400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Латын әліпбиі – өркениет жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және ол әлеммен бірлесуге, ұрпағымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін игеруге, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Латын әліпбиі – өркениет жолы

Латын әліпбиіне көшу қандай да бір өзге тіл мен оның жазуын теріске шығару емес, бұл біріншіден, қазақ алфавитіне реформа жасап, оны жаңғыртуға бақытталған. Елбасы латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекіте отырып, қазақ тілінің мәртебесін әлемдік аренаға жеткізуге жол ашты. Осы жолда тілдің халықаралық мәртебесін көтеру біздің әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі. Сонымен бірге жаңа әліпби бүкіл әлем қазақтарын біріктіретін өте маңызды фактор.

Елбасы айтқандай, балаларымыздың болашағы үшін осындайшешім қабылдауға тиіспіз және ол әлеммен бірлесуге, ұрпағымыздың  ағылшын тілі мен интернет тілін игеруге, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдайтуғызады. Ал қазақ тілін жаңғыртудың басты белгісі - ол латын жазуына көшу. Президентіміз бұл жайында 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының он екінші сессиясында сөйлеген сөзінде және «Қазақстан 2050» Стратегиясында да айтқан болатын. Сонымен қатар Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру» мақаласында латын жазуына көшудің нақты жолдарын белгілеп, тиісті шараларды қолға алу керек екенін жеткізді.

Қазақстан халқының  әрбір азаматы латын жазуына көшу әлемдік өркениетке жетудің басты жолы екенін білуі тиіс. Себебі латын жазуы адамзаттың дамуындағы мықты тілдердің бірі. Ол 21 ғасырдағы ғылым мен техниканың тілі.Күні кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдап,  жаңа нұсқамен таныстырды.

«Әлемде ешбір ел өзінің жаңа әліпбиін бүкіл халық болып осылайша талқылаған емес.


Біз үшін әрбір адамның пікірін білу маңызды. Латын қарпіне көшуге байланысты Президент Әкімшілігіне 300-ден астам өтініш келіп түсті. Жастардың бұл үдерісті қолдағаны қуантады,» – деді Елбасы өз сөзінде.Бір қуантарлығы, биліктің халық талабымен санасып, алғашқы нұсқаны өзгерткені болды.

Алғашқы нұсқадағы халыққа ұнамаған ең даулы мәселе – қазақтың төл дауысты  – ә, ө, ү дыбыстарының   қос әріпті болып келуі болатын.

Жаңа нұсқада бұл талап толық шешімін тауып, енді олар бір әріппен, әріптің  үстіңгі оң жағына   белгі қойылып, апокрифпен белгіленеді.Қорытындылай келе, халық көңіліне қонымды латын қарпіндегі  жаңа әліпби жобасы дайын болды.Елбасының латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы болашақта елімізге елеулі, жақсы жағынан өзгеріс алып келеді деп ойлаймын.Алаш ардақтыларының арманы да осы болатын. Олай болса, болашағымыз өркендеп өсе берсін!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
308
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі