Латиницаға
көшу
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу туралы
«Болашаққа бағдар.Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында
атап өткен болатын. Сол кезден бастап елде латын қаріпіне көшуге
байланысты бірнеше жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақ әліпбиінің
латын қаріпіне көшуі тіліміздің жаңғыруы мен жаңаруына септігін
тигізетіні сөзсіз. Латиницаға көшу барысында ұлттық мәдениетіміз
бен ұлттық кодымызды және ұлт ретінде одан әрі дамып биік
жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретіні айдан анық. Қазақ
әліпбиінің латиницаға көшуінің тағы бір басты пайдасы ол біздің
елдің өскелең ұрпақтарының әлем елдерінің жастарымен иық
теңестіруге жол ашылады. Жас ұрпаққа ағылшын тілін еркін меңгеруге
мүмкіндік береді. Осы арқылы қазақ жастары әлемдік деңгейдегі
кез-келген ақпаратты, ғаламдық өзгерістегі болып жатқан
жаңалықтарды түпнұсқада оқи алады. Әлемдегі ақпараттардың 70 пайызы
осы латын қаріпінде жазылып, таратылады. Сондықтан латын әліпбиіне
көшу рухани болмысымыз бен өркениетіміздің, қоғамдық ой-санамыздың
өзгеріп, дамуын себебін тигізері тайға таңба басқандай екені
белгілі. Сөздің түйіне ретінде «Латын әліпбиіне көшу-заман
талабы»екенін таы бір айқындай кеткім
келеді.
Кирилица
Кирилица-славян әліпбиінің бір
түрі. Кирилица грек жазуы негізінде жасалғаны мәлім.Қазіргі біздің
қолданыстағы кирилица-қазақ тарихындағы саны бойынша төртінші
әліпби. Кирилица қазақ елінде Кеңес үкіметінен бері қолданыста
жүргені анық. Орыс тілінде жоқ қазақ тілі дыбыстарының таңбаларына
ұқсастырып қазіргі қазақ әліпбиі құрылғаны белгілі.Бұл әліпбиде
қазақ халқына тән дыбыстық ерекшеліктердің бәрін толық таңбалай
алмауы сонау заманнан бері келе жатқан негізгі мәселенің бірі.
Сондықтан кирилицадан латын әріпіне көшу бүгінгі күннің басты
назарындағы мәселе. Кирилица біздің бүгінгі күнгі үйреншікті,
күнделікті қолданыстағы алфавит. Алайда, осы кирилицадан латын
әліпбиіне көшу үлкен мүмкіндіктер беретіні белгілі. Жаһандану
заманында латиница арқылы үлкен жетістіктерге жетіп, дамыған елдер
қатарына қосылуға болады.
Әліпби ауыстыру ол өз
тілімізді ұмыту емес, керісінше ана тілін дамытып, осы заманға сай
ғылыми-техникалық прогреске икемденіп, қоғамда сұранысқа ие
мемлекет болуымызға ықпал етеді.
Қостанай қаласы
әкімдігінің білім бөлімінің
№5 «А» мектеп
–гимназиясының ММ
қазақ тілі пәнінің
мұғалімі
Жангужина Фариза
Азаматовна