Материалдар / Лексико-грамматикалық тест.10-11 сыныптарға арналған

Лексико-грамматикалық тест.10-11 сыныптарға арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
10-11 сынып оқушыларына арналған лексика-грамматикалық тест, оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін анықтайды, тапсырмалар арқылы оқушылар мәтіннен негізгі ойды табады, мәтіндегі ақпаратты іріктеп, керекті жұмыс түрлерін таңдайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2019
3873
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Лексика-грамматикалық тест

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу, атау беру.



Дүкенге барарда барлық қажетті заттардың тізімін жасап, бағасын жазып, қанша қаражат жұмсау керегін есептеп алыңыз. Жасаған тізімде жоқ заттарды алмаңыз.
2. Дүкенге қайта - қайта бармау үшін, азық-түлік мәзірін бір аптаға жетерлік қып жоспарлауға тырысыңыз.
3. Дүкенде заттарды салатын үлкен жүк арбаларын емес, шағын себеттерді пайдаланыңыз.
4. Дүкенге шықпас бұрын, жоспар бойынша қанша қаражат жұмсайсыз шамалап, соны ғана алып шығыңыз.
5. Дүкенге барғанда үйден тамақ ішіп шығыңыз, қарныңыз ашып тұрған жағдайда жаңадан дайындалған өнімдердің иісі тәбетіңізді оятып, тізімде жоқ заттарды сатып алуыңыз мүмкін.
6. Бағасы көрсетілмеген өнімдерді сатып алмаңыз.
7. Үлкен жеңілдік (большая скидка) берілген заттарға көңіл аудармаңыз себебі, оның сақтау мерзімі өтіп кеткен болуы мүмкін, соңынан өкініп қаласыз.
8. Кассаға жақын жердегі витринаға назар аудармаңыз, өйткені ондай жерде түрлі тәттілер мен шоколадтар және сағыздар тұрады.
9. Маусымдық жәрмеңкелерден сауда жасаудың да артықшылықтары бар.
Тұрмыстық техника және жиһаздарды жыл соңына қарай, жаңа жыл секілді үлкен мерекеде, дүкендерде жоғары жеңілдіктер болған кезде сатып алған жөн.
10. Көптеген адамдар интернет арқылы киім, тұрмыстық заттармен жиһаздарға тапсырыс беріп жатады. Бұл да, айтарлықтай шығындарды азайтады.
11. Заттарға ревизия жасаңыз, пайдаланбайтын жаңа заттарыңызды интернет арқылы сатуға болады.
12. Ақшаны орнымен жұмсаңыз, ақшаны бөліктерге бөліп әрқайсысын конвертке бөлек салып қойыңыз. Отбасылық бюджеттің «бухгалтерлік есебін» жүргізіңіз, кірістер мен шығындарды жазып отырыңыз.
13. Көңіл көтеру үшін жұмсалатын қаржының кестесін жасаңыз. Егер саяхатқа яғни демалуға баруды жоспарлап отырсаңыз, шағын ойын - сауықтарды шектеу қажет.
14. Алыс жер болмаса, жаяу жүріп баруды әдетке айналдырыңыз, жеке көлігіңіздің жанармайын үнемдеңіз.
15. Газ, жарық (свет), суды үнемдеп пайдаланыңыз
16. Табысыңыздың 10 - 15 пайызын «күтпеген жағдай» үшін сақтап отырыңыз.

2-тапсырма. Кестені толтыру./мәтінмен жұмыс/

Сатып алмаңыз

Сатып алыңыз

Үнемдеп пайдаланыңыз

Кестесін жасаңыз

Жоспарлауға тырысыңыз






3-тапсырма. 3,4 пунктегі сөйлемдерге синтаксистік, морфологиялық талдау жасау.

Тест.



Дұрыс жауабын таңдаңыз.

1. Ол ... айып төледі.

А) кешігумен

В) кешігуге

С) кешіккені үшін

D) кешіккенмен


2. Жүргізуші ... айып төледі.

А) ережемен

В) ережені бұзғаны үшін

С) ережені бұзғаны туралы

D) ережені бұзбады


3. Бұл жұмыс ... талап етеді.

А) ұқыптылықпен

В) ұқыптылыққа

С) ұқыптылықты

D) ұқыптылығын


4. Қазір халім жақсы, маған дәрігер ... керегі жоқ.

А) шақыруДЫҢ

В) шақырылу


5. Мен осы жексенбіде достарыммен ... келеді.

А) кездескім

В) кездесуім


6. Теледидардағы жарнамаларды ... мені жалықтырады.

А) қарауым

В) қарау


7. Осы жердің сұлулығын ... мүмкін емес.

А) сипаттау

В) жеткізу


8. Оның үйі алыс, ... мүмкін.

А) кешігуі

В) кешіктіру


9. Құлып бұзылған. Ол есікті ... мүмкін.

А) аша алмау

В) аша алмауы


10. Мына есепті ... болады. Ол өте оңай.

А) шығармауыңызға

В) шығарылуға







































Лексика-грамматикалық тест. 11-сынып 09.10.2018

1-тапсырма. Мәтінді оқу, атау беру, жоспар құру.

Қазақстан теміржолының тарихы 1901-1906 жылдардан басталады. Осы жылдар аралығында Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын жол ретінде, Орынбор-Таш-кент теміржолы салынды. Бұл магистральдің ұзындығы 1 668 шақырым болды. Қазір Қазақстан теміржолының жалпы ұзындығы 15 мың шақырымдай.

Еліміздегі теміржол саласы Қазақстан экономикасының күре тамырына айналды. Те-міржол арқылы 68 пайыздан астам жүк, 60 пайызға жуық жолаушылар тасымалданады. Теміржол саласында 140 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Алматыға күніне 29 жолаушы пойызы келіп, 27 жолаушы пойызы кетеді. Қазір жүрдек пойыздардың саны көбеюде. «Алматы-1» стансысына тәулігіне 45 жүк пойызы келіп, 47 пойыз кетеді.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 жылы «Қазақстан теміржолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Ал 2002 жылы «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы болып құрылды.

Жыл сайын тамыз айының алғашқы жексенбісінде теміржолшылар күні аталып өтеді. Бұл күн ресми түрде «Көлік және байланыс қызметкерлері күні» деп аталады. 2004 жылы Қазақстан теміржолының 100 жылдығы атап өтілді. Осыған байланысты 2004 жылдың шілде айында Астанадан «Отан» пойызы шықты. «Отан» пойызы екі жарым айға жуық қазақтың шексіз даласын аралады. Ол теміржол стансылары мен разъездеріне тоқтап, мерейтойға арналған салтанатты жиындар өткізді. Пойыздың ұжымы теміржол ардагер-лері мен ең жақсы жұмысшыларына құрмет көрсетті.



Ал қазіргі таңда Қазақстанда транзиттік пойыздар көбеюде. Осыған байланысты «Жаңа Ұлы Жібек жолы» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асып жатыр.

(Жаппарбек Айботадан)

2-тапсырма. «ПОПС» формуласын қолданып, мәтін бойынша өз пікіріңді дәлелде.



•  Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... ...»

•  Екінші сөйлем «Себебі, мен оны … ... деп

түсіндіремін»

•  Үшінші сөйлем «Оны мен … ... деген



фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын»



•  Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен … ... деген шешімге келдім



Тест.

  1. Жиналыс біткен соң, біз үйге кеттік.

А шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлем

В себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлем

С мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлем

Д қимыл-сын бағыныңқылы құрмалас сөйлем



  1. Күн жарқырап тұрғанмен, қатты аяз.

А қарсылықты бағыныңқылы құрмалас сөйлем

В себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлем

С қимыл-сын бағыныңқылы құрмалас сөйлем

Д қимыл-сын бағыныңқылы құрмалас сөйлем

  1. Оның бүгін кеткісі келмеді және суық болды.

А жай сөйлем

В салалас құрмалас сөйлем

С сабақтас құрмалас сөйлем

Д аралас құмалас сөйлем



  1. Күн біресе жауды, біресе басылды.

А ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

В мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

С талғаулықты салалас құрмалас сөйлем

Д қарсылықты салалас құрмалас сөйлем



  1. Жұрт сүйсінетіндей етіп, ол ән салды.

А шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

В ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

С қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Д қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

  1. Сабақты жақсы оқысаң, жолдастарың құрметтейді және ата-анаң қуанышқа бөленеді.

А салалас құрмалас сөйлем

В сабақтас құрмалас сөйлем

С аралас құрмалас сөйлем

Д атаулы сөйлем

  1. Емтихан тапсырғаннан кейін, үйге барамыз.

А ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

В мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

С талғаулықты салалас құрмалас сөйлем

Д қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

  1. Сен оған айтқан соң, мен үндемедім.

А себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

В ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

С қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Д қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

  1. Мектепке тез жету үшін, біз тез жүрдік.

А себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

В ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

С қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Д мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

  1. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

А Ақшамыз болмағандықтан, біз дүкенге барған жоқпыз.

В Арман келмей, жұмыс бітті.

С Дүкеннен азық-түлік әкел деп, сені жібердім.

Д Олар су ішіп, шөлдерін қандырды.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ