Латын әліпбиіне көшу-заман
талабы
№73 негізгі орта
мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі
З.К.Искакова
«Мемлекет өз тарапынан
мемлекеттік тілдің
позициясын нығайту үшін көп
жұмыс атқарып келеді.
Қазақ тілін кеңінен қолдану
жөніндегі кешенді шараларды
жүзеге асыруды жалғастыру
керек. Біз 2025 жылдан бастап
әліпбиімізді латын қарпіне,
латын әліпбиіне көшіруге кірісуі-
міз керек. Бұл – ұлт болып
шешуге тиіс принципті мәселе.».
Н.
А. Назарбаев
ХХ ғасыр
аяғынан ХХІ ғасырда Қазақстан
республикасы үшін үлкен өзгерістер еңгізіліп жатыр. Әлем қаншалықты
дамыса, Қазақстан республикасы көштен қалмай іргелесіп соншалықты
дамып келеді. Еліміздің алға қояр мәселелерінің бірі ол латын
әліпбиіне көшу.
Қазақ халқы сонау XVIII
ғасырдың басынан бері Ресей патшалығы қол астына кіргеннен бастап
білім беру , ағарту саласында үздіксіз өзгерістерді «орыстандыру»
саясатының барысында толып жатқан қиыншылықтарды бастан кешті.
Кеңес өкіметі орнаған ХХ ғасырдың бірінші жартысында ағарту ісінде
үлкен маңызға ие болған халықты жаппай сауаттандыру және білім беру
жүйесінде реформалар жасады. Бұл реформалаудың негізінде қазақ
алфавитін ауыстыру 2 рет өзгертілді. 1929 жылы араб жазуының латын
жазуына көшуі болды. Бұл шешім 1924 жылы үкімет қабылдап қойған
шешімі еді.осының негізінде латын әлібиі жасалды. Қазақ тіл
білімінің, әліпбиінің негізін салған бірегей ғалым А. Байтұрсынұлы:
«Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден
артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек
болса, жаза білу керектігі одан да артық», - деген
болатын.
1924 жылы А. Байтұрсынов араб
әрпінің негiзiнде жасалған қазақ әліпбиін
жетiлдiрдi. Жетiлдiрiлген араб әліпбиі қазақтарға
кез келген түркi тiлдi басылымды, соның iшiнде
шетелдерде шығатындарын да оқуға мүмкiндiк бердi, бiрақ бұл
саяси жағынан
зиянды деп есептелдi. 1929
жылғы араб әріпінен латын әріпіне көшу бiлiм беру жүйесi
үшiн қатты соққы болып тидi. Араб әріпімен оқып, сауатын ашқан жүз
мыңдаған қазақ-тарға ендiгiде жаңа әліппені меңгеру керек болды.
Бүкiлхалықтық сауаттылық үшiн күрес жүргiзе отырып, билiк
басындағылар қазақтарды араб әрпімен жазылған кiтап-тарды оқудан,
ғасырлар бойы келе жатқан рухани мұрадан айырғысы
келдi.
1940 жылы латын жазуының
кириллицаға ауысуы кеңес өкіметінің негізгі саясатының көрнісі
болды.
Қазіргі таңдағы латын қарпіне
көшу ол заман талабы болып отыр.
Ақпараттық технология заманында компьютер тілі
латын тілі екені белгілі. Латын әрібін үйрену ағылшын тілі мен
интернет тілін жетік игеруіне жағдай туғызады. Жас ұрпаққа саналы
да сапалы білім беруде жаңа әліпбидің алатын орны ерекше. Латын
әліпбиіне көшу жаңалығының тиімділігінің бірі – ағылшын тілі
алфавиті мен латын әліпбиінің ұқсастықтары өте
көп.
Ақпараттық технология заманында компьютер тілі
латын тілі. Латын әрпін үйрену ағылшын тілі мен интернет тілін
жетік игеруіне жағдай туғызады.Жас ұрпаққа саналы да, сапалы білім
беруде жаңа әліпбидің алатын орны ерекше. Медицина тілінде де латын әріптері қолданылып
келеді. Математика, физика, химия формулалары,
көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б
латын әліпбиімен байланысты.
Латын әліпбиіне көшудің бір артықшылығы,
біздің кітаптарымызды тек біз ғана емес, басқа ұлт өкілдері де
оқып, қазақ елінің тілдік құндылықтары бай екендігін білуге жағдай
жасалады.
Латын әліпбиі сол игі бастамаларға жасалған
ең үлкен қадам десек болады. Осы арқылы тіліміздің тағдырын
айқындап, тұғырын нығарлап, болашаққа таза қалпында табыстаймыз.
Одан әрі ғылым мен білімнің илеуіне түскен ана тіліміз халықаралық
қатынастан өз орнын айқындайтын
болады.