Материалдар / Латын әліпбиін халық арасына насихаттау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Латын әліпбиін халық арасына насихаттау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала. Оқырмандарға латын тілі туралы түсінік беру. Қазіргі кезде латын тілі графикасы өте кең белең алуда. Латын графикасын тезірек үйренуіміз үшін не істеу керек? сол туралы мақаланы ұсынамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Шілде 2021
261
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Латын әліпбиін халық арасына насихаттау

Қоғамда белгілінеген өзінің тілді насихаттау жоспарындағы дүниелерді,яғни ақпараттандыруы бар заттарды тек латынға ауыстыра салады. Ал қалған нәрсе өздігінен шешіледі, артық үстеме жұмыстарды жасап қажеті жоқ. Соның маңыздысы, біздің елде оқытушыларды даярлау жұмысы болып табылады. Оқытушылар өздеріңіз білетіндей үлкен ресурс болып табылады. Қазіргі таңда оқытушыларға жағдай жасалған. Қала,облыс, аудан орталықтарында оларға білім беру ұйымдары жұмыс жасап жатыр, атап өтсек, “Атамекен” ұлттық палатасы бір жақсы бағдарламаларды жүзеге асырып жатыр. Олар оқытушыларды бас кеңсесінде оқытып ,дайындап алып, ал білім алған оқытушылар әртүрлі жергілікті жерлерге барып, қала, облыс, аудан орталықтарында өзі алған білімімен басқа сол жерде тұратын оқытушыларға үйретеді. Бұрын Кеңес одағы кезінде, барлығын шақыртып оқытатын еді. Ал қазір оқытушыларға осы латын әліпбиін меңгеру өте оңайға түсіп отыр. Осы латын тіліне келгенде барлық дүниелер, мысалға алатын болсақ, мемлекеттік ұйымдар, жеке меншік ұйымдары, әркім өз үлесін қосса, үлкен жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Атамекен ұлттық палатасында бұл қызметтерді атқару үшін, ресурстар жеткілікті. Латын әліпбиін еңгізу барысында ақпараттандыру өте үлкен рөл атқарады.

Менің өзімнің жеке ойым, егер біз биыл 5 сыныпты оқытуды бастасақ, латын әліпбиімен оқытуды, сонда ғана Елбасымыз айтқандай, 2025 -шы жылдарға дейін жастарды толық латын әліпбиімен қамтамасыз етеміз. Осы мәселені қазірден бастап қолға алатын болсақ, қазақ тілінің әлемдегі, дүниежүзіндегі қазақтарға жеткізетін пайдасы бар. Қазір әлемде дүниежүзіндегі қазақтар әртүрлі әліпбиді пайдаланады. Қытайда араб әліпбиін, Түркияда латын жазуын пайаланады. Енді бұл дүниежүзіндегі қазақтарды бірізділікке әкелетін еді. Қазақстаннан шыққан баспа өнімдері бір ізбенен дүниежүзіндегі қазақтарға таратылатын еді. Сол арқылы қазақ тілінің көлемін кеңейтетін едік және баспа өнімдерінің де қазақтың тарихын, әдебиетін бүкіл дүние жүзіне жеткізуге болар еді. Оқулықтар шығару мәселесі, сосын мына қоғамда психологиялық тұрғыдан латын әліпбиіне көшуге дайындау, сол кезде визуальды ақпараттарды латынға ауыстыру процесі жүреді. Өздеріңіз білетіндей, жарнама, маңдайшалар, көптеген дүкен атаулары, банк атауларын қазірден бастап латын әліпбиіне ауыстырып қойсақ, халық өзі күнделікті өмірде көретін болса, біз тез қалыптасып кетіп, қоғам тез дайындалады деп ойлаймын. Халықтың арасында түсіндірме жұмыстары жүрзілсе, өте бір жақсы көрсеткіш болатын еді.

Тағы бір атап өтетін жайт бар, біз қазір әлемдік деңгейде электрондық жүйеге, цифрландыруға көшкеннен кейін, бұл латын әліпбиіне көшу- Біздің мемлекетіміз үшін өте тиімді болатын еді. Қазір біз дәл уақытында жүзеге асырып жатырмыз деп ойлаймын. Латын әліпбиі мемлекет үшінде өте үлкен, сапалы нәтижелі жетістіктерге қол жеткізеді деген ойдамын.

Ең бастысы, ақпараттандыру жүйесі халық арасында жақсы жүріп, қазірден бастап көзімізді үйрете беруіміз керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!