400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Лепті сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлем көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін :__________ оқу ісі меңгерушісі

Күні: 13.02.2023ж

Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға лепті сөйлемнің мағынасын түсіндіру,

көңіл - күйді, сезімді білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:

1. Лепті сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттықтыру;

лепті сөйлемнің қандай мағына білдіріп тұрғанын анықтату.

2. Өз бетімен жұмыс жасай білуін және өзін бағалай білуге үйрету,

байланыстырып сөйлеуін, жазба тілін дамыту. Сөздік қорларын молайту.

3. Ұйымшыл болуға, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап

Көрнекілігі: тірек - сызба, кестелер, суреттер

Сабақтың барысы:

4. Ұйымдастыру

1. Психологиялық дайындық

Өзімізге: Сәттілік, қуаныш!

Қонағымызға: Жақсы көңіл - күй!

Елімізге: Ашық аспан, молшылық!

5.Өткен сабақты қайталау

1. Сөйлем дегеніміз не?

2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

4. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

Лепті сөйлем туралы түсінік беру

Бейбітшілік жасасын!

Көйлегім қандай әдемі!

Отан сүйер ұлан бол!

Жүйрік тұлпарым болса ғой!

Сөйлемдерді мәнерлеп, дауыс мәнерін келтіріп оқу. Оқушыларға осы сөйлемдерге қатысты сұрақтар қою арқылы ереже шығару.

1. Әр сөйлем қалай оқылды?

2. Сөйлемдегі ой қандай көңіл - күйде айтылып тұр?

Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.

Лепті сөйлем көтеріңкі дауыспен айтылады.

Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады. (Слайд.)

6.Ойын «Сәйкестендір»

Өкіну --- Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!

Армандау --- Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным - ай!

Бұйрық ---- Қане, күнделігіңді берші!

Ұрандату ----- Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!

7.Оқулықпен жұмыс.

1. Көркем жазу

2. Жаттығу жұмыстарын орындау.

Хабарлы сөйлемді сұраулы және лепті сөйлемге айналдырып жаз.Тақтаға орындату.


8.Қызығушылықты ояту. 1.Бір жолаушы жылауықтар еліне тап болыпты. Жылауықтарды әрі жұбатады, бері жұбатады олар жылауын бәрібір қоймайды. Қалай ойлайсыңдар, олардың бет-пішінінде қандай өзгерістер болады? 2.Сиқыршы бос қорапқа мысықты салып, қақпағын жапты. Біраздан кейін ашып еді, ішінен күшік шықты. Сендердің бет пішіндерің қалай өзгереді? 3.Марттың досы қысқы демалыста қалаға кетті. Ол досын қатты сағынды. Сабақ басталарда көшеде досымен кездесіп қалды. Екеуінің түрлерінде қандай өзгерістер болады?


9.  Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлемді  тап.

А) хабарлы сөйлем      в) лепті сөйлем       с) сұраулы сөйлем

 


Сабақты қорытындылау.

Лепті сөйлемнің өзіндік белгілері:

- Адамның көңіл - күйін, сезімін (қуану, ренжу, өкіну, ұран т. б.) білдіреді;

- Лепті сөйлем үнемі көтеріңкі дауыспен айтылады;

- Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.

10. Сабақты бекіту

Сабақтың соңы Қорытындылау.

Жұмбақ шешу” 1. Өзім сөзден тұрамын Біткен ойды құрамын

( Сөйлем) 2. Сөзді құрап, доп тіземін, Қоя салсаң, бір тары, Жаңалықты жеткіземін ( Хабарлы сөйлем ) 3. Ойды аяқтап орақ тұрады, Жауап сөз қалап тұрады (Сұраулы сөйлем) 4. Ұранды, шаттықты Өкініш аптықты Білдіріп ойын талайдың Шарға ине қадаймын (Лепті сөйлем) - Сонымен, балалар, лепті сөйлем дегеніміз не? - Лепті сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады?

11.Бағалау

Shape1



























3 арнайы мектебі













Тақырыбы: Лепті сөйлем

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4

                                                Өткізген: Сабурова Айнур























2023 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.03.2023
2006
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі