Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Л» дыбысын түзетуге арналған топтық сабақтардың бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дыбыстарды түзету жұмысы кезең-кезеңімен жүргізіледі және оны 4 негізгі кезеңге бөліп қарастырамыз: дайындық кезеңі, дыбысты қою кезеңі, дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі және ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі. Әр кезеңнің өзінің мақсаты мен міндеттері бар. «Л» дыбысын түзетуге арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар аталған 4 кезеңнің мақсат-міндеттерін негізге ала отырып құрастырылған
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Бекітемін»

Мектеп директоры ___________ «_____»___________2024ж









«Л» дыбысын түзетуге арналған топтық сабақтардың бағдарламасы




















Түсінік хат


Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығының бастауыш білім беру деңгейінің үлгілік оқу бағдарламалары мен оқулықтарының мазмұнындағы ортақ тақырыптары және дыбыс айту бұзылыстарын түзету кезеңдерін (Қ.Қ.Өмірбекова, Г.Б.Ибатова) негізге ала отырып құрастырылды.

Дыбыстарды түзету жұмысы кезең-кезеңімен жүргізіледі және оны 4 негізгі кезеңге бөліп қарастырамыз: дайындық кезеңі, дыбысты қою кезеңі, дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі және ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі. Әр кезеңнің өзінің мақсаты мен міндеттері бар. «Л» дыбысын түзетуге арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар аталған 4 кезеңнің мақсат-міндеттерін негізге ала отырып құрастырылған.

Дайындық кезеңінің негізгі мақсаты – дыбысты дұрыс қабылдап, қайталауға қажетті сөйлеу-есту және сөйлеу-қимыл анализаторларын дайындау. Бұл кезеңде дыбыстың артикуляциялық қалпын, бағытталған ауа ағынын және фонематикалық есту қабілетін дамыту, тірек дыбыстар бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Дыбысты қою кезеңінің мақсаты – жеке дыбысты дұрыс, анық айтуға үйрету. Аталған кезеңде жаттықтырылған артикуляциялық аппарат мүшелерінің қозғалыстары мен қалпын біріктіру, дыбыстың артикуляциялық базасын жасау, ауа ағыны мен дауысын қосу, жеке дыбысты дұрыс айтуға дағдыландыру жұмыстары жүргізіледі.

Дыбысты машықтандыру кезеңінің негізгі мақсаты – дыбысты фразалық сөйлеуінде дұрыс айтқызуға қол жеткізу. Жұмыстың мазмұны – қойылған дыбыстың жеке айтылуын, кезектілікпен буындарда (ашық, жабық, тұйық), сөздерде (сөздің басында, ортасында, аяғында), сөз тіркестерінде, сөйлемдерде (жай және құрмалас сөйлемдерде, жаңылтпаштар мен жұмбақтарда), байланыстып сөйлеу тілінде және өзіндік сөйлеуіне енгізу.

Дыбысты ажырату кезеңінің мақсаты – шатастырып немесе алмастырылып айтылатын дыбыстарды ажыратуға үйрету, өзіндік сөйлеу тілінде оларды дұрыс қолдануға дағдыландыру. Жұмыстың мазмұны шатастыратын немесе алмастыратын дыбыстарды артикуляциялық және акустикалық белгілері бойынша ретімен ажырату,алдымен жеке дыбыстарда, буындарда, сөздерде, сөйлемдерде, жұмбақ-жаңылтпаштарда, өзіндік сөйлеу тілінде ажырату. Дыбыстарды ажырату бойынша жүргізілетін жұмыс келесі бағыттарды іске асырылады: естіп ажыратуын дамыту, дыбысты айтып ажыратуын бекіту, фонематикалық талдау мен жинақтау дағдыларын дамыту.









Жұмыстың бағыты.

Мақсат және күтілетін нәтиже

Жетістіктерін белгілеу

+ немесе –

Ескерту

1

I. Сөйлеудің фонетикалық-фонематикалық құрамы

1. [Л], дыбысын қою және дыбыстарды автоматтандыру.

[Л] дыбысын буындарда, сөздерде, сөйлемдерде, байланыстырып сөйлеу тілінде машықтандыру. Л дыбыстарын ажырату.

2. Дыбыс пен әріпті ажырату;

  • Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату (дыбыс сызбасы);

  • Дыбыстық-әріптік талдау мен жинақтау дағдыларын дамыту;

3. Дыбыстық-буындық талдауын дамыту.

  • сөздегі бірінші және соңғы буынды, дыбысты ерекшелеу;

  • сөздегі дыбыс, буындардың реттілігін анықтау (дыбыс, буын сызбасы);

  • фонематикалық қабылдауын дамыту;

  • буын, сөзді буынға бөлу; дауысты дыбыстардан буын құрау дағдыларын қалыптастыру;



2

II. Лексиканы дамыту (өзінің сөйлеуі және түсіну).

  1. Оқулықтағы жаңа сөздермен жұмыс: Менің отбасым (ата, әже, ана, әке, іні, қарындас, аға, әпке, отбасылық мерекелер), менің мектебім (кітапхана, асхана, сынып, спортзал), менің мекенжайым (қала, ауыл, көше), Қазақстан қалалары, жемістер (алма, алмұрт, қара өрік, жүзім, өрік, көкөністер (қызанақ, қияр, картоп, сәбіз, бұрыш, асқабақ, орамжапырақ), менің достарым, жыл мезгілдері, апта күндері, күн тәртібі, үй жануарлары, жабайы жануарлар, санамақтар мен жаңылтпаштар, ҚР мемлекеттік рәміздері.

  2. Мағынасы қарама-қарсы сөздер: ауыр-жеңіл, ұзын-қысқа, алыс-жақын, қымбат-арзан, қалың-жұқа, үлкен-кіші, биік-аласа, артық-кем.



3

III. Грамматикалық құрылымын қалыптастыру

(өзінің сөйлеуі және түсіну).

  • Сөйлем мен сөз.

  • Сөйлем. Сурет бойынша сөйлем құрастыру;

  • Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру;

  • Сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық модельдерін құру;

  • Қарапайым сұрақтарға жауап беру, сюжетті суретке қарап мәтін құрастыру;

  • Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау;





Педагог-логопед


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2024
142
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12