400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР

Материал туралы қысқаша түсінік
мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми-техникалық, экономикалық, өндірістік мақсаттарды шешуге
Материалдың қысқаша нұсқасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ш. Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледж









КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР






















Оқытушы: Бимаганбетова А.Т7














Көкшетау, 2019

Курстық жұмыс мынадай мақсатта әзірленеді:


1) мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми-техникалық, экономикалық, өндірістік мақсаттарды шешуге;

2) ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту;

3) студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзырлылық жағдайындағы өзбетілік жұмысқа дайындығын анықтау;

Курстық жұмыс оқытушының жетекшілігімен орындалады және мына келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

1 мамандармен, аналитиктермен, практиктермен, атап айтқанда, менеджерлермен, экономистермен бірге өткізілген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;

2 зерттелген обьектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;

3 нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;


Курстық жұмыстың жазылу ережелеріне қойылатын талаптар

1. Курстық жұмыстың жетекшісі:

  • студентке негізгі қажетті әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар және басқа да дерек көздерін ұсынады;

  • курстық жұмыстың барлық тарауының көлемін белгілейді

2. Курстық жұмыс мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді терең зерттеу арқылы орындалады (оқулықтар, көмекші оқулықтар, монографиялар, басылымдық әдебиеттер, лекциялық курстар, шет тілдеріне арналған журналдар, нормативтік әдебиеттер және т.б.).

3 Курстық жұмыстың ең негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеу әдістерін пайдаланудың негіздемесін компьютерлік технологияны қолданумен қабылданған есептеу әдістері мен есебін, жүргізілген тәжірибенің сипаттауын, оларды талдау және олардың тұжырымдары, техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыруды ашып көрсетуі және қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен және т.б көрсетіліп сүйемелденуі қажет.

Курстық жұмыстың мазмұны мен құрылымы

1. Курстық жұмыстың көлемі 22-25 бет болуы қажет. Қосымшалар курстық жұмыстың көрсетілген көлеміне енгізілмейді.

2. Курстық жұмыстың құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

- титул беті;

- жоспар;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды (тұжырым);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

3. Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:

- курстық жұмыс орындалған, ұйымның атауы,

- студенттің және оқытушының тегі және аты-жөні,

- курстық жұмыстың тақырыбы, пәні

- қала және жыл.

Мұқабаны рәсімдеу үлгісі және титул беті Б және В қосымшаларына сәйкес келтіріледі.

6. Курстық жұмыстың жоспары кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды.

7. Кіріспе бөлім курстық жұмыстың өзекті мәселелерін, сонымен қатар жұмыстың мақсаты, міндеттерін, зерттелу обьектісін, теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайды.

8. Курстық жұмыстың негізгі бөлігінде, орындалған зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.

Курстық жұмыстың негізгі бөлігі ережеге сай, бөлім және бөлімшелерге бөлінеді (бөлім және параграфтар).

9. Қорытынды бөлім (тұжырым) зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген обьекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.

10. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді.

11. Қосымшаға жұмыстың зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.

.

Курстық жұмысты ресімдеу тәртібі


1. Курстық жұмыс компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, KZ Times New Roman 14.

Курстық жұмыстың мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 20 мм.

Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.

2 Курстық жұмысты әзірлеу барысында көрінген қателер және графикалық дәлсіздіктерді, тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол жерге машинамен басылған әдіспен немесе қара сиямен не қара тушпен - қолжазба түрінде түзетуге рұқсат беріледі.

3 Курстық жұмыстағы тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі.

4 Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атаулары «Жоспар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.

5 Курстық жұмысты бөлімге және бөлімшелерге бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.

6 Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет.Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

7 Курстық жұмыстың беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

8 Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.

9 Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер курстық жұмыс беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады.

А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.

10 Курстық жұмыс бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.

Мысал

1. Типтік және негізгі мөлшері

1DrawObject1

Құжаттың бірінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі

.1

1.2

1.3

2. Техникалық талаптар

2DrawObject2

Құжаттың екінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі


.1

2.2

2.3


11 Курстық жұмыстың әр бөлім жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.

12 Курстық жұмыстағы иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек.

Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.

13 Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан яғына дейін нөмірленуі тиіс. Мысалы:


Диаграмма 1. 2007 жылы жеке шоттар бойынша есептелген сомалардың жалпы сомасында салықтық тексерістер актілері бойынша қоса есептелген сомалардың үлестік салмағы.


















14 Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады.

15 Көп жол мөлшердегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды. Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.

Мысалы:

Кесте 1. 1 қызметкерге келетін қоса есептеу сомасы, мың тг


2006

2007

Ақкөл ауданы б-ша СК



Аршалы ауданы б-ша СК



Астрахан ауданы б-ша СК



Атбасар ауданы б-ша СК



Бұланды ауданы б-ша СК



Степногор қ.б-ша СК



Егіндікөл ауданы б-ша СК



Екбекшілдер ауданы б-ша СК



Ерейментау ауданы б-ша СК



Есіл ауданы б-ша СК



Жақсы ауданы б-ша СК



1 кестенің жалғасы

Жарқайың ауданы б-ша СК



Зеренді ауданы б-ша СК



Қорғалжың ауданы б-ша СК



Сандықтау ауданы б-ша СК



Целиноград ауданы б-ша СК



Шортанды ауданы б-ша СК



Щучье ауданы б-ша СК



Ақмола облысы б-ша СК



Барлығы




16 Курстық жұмыстағы формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, арап сандарымен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.

19 Пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (шаршылы) жақшаға алынады.

20 Қосымшалар осы курстық жұмыстың жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.

21 Курстық жұмыстың мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.

22 Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс.

Егер курстық жұмыс бір қосымшадан тұрса, онда белгілемей жіберіледі.

23.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 20 атаудан кем болмау керек. Нормативті-құқықтық актілер, газет-журналдар, монографиялар, оқулықтар, әдістемелік жинақтар, интернет-сайттар қолданылуы мүмкін және тізімге енгізілуі керек.













А Қосымшасы

Титул бетін рәсімдеу үлгісі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ш. Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледж









КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән бойынша:

Тақырыбы:













Орындаған:

Тексерген: оқытушы












Көкшетау, 2019



В Қосымшасы

Жоспарды рәсімдеу үлгісі


ЖОСПАР



КІРІСПЕ....................................................................................................................................3


1.КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ..........................................................................5


1.1 Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары және олардың қаржысын ұйымдастыру............................................................................................................................5

1.2 Кәсіпорындардың өзін - өзі қаржыландырудың сипаты мен мәні..............................9

1.3 Кәсіпорынның қаражат көздері және ішкі резервтер..................................................13


ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ.................................................................................................................................15

    1. «Бест-Стройкомплект» ЖШС -ң халыққа көрсететін қызметтері..............................15

2.2 Кәсіпорындардың қызметін қаржыландырудың ерекшеліктері................................23

2.3 Қазақстанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамыту жолдары.........................28


ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................................30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................................32

ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................................33























С Қосымшасы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Дарибекова А.С. Налоги и налогообложение: учебное пособие.- Караганды:Болашак-Баспа,2006

  2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі). – Алматы: “ЮРИСТ”, 2008

  3. Ақмола облысы бойынша Салық Комитетінің есебі

  4. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 08.02.2008ж.

  5. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитетінің Форумы, № 3 баспасөз-түйін, 21.02.2008ж.

  6. А. Бурамбаева, начальник УМ НК МФ РК, Изучаем практический опыт работы налоговой службы Соединенных Штатов Америки

  7. www.salyk.kz- Салық заңнамасындағы жаңалықтар бөлімі











































D Қосымшасы

Қосымшаны рәсімдеу үлгісі


Диаграмма 2. 2007 жылы 1 тексеріске қоса есептеу сомасы
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қараша
1362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі