400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Латын әліпбиі

Материал туралы қысқаша түсінік
Күн тәртібінде тұрған осынау өзекті тақырыпты одан әрі дамытып, латын әліпбиіне көшудің тиімді жақтары мен зиянды тұстарын талдап көрсетіп жазылған мақалалар қатары күн сайын толыға түсуде. Әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып , кириллицадан латын әрпіне көшуді қарапайым халық қолдай ма, әлде қарсы ма, мұнымен санасып жатқан ешкім жоқ.Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері, бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын алфавитіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі, жиі айтылып келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

"Қостанай қаласы білім бөлімінің А.М.Горький атындағы гимназиясы"КММ

Сансызбаева Гүлжанат Әлімханқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Латын әліпбиі – көне және халықаралық әліпби. Оны ағылшындар, италяндықтар, француздар, немістер қолданады. Латындар - римдік көне тайпалар. Олардың әліпбилері біздің дәуірімізден бұрын VIII-VII ғасырларда пайда болған. Кеңес Одағы кезінде түркі тілінде сөйлейтін халықтардың арасынан шыққан көрнекі ғылым қайраткері Н.Н Нариманов араб әліпбиінен жалпы түркіге ортақ жаңа әліпбиге көшу қажеттігі жайында ұсыныс жасады. Бұл мәселе жөнінде Қазақстан ғалымдары өзара пікір алысты. Сонымен латын әліпбиі 1928-1929 жылдары Қазақстанда, Әзірбайжанда, Өзбекстанда кеңінен қолданыла бастады. Сөйтіп, 1929-1939 жылдары Қазақстанда жаңа әліпбиге көшу жазба мәдениетімізде белгілі бір тарихи кезең болды. Бүгінгі таңда қазақ оқырмандарының назарын аударып отырған өзекті пікірталастың бірі – қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру идеясына қатысты. Ұлтымыздың рухани әлемі үшін маңызды болып табылатын осынау өзекті мәселеге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі ұсыныстар, ой-пікірлер тасқыны үздіксіз орын алуда.

Соңғы кезде жаңалықтар лентасын шулатқан тақырыптың бірі -  латын әліпбиіне көшу. Бұл ұсыныс алғаш  5 жыл бұрын сөз етілгенде, алынбас қамалдай көрінгені рас. Енді, міне, жаңа әліпбидің бірнеше нұсқасы ұсынылып, халық арасында кең талқылану үстінде.   Өз басым, бұл ұсынысты толықтай қолдаймын. Себебі: 1. Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді. Кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал  дүниежүзі халықтарының 80%-ы осы әліпбиге көшкен. 2. Осының есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады.  Әрбір жаңа тіл – жаңа әлем. Оның үстіне, латын тілі – жаңа технология тілі, ғаламтор тілі.  3. 1929-1940 жылдары латын әліпбиінде жаздық. Сол замандағы ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер ұрпақ қиындықсыз оқи алуы керек. 4. Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Қандастарымызбен жақындасудың маңызы айтпаса да түсінікті. 5. Әліпби өзгерту  төл сөздерімізді жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектесіп,  қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал етеді. Бүгінде латын әліпбиі сәнге айналып үлгерді десем, артық айтқандық емес. Әлеуметтік желілерде латын қаріптерімен жазатын жастар жетіп артылады. Осы уақытқа дейін ұсынылған әліпбидің бірнеше нұсқасы қазір біршама реттеліп, жөнге келді. Әлі де қосып-алуды, толықтыруды қажет етеді, әрине. Бастысы, халық болып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жаңашылдыққа қолдау көрсетуіміз қажет деп ойлаймын. 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
337
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі