400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Лабораториялық жағдайда шегіргүлдерді микроклониальды әдіспен көбейту

Материал туралы қысқаша түсінік
Микроклональды көбейту қазіргі таңда АҚШ, Ресей, Голландия, Польша, Франция, Жапония, Тайланд мемлекеттерінде кеңінен қолданылады. Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының б.ғ.к. С.В. Кушнаренко жетекшілігімен шаруашылыққа қажетті бағалы өсімдіктердің биотехнологиялық әдістері жасалынды және олардан әртүрлі вирустан сауыққан көшеттер алынды. Оларға әсемдік үшін өсірілетін өсімдіктер, жеміс-жидектер, дәрі-дәрімектер, техникалық өсімдіктер жатады. Апикальдық меристеманы өсіру әдісі – өсу конусының ең жоғарғы ұшынан бір немесе екі алғашқы жапырақ бастамасы бар оқшауланған бөлігін залалсыздандырылған қоректік ортада өсіру әдісі. Бұл тәсіл вегетативтік жолмен, яғни жыныссыз жолмен көбейетін өсімдіктерге қолайлы болып келеді. Апекс – өсу конусының ең жоғарғы ұшы. Апикальды меристеманы өсіру әдісімен бірге термоөңдеуді, хемотерапияны және вирустарды сарапқа салуда табысты қолданылады. Егерде апекс бөлініп алынатын өсімдікті жылумен өңделсе, онда вирус болмайды. Ал сол мерист
Материалдың қысқаша нұсқасы
Лабораториялық жағдайда шегіргүлдерді микроклониальды әдіспен көбейтуҚарапайым үй жағдайында өсімдіктерді өсіру үшін олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температура, ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Өсімдіктердің жайқалып өсуі үшін оны қалай суаруды да білген жөн. Әдетте үй өсімдіктерін өсірушілер оған суды көп құяды, соның салдарынан тамыры шіриді. Өсімдікке құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5-7 градус жоғары болуы керек. Ол үшін өзен, жаңбыр, қар, тоған немесе құбыр суын пайдалануға болады. Құбыр суын хлорынан тазартып алу үшін алдын ала ыдысқа құйып, тұндырып қояды. Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбіне ағуы тиіс.


Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аққан суы сол бойда, ал жеңіл топырақтың артық суын 30 минуттан немесе 1 сағаттан кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің табандығында үнемі су жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онда топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Гүлге су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп тұруы қажет. Пиязға, бүлдіргенге су құйғанда оларға су тимеуін қадағалау керек. Өсімдіктерді әсіресе күн ыстықта бүркіп суару қажет. Өсімдіктердің аптасына бір рет жапырақтарын жұмсақ матамен немесе мақтамен жуып отырады, өйткені жапырақтың көздерін шаң басып, ауруға тез шалдығады.Үй өсімдіктері үшін ең қолайлы ыдыс кәдімгі жайпақ тәрелке мен қыш тостақ болып табылады. Олардың қабырғалары кеуекті болғандықтан өсімдіктің тамырына оттегі оңай жетеді. Металл не сырланған ыдыстарды пайдалануға болмайды. Кактустар мен басқа сукуленттерді өсіру үшін пластмассадан жасалған ыдыстарды пайдалануға болады. Өсімдіктің ауруға шалдығуын болдырмау үшін алдымен ыдысты ыстық сумен мұқият жуады, содан кейін дезинфекциялайды.Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жапырағы солғанда не тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмап алғанда ғана көшеттеп отырғызады. Отырғызар алдында кесек топырақ жібігенше, су құю керек. Топырағын алмастырып отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді.Көшеттеп отырғызу жұмысын әдетте наурыз, сәуір айларында жүргізеді. Өсімдікті көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақты таяқшамен, не саусақпен нығыздап су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдікке су құяды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйде) қояды. Шикі етті жуған су өсімдікке жақсы тыңайтқыш болып табылады.Микроклональды көбейту қазіргі таңда АҚШ, Ресей, Голландия, Польша, Франция, Жапония, Тайланд мемлекеттерінде кеңінен қолданылады. Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының б.ғ.к. С.В. Кушнаренко жетекшілігімен шаруашылыққа қажетті бағалы өсімдіктердің биотехнологиялық әдістері жасалынды және олардан әртүрлі вирустан сауыққан көшеттер алынды. Оларға әсемдік үшін өсірілетін өсімдіктер, жеміс-жидектер, дәрі-дәрімектер, техникалық өсімдіктер жатады.Апикальдық меристеманы өсіру әдісі – өсу конусының ең жоғарғы ұшынан бір немесе екі алғашқы жапырақ бастамасы бар оқшауланған бөлігін залалсыздандырылған қоректік ортада өсіру әдісі. Бұл тәсіл вегетативтік жолмен, яғни жыныссыз жолмен көбейетін өсімдіктерге қолайлы болып келеді. Апекс – өсу конусының ең жоғарғы ұшы. Апикальды меристеманы өсіру әдісімен бірге термоөңдеуді, хемотерапияны және вирустарды сарапқа салуда табысты қолданылады. Егерде апекс бөлініп алынатын өсімдікті жылумен өңделсе, онда вирус болмайды. Ал сол меристемадан өсіп шыққан регенерант вирустан таза болады.Зерттеу жұмысымыздың мақсатына сай, біз бөлме гүлдерінің узамбар фиалкасын микроклониальді жолдармен өсіру мүмкіндіктерін зерттеумен бастадық. Фиалка ( Saintpaulia ionantha), геснериялар тұқымдасына жатады. Бұл өсімдікті Африканың Узамбар тауынан Европаға әкелген 3.1.1-сурет. Семполия аса биік емес (15-20см), шөптесін өсімдік. Жапырақтары дөңгелек, ұзындығы 8см дейін. Мәдени тұрғыда фиалканың бір түрі, яғни узамбар фиалкасы кең тараған. өсімдіктің өсуіне ең қолайлы жағдай жылу және жарық. Жазда Сенполияны 2 жылда бір көшіріп отырғызады. Көбеюі жапырақ қалемшесі арқылы және тұқымы арқылы. Ұзындығы 3-4см жанама кесілген қалемшені тамырлану үшін суға немесе тереңдігі 1,5-2см топыраққа отырғызады. Жылы сумен суарады, бетін полиэтилен пакетпен жабады. Тамырланудағы температура 20-21º болуы керек.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
705
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі