Латын тілінің медицина
саласындағы орны.
«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді
дамыту бағытындағы кешендіжобаларды жүзеге асыруды табандылықпен
жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын
графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет.
Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың
тіліне
айналдырады»
ҚР Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың
Жолдауынан
Ежелгі тілдердің тарихы жайлы
сөз қозғағанда, еске латын мен грек тілдері кіреді. Әрине, грек
тілінде және оның әр түрлі диалектілерінде гректер сөйлейтіні
түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі
болды.
Латын тілі (Linqua Latina) -
бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация- сабиняндар
жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы
кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар
(Latini), ал олардың тілі латын
тілі (Linqua Latina) деп аталды.
Латын тілі медицинада кеңінен
қолданылады. Асклепиадалардың ұрпақты дәрігерлері жанұясынан туған
ең атақты дәрігер- Гиппократ (б.з.б. 460-377жж.) оның 100 ең ірі
және аздаған шығармалары бар. Гиппократ жазған шығармалар «Corpus
Hippocraticum» - «Гиппократ корпусына» таңдалып енді.
Шығармаларының ішіндегі ең атақтысы «Афоризмдер». Бұл жұмыста
еуропалық клиника медицинасының атасы, негізін салушы - Гиппократ
оқытуы туралы бейнеленген. Маңызды Гиппократтың теориялық
шығармаларының бірі - «Prognostikon» - «Прогностикон» болып
табылады, мұнда аурудың жалпы қасиетті туралы берілген. Сонымен
қатар «Эпидемия» («Epidemiі»); «Адам табиғаты туралы» («Peri
physeos tou anthropou») және «Ант» («Horos» лат. «Jus jurandum») –
тарихта «Гиппократ анты» деген атпен белгілі. Гомер де анатомия
жағынан әртүрлі атаулар берілген. «Гиппократ корпусы» - бұл
физиология, патология, симптоматика және нозология салаларында
үлкен қазына болып табылады. Академик В.И.Вернадский ұлтаралықтың
механизмін былай анықтады: «Латын тілі мемлекет және ұлттан тыс
ғылыми тіл болғанда философия тарихында және Жаңа ғасыр басында
белсенді рөл ала бастады». 17-18 ғ. Атақты жаңалықтар және
шығармалар латын тілінде жазылды. 1757-1766 ж.ж. Швейцар физиологы,
медицина докторы Галлер 8-томдық анатомиялық атлас «Elementa
physiologiae corporis humani»- латын тілінде жарыққа шықты. Тек
қана ғалым-дәрігерлер ғана емес, сонымен қатар, білім саласында
әртүрлі мамандар, философтар өз ойларын латын тілін қолдану арқылы
жеткізді.
Қорытынды: Кез-келген өркениетті мемлекеттегі аса
маңызды қоғамдық саланың бірі - медицина саласы. Себебі
мемелекеттің басты байлығы саналатын халықтың денсаулығы - оның
толыққанды ел екендігінің де басты көрсеткіш. Сондықтан медицина
саласы бойынша білікті мамандар тәрбиелеу ісінде мемлекеттік
тілдің, қазақ әдеби тілінің атқарар рөлі ерекше. Сондықтан да
болашақ медицина саласы мамандарын термин мүмкіндігін қамтитын
медицина атауларын қолдануға, қалың көпшілікпен медицина тілінде
еркін қарым-қатынасқа түсуге жетелейтін оқытудың ғылыми-әдістемелік
негіздерін анықтау көкей кесті мәселе.
Бүгінде ақпараттық технология
тілі, негізінен, ағылшын тілі екені айтпасада түсінікті. Нақтырақ
айтсақ латын тілі. Латын тілі өлі тіл болса да, ғылымдағы орны зор.
Мәселен, медицина саласында ғалым болу үшін латын тілін білуіңіз
шарт. Себебі медицина терминдерінің басым көпшілігі - латын
тілінде. Латын әліпбиіне көшу – қазақ
халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне,
болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен
жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті
елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ
анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер
қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын
әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда
маңыздырақ.
Бастауыш сынып мұғалімі
Досанова О