Латын әліпбиі қазақ тілінің
тынысын кеңейтеді
«Оқусыз білім жоқ, білімсіз
күнің жоқ» - деген дана сөзді бүгінгі таңда «Латынсыз білім жоқ,
білімсіз түгім жоқ» - деген мақалмен ауыстыруға болады. Себебі, бар
ақпарат, ғылыми жаңалықтар ағылшын тілінде, латын қарпімен жарық
көруде. Қазіргі таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес. Біз
солардың ішінен латын әліпбиіне түбегейлі көшуді жөн санап
отырғанымыз белгілі. Латын әліпбиін қолдану арқылы болашағымыз
жарқын болады деген сенімдеміз. Әрине, төте жазу немесе
кириллицамен жазылған мол мұрамыз бар екені рас, олар жаңа қаріпке
көшірілетіні анық.
Латын әліпбиі – мемлекеттік
тілдің қолдану аясын кеңейтуге зор ықпал етеді. Латын әліпбиіне
көшкен жағдайда дүниеге кең қанатын жайған ағылшын тілін меңгеру де
оңайға соғады. «Үштілдік» саясатына сәйкес ағылшын тілін меңгеру де
оңайға соғады. «Үштілдік» саясатына сәйкес ағылшын тілін білу –
заман талабы. Латын әліпбиіне көшу арқылы біз өз тілімізді
жаңғыртамыз, арыла алмай келе жатқан жат әріптерден арыламыз.
Тілімізге екінші дем береміз. Шетелмен ақпарат алмасу да ыңғайлы
болады. Латын әліпбиі турасында бұқаралық ақпарат құралдарында
көптеген мақалалар жарияланып жүр. Солардың көбі әліпбидің
енгізілуін құптап, дұрыс екендігін дәлелдеуде. Електен өткізіп
сараптайтын да, артығын алып, кемін толықтырып, жоғын жоқтап,
бүтінін түгендеп беретін де – халық. Әліпби ауыстыру, бұл –
ұлтымыздың трихындағы ең маңызды бетбұрыс болып табылады. Сондықтан
осындай жауапты қадамға әркім және баршаның атсалысқаны абзал.
Латын граикасын үйреніп алу аса қиындық туғыза қояды деп
ойламаймын. Өйткені әлем қабылдап отырған әліпбидің жаттығы байқала
қоймауы керек. Біз күнделікті өмірімізде латын графикасымен жиі
бетпе - бет кездесеміз. Тауарлардың көпшілігінде ақпараттық жазулар
латын қаріптерімен берілген. Ғаламтор мен ұялы байланысты
пайдаланушылар, әсіресе, бүгінгі жас буын өкілдері латын әліпбиін
пайдаланып та жүр. Алайда осы жұмысты жүйелеп, бір бағытқа салу
үшін қазақ тілінің түбегейлі латын әліпбиіне көшуі қажет. Жазу –
әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін
әлеуметтік мәні зор құбылыс. Ол өткенді, бүгінді және келешекті
жалғастыратын алтын көпір. Қазіргі жазуымыз бірнеше ұрпаққа білім
беріп, оларды талай биіктерге жетеледі, қазақтың әдебиетін,
мәдениетін, ғылымын көтеріп, егеменді мемлекетімізге де қызмет етіп
келеді. Бұл рас. Бірақ барға қанағат етуге болмайды. Бәсекеге
қабілетті 30 елдің қатарына ену үшін Елбасының алға қойған мақсат -
міндеттерін жүзеге асыру жолында жұмыла жұмыс істеуіміз керек.
Қазір қолға алып жатқан дүниенің бәрі біз үшін емес, келешек
жолында жасалып жатқан ауқымды іс. Олай болса, Елбасының сындарлы
саясатын қолдап, бірлік, білім, еңбекті ұштастырып, ортақ мәжеге
қол жеткізуге атсалысуымыз керек.