармен сауда келісіміне отырады. Эспартеро Каталонияның астанасы экспедиция түрінд өтіп, астананы қатыгездікпен, артиллердік оқ астына алды. Осы регенттің қылығына оын қолдаған күштер одан бас тартады. 1843 ж генерал Нарваэс бастаған эскер басы Эспартерога қарсы шығады. Ол Англияға қашуға мәжбүр болды. Сонымен үшінші революция аяқталады. Нарваэс эскери диктатураның режимин орнатып, оларға « ағаш қолданып, аямай ұру» деген ұран енгізеді. Революционерлермен күресу үшін олар маңызды жандармдық корпус құрып, азаматтық гвардия деп аталады. Испанияның өмірінде маңызды орын алатын гвардия болды.
Бесінші революсияның нәтижесі жалпы Изабелла тақтан құлатылып оның орнына Италияның ханзадасы келіп таққа отырды. Ол 1871-1873 жж билік етті. Ол Испания мүлдем жат болды, тілді білген жоқ, салт дәстүрлерді үйренуге қиындау болды. Анархистер корольге үш рет шабуыл жасаған. Ол үш ретте кортестерді таратып жіберіп, жаңадан тағайындап отырды. Испанияның ақсүйектері шет елден келген корольді мойындағысы келмей, карлистер екінші карлистік соғыстарын бастады. Ол 1872-1876 жж аралығында болды. Олардың мақсаты дон Карлостың немересін таққа отырғызу. Республикалық мемлекетті жақтайтындар монархиялық билікті алып салуды көздеді. Ортада қалған король Амадей 1873 ж тақтан бас тартып Италияға қайтып кетті. Кортестердің ішінде тағы Испания қандай мемлекет болатыны туралы қарастырылды. Депутаттардың көбі монархиялық билікті қолдады, 1873 ж 11 ақпан күні Мадрид тұрғындары парламент үйлерін қоршап, бір шешімді республика құруын талап етті. Халықтың наразылығынан қорыққан депутаттар олардың талаптарын орындауға келіседі. Испания тарихында алғаш рет ол республика болады. Жаңадан кортестер сайланды. Енді республикалық конституция пайда болды. Президент солтүстік республикашыл Франсиско Пи и Маргаль болды. [11,67]
Португалияда болған революцияның нәтижесінде 1668 жылы португал – испан қақтығыстарынан соңғы екі жақтың бейбіт бітімге келуімен, Португалияның егемендік жолындағы табандылық құқығы қалпына келтіріледі. Абсолюттік мемлекеттің мәніне қарама – қайшы болғандықтан, испан корольдары қаламайтын кортестерді Реставрацияның даярлығы кезінде маңызды рөл атқарады. IV Жоананың қазасынан кейін, Португалия кезекті әулеттік дағдарысты бастан кешеді. 1667 жылғы бәсең сарай төңкерісті таққа король ұлдарының кішісі – II Педруді таққа көтерді. Оның билігі кезінде кортестер 1697-1698 жылдары, төрт ғасырға жуық тарихы бар сословиелік өкілетті мекемені қортындылап, соңғы рет бас қосады. XVII- XVIII ғасырлар ауқымында Португалияның аумақтағы сыртқы саясатында, үнемі сақтап тұру мүмкін емес болған бейтарптыққа талпыну сипатты болды. Испан мұрагерлері үшін болған соғыста, ағылшындармен одақтастықтағы Португалия өзінің африкандық иелігі –Сеутадан айырылып қалады. Бұл соғыс қазынаны ортайтып, елдің қаржылық және экономикалық шаруашылығын күйзелтіп кетеді. Елдегі жағдайды жақсару мүмкіндігі бразилиялық кен орындарындағы алтын мен алмаз қорының көптеп игерілуінің арқасында ғана мүмкін болады. Корольдіктің бас қазынашысы граф Эрисейр өзінің меркантилистік саясатының арқасында, барлық мүмкіндігінше елден алтынның шығарылуына кедергілер жасай, ұлттық өнеркәсіппен сауданың дамуына қолдау көрсетеді. Корольдіктегі жергілікті тоқыма өнеркәсібінің дамуына қарамастан, 1703 жылғы ағылшындармен жасалған келіссөздің барысында, португал шараптарының Британ аралына тұрақты тасымалдауына айырбас ретінде ағылшын маталарының португал нарығына жол ашуы, оларға үлкен бәсекелестік тудырған болатын. Келісім ағылшын- португал байланысының әскери аспектісінде қарастырады. Король сарайының талғамына сай жиһаз және күйме жасау, кілем тоқу, зергерлік іс өнерлері де табысты дами, ұлттық мүсін, сурет салу және сәулет ісімен айналысу шеберлігі қарқын алады. Корольдік тарих академиясының негізі қаланып, Коимбр университетінде аса құнды кітапхана жинақтала бастайды. XVI ғасырдың аяғында жазылуы басталған Португал тарихын повестілейтін көп томды «Лузитандық монархия» еңбегі аяқталады. Осындай жетістіктерге қарамастан елдің ішкі ресурстарының таяз болуынан, көптеген қымбат бастамалар – Мафрдағы сарай ансамбльдері мен Лисабондағы аумақты суағар науа құрылыстарының жүзеге асырылуы, тек Бразилиялық алтынның күшімен ғана мүмкін болады.[8,31]
Қорытынды
Жаңа заманда Пиреней түбегі елдерінің дамуы бір қалыпты болмады. Испания, Португалия мемлекеттерінде болған революциялардың нәтижелерінен елде экономикалық дамуы қайта қалпына келіп отырды. Бірақ жаңа заманда бұл мемлекеттер Еуропа елдерінің ішінде артта қалушы елдер болып қала берді. Испанияның экономикалық дамуы XVII ғасырда құлдырау үстінде болып, дағдарысты кешті. Ал XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында елдің дамуы ілгері қарай жылжи бастады. Көптеген жұмыс орындары, өнеркәсіптер салынып, ашылды. 1848 жылдан бастап теміржолдар салына бастады, ішкі сауда өнімі артты: шарап, цитрусты жемістер, олив майы, түрлі түсті металл кендерін шығарды; көмір, мақта, машиналар әкелінді. Саудадағы басты серіктестері Франция, Англия, Германия, Португалия, Куба болды. Португалияға келетін болсақ жаңа заманда кедейліктен құтылып, тәуелсіздігін алған мемлекет. Португалдықтар инерция бойынша Азияға тереңірек ене түсті, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия да ықпалы арта түсті. Бірақта мемлекет болған соң әлсіреуде болады, экономикалық дамуы өзгеріп төмендеп кетеді.Жалпы Португалияның экономикалық дамуының күрт өзгеруі елдегі корольдардың ауысуынан және құрылған заңдардың талаптырын орындамауының нәтижесінен шығып отырды. Әр мемлекеттің өзінің заңдары, реформалары болады. Сол заңдарын орындау арқылы мемлекет деген атауға лайықты болып ілгері дамиды. Испанияда алғашқы заңдары, конституциясы 1812 жылдың наурызында қабылданған. Португалияның алғашқы конституциясы 1822 жылы кортестердің келісімімен қабылданды. Бұл заңдар мемлекеттің ішкі саясатын, саяси билігінің қайнар көзі болып табылады. Дербестікке, тәуелсіздікке жету мақсатында көптеген өзгерістер қажет. Сол өзгерістер Еуропа елдерінде көбінесе революцияның болуымен жүзеге асты. Испанияда 5 революция болған, әр революция өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Бірақта барлығын түп тамыры тәуелсіздік жолындағы болып табылады. Португалиядағы революциялардың көрінісі, жалпы мақсаты билікке қол жеткізу яғни жоғарғы топтан орын алып отырды. Қорытындылай келе Пиреней түбегі елдерінің дамуы әр бағытта орын алды, революциялардың көп болғанына қарамастан ілгери дами отырды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Шишков Ю.В. Западноевропейская интеграция: современные тенденции развития и противоречия. - М.: Знание, 1980
-
Серова О.В. Горчаков, Кавур и объединение Испании . - М., 2003.-679с. Ковалевский М. М. Экономический рост Европы до возникновения капиталистического хозяйства. Т. II-III. М. 1975.
-
Квицинский O.A. Время и случай: заметки профессионала. -М.:ОЛМА-Пресс, 1999ж
-
Шишков Ю.В. Западноевропейская интеграция: современные тенденции развития и противоречия. - М.: Знание, 1980.
-
Шенаев В.Н. Особенности экономического развития Западной Европы. - М.: Наука, 1993.
-
Каржы-каражат журналы А, 2005, № 5, 42-49бет
-
Федоров К.Г. История государства и права зарубежных стран. — СПб: Дельта, 2003.-556с.
-
Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. — М.: ИНФРА-М, 2003.-784с.
-
История Европы / Под ред М.А. Барга и др. Т.1.М.1994.
-
Каирбекова Р.Р., Кокебаева Г.К. Всемирная история в новое и новейшее время.Учебное пособие.- Алматы, 1997
-
Политическая история середины ХІХв-1917 / Под ред В.А.Кувшинова Т.IV.М.1994.
-
Пономарев М.В.,Смирнова С.Ю.Новая и нвовейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов Т.I.М.2000.
-
История Италии. Т.2. М., 1971
-
Гарибальди. Дж. Мемуары. М., 1965г.
-
Кандолеро Дж. История современной Италии В 4 т. Перситн 1958-1979г.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Курстық жұмыс: "Пиреней түбегі елдеріндегі экономикалық және саяси жағдайы"

шағым қалдыра аласыз