жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Л» дыбысын сөзде, сөйлемде дағдыландыру
«Түпқараған психологиялық –пелагогикалық түзеу қабинеті»
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Л» дыбысын сөзде, сөйлемде
дағдыландыру

Дайындаған: логопед Абдижамиева А.С.
Ақшұқыр - 2020ж
Оқу іс-әрекет тақырыбы: «Л» дыбысын сөзде, сөйлемде дағдыландыру
Оқу іс-әрекеттің мақсаты:
Білімділік: баланы күз мезгілінде пісетін жемістермен таныстыру. Жемістердің түсін, дәмін, пішінін көрсету. «Л» дыбысы бойынша білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: баланың тыныс алуын, дауыс күшін реттеу. «Л» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру, ауызша сөйлеу тілін,танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: баланы ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекеттің әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, мадақтау.
Оқу іс-әрекеттің көрнекіліктері: жемістер, жемістердің суреттері, карточкалар,айна, қима суреттер.
Оқу іс-әрекеттің барысы
І. Ұйымдастыру
Шыңғысхан салем! Қане қонақтармен сәлемдесейік. Сәлеметсіз бе!
Армысың, ардақты Аспан-ата!
Армысың, мейірімді Жер-ана!
Армысың, шұғылалы алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін,
Қуант бізді таңырқап,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
-
Күліп шықты күн бүгін
(Партада отырып)
Балаға сұрақ қою.
- Шыңғысхан қалың қалай?
- Шыңғысхан сенің мамаңның аты кім?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Ауа-райы қандай болады?
- Дұрыс, бүгін біздің сабаққа алыстан қонақ келді, қане жұмбақ шешіп ол кім екен табайық?
Сылдырдан
қорқады,
Шошынып
жортады.
(Қоян)
-
Жарайсың Шыңғысхан, Міне бізге қонаққа қоян келді. Ол өзімен бірге сиқырлы дорбасын алып келіпті, оның ішінде көптеген тапсырмалары бар екен. Оны дұрыс орындасаң, ол саған сыйлығын дайындап қойыпты.
Қане дорбасны ашайық, 1ші тапсырманы орындап көрейік.
Тапсырма-1
Тыныспен жұмыс.
Балаға тыныс алу жаттығуын орындату. Гүлді иіскеу. Көбелекті үрлеп даусын шығару.
Тапсырма-2
Дауыспен жұмыс.
Ендеше дауыс жаттығуын орындату. Шарты қызыл телпек орманда адасып кетті. Ол қорқып достарын іздеді. Ол достарын қалай шақырды? Кәне шақырып көмектесейік. (АУУУУУ- жәй, дауыстап, қатты)
Тапсырма-3
Артикуляциялық жаттығуды еске түсіру және артикуляциялық жаттығулар орындау.
Енді қоян бізге тілге арналған артикуляциялық жаттығуларды ұсынып отыр, қане бірге орындап көрейік. («Кесе», «Тәтті тосап», «Ине»)
сурет (айнаның алдында отырып)
Балаға «Кесе», «Тәтті тосап», «Ине» жаттығуларын жасату.

-
Шыңғысхан бұл жаттығулар қандай дыбысты дұрыс айтуға жасадық?
-
«Л»дыбысын
-
Жарайсың. Бұл тапсырманы да дұрыс орындадық
Тапсырма-4
- Шыңғысхан қане дорбаны тағы да ашып көрейік, қоян бізге келесі қандай тапсырма ұсынған екен.
«Л» дыбысын машықтандыру.
(жеке, сөздің басында, аяғында, буында,сөзде дағдыландыру)
Л-л-л, Ла-ла-ла. ал-ал-ал.
Лас,лас,лай.
Ал.ол,сол,жол.
Ла-ла-ла-бала.
Ла-ла-ла-дала.
Ал-ал-ал-самал.
Ал-ал-ал-марал.
Алма, лимон,балық, жылан, құлпынай,қылыш.
-
Тамаша, тапсырманы жақсы орындадың.
-
Айнаның алдында тілге тіс щеткасымен массаж және кушеткада жаққа массаж жасау.
Тапсырма-5
Сергіту жаттығуы:
Біз гүлдерше өсеміз ,
Жапырағы жайқалған .
Сабақтары салалы ,
Желмен бірге жайқалған.
Дидактикалық ойындар:
1)«Дәмін тат» Жеміс жидектердің иісін искеп,дәмін тату. (алма,лимон.)
2) «Қорапшада не бар?» Шарты: қорапшада берілген корточкадағы суреттерді алып, ол сөзде Л дыбысы бар немесе жоқ екендігін анықтау және ондағы дыбыстың сөздегі орнын анықтау.
Жарайсың, Шыңғысхан!
ҮІІ. Мәтінмен жұмыс
Қазір күз мезгілі. Күз мезгілінде жемістер піседі, олар: алма, алмұрт, қауын, қарбыз, шие сонымен қатар басқа да жеміс-жидектер пісіп жетіледі.
ҮІІІ. Саусақпен жұмыс
Қызыл моншақ, көк моншақ,
мен ойнаймын, көп моншақ.
ІХ. Қорытынды
Жарайсың, Шыңғысхан! Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Шыңғысханның жауабы: Ия. Сау бол!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген