жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Лабиринт, виртуалды лабиринт. Лабиринттен шығу алгоритмдерін құру
|
Күні: Сыныбы: 5 |
Мектеп: «Атамекен орта мектебі» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Гайыпбергенова Т |
||||
|
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Лабиринт, виртуалды лабиринт. Лабиринттен шығу алгоритмдерін құру |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.3.2.3. орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіру 5.3.2.2.алгоритмді сөз түрінде ұсыну |
||||
|
Оқу мақсаттары |
|
||||
|
Жетістіктер критерийлері |
Барлық оқушылар |
||||
|
|||||
|
Оқушылардың басым бөлігі |
|||||
|
Түсінеді, талдайды, білімін қолданады: әртүрлі лабиринттермен жұмыс жасауды, лабиринттерден шығу алгоритмін құруды үйренеді. |
|||||
|
Кейбір оқушылар |
|||||
|
Білімін жинақтайды, рефлексия жасайды: лабиринттердің қолданылуы олардан шығу алгоритмдерін құруды үйренеді. |
|||||
|
Өткен тақырып |
«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы өткен тақырыпты қайталау. |
||||
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер |
СТО, «Ыстық орындық», «Инсерт», «Ой шақыру», «Миға шабуыл». |
||||
|
Қолданылатын ресурстар |
Флипчарт, оқулық |
||||
|
Пәнаралық байланыс |
Математика, тарих |
||||
|
Жұмыстың түрлері |
Тапсырмалар, қосымшалар |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті (нәтижесі) |
||
|
І кезең |
|||||
|
Ұйымдастыру кезеңі |
Шаттық шеңбері «Бір-біріне жақсы тілектер айту...» жалғастыру. |
Сынып оқушыларының зейінін сабаққа аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Топтастыру. |
Сыныптың оқушылары шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілектерін айтады. «Лабиринт», «Алгоритм» атауларымен екі топқа бөлінеді. |
||
|
Үй тапсырмасын тексеру |
«Инсерт» әдісі бойынша өткен тақырыпты тексеру. Сөздік алгоритм дегеніміз не? Сөздік алгоритмнің кемшіліктері мен артықшылығы. Сөздік алгоритмге мысалдар келтіру. |
Өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды. |
Мұғалім берген сұрақтарға жауап береді. |
||
|
Қызығушылығын ояту, мәселе қою |
Көпір тапсырмасы «Ой қозғау» әдісі бойынша сұралады. Алгоритм қандай түрде берілуі мүмкін? Алгоритмнің жазылу жолдарын атаңдар? |
Оқушы жауаптарын тыңдайды. Қосымша сұрақтар қою арқылы толықтырады. |
Көпір тапсырмаларында берілген сұрақтарға әр топ сыни тұрғыдан ойлау арқылы жауап береді. |
||
|
ІІ кезең |
|||||
|
Теория бойынша «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тапсырмалары (топтық жұмыс, презентация, мұғаліммен бірге талдау) |
Мазмұнды сызбамен (постер) жұмыс. Әр топқа берілген «Лабиринт, виртуалды лабиринт» мазмұнды сызба дайындау және қорғау тапсырмасы беріледі. Оқулықтағы тапсырмалар: «Білу» тапсырмасында сұрақтар қойылады. «Түсіну» тапсырмасында сыни сұрақтар қойылады. «Талдау» тапсырмасында қарапайым және виртуалды лабиринттерді салыстырады. «Жинақтау» тапсырмасында кесте бойынша бос орындарды толықтырады. |
Жаңа сабақты меңгерту мақсатында жаңа ұғымдармен, материалдармен таныстыру, слайдтар көрсету арқылы қосымша мәліметтер беру. Әр қадам тапсырмаларына нұсқау беру, тексеру. Топ бойынша жасалған жұмыстарды тексеру. |
Оқушылардың мұндағы мақсаты-берілген тапсырмаларды қатесіз, топпен бірлесе отырып орындау.
Оқулықпен жұмыс жасау. Қадам тапсырмаларын дұрыс орындау, тексеру. |
||
|
Сергіту сәті |
Сергіту жаттығуын жасау. |
Оқушылармен бірге сергіту жасау. |
Интербелсенді тақтадағы бейнероликтердегідей жаттығу жасайды. |
||
|
ІІІ кезең |
|||||
|
«Қолдану» және «Бағалау» тапырмалары |
«Миға шабуыл» әдісі оқулықтағы 5-6 қадамдық тапсырмаларды орындау. «Қолдану» тапсырмасында берілген лабиринттен шығу жолын анықтайды, алгоритм құрады. «Бағалау» тапсырмасында лабиринттің адамға пайдасы туралы ой бөліседі. |
Тапсырмаларды тексеру, білмеген жағдайда бірлесе отырып орындату. |
Тақырып бойынша алған білімдерін практикада қолдану. Теориялық білімін бекіту арқылы біліктілігі қалыптасады. |
||
|
Бағалау, кері байланыс (бағалау парағы бойынша) |
Оқушылар өздерін көңіл күй смайликтері арқылы бағалайды. |
Мұғалім жауаптарды тексеріп, дұрыс нәтижелерін тақтадағы кестеге белгілегенін, бағалау парағына бағаларды қойғанын бақылайды. |
Өзінің дұрыс жауабы бойынша тексеріп, тақтадағы кестеге тіркейді. |
||
|
Үй тапсырмасы: §18-19-ды оқу. Лабиринт туралы қызықты мәліметтер тауып келу. |
Оқушыларға бағдар беру, түсіндіру, үй тапсырмасының қалай орындалу керектігіне шолу жасау. |
Оқушылар үй тапсырмасын орындайды. |
|||
|
Қорытынды: Сабақтың соңына дейін әр оқушы қадам тапсырмаларын үлгергенінше орындайды, қалғанын үйге алады. Сабақтың соңғы үш минутында сыныпта жинаған балл санын әр оқушы өздерінің жеке бағалау парағына белгілейді. Оған келесі сабақтың басында үйде жинаған балы қосылып, барлық балл саны мониторингке тіркеледі, сәйкес бағасы сынып журналына қойылады. |
|||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген