400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Латын әліпбиіне көшудің басым бағыттары

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы Н.Назарбаев үстіміздегі жылдың 12 сәуір күні жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында өткенге ой жүгіртіп, бүгінгі күннің аяқ алысын саралап, келешекке көз тастап, болашақты бағамдады. Қазақ қоғамында шешілуі тиіс қадау-қадау мәселелерді көпшіліктің талқысына салып, шешілу жолдарын бірлесе талдауға шақырды. Табысты болудың басты факторы білім десек, Елбасымыз бәсекеге қабілетті болу үшін көп тілді білудің қажеттілігіне мысалдар келтірді. Мақалада тұтас ұлттың жігерін жанып, намысын қайраған Президент 2025 жылы латын қарпіне көшу туралы нақты тапсырмалар
Материалдың қысқаша нұсқасы










БАЯНДАМА ТАҚЫРЫБЫ: «ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ»




БАЯНДАМА АВТОРЫ: СЕРАЛИЕВА ЗЕРДЕЛІ

МАМАНДЫҒЫ: «БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ»

КУРСЫ:1

ТОБЫ: БН-27

ЖЕТЕКШІСІ: ӘНЕСОВ ҒАНИ ӘБДІХАМИТҰЛЫ









Латын әліпбиіне көшудің басым бағыттары


Сералиева Зерделі

Жетекші: Әнесов Ғани Әбдіхамитұлы
«Абылай хан» атындағы жоғары колледжі

1-курс, БН-27 тобы


Елбасы Н.Назарбаев үстіміздегі жылдың 12 сәуір күні жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында өткенге ой жүгіртіп, бүгінгі күннің аяқ алысын саралап, келешекке көз тастап, болашақты бағамдады. Қазақ қоғамында шешілуі тиіс қадау-қадау мәселелерді көпшіліктің талқысына салып, шешілу жолдарын бірлесе талдауға шақырды. Табысты болудың басты факторы білім десек, Елбасымыз бәсекеге қабілетті болу үшін көп тілді білудің қажеттілігіне мысалдар келтірді. Мақалада тұтас ұлттың жігерін жанып, намысын қайраған Президент 2025 жылы латын қарпіне көшу туралы нақты тапсырмалар берді. [1]

Бүгінде Елбасының бұл ұсынысын «Жаманның сүйенгені топ пен дүрмек» (Абай) деушілерден басқа ұлттың болашағын ойлайтын жұртшылық пен зиялы қауым өкілдері қызу қолдауда. 1926 жылы желтоқсан айында Қазақ Атқару Комитеті және Халық ағарту комиссариатының ұйымдастыруымен кеңес өтіп, оның шешімімен 1929 жылдың 1 қазанынан бастап 1940 жылға дейін латын әліпбиінің елімізде қолданылғаны белгілі.Уақыттың қабағы мен мезгілдің ауанын тамыршыдай тап басқан ғалымдарымыз, тіл жанашырларымыз «Түбі түркі тұтас бол!» деген алаш арыстарының аманатын арқалап, 1993 жылы Анкарада Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Түркия мемлекеттері ғалымдарының қатысуымен күллі түркі жұртына ортақ 34 әріптен тұратын үлгі қабылдап, бір-бірімен ақпарат алмасуды жеңілдету жолында даңғыл жол ашылған-тұғын. Осыған орай Ұлттық Ғылым академиясының академигі Әбдуәли Қайдари 24 әріптен тұратын әліпби жобасын әзірлепті. Келешегі кемел жоспарды орта жолда қалдырмаған иісі түркітілдес мемлекеттердің ішінде Қырғызстан мен біздің елімізден басқасы латын қарпін қолданысқа енгізіп те үлгерген болатын. 2007 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XII сессиясында латын графикасына көшу мәселесін қайыра қойып, Білім және ғылым министрлігінде арнайы комиссия құрылып, қазақ тілінің латын графикасындағы бес жобасы жасалыпты. Одан соң Президент Н.Назарбаев 2012 жылы желтоқсан айында жариялаған «Қазақстан -2050» Стратегиясында да аталмыш мәселеге оралса, латын әрпіне көшудің қажеттілігіне 2013 жылы тағы да назар аударып, Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті республикалық ғылыми конференция өткізген екен.[3]

Осы жерде ақтаңгер ақын Міржақып Дулатұлының өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы қазақ тілінің халін сипаттаған мына сөзі еске түседі: «Мен заманында қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім? Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе былдырлатып орысты араластырды»...[2]

Ия, тарихымызда үш рет әліпбидің ауыстырылғанын білетіндіктен, халқымызды түп-тамырынан, тарихи жадысынан айыруға бағытталған, жоспарланған саяси істің салдарынан (Латын әліпбиінен кириллица әліпбиіне көшкен тұстағы) ұрпақтар арасындағы дәстүрлі мәдени-рухани сабақтастықтан ажырап қаламыз ба деген алаш арысының сол кездегі қаупін бізде бүгінгі күні латын қарпіне көшу туралы бастама көтеріліп отырылған тұста жақсы түсінеміз. Сондықтан 2025 жылға дейін әдебиет, мәдениет, саясат, экономика, техника саласында жазылған мұраларымызды кириллицадан латын әліпбиіне көшіру күн тәртібіндегі өзекті мәселе болмақ.Үлкендер үшін бірнеше ондаған жылдар бойы қолданылып келген әліпбиден қол үзу қиын болса да жастар үшін еш кедергі болмайтыны анық. Себебі бүгінде әлеуметтік желі арқылы бір-бірімен латын қарпінде пікір алмасатындардың дені жастар екенін білеміз. Жас буынға тіл үйренуде де кедергінің болмайтындығын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп қойған.

Латын әліпбиіне көшу арқылы біріншіден, түркітілдес елдер арасындағы әріп кедергісін жойып, мәдени қатынастардың тамырын бекітіп, ғылым мен білім саласында өзара байланысты нықтап, бауырлас елдермен ортақ тарихи құндылықтарымызды терең жаңғыртып, әлемдік қоғамдастыққа кедергісіз кірер едік. Екіншіден, бір атадан жаралған, бір ананың ақ сүтінен нәр алған түркі халықтарының бірлігі нығая түсіп, ана тіліміз әлемдік қоғамдастық қажет етіп отырған заманауи ақпарат тіліне айналар еді.

Үшіншіден, «Тарихты білу – білімділіктің, Әдебиетті білу – мәдениеттіліктің белгісі» деген шығыс даналығын Елбасының ойымен ұштастырып, Ахмет Байтұрсынұлының «Тілдің табиғатына қарап емле жазылады, емле заңына қарап тіл жазылмайды» деген қағидасының дәлеліндей латын әліпбиіне көшу арқылы қазақ тілінің ерекшелігін сақтап, түрлі ұлт өкілдерінің тіліміздің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылығына сай жаңалықтарды қазақша түпнұсқада оқуына мүмкіндік туып, ана тіліміздің ұлттарды біріктіруші күш ретіндегі рөлі күшейер еді.[3]

Осынау бағдарламаны жүзеге асыруда «Латын әліпбиіне көшу қымбатқа түспей ме?», «Кириллица әрпімен жазылған ұлттық құндылықтарымыздан айырылып қалмаймыз ба?», «Әлемдік дағдарыс кезінде бұл істі қолға алу қаншалықты орынды?» деген сұрақтардың тууы заңды. Жауап ретінде айтарымыз аталған өзгерістерді іске асыруды кеңестік кезеңдегідей бүгін айтып, ертең бастап кетпейтіндігіміз белгілі. Елбасы сонымен қатар науқаншылдықтан аулақ болып, латын әліпбиіне көшу барысы біртіндеп 2025 жылға дейін жүргізілетіндігін айтты.[4]

Ұлттың ұлттан, халықтың халықтан айырмашылығын даралайтын басты белгісі, ұлттық құндылығы, намысы мен ары тілі десек, сөзімізді қорытындылай келе сөз зергері Ғабит Мүсіреповтың «Ана тілі дегеніміз – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі» деген сөзімен түйіндейміз.


Әдебиеттер: 
1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». 12 сәуір, 2017 ж. 
2. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010, 131б. 
3. Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. – Астана:  Елорда.  –2000,186б. 
 

4. Досанова А. Ж. Латын әліпбиі негізінде сауат ашу әдістемесі. Педагогика 

ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертацияның авторефераты.  – Алматы, 2009. – 30 б. 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
329
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі