400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Латын әліпбиіне көшу – нағыз халықтық ұйғарым.

Материал туралы қысқаша түсінік
#QostanaiLatyn. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру бұл, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар бойғы арман-мұраты жүзеге асқан тарихи күн. Иә, шын мәнінде, ұзақ жыл бодандықтың бұғауында, саясаттың салқынында қалған Қазақ елі үшін кириллицадан құтылып, әлемдік өркениетке негізделген латын әліпбиіне көшу ежелгі арман болғаны даусыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Латын әліпбиіне көшу – нағыз халықтық ұйғарым.


«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру бұл, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар бойғы арман-мұраты жүзеге асқан тарихи күн. Иә, шын мәнінде, ұзақ жыл бодандықтың бұғауында, саясаттың салқынында қалған Қазақ елі үшін кириллицадан құтылып, әлемдік өркениетке негізделген латын әліпбиіне көшу ежелгі арман болғаны даусыз. Жалпы, кириллицадан латын алфавитіне көшу – еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері көтеріліп келе жатқан мәселе.

Зерттеушілердің сөзінше «бұған бір таңбаны екіншісіне ауыстыра салу деп емес, жазу реформасы деп қарау керек».

Латын әліпбиіне көшкенде ұтатын тұстарымыз мыналар:

Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі, яғни тіліміздегі жат дыбыстарды таңбаларды қысқартып, қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.

-Екіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге, яғни компьютерлік жаңа технологиялар кеңістігіне шығуына жол ашады.

-Үшіншіден, жалпы түркі дүниесі негізінен латын әрпін қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты күшейтуіміз керек.

Мемлекет басшысы ерекше атап көрсеткен латын әліпбиіне көшу мәселесі бұл – бүгінгі қазақ қоғамына тың серпін беретін кең ауқымды жоба. Өйткені тілдің тәуелсіздігі ұлттың рухани жетілуіне айтарлықтай мол септігін тигізеді. Осы ретте латын әліпбиінің алар орны ерекше екені айтпаса да түсінікті. Сол арқылы біз, әлемдік үдеріске, технология тіліне, тұтас түркі әлеміне жақындай түсеміз. Осылайша, әлемдік деңгейдегі сабақтастығымыз нығая түспек.

Сондықтан Елбасы көтерген осы тың мәселелердің үшінші жаңғыруды бастап кеткен Қазақстан сияқты ел үшін маңызы аса жоғары. Қысқаша айтқанда, тарихымыз бен қазіргі күнімізді, бүгініміз бен болашағымызды сабақтастыра білсек, рухани тұтастығымыз бен тыныштығымыздың негізі беки түседі.


#QostanaiLatyn



Уәли Әсел Қайрханқызы

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Чапаев негізгі орта мектебі» КММ

Қостанай қаласы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қараша
401
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі