жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Лепті сөйлем
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: Қазақ тілі Сынып: 2 «А» |
Мектеп: Ж.Жүсібалдиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі |
||||
|
Күні: 12.12.18 ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Даулетова С.С. |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем |
Қатысқандар: Қатыспағандар саны: |
|
|||
|
Оқу мақсаты |
2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтау 2.3.7.1 – лепті сөйлемді ажырату, сәйкес тыныс белгісін қою |
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлығы орындай алады: Сөйлем турлерін ажырата алады Көбісі орындай алады: Сөйлем турлерін ажыра алады, мәтіннің ішінен таба алады. Сөйлем құра алады Кейбіреуі орындай алады: Сөйлем түрлерің ажырата отырып, түрлендіре алады, ережелер арқылы дәлелдей алады. |
||||
|
Бағалау критерийлері |
Сөйлем түрлерін ажыратады. Тыныс белгілерін ажыратады. Сөйлем түрлеріне қарай түрлендіре алады. Сөйлем түрлеріне қарай сөйлем құра алады. |
||||
|
Сөздікқор
|
Лепті сөйлем, Леп белгісі |
||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
Қазақстанның мерекелерінің құндылығын арттыру, Президент күні, Тәуелсіздік күні меркесінің ерекешліктерін түсіндіре отырып, ұлтжандылықа, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу |
||||
|
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы |
Топта орындалатын қауіпсіздік ережелерін сақтау |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану |
||||
|
АКТ қолдану дағдысы (сабақтақолданылатынболсакөрсетіңіз) |
Интерактивті тақта |
||||
|
Әдіс -тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, шырша |
||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Сөйлем туралы біледі, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді ажырата алады |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы
|
Сәлемдесу. Өзімізге сәттілік! Қонағымызға жақсы көңіл-күй! Елімізге береке, бірлік тілейміз!
Топқа бөлемін : «Сиқырлы сөйлемдер» арқылы топқа бөлінеді. Оқушылар берілген сөйлемдерді алып, түлеріне қарай топқа бөлінеді. Хабарлы сөйлем Далада қар жауып тұр. Сұраулы сөйлем Сенің атың кім? Лепті сөйлем! Алақай, атам келді! |
Стикерге жазылған сөйлемдер. Топтың аттары жазылған парақшалар
|
|||
|
Сабақ ортасы
|
« Сақина салмақ» ойыны Балалар,біздер қазір өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында ойын ойнайтын боламыз.Мен кімнің алақанына сақинаны жасырп кетсем,демек сол оқушы сұрақтарға жауап береді. Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем айтылуына қарай нешеге бөлінеді? Оларды ата. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Сұраулы сөйлем дегеніміз не? Лепті сөйлем дегеніміз не? Лепті сөйлемге мысал келтір. Лепті сөйлемнің тыныс белгісі қандай? Ендеше балалар,біздің бүгінгі мақсатымыз лепті сөйлем туралы түсінігімізді одан әрі кеңейтіп,түрлі тапсырмалар орындау арқылы лепті сөйлемді толығымен меңгеру. Балалар қазір қай мезгіл? Қандай ай? Балалар осы желтоқсан айында қандай мерекелер бар? 1 Желтоқсан- Президент күні 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні 1991ж 16 желтоқсан күні Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Биыл тәуелсіздікке 27 жыл. Жаңа жыл Және де сіздерге бір ескерте кететін жайт,бүгінгі сабағымызға жаңа жылдың сәні әсем шыршаны әкеліп отырмын.Бүгінгі сабаққа бәріміз белсене қатысып,тапсырмаларды дұрыс орындасақ,сабақтың соңында шыршамыздың шамдары жарқырап жанатын болады.Бәріміздің көңіл-күйіміз көтеріліп,қуанатын боламыз.Ендеше,дайынбыз ба? Ендеше бүгін біз осы желтоқсан айындағы меркелерге саяхат жасап, әрбір мерекеге арнап құттықтау жазудан сабағымызды бастайық. 1-тапсырма. Топпен жұмыс 1топ.1 Желтоқсан -Президент күні 2-топ.16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні 3-топ.Жаңа жыл мерекесі Қандай сөйлемдерді пайдаландыңдар? Дескриптор -осы аталған мерекелер туралы біледі, - лепті сөйлемді пайдалана отырып,құттықтау жазады; -соңына сәйкесінше тыныс белгісін дұрыс қояды. Әр топ бір-бірін бағалайды.(гүл,машина суреттерін береді) 2-тапсырма. Қолдану Лепті сөйлем туралы білімдерін нақтылай түсу.Леп белгісі неліктен қойылғанын айт. Алақай,алақай! Күн шықты,күн шықты, Жер үстіне нұр шықты! Дескриптор -Өлең үзіндісін мәнерлеп оқи алады. -Лепті сөйлемді анықтайды. -Леп белгісі неліктен қойылғанын,қандай көңіл-күйді білідіріп тұрғанын айтады ҚБ «Смайликтер
Сергіту сәті. Әуенге сай қимылмен билеу,әнді қосылып айту 3-тапсырма Талдау .Жұптық жұмыс Берілген сөздерден лепті сөйлем құрау .Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз 1. Біз, алақай, жеңдік 2.Бекер, ренжіттім – ау, қап Дескриптор -Сөйлемдегі сөздердің орнын дұрыс тауып жазады -Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды -Сөйлемнің қандай сөйлем екендігін ажыратып,айтады. Мадақтау арқылы бағалау 4-тапсырма Ұжымдық жұмыс (тақтамен жұмыс) Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, көшіріп жаз. Леп белгісінің қойылу себебін түсіндір. Туған жердің табиғаты да сондай ......! ......., ауылға барамын! Керекті сөздер: алақай, тамаша Дескриптор -Сөйлемдерді оқиды. -Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, көшіріп жазады. -Леп белгісінің қойылу себебін түсіндіреді. Мадақтау арқылы бағалау |
Сақина
Мерекелерге байланысты слайд
слайд
шырша
слайдта суреттер
маркерлер,ақ парақшалар.
Гүлдің, машинаның суреті
бейнеролик
слайд
|
|||
|
С |
5-тапсрыма Қб тапсырмасы Ойын «Сәйкестендір» Өкіну Сүйікті менің Қазақстаным жасасын! Армандау Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным-ай! Бұйрық Қане, күнделігіңді бер! Ұрандату Шіркін, айға самғап ұшсам ғой! Дескриптор -Лепті сөйлемнің адамның қандай сезімін білдіріп тұрғанын анықтайды -сәйкесінше сызықтармен қосады Шапалақтау арқылы бағалау 6-тапсырма Жинақтау Тест сұрақтарына жауап беру. Өзін-өзі бағалау Тест 1.Адамның көңіл-күйін білдіретін сөйлем қалай аталады?? А) хабарлы сөйлем Ә) Лепті сөйлем Б) сұраулы сөйлем 2.Мына сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? Алақай, ағам келді А) сұрау белгі Ә) леп белгі Б) нүкте
3.Лепті сөйлемді анықта: А) Қандай әдемі гүл! Ә) Менің сызғышым бар. Б) Сен неше жастасың? 4. Лепті сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? А) нүкте Ә) сұрау белгісі Б) леп белгісі Кері байланыс 31 желтоқсан – Жаңа жыл
Шырша ойыншықтарына жасырылған сөздер арқылы лепті сөйлем құрастырып,шыршаны безендіру. Аға,ана,гүл,көйлек,машина,күн,есік,піл,ауа райы,ағаш,жаңа жыл,туған күн,балалар,ауыл,құтты болсын,тәуелсіздік,табиғат,алақай,әттең,қап,тамаша,керемет.
ҚБ «Бағдаршам» Рефлексия
|
Сөйлемдер жазылған қиықшалар
Шырша ойыншықтары
|
|||
шағым қалдыра аласыз
абақтың
соңы






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген