Сергетаева Роза
Касымбековна
Латын әліпбиі – мектепалды даярлық
үрдісінде
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің
кезекті Жолдауларының бірінде: "Біз алдағы уақытта да мемлекеттік
тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды
табандылықпен жалғастыра береміз.Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай
латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу
қажет.Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға
ақпараттың тіліне айналдырады "-деген
болатын.
Біз латын әліпбиіне көшу
барысында не ұтамыз, латын әліпбиі бізге не
береді?
Латынға көшкенімізде ұтатын
тұстарымызды былайша жіктеп көрсетуге
болады:
Ең алдымен,тіл тазалығы
мәселесі, қазіргі әліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың өз еркімен
қалап алмаған, кешегі бодандық жүйенің өктем саясатының әмірімен
күшпен таңылған кейбір кірме әріптерден арылып, таза казақ әліпбиін
калыптастыру бағытындағы игілікті қадам деп түсінеміз. Сондықтанда
тіліміздегі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол
арқылы қазақ тілінің таза қалпын сақтауға мүмкіндік
аламыз.
Екіншіден, латын әліпбиіне
көшу - қазақ тілінің халықаралық
дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа
технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге
тиімді жолдар ашылады. Қарапайым ғана мысал келтірер болсақ, қазір
ұялы телефондарымыздың өзінде латын қарпінде жазу оңай, ал
кириллицада қазақшаны тере алмай қиналып жататынымыз бар.Себебі,
латын әліпбиінің базасы қалыптасқан, әрі ауқымы
кең.
Үшіншіден, бүгінгі таңда
кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен.Ал
қалған мемлекеттердің көбі толықтай латын әліпбиіне көшкен. Түбі
бір түркі дүниесі негізінен латынды қолданады. Біздерге олармен
рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз
байланысты күшейтуіміз керек. Ол-табиғи іс. Сондай-ақ бүгінде
әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақтар тұратынын ескерсек,
солардың 80 пайызы латын әліпбиін қолданатын көрінеді. Демек, біз
болашақта латын әліпбиіне көшер болсақ, сол қандастарымызбен
жақындаса түсеміз. Түсіне білген қоғам үшін мұның да маңызы зор
екенін атап көрсеткім келеді.
Төртіншіден, балабақшаларда, мектептерде,
жалпы оқу үрдісінде латын әріптерін жазуды үйрететін пән -
каллиграфия (жазу өнері) деген сабақты енгізу қажет. Мұны тез арада
қолға алған жөн. Сондай-ақ, латын қарпін сауатты жазатын, оқитын
мұғалімдер дайындау қажет. Осы бағыттағы жұмыстардың бәрін тез
арада тиянақты атқара білсек, ұтарымыз мол
болмақ.
Тәуелсіз мемлекетіміз
жылдан-жылға қарыштап, өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы
дамып келеді. Қуантарлығы бүгінде мектеп шәкірттері даярлық сынып,
бастауыш сыныптардан-ақ ағылшынша үйренуде. Жастардың көбі ағылшын
тілін жақсы меңгеруде. Әлеуметтік желілерде де ағылшынша жазатын
жастардың дені күннен күнге артуда. Латын әліпбиі соған ұқсас
болғандықтан, көп кешікпей көпшілік арасында кең таралып, ауқымы
кеңейе түсетініне сенімдімін. Сондықтанда латын әліпбиіне көшуден
қорқуға еш негіз жоқ деп ойлаймын.
Қортытындылай айтқанда,
әлемдік өркениетті елдер қатарынан қалмау үшін латын алфавитін
үйрену, жаза білу және оқи білу Қазақ еліне артық болмайды.
Кейінірек біртіндеп үйрену, меңгеру арқылы өзіндік алфавитін
қалыптастыра түседі.
Латын әліпбиін мектепалды
даярлық тобындағы балдырғандардан бастасақ, әрине, дұрыс басталған
іс болады. Бастауы бар бұлақтың ұзақ ағатыны секілді жүйелі,
нәтижелі болатыны баршамызға мәлім. Оны жас шыбықты игенмен барабар
дер едім. Бұл істі атқаруда ұстаздарға зор міндет жүктеліп отыр.
Елінің ертеңін ойлаған, бейқамдықтан ада ұстаздарды бұл істе
қырағылық танытады, абыроймен орындап шығады деп сенім
артамыз!
Түркістан
облысы
Түлкібас
ауданы
Жаскешу
ауылы
№15 С.Сейфуллин
атындағы
жалпы орта мектептің
қазақ
тілі мен әдебиеті пән
мұғалімі