Лекция. Кіріспе бөлім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Лекция. Кіріспе бөлім

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім мекемелерінде жұмыс атқаратын ұстаз, тәрбиеші, ата—аналарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы «Ынтымақ» жалпы орта мектебі қыздар ұйымы кеңесшісі Калилаева Г.С.

«Қоғамның басым міндеттерінің бірі-балалардың , жаөспірімдердің және жастардың өмірі мен оқуы үшін салауатты да қауіпсіз жағдай жасау, санаткерлік, рухани және дене күшін дамытуды қамтамасыз ету, адамгершіліктің берік негізін әрі салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады»

(Қазақстан Республикасындағы адамгершілік-жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдама туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж ылғы 21 қарашадағы №1500 қаулысынан )

Жыныстық білім-бұл ата-аналарды, балаларды, жасөспірімдер мен жастарды гендерлік мәселелерге дұрыс көзқараста оқыту туралы медициналық-педагогикалық шаралар жүйесі.Бұл жүйе ерлер мен қыздар, ерлер мен әйелдердің мінез-құлқына, олардың қарым-қатынастарына және құқықтарына, қандай ойындарда ойнауға, қалай сөйлесуге және қандай әрекетке қатысуға болатыны туралы, киім стилі мен мінез-құлқы туралы жәнеде басқа түрлі сұрақтарды өз құрамына қамтитын білім жүйесі болып табылады.

Жыныстық білім берудің міндеті жыныстық ағарту болып табылады. Ер балалар мен қыздардың сексуалдық бағыттылығын табиғи және дұрыс бағытта тәрбиелеу,еркек –әйел қатынастарында өздерін дұрыс ұстау , жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларға сәйкес әрекет ету, адамгершілік шеңберін ұстану сияқты проблемаларды қарастыратын тарбиенің күрделі саласы болып есептелінеді.

Ұлттық тірбие дәстурінің ерекше қасиеттері себеп қазақ мектептерінде жыныстық білім беру тәрбиенің күрделі саласы болып саналады.Жыныстық білімнің қоғам мүшелері арасында қажетті деңгейдедұрыс тәрбиелік жүйеде жургізілуі қоғамның даму процесінде өте маңызды .Сондықтан жыныстық тәрбие мазмуны қай салалардан туратынын атап өту қажет:

  1. Мектепке дейінгі жастағы балаларды жыныстық тәрбиелеу

  2. Жасөспірімдерге арналған жыныстық тәрбие

  3. Жасөспірімдердің жынытық мінез-құлқының ерекшеліктері

  4. Мектептерде жыныстық тәрбие

  5. Қорытынды

Атап айтылған әр бір сала өзіндік маңыздылыққа ие және бұл білімді оқыту барысында педагог кадрлардан тіл мәдениетін,этикалық ғылымдарды жоғары деңгейде меңгеру талап етіледі.Жалпы орта мектеп аясында берілетін жыныстық тәрбие келесы аспекттерден тұруы тиіс:оқушылардың қарама-қарсы жыныстағы құрдастарымен қалыпты қарым-қатынас жасау, саналы және жауапты некеге дайындық , жыныстық жолмен берілетін аурулардан сақтану, тәртіпсіз жыныстық қатынас салдары туралы түсінікке ие болу, психосексуалдық дамудың бұзылуының алдын алуға бағытталған іс-шаралар жуйесін өз құрамына қамтуы керек. Бұл жауапты тәрбие саласын жургізуде оқушыны жеке тұлға ретінде кемсітпей ,жас ерекшеліктерін есепке ала отырадұрыс жолға қойылуы қажет.Атап айтылған білім берудің басты мақсаты-жастарды өздерінің жыныстық мінез-құлықтары үшін жауапты екенін ұғындыру.Жыныстық мәселелерді талқылау отбасыда болсын, көпшілік арасында болсын ыңғайсыздық туындатуы мүмкін.Алайда, ақпаратты гендерлік рөлдері мен дене мушесі функциялары туралы түсінік түрінде тұлғааралық қарым-қатынас ережелерін сақтаған түрде отбасылық құрылғыда,сондай-ақ мектеп қызмешілері кеңестерін есепке ала отыра,денсаулық сақтау мекемелері қызметшілері жадынамаларын қолданып,құқық органдары есептерін назарға ала отыра жасөспірімге жеткізілуі тиіс.

Қорытынды ретінде айтар болсам жыныстық тәрбие- бұл жалпы білім берудің бөлігі,тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының жалпы контексінде маңызды болып табылады.Осы орайда атап айтылатын жәйттер арасында жасөспірім кезіндегі баланың жыныспен байланысты мінез-құлық , физиологиялық ерекшеліктеріне дұрыс жауап беру өте маңызды.Жыныстық білім беруде тәрбие жұмысының жалпы принциптеры қолданылады. Жәнеде ескертіп өтетін міндетті шарт -ата-аналар, денсаулық сақтау қызметкерлері,мұғалімдер ,тәрбиешілердің бірыңғай көзқарасы,Білім беру процессінің үздіксіздігіне сәйкес жыныстық тәрбие де жүйелі түрде амалға асырылуы тиіс,жыныстық прогрес дәурінде білім беру ,белсенді дамыту даусыз тәрбиенің маңызды бөлігі болып саналады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2021
912
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі