Латын әліпбиіне көшу.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Латын әліпбиіне көшу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын әліпбиіне көшу – ұлтымыз үшін маңызды әрі өзекті мәселе болып саналады. Латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады, яғни, болашағы зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Латын әліпбиіне көшу.

Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз.  Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек деген болатын. Осы орайда, мектеп оқушыларына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» тақырыбында практикалық жұмыстар мен кездесу сағаттарын жүргізіп келеміз. Қазақ тілінің алфавитін латын әлипбиіне көшіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесіне алаңдаушылық тудырып отырғандар бар. Бірақ бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білеміз. Елінің болашағын ойлаған әр азамат, зиялы қауым өкілдері, әртүрлі мамандық иелері латын әліпбиіне қатысты өз көзқарастарын білдіріп, ой бөлісіп жатыр. Дегенмен, мәселенің байыбына терең бармай, әліпби өзгертуді бұрынғы кирилл әріптерін латын әріптерімен ауыстыра салу деп түсінетіндер де бар. Егер бұлай түсінсек, яғни қазіргі 42 әріпті латын әріптерімен жай ғана алмастыра салсақ, одан ештеңе өзгермейді. Сондықтан, әліпбиді латынмен алмастырғанда ұтатын тұстарымыз мыналар:  біріншіден,  тіліміздегі орыс тілінен енген я,ю,ь,щ,э дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.  екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Латын әліпбиіне көшу – ұлтымыз үшін маңызды әрі өзекті мәселе болып саналады. Латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады, яғни, болашағы зор. Сондықтан Елбасының шешімін қолдап, оның әрі қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет. Уақыт талабымен санассақ, бұл дегеніңіз жаңа саты, жаңа үдеріс, жаңа дәуір болып саналады деп ойлаймын.Осы уақыт ішінде барлық қоғаммен талқыланған жаңа әліпбидің нұсқасы халықтың қолдауын алып, оң нәтижесін берді. Иновациялық даму мен жоғарғы технологияның әліпбиіне айналған латын қарпіне көшу – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруді мақсат тұтқан үдемелі индустрияландыру саясатына тың серпіліс беретініне халқымыз толық сенеді.

Қостанай қаласындағы Ғафу Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Муканова Гульбану Мукашевна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2019
551
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі