«Ләнгі тебу»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ләнгі тебу»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ләнгі тебу»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Наурыз мейрамы – 2018»

айлығының концепция жоспары бойынша

12 бөбекжай – бақшасында өткізілген іс шара

Тақырыбы: «Ләнгі тебу»

Мақсаты:

1.Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту
2.Ләңгі тебу арқылы бабаларымыз ептілікке, икемділікке, тепе-теңдікті ұстауға, өз мақсатына жетуге, жеңіске құштарлыққа баулыған.
3.Ләңгі ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін білу.

Ләңгі – көшпенді қазақтың балалары ешкінің тулағынан кесіп алған бір жапырақтай теріге немесе ешкі құйрығына оймақтай қорғасын құйып жасап, теуіп ойнайтын ойыны. Ауыл баласының бір кездері шын беріліп ойнайтын ұлттық ойындарының бірі – асық болса, екіншісі – осы ләңгі еді. Бірақ кейінгі жылдары ұмытыла бастаған бұл ойынды елордада өткен жарыс жаңа қырынан танытты десек, асыра айтқанымыз емес. Ұлттық сипаттағы нәрсенің бәріне үркіп қарап, ұлттық санадан өшіруге тырысқан Кеңес Одағы кезінде оны «бала денсаулығына зиян» деген желеумен мұғалімдер арқылы тыйым салып қудалап, мүлдем ұмыттыруға тырысқан болатын. Бұл қудалау солтүстік өңірлерде ойынды ұмыттырғанымен, қазағы қалың оңтүстік, батыс және шығыс өңірлердің қара домалақтары күздің қара суығына дейін асық атуын, күн суытқан соң осы ләңгі тебуін тоқтатқан еместі. Кей жақтарда оны жоғарыда айтқандай тулақтан жасаса, Алматы облысының балалары шүберектен жасап тебе беретін. Айырма осы болғанымен, ойын түрі барлық жақта бірдей екен. Бүгінгінің компьютер құмар баласы асқан шеберлікпен аяқтың ептілігін қажет ететін, «ләңгі» деп аталатын ойын бар екенін біле ме екен? Балалық шақтары өткен ғасырдың 70 – 80-ші жылдарында өткен аға буын өкілдерінен бұл ойын жайында сұрай қалсаң, аузының суы құрып айтып беруге дайын. Бертін, 90 - жылдардың аяғына дейін ауылдық жерлерде ойналып, кейін халық қалаға қарай үдере көш кенде ләңгі ойынының да дәурені тарқай бастапты. Себебі, ләңгі ойыны асфальтта емес, топырақта өскен ойын баласына арналған болатын. Қазір ләңгі ойнамақ түгілі, шыбықты ат қылып мінбейтін қала баласын тек «counter strike» қызықтырады.
Қазақ жерінде көктем туғанда ләңгі ойынының асқынып кететіні сондай, тіпті ол балалардың оқу үлгеріміне әсер етіпті кезінде. Совет үкіметінің білім жүйесі мұны жылдам байқап, мұғалімдерге ләңгіден шап жарығының (грыжа) пайда болатыны туралы қауесетті сіңіруге тырысқан. Бірақ оны тыңдайтын ойын баласы ма? Күн жылынып, жер кебе салысымен ләңгі науқаны қызу күшіне енген. Ол кезде ұлдарды қойып қыздардың өзі білек сыбана кірісіп кетеді екен бұл ойынға.:
– Көшеден ескі аккумуляторлар тауып әкеліп, оның ішіндегі қорғасынды ерітіп, ләңгінің түр түрін жасайтынбыз, мұғалім күніне не ше ләңгіні тартып алса, қалтамызда сонша ләңгі жүретін, – дейді ағалар.
Енді «Ләңгі қайдан шықты?» деген сұраққа келейік. Білгіш Уйкипедиа ләңгінің Орта Азия елдері балаларының арасында кеңінен таралған ойын екенін айтады және ойынның Қазақстандағы ойналу тәртібі, ережелері жайында жазады. Ғаламтор кеңістігін шарлағанымыз да ләңгі ойыны туралы аздаған деректерге жолықтық. Бұл ойын ежелгі Орта Азия жеріндегі көшпенді тайпалар арасында пайда болыпты. Ат құлағында ойнаған дала баһадүрлері үшін аяқ пен қолдан асқан қару жоқ. Тақым мен тізе мықтылығын шынықтыруға арналған арнайы жаттығу ретінде пайда болған ләңгі кейін балалар ойынына айналған.
Ләңгінің қысқаша тарихы осындай. Ол қалай болғанда да, қазаққа етене жақын ежелгі ойын. Көкпар, асық сынды ұлттық ойындарымыздың қатарында.
– Ләңгіні де сол қатарға алып, қазақ баласына қайта ұсынсақ, ұлттық мәдениетіміз байи түспесе, кедейленіп қалмас. Онсыз да қымызыңа неміс, айтысыңа армян жиендік етіп жатқан уақытта өз ұлттық құндылықтарымызға аса сақ және құрметпен қараған жөн.
Ләңгі тебу барысын көрсетіп беру:
1.«Аяқ ұшы»,
2.«Қосаяқ»
3. «Қайыру»
4.«Шанжыр»
5. Теуіп беру» ойын түрлерін көрсету
сондай ақ аяқтың ішімен және сыртымен бірдей тебу

Балабақшамыздың мектеп алды даярлық тобының балаларымен ләңгі туралы түсінік бердім. Және ойын ойнаттым.



Picture 1 Picture 2


















Picture 3 Picture 4






















Picture 7










Picture 5











Picture 6


























«№12 бөбекжай-бақшасы»














«Ләңгі тебу»




















Өткізген: Дене шынықтыру нұсқаушысы

Жумагулова М.









2017-2018 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.05.2018
2516
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі