400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Латын әліпбиіне көшу-ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадам.

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасымыз жолдауында латын қарпіне көшудің қажеттілігі жөнінде: Біз 2025 жылдан бастап өз әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл- ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Латын әліпбине көшу-ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадам»


Елбасымыз  жолдауында латын қарпіне көшудің қажеттілігі жөнінде: Біз 2025 жылдан бастап өз әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл- ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз,- деген болатын. Бұл мәселенің маңыздылығы ғылым-білімге, мәдениет пен өнерге сондай-ақ саясат пен техникаға қатысты ақпараттардың басым бөлігінің осы әліпби негізінде таралуында жатыр. Демек, біз латын графикасына көшу арқылы әлемдік өркениет көшіне ілесіп, еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына  қосылу жолын жақындатамыз. Әлем елдерінің озық тәжірибесі мен ғалымдардың пікіріне сүйенсек, бұл мәселе бізге аса қиынға соқпайды. Оның үстіне қазіргі білім саласындағы жасалып жатқан  реформалар мен жаңартылған білім мазмұны латын әліпбиіне көшу үдерісін жеңілдетері хақ. Оған дәлел, бастауыш сыныптан бастап қолға алынып жатқан тілдердің үштұғырлығы.
  Бүгінде  Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 18 қарашадағы №  19-4105 тапсырмасы негізінде әліпбиді жетілдіру жөніндегі  тапсырманың толық орындалып, белгіленген тәртіппен бекітілгенге дейінгі кезеңде латын графикасына негізделген әліпбимен жазу уақытша тоқтап тұр. Десе де елімізде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру реформасы ҚР Үкіметі бекіткен үш кезеңнен тұратын ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес бекітілді. Әрбір кезеңде атқарылатын шаралар жоспарланып, мақсат-міндеттер айқындалды. Реформаны жүзеге асыру үшін қажетті материалдық, техникалық, кадрлық, т.б. алғышарттар қарастырылды. Әлемдік өркениет көшінен қалмай, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көтерілуін қаласақ, латын қарпін қолданысқа енгізуді қолдағанымыз жөн. Небір қиын-қыстау кезеңдер мен сын сағаттарды басынан кешірген халқымыз бұл істен де абыроймен өтетініне сенеміз. Бастысы жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізіп, халқымыздың бойына сенім ұялату, қаншалықты маңызды іс екендігін ұғындырып, ұсыныс-пікірлерді қаперге алу болмақ.

Жалпы айтқанда, Қазақ елінің латын әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалып жатқан маңызды қадамдардың бірі деп білемін. Латын таңбасындағы қазақ әліпбиінің қабылдануы еліміздің тұтастығын ұстап, жаһандық деңгейде дамуы үшін қажет.Латын негізіндегі қазақ әліпбиі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге ықпалын тигізеді. Осы орайда «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» дегендей қазақ тілін дамыту бағытындағы кешенді жобаларды табандылықпен жүзеге асыра отырып, дәріптеуіміз керек.


«Қостанай қаласы білім бөлімінің

№ 8 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі :Әнуханова Айдана Бейсенқызы










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
422
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі