Лекция тақырыбы: Экономика және оның қоғамдағы ролі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Лекция тақырыбы: Экономика және оның қоғамдағы ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
Экономика және оның қоғамдағы ролі туралы лекция
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 лекция. Тақырыбы: Экономика және оның қоғамдағы ролі


Мақсаты: Білім алушыларға Денсаулық сақтаудағы экономика және құқық негіздері пәнінің мақсаты мен міндеттерін, қазіргі кездегі экономикалық қатынастардың алдында тұрған өзекті мәселелері туралы түсініктерін қалыптастыру. Тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерін дәйек сөзбен дәлелдеуге жаттықтыру. Экономикалық білім беру арқылы қоғамдағы орнын сезіндіру, азаматтық тәрбие беру, ұлттық сана мен намыс қалыптастыру.


Дәріс тезисі

Жоспар

1.Экономика түсінігі. Экономиканы неге оқуымыз керек?

2.Негізгі экономикалық мәселелер.

3.Нарықтық экономикаға жалпы сипаттама.

4.Нарықтық экономикаға өту жағдайы. Қазақстан Республикасындағы ауыспалы кезең сипаттамасы.

5.Өндіріс мүмкіндіктерінің қисығы.


1.Экономика (гр.Οικονομία үй шаруашылығын жүргізу өнері) — материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар .

Микроэкономика (грек. mіkro – шағын және оіkonomіke – үй шаруашылығын жүргізу өнері)[1] – 1) кәсіпкерлердің, кәсіпорындардың, тұтынушылардың мінез - құлқын бағалау мен зерттеуге негізделетін экономикалық талдау әдісі.Классикалық мектептің экономистері іргелі зерттеулер арқылы экономика ғылымының тармағы ретінде микроэкономикалық талдау жүргізді. Кейін микроэкономикалық талдаумен қатар Микроэкономика саласындағы зерттеулер біртұтас экономика ғылымын құрады; 2) экономика ғылымының шағын ауқымды үдерістеріне, субъектілерге, кәсіпорындарға, фирмаларға, кәсіпкерлерге, олардың шаруашылық қызметтеріне, олардың арасындағы экономикалық қатынастарға қатысты зерттеулермен байланысты бөлімі. Микроэкономикада негізінен тауар өндірушілер мен тұтынушыларға, олардың қажеттілік, баға, шығын, пайда ескерілетін өндіру,сату, сатып алу, тұтыну көлемі жөніндегі шешімдеріне баса назар аударылады. Микроэкономика субъектілердің нарықтық мінез - құлқын, олардың арасындағы қарым-қатынасты,өндірушілер, кәсіпкерлер және мемлекет арасындағы бөлісті, айырбасты, тұтынуды зерделейді. Микроэкономиканың негізгі бөлімдері: тұтынушы теориясы; фирма және нарықтық құрылым теориясы; монополия мен бәсеке мәселелері; мемлекет пен жекеше сектордың өзара іс-қимылы мәселелері;еңбек рыногін талдау, табысты бөлу мәселелері.

Микроэкономика жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Мұнда жеке тауарлардың бағасы, жұмсалған ресурстар, шығындар, фирманың қызмет атқару механизімі, бағаның құрылуы, еңбекке ынта және т.б. жағдайлар талданады. Микроэкономика дәрежеде қоғамдық дәрежедегі пропорцияларды анықтайтын бастапқы (алғашқы) пропорциялар қалыптасады

Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді. Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде — қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, әміршіл-әкімшіл және нарықтық болып жіктеледі.

Макроэкономика (грекшеμακρός — ұзын, үлкен, οἶκος — үй және Nόμος — заң) —

  1. экономикалық теорияныңэкономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін — жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1-жартысында басталды және ол америкалық экономист Дж.М. Кейнстің (1883 — 1946) есімімен, оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген кітабымен байланысты болды[1]. Нарықтық экономикаға көзқарастың жаңа жүйесі баяндалған бұл еңбек 20 ғасырдағы экономика ғылымының бетбұрысты кезеңімен тұспа-тұс келді және макроталдаудың дамуына қуатты серпін берді. Макроэкономика одан әрі Кейнстік идеяларды тереңдету бағытында да, оларды нарықтық экономика туралы классикалық түсініктер негізінде қайта қарау жолымен де өрбіді. Макроэкономиканың дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдар: ағылшын экономистері Р.Харрод (1900 — 1978), Дж.Хикс (1904 — 1989), америкалық экономистер В.Леонтьев (1906 — 1999), М.Фридмен (1912 ж.т.), Р.Лукас (1937 ж.т.), т.б. Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі — [макроэкономикалық үлгілер]. Үлгілерді жасау кезінде жалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т.б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады. Макроэкономика шеңберінде зерттелетін мәселелерге теориялық талдау жасалып қана қоймай, сонымен бірге, экономикалық саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау, құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру — қазіргі заманғы макроэкономиканың аса маңызды құрамдас бөлігі;

  2. жан-жақты көрсеткіштерді бағалауға негізделген экономикалық талдау әдісі. Макроэкономикалық талдау нышандары саяси экономияның классикалық мектебінің өкілдерінде ғана кездесетін. Француз экономисі Ф.Кенэнің (1694 — 1774) экономикалық кестесі алғашқы макроэкономикалық үлгілердің бірі болып табылады.[2]

Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы жоне өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады.[3]

Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:

  • ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

  • ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау;

  • инфляцияның табиғатын талдау;

  • экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;

экономикадағы циклдық ауытқулар мен конъюнктуралық өзгерістердің себептерін зерттеу; • ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу; • мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдеу.

Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеудің макроэкономикалық бағыттарының ерекшеліктері болады.

2. Негізгі экономикалық мәселелер.

Өндіріссіз экономика жоқ және әлемдік экономикаға кірмес бұрын, оның негізі болып саналатын өндіріс туралы түсінікке ие болу керек. Материалдық игіліктерді өндіру — адам мен табиғаттың өзара әрекетін, шаруашылық қызметі процесіндегі адамдардың бір-бірінің арасындағы өзара әрекетін көрсететін адам өмірі мен қоғамның негізі.

Өндіріс — бұл олардың шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың мақсатты қызметі. Бұл адамдардың шектеусіз қажеттілігі шектеулі ресурстарға — материалдық, әлеуметтік, интеллектуалдық ресурстарға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адам­дар мен қоғамды қанағаттандыруға жататын қажеттілік­терді таңдауға итермелейді.

Таңдау экономикалық категориясы бұл — өндіру, сату және сатып алу керек, осылар болып саналады. Бұл міндет (таңдау), оның   әлеуметтік-саяси құрылысына қатыссыз түр­де кез келген қоғамда шешілуі тиіс.

Не өндіру керек ?— бұл шектеулі ресурстардан, дәл қандай байлық, қандай сапада және қандай санда өндірілуі тиістігі туралы шешім қабылдау.

Қалай өндіру керек? — бұл қандай шектеулі ресурс­тар­дан және қандай комбинациялардан, билікті қандай техно­логияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдау.

Кімге және қанша өндіру керек? — бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы.

Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруа­шы­лық субъектілері, өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары — жер, еңбек, капи­тал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.

Өндіріс ресурстары  — бұл тауарлар  мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.

Ресурстар төрт түрден тұрады:

  1. «Табиғи» — өндірісте қолдану үшін  әлеуетті, пайда­лы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қал­пы­н­а келтірілетін» немесе «қалпына келтірілмейтін» болып ажыратылады.

  2. «Материалдық» — бұл, өздері өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған иструменттер, машиналар, қайталама шикізаттар.

  3. «Еңбек» — «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.

  4. «Қаржылық» — қоғам өндірісті ұйымдастыруға бөлу жағдайындағы ақша қаражаттары.

Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары   «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторлар деген атау алған.

Өндіріс факторлары — бұл өндіріс процесіне ресурс­тардың алуан түрлерін шынайы түрде тартуды білдіретін түсінік. Ресурстар   бір-бірімен өзара байланысты  әрекет еткенде, олардың комбинациясы жағдайында ғана фактор­ларға айналады, сондықтан да өндіріс — алуан түрлі фактор­лардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі. Өндіріс факторларына жатады: «жер» өндіріс факторы қызметінде меншік объектісі ретінде қатысады. Капитал — өндіріс факторлары жүйесіндегі материал­дық және қаржылық ресурстар. Еңбек — тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі.

Кәсіпкерлік — «еңбек» факторының  бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық пробле­ма­­ларды шешу.

Нарықтық экономикада өндірістің әрбір факторы оның  меншік иелері арқылы таныстырылған, сондықтанда,  өндіріс «қоғамдық процесс»  саясатына ие болады және өндіріс факторларының әртүрлі меншік иелері арасындағы  қарым-қатынас нәтижесіне айналады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғам­дық жиынтық өнім мен табыс алудағы    әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды.

3.Нарықтық экономикаға жалпы сипаттама

Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру, бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді. Әміршіл-әкімшілік экономикалық жүйе бұл мәселелерді директивалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді. Ал нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады.

Қоғамның XX ғасырдағы дамуы экономикалық өмірді  ұйымдастырудың  екі  жолы  бар  екенін  көрсетті. Оның   біріншісі – нарықтық  экономика,  екіншісі – жоспарлы - әкімшілік  экономика.
Бұлар  экономикалық  қатынасты  әртүрлі  жолдармен  шешеді:  өнімді          қанша   көлемде  шығару  керек,  қоғамдық  өндіріс  жүйесіндегі  және  өнімді  бөлудегі  адамның  орны  және  оның  адамгершілік  құндылығы.
Нарықтық  экономикада  бұл  қатынастарды  нарық  реттейді (өнімді  шығару,  тұтыну,  бөлу,  оған  сұраныс,  т.б.).  Нарық – таурды  бөлу  саласы.  Күнделікті  өмірде  сауда  жүретін  орындарды  да (базар,  жәрмеңке)  нарық  дейді.  Алайда  нарықты  басқаша  түсінуіміз  керек.      Нарық –  өнім  шығарушылар  мен  өнімді  тұтынушылардың,  сұраным  мен  ұсыныстың  арасындағы  қатынас,  олардың  өзара  тығыз  байоанысы.
Нарық  адамдарды   тиімді  еңбек  етуге,  ынталылыққа  бағыттайды.  Нарықтық  экономика  

ғылыми техникалық  прогресті,  өнім  өндірушілердің  өзара  бәсекелесуін  және  тұтынушылар  үшін  

бәсекеге  күресін  де  өрістетеді.
Нарықты  тауар  ғана  жасамайды,  сонымен  қатар  дербестік  алып,  өзара  бәсекеге  түскен

 тауар  өндірушілер   жасайды.  
Нарықтық  қатынас  көп  қырлы  экономикалық  қатынасты  ғана  емес,  сонымен  қатар  

қоғамның  саяси - әлеуметтік ,  рухани  өмірін  де  қамтиды.  Нарық - экономикалық   өмірді   демократияландырудың  негізі.
Тұжырымдап  айтқанда,  нарық  қатынастың  экономикалық  негізі – меншікті  мемлекеттен  ажыратып,   көп  түрлі  меншікті  қалыптастыру.  Сонымен  қатар   тауар  өндірушілердің   дербестігі,  өнімді  тұтынушылардың  белсенділігі,  сұраным  мен  ұсыныстың  арта  түсуі.  Бұл  процестердің  бәрі  аймақтың,  елдің  немесе  дүние  жүзі  көлемінде  іске  асырылады.  Бұған  дәлел  нарықтық  қатынаста  өмір  сүруші     дамыған  елдердің   экономикалық  және  саяси  өмірі.  Олай  болса,  нарықтық  қатынас – ғаламдық  проблема.  Қазір  дүниежүзі  елдері  арасында  осы  саладағы  жарыс  қарқын  алды. (кім  көп  шығарады,  сапалы  шығарады,  көп  таратады, т.б.). Жоспарлы - әкімшілдік  экономикада  өнімді  өндіру  мен  бөлу  орталық  басқару  (өкімет)  органдарының  билігінде  болып  келді.  Тауарды  өндірушілер  мемлекеттік  жоспарды  міндетті  түрде  

орындайды.   Қайсібір  уақыттарда  ол  өнімді  тұтынушылар  қажет  етпейді.  
Нарықтық  экономикада  ұсынысты  мемлекет  реттемейді (өнім  шығарушылар  қанша  шығарым  десе  де  ерікті),  сұранымды  да  ешкім  реттемейді  

(сатып  алушылар  өзіне  не  керек,  қанша  керектігін  дербес  шешеді).  Ендігі  мәселе – баға.  Бағаны  да  сырттан  ешкім  реттемейді.  Оны  сұранысқа  және  ұсынысқа   сәйкес  өнімді  шығарушының  өзі  шешеді.  Сонымен,  ұсыныс  пен  сұраным   теңестіріледі.  Осы  белгілерге  қарай  халық  шаруашылығын   нарық  реттейді.
Нарықтық  қатынастың  өзіне  тән  объективтік – экономикалық   екі  заңы  бар:  баға  заңы,  ұсыныс  және  сұрнаным  заңы.  Біріншісі – орта  бағаны  қалыптастырады,  екіншісі – нарықты  пайда  болатын  ақша  мен  тауардың  қатынасын  анықтайды.
Тауар  нарыққа (базарға,  жәрмеңкеге,  екінші  бір  тұтынушыға,  мемлекетке,  не  басқа  өндіріске)   түскеннен  кейін  оның  бағасы  ақшамен  өлшенеді,  оны  тауардың  бағасы  дейміз.  
Алайда  тауардың   ақшалай  көрініс  тапқан  бағасы  оның  нағыз  бағасы  емес.  Бұл   баға  

тауардың  құнынан  жоғары  немесе  төмен  болуы  мүмкін.  Бұл   сұраным  мен  ұсынымға  байланысты.  Егер  де  сұраным  ұсыныстан  жоғары  болса (алушылар  көп,  бірақ  тауар  аз) – тауардың   бағасы  жогғары  болады.  Ал  ұсыныс  сұранымнан  жоғары  болса,  онда  баға  

төмендейді.
5. Нарықтық жүйеге жылжуға едәуір қарқындары бар елдер. (Олардың ішінде орын алған: а) нарықтық экономика негіздері; б) Батыс Европамен тығыз экономикалық және тарихи байланыстар болған; в) халық шаруашылығының салыстырмалы тепе-теңдігі; г) халықтың барлық қабаттарының нарықтық экономика жүйесіне көшуге келісуі). Венгрия, Чехия, Словенияжәне т.б.

Қазақстанның нарықтық экономикаға өту жылдары:

1.1991-1993жж

2.1994-1998жж.

3.1998-2001жж.

Нарықтық экономикаға өтуде көптеген қиыншылықтармен соқтығысатын елдер (ТМД, Польша, Болгария, Румыния, Албания, Монғолия және т.б. елдер).Бұл елдер үшін мыналар тән:

- нарықтық экономикада тұрақты дәстүрлердің жоқтығы,

- экономика құрылымындағы терең үйлесімсіздіктің орын алуы;

- жаңғырту сипатының мәселесі бойынша қоғамдағы келіспеушілік;

- дамыған елдерден салыстырмалы оқшаулануы.Бұл елдер «шок терапиясы» жолын таңдаған.

Шығыс Азия елдері:

(Қытай, Вьетнам), Беларусь –нарықтық экономика дамуының эволюциялық жолын таңдаған.

Барлық үш топ елдерінің қайта құру тәжірибесі көрсеткендей, салыстырмалы түрде жеңіл өтетіні:

- шаруашылық қызметке деген мемлекеттік бақылауды ырықтандыру (болдырмау);

- ұсақ және орта кәсіпорындарды жекешелендіру.

Ауыртпалы түрде өтетіні:

- бағаны ырықтандыру,

- экономиканы монополиясыздандыру,

- қаржылық жаңғырту.

Өте күрделі түрде өтеді:

- банкроттық процедурасы,

- құрылымдық үйлесімсіздікті жеңу,

- ірі шаруашылық объектілерін және тұрақты кәсіпорындарды жекешелендіру.

Нарықтық жүйенің сипатталуы:

- жеке меншік басымдылығы,

- еңбектің қоғамдық бөлінуі,

- ақша көмегімен жүзеге асырылатын айырбас қатынастарының кең дамуы.

Нарықтық жүйенің негізделуі

- экономикалық мақсаттылық,

- ең төменгі шығындармен ең жоғарғы нәтижеге жетуге ынталану.

Нарықтық экономикабұл өндіруші мен тұтынушы нарық арқылы қатынас жасайтын шаруашылықты ұйымдастыру нысаны.

Нарықтың бірнеше анықтамасы бар:

Нарық  бұл нарықтық экономиканы жүзеге асыру механизмі, бұл «нені, қалай және кім үшін өндіру керек» мәселесінің шешілуі баға, сұраныс және ұсыныс көмегімен шешілетін өндіруші мен тұтынушының арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.

Нарық  бұл тауарларды сату және сатып алу мәмілелерінің жиынтығы.Мәміле–бұлтауарды ақшаға(сатушы жағынан)жәнеақшаны тауарға(сатып алушы жағынан)төмендегі формула бойынша айырбастау:

сатушы– тауар –ақша–сатып алушы.

Бұл жерде мәміле қатысушылары тауар-ақша айналымның бағалық (құндылық) жағынан тепе-тең болуын бақылайды. Сатушы және сатып алушы мәмілені ауызша немесе жазбаша (келісім түрінде) жүзеге асырады. Нәтижесінде мүліктік құқықты сату жүзеге асады:

Тауар иесі өзінің пайдалы затының орнына ақша алады, алақша иесі (сатып алушы) –өзіне қажетті игілігін иеленеді.Сатуға арналған өнім өндірілетін жердің барлығында нарық пайда болады.

Нарықтың негізгі белгілері

Жекеменшік-жекемүддесі (пайда)нарықтықбағаларжүйесіарқылыжүзегеасырылады.Тұтынушылар тауарларды ең төмен бағамен сатып алады.

Кәсіпкерлер –пайданы мүмкіндігінше жоғарылатуға тырысады; қор иелері өз қорлары үшін ең жоғары бағаны алуға тырысады; қорытындысында алынған нәтиже жалпы қоғамға максимум пайдасын әкеледі.

Таңдау еркіндігі–ресурстарды иемдену, тауарларды нарықта сату, өзіне ұнаған жерде жұмыс жасау еркіндігінде білінеді;

Бәсекелестік;

Тауар  құнының   мөлшеріндегі  алшақтық  тауар  өндірушінің  іс-әрекетіне  әсер  етеді.  Егер  баға  жоғары  болса  табыс  көп,  ал  баға  төмен  болса  табыс  аз  

болады. Мысалы,  жеміс – жидекке  баға  өссе,  оның  өнімі  тиімді,  ол  өнімді   көп  алуға   итермелейді.  Ал  сұраным  артпаса,  баға  төмендейді.  Демек,  сұраным  да,  ұсыныс  та  бағаны  реттейді.  Тауар  өндіруші

тиімді  көп  шығару  жолын  іздейді. Сонымен  нарық - өндірісті  реттеуші,  ол  баға   арқылы,  не  шығару,  оны  қанша   көлемде   шығару  қажеттігі  

туралы  хабар  беріп  тұрады.  Нарықтың  ықпалды   әсері  мұнымен  ғана  шектелмейді.  Оның

толық әсерін  білу  үшін   тауардың  өзіндік  құнынң  қншаға   түсетінін  анықтап  білу  керек.  Құн – тауардың   заттандырылған  бағасы.  Кез – келген   тауарда  бір  ғана  емес,   көптеген  өндірушілердің  еңбегі  бар.   Бұған  да  түсінік  берейікМысалы,  киім  фабрикасы   бір  топ  көйлек  шығарады  делік.  Осы  көйлектерде  тігіншілердің   ғана  еңбегі   емес,  сонымен  қатар  сол  көйлек  тігілген  матаны,  ілгекті,  басқа  да  материалдарды (айталық,  электр  энергиясы,  т.б.)  шығарушылардың  да  еңбегі  бар.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  жаңа  баға  ғана  емес,  тігіншілердің  еңбегімен  келген,  сонымен  қатар   бұрын  шығарылған  заттардың   да  (шиаізат,  электр  шығыны,  машинаны  пайдалану)  шығыны,   оның   тозу  шығынының   бағасы – құны  бар.  Фабрика  жаңадан  көйлек  шығару  үшін  алғашқы  шығарылған  көйлектерді  сату  керек,   алынған  пайдаға  жаңа  мата,   басқа  да  материалдар  алып,  машиналарды  жөндеп,  қажет   болса  жаңасын  алып,   сонымен  қатар   жұмысшыларға  жалақы  төлеуі  керек.
Нарықта   сұраным  ұсыныстан  жоғары  болса,  баға  өз  құнынан  төмен  болады.  Егер  де  сол  шығарылған   көйлекетерді  150  мың  теңгеге  сатса,  онда  пайда  болмайды.  Алынған  қаржы  кеткен  шығынды  ғана  ақтайды.
Басқа  жолмен   пайда  табуға  бола  ма?  Болады.  Мысалы,  көйлектерді  тігуге  кететін  материалдарды  үнемдеу  керек.  Егер  де   оның  құны  20 мыңға  кемісе,  онда  пайда  да  20 мыңға  өседі.  Екінші  жолы – еңбектің  өнімділігін  арттыру.
Ол  үшін -  жаңа машиналарды пайдалану қажет  соның  нәтижесінде  тігілетін  койлектің  санын  екі  есеге  көбейтсе  және  орташа  бағамен  сатса онда  400 мың  теңге  алуға  болады.  Сонда   оның  200 мыңы  өндірістің  шығынын  өтеуге,  50  мыңы  жалақы  төлеуге  кетеді,  ал  150 мыңы  таза  пайда болып  қалады
.  Істі  тиімсіз  жүргізу,  еңбек  өнімділігінің  төмендігі  өндірісті  ұйымдасытрудың  қажетсіздігіне  апарып  соғады  (пайда  төмен)  

немесе   түбінде  тоқтатады (банкротқа  ұшыратады).  Жоспарлы  экономикада  да  өндіріс  осылай  ұйымдастырылған  жоқпа  еді  деген  сұрақ  тууы  мүмкін.  Ол  дұрыс.  Айырмашылық  мынада – ол  кезде  өндірістің  дербестігі  болмады,  екі  жүз   мың  теңгенің  көйлегі  өтсе  де,  өтпесе  де,  фабрика  оны  жоспар  бойынша  қайталап  шығара  беретін.  Шығынға  ұшыраса,  оны  

мемлекет  төледі.  Сондықтан   фабрика  ештеңеден   қам  жемейді,  еңбек  өнімділігін  арттыруға,  шикізатты  кемітуге  ынталанбайды.  Ал  нарыққа  өткен  елдерде  оның   шығынын  ешкім  өтемейді,  пайда  таппайтын,  шығынын    өтей  алмайтын  зауыт  та,  фабрика  да  тарайды.  

Сондықтан  нарық  тек  қана  тиімді  жұмыс  істеуге  мәжбүр  етеді.
Нарықтық  экономикада  еңбек  және   капитал  нарығы  да  болады.  Еңбек  нарығының  

да(тауар  нарығы  сияқты)  үш  белгісі  бар:  сұраныс,  ұсыныс,  баға.  Мұнда  да  сатылады  

және  сатып  алынады.  Арнаулы  тауар – жұмысшы  күші  сатылады.  Мұнда  да  сұраным  мен  ұсыным  қатынасы  әсер  етеді. Егер   де   белгілі  кәсіптің   мамандары  көп  болса (айталық  бір  салада,  зауыттарда),  оның   қажеттігі  аз  болады  да,  оларға  жалақы  аз  

төленеді,  қайсібіреулері  жұмыссыз  қалады.  Керісінше,  кәсіп  саласына  немесе  шаруашылыққа  мамандар  көп  қажет  болса,  ал  еңбек  нарығында  сондай  мамандар  аз  болса,  шаруашылық  оларды  көп  жалақы  беріп  ұстауға  мәжбүр  болады.  Алайда  нарықтық  экономика  мұндай  мұқтаждықпен  келіспейді.  Еңбек  нарығына  тез  арада  ондай  мамандары  дайындайды,  оларға  жалақы   төлейді.  Ал  жоспарлы  экономика  кезінде  кәсіпке  қажетті  оның  иелерін  іздеді,  дайындады.  Бірақ  арнаулы  кәсіп  иелері  (аздығына  қарамастан)  қажет  болса  да  аз,  жоғарыдан  белгіленген  жалақыны  ғана  алатын  болады.  Сондықтан  оның  еңбекке  ынтасы  жойылады. 
Белгілі  бір  елдің    экономикалық  жағдайына  байланысты  сол   елдің  ақшасы – валютасы  басқа  бір  елдің  валютасына  белгілі  бір  қатынаста  айырбасталады.  Ақпарат  нарығында  ғылыми – техникалық  революция   білімнің  құндылығын  арттырады.  Тауардың  бағасында  интеллектінің   үлесі  үнемі  артып  отырады.  Сондықтан  іс-әрекеттің  тәсілі  туралы,  жаңа  технология  туралы  ілімді,  ақпаратты  сату  және  сатып  алу  тиімді.  Соның   негізінде  ақпарат  нарығы  дамиды.
Нарыққа  тән қасиет белгілі  таукар  өндірушілер  арасындағы  тауарды  шығару  және  өткізудің  тиімділігі  үшін  бәсеке (конкуренция).  Бұл  бәсекеде  еңбек  өнімділігін  арттырғандар,  өндірісті  кеңейткендер,  тауардың  сапасын  жақсартқандар  ғана  жеңіп  шыға  алады.  Тұтынушы  жеңу  үшін  өнімнің   сапасын  жақсартады,  сонымен  қатар  бағасын  арзандатуды  да  көздейді.
 

6.Өндіріс мүмкіндіктерінің қисығы.

Өндіріс адам өмірінің және қоғамның негізі болып табылады. Өндіріс адамның табиғатқа деген ықпал ету үдерісін білдіреді. Өндірістің түпкі нәтижесі болып табылатын қоғамдық өнім және оның қозғалысы негізгі 4 сатыдан өтеді:
1)Өндіру – пайдалы өнімдерді, материалдық және рухани игіліктерді жасау үдерісі.
2)Бөлу - өндірілген өнімде әрбір адамның үлесін анықтау.
3)Айырбастау – бір өнімді басқа бір өнімге айырбастау үдерісі.
4)Тұтыну – жасалған игілікті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану.
Қоғамдық өндіріс екіге бөлінеді:
1. Материалдық өндіріс, бұған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, қоғамдық тамақтандыру, құрылыс, су шаруашылығы және басқалары жатады.
2. Материалдық емес өндіріс, бұған денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несие мекемелері, қоғамдық ұйымдар, басқару органдары және басқалары жатады.
Сонымен, өндіріс – бұл қоғамдық сипатқа ие бола отырып адамзат баласының өмір сүруі үшін қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру үдерісі.
Қоғамдық өндіріс үнемі үздіксіз жаңартылып отырады, ол үдерісті ұдайы өндіріс деп атайды.
Ұдайы өндірістің екі тұрпаты ажыратылады:
1.Жай ұдайы өндіріс.
2.Ұлғаймалы ұдайы өндіріс. 
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің түрлері:
1. Экстенсивті ұдайы өндіріс - өндіріс факторларының санын арттыру есебінен өндірісті ұлғайту.
2. Интенсивті ұдайы өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру, өндіріс факторларының сапасын көтеру есебінен өндірісті ұлғайту.
3. Аралас ұдайы өндіріс - өндіріс факторларының саны мен сапасын бірдей дәрежеде арттыру есебінен өндірісті ұлғайту.

Экономикалық таңдау кезінде баламалы шығындарды есептеу экономикалық талдаудың маңызды принциптерінің бірі болып есептелетіндігі бізге белгілі. 
Енді баламалы (альтернативті) шығындарды график арқылы, яғни өндірістік мүмкіндіктер қисығы арқылы көрсетуге болады. Бұл қисық – екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы ресурстан дайын өнім өндіргенде бір ғана баламалы игіліктің өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игіліктің өндірісі азаяды. Және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымдарының баламалы мүмкіндіктері өте көп болады. 
    Өндірістік мүмкіндіктер дегеніміз – технологиялық дамудың белгілі бір деңгейінде қолдағы бар ресурстардың барлығын аса толық және тиімді пайдалана отырып экономикалық игіліктерді өндірудегі қоғамның мүмкіндіктері. Жоғарыда атап өткеніміздей, өнімнің мүмкін шығарылымын өндірістік мүмкіндіктер қисығы сипаттайды.

Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы - ресурстарды толық пайдаланудағы баламалы нұсқаларды көрсетеді. Ол әр түрлі тауарлардың арасынан таңдау қажеттілігін көрсетіп, экономикалық мәселенің мәнін бейнелейді.Қисық сызықтың ішіндегі әр бір нүкте ресурстардың толық емес пайдалануын білдіреді. Қисық сызықтан тыс жатқан нүкте мүмкін емес өндірісті, яғни қолма-қол ресурстардың жоқтығын білдіреді. Қисық сызықтың бойындағы нүкте бір тауардың екінші бір тауар өндірумен алмастырылғанын білдіреді. Іс жүзінде барлық қажеттіліктерді қанағаттандыруға өндірістік мүмкіндіктер жетіспейді. Осыған орай келесі маңызды мәселе туындайды. Ол баламалық таңдау мәселесі, яғни қажеттіліктер ішіндегі маңыздысын таңдап, тек соларды ғана өндіру.

Мысалы, үкімет қолда бар ресурстарды қандай мақсатта қолдану қажеттігін анықтауы керек. Егер үкімет барлық ресурстарды халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмсаса, онда 400 мың бірлік тұтыну тауарларын өндіреді.

Ал егер үкімет барлық ресурстарды өндірістік саланы қаруландыру мақсатында жұмсаса, онда 100 мың бірлік құрал-жабдықтар өндіреді. Бірақ үкімет ресурстардың бір бөлігін тұтыну тауарларын, ал екінші бөлігін құрал-жабдықтар өндіруге жұмсай алады. Оны төмендегі кестеден көре аламыз:


Баламалық өндірістік мүмкіндіктер


мүмкіндіктер

тұтыну тауарлары, мың бірлік

құрал-жабдықтар, мың бірлік

А

0

100

В

150

70

С

270

50

Д

310

30

Е

400

0

Кестеде өнімдер өндірісінің 5 мүмкіндігі көрсетілген. Үкімет осы мүмкіндіктің тек біреуін таңдай алады. Кестедегі мәндерді сызбаға түсіріп көрелік, ондағы барлық нүктелерді қосқан кезде өндірістік мүмкіндіктер қисығын аламыз.


Өндірістік мүмкіндіктер қисығы (ӨМҚ) белгілі бір технология деңгейі мен ресурстар мөлшеріне сәйкес өндірілетін өнім көлемін көрсетеді. ӨМҚ қоғамда өндірілетін тауарлар мен қызметтер құрылымын суреттейді.


Сонымен, бұл қисық тұтыну тауарлары мен құрал-жабдықтар арасында қандай мөлшерде таңдай алатын мүмкіндігін көрсетеді. Қоғам осы қисықтан жоғары орналасқан нүктедегі өнімдер көлемін өндіре алмайды, өйткені оған оның мүмкіндіктері жетіспейді (мысалыға, І нүктесі). Қисық ішінде орналасқан қандай нүктелер қоғамның тиімсіз жұмыс істеп отырғаның сұреттейді (мысалыға, F нүктесі).

Бір өнім түрін өндіру үшін екінші өнім түрін өндіруден бас тарту шығындары баламалық шығындар деп аталады.


Иллюстрациялық материал:

  1. Слайд


Әдебиеттер:

1.Қ.С.Есенғалиева «Экономика негіздері! Астана. Фолиант.2012ж.

2.Айдарханова М.Х. Жумашбекова С.К. Микроэкономика, Алматы, 2011ж.

3.Жолдасова Г.А. Экономика негіздері,Астана. Фолиант,2011ж.

4,Хамитова Г, Экономика және кәсіпкерлік негіздері-Фолиант,2011ж.

7.Айдарханов М.Х. Макроэкономика, оқу құралы, Фолиант,2013ж.


Бақылау сұрақтары:


1.Экономика дегеніміз не?

2.Нарық дегеніміз не?

3.Микроэкономика дегеніміз не?

4.Макроэкономика дегеніміз не?

5.Өндіріс дегенімізне?

6.Өндіріс мүмкіндіктерінің қисық сызығы

7.Таңдау еркіндігі дегеніміз не?

8.Жай ұдайы өндіріс дегеніміз не?

9.Ұлғаймалы ұдайы өндіріс дегеніміз не?

10.Экстенсивті ұдайы өндіріс дегеніміз не?

11.Интенсивті ұдайы өндіріс дегеніміз не?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2025
276
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі