Материалдар / "Лессон Стади сабақтарына менің пікірлерім"

"Лессон Стади сабақтарына менің пікірлерім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Lesson stady мұғалімдердің педагогикалық білімі мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді педагогикалық құрал. Қазіргі таңда әрбір мұғалім өз білімін дамыту басты мақсат болып табылады. Lesson Study сабағын өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Мектебімізде өткізіліп жүрген Lesson stady –де шараны бірлесе жоспарлап, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларымызды қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысты. Біздің проблемамыз мектептегі өткізілетін сабақ барысында оқушыларды қызығушылығын арттыру. Lesson Study тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері – қадағалайды. .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2020
1457
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шымкент қаласы, №113 Әл – Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Юлдашова Наргиза

«Lesson study» зерттеу сабақтарына менің қысқаша пікірім

Басқаларды үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз.

Сенека.

Lesson stady мұғалімдердің педагогикалық білімі мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді педагогикалық құрал. Қазіргі таңда әрбір мұғалім өз білімін дамыту басты мақсат болып табылады. Lesson Study сабағын өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Мектебімізде өткізіліп жүрген Lesson stady –де шараны бірлесе жоспарлап, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларымызды қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысты. Біздің проблемамыз мектептегі өткізілетін сабақ барысында оқушыларды қызығушылығын арттыру.

Lesson Study тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері – қадағалайды. Оқушылардың оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерді бүкіл топ мүшелері зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бірден жүйелейді және талдайды, содан кейін Lesson Study-дің анағұрлым тиімділігін қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді есепке ала отырып, бірлесе жұмыс қайта жоспарланады.

-Lesson Study тобы оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесін келіседі, үдеріс барысында барлық мүшелер бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болды.

-топ мүшелері зерттеудің түйінді идеяларына қатысты жауап табу үшін әдебиеттерді зерделейді және жоспарлау кезінде оларды пайдалану үшін нәтижелерін қорытды.

-топ зерттеу сабағының ортасында қандай сыныптың және қандай үш «зерттелетін оқушының» болатынын шешеді және оқу үлгерімі жоғары, орта және төменгі деңгейдегі сынып топтарын ұсынды.

-топ зерттеу сабағын «зерттелетін оқушылардың» меңгеруіне ерекше назар аудара отырып, оны жоспарладық.

-бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізеді, осы уақытта басқалары – «зерттелетін үш оқушыға» ерекше көңіл бөлу арқылы қадағалайды және ескертпелерді жазып отырдық.

-мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше оқушылармен сұхбат жүргіздік.

-топ зерттеу сабағы аяқталысымен бірден талқылау жүргіздік. Талқылау белгіленген құрылым бойынша жүреді:

-жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамдармен салыстыра отырып, «зерттелетін оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін анықтадық;

-белгіленген және зерделенгендердің негізінде және соларға сәйкес келесі зерттеу сабағының мақсатын қойдық.

-келесі Lesson Study-ді топпен бірлесе жоспарладық.

«Оқу- инемен құдық қазғандай» деген халық даналығының тағы бір дәлелі. Педагогикалық шеберлікті меңгеру процесіне неғұрлым үңіле берсе, соғұрлым тереңдей түседі екен.

Ойымды қорыта келе Lesson study экспериментінің пайдасы мол, ұстаздар қауымының өзін- өзі реттеуі, шыңдау үшін бірде-бір қайнар көзі деп ойлаймын. Қорыта айтқанда, қай кезде де мұғалім білім мекемелерінде негізгі тұлға болып қала береді, себебі оқушыға білімді өз бетімен үйренуі үшін жетекшілік қызметін атқарады. Мұғалім тек қана өз шәкірттеріне ғана емес,жан-жақты, білімді, заман ағымына сай жаңашыл ұстаз болса, өз идеяларымен, ой-мақсаттарымен өз әріптестері үшін соңынан ілестірер көшбасшыларына айналады. Lesson Study-оқушыларға саналы білім берудің көздеген бір мақсатқа жұмсалған ұстаздар шеберханасы десекте артық етпейді.



























Шымкент қаласы, №113 Әл – Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хидаятова Насиба

«Lesson study» зерттеу сабақтарына менің қысқаша пікірім

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. «Зерттеу сабағы қарапайым идея болып табылады. Егер сіз оқытуды жақсартқыңыз келсе, онда басқа мұғалімдермен бірге жұмыс істеу-жоспарлау, бақылау және сабақ бойынша ой жүгіртудің қаншалықты маңызды екені  анық.

Lesson Study әдісі – ондағы басты мақсат әріптестермен бірігіп,

Сабақ жоспарын  құру

Зерттеу сабағын талқылау

Сабақтың жоспарын талқылау

Зерттеу сабақтарын өткізу болып табылады.

Топ ішіндегі талқылау жұмыстары:

- бүкіл топ жиналып, проблеманы шешу құралдары мен ҚМЖ-ға өзгерістер енгізу мәселелерін талқылап, шешім қабылдадық.

- бүкіл топ бақылау құралдарын талқылап, келесі сабақты өткізу үшін бірлесе жоспарладық.

-бүкіл топ Lesson Study сабағына (ашық сабаққа) қатысты, бақылау құралдарын қолданды, оқушылардан интервью алды. Сабақты талдау нәтижесінде ҚМЖ-ға өзгерістер енгізді.

-бүкіл топ өткізілетін ашық сабақ (Lesson Study) жоспары мен бақылау құралдарының соңғы нұсқаларын құрастырдық.

-сабақтан кейін бақыланған оқушымен (оқушылармен) сұхбаттасу өткіздік.

Мұндай сұхбатта оқушыларға зерттеу мәселесін шешуге бағытталған құралдардың қалайша жүзеге асырылғандығын, олардың балаларға қандай әсер жасағанын, оқушылардың бұл құралдарды қалай қабылдағанын (ұнаған/ұнамағанын, қалайша жұмыс жасауға көмектескенін/ көмектеспегенін, тиімді-тиімсіз болғандығын, т.б.) сұраған дұрыс.

Қорыта айтсақ, Lesson Study-дың үшінші түрінде барлық мұғалімдер зерттеу сабағын өткізіп, сонымен қатар әріптестерінің зерттеу сабағын бақыладық. Сабақты бақылаған кезде, мұғалімдер жақсы әдіс-тәсілдермен бөлісіп, өздерінің оқыту және бақылау дағдыларын дамыта алды.













































Шымкент қаласы, №113 Әл – Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Эшаева Дилбар

«Lesson study» зерттеу сабақтарына менің қысқаша пікірім

Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.

Томас Фуллер

Сабақты зерттеуде мұғалімдер өзара білім мен тәжірибе алмаса отырып, кәсіби қоғамдастық құруға септігін тигізеді. Сабақты зерттеу мұғалімдердің кәсіби өсуіне бірден бір даңғыл жол болып табылады.

Сабақтағы зерттеу дегеніміз:

-мұғалімдерді оқыту мен тәжірибелерін  дамытудағы ынтымақтастық 
тәсіл.

оқу  сапасын  арттыру  үшін  белгілі  бір  тәсілді  қалай  дамытуға 
болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделеу. 
-оқытудың жаңа тәсілдерін  әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс жасап, 
тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы жайлы деректер жинау.

-жұмыс істеудің тәсілі, оқушының үйренуін зерттеу, бақылау. 
–  жеке  педагогтың  өзі  жинақтаған  білімі  мен  біліктілігін  өз 
әріптестерімен бөлісуі.   
 – тәжірибені жетілдірудің  жолы.   
– педагогтардың біліктілігін арттырудың бір тәсілі. 
– жұмыс  тәсілі, оқушының үйренуін зерттеу, бақылау.

 Зерттеу сабағы барысында:
 Оқушылардың топтық жұмысы;  
 Сабақта оқушылардың диалогын ұйымдастыру; 
 Оқушыларға қойылатын сұрақтардың түрлері және деңгейі; 
 Оқушылар жауаптарының мазмұны мен деңгейі; 
 Сабақтағы кері байланыс; 
 Сабақта АКТ-ны пайдалану; 
 Оқушылардың білімін бағалау; 
 Сабақтағы зерттеушілік әңгіме; 
 оқушылардың танымдық ерекшеліктері; 
 Сабақ барысындағы көшбасшылық; 
 Сабақ барысындағы  ойындардың(танымдық, рольдік және т.б.) рольі; 
 Оқушылардың рефлексия, эссе жазуға үйренулеріне жағдай туғызу; 
 Әр деңгейдегі тапсырмалар; 
 Сабақ барысында «Оқушы үнін» ескеру және т.б. 

Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу деген бұрын болмаған еді, Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін  бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп,  соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болады.













































Шымкент қаласы, №113 Әл – Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шадибеков Азизбек

«Lesson study» зерттеу сабақтарына менің қысқаша пікірім

Біз мектебімізде мектеп басшылығымен келіскен түрде «Lesson study» зерттеу сабақтарын жоспарлап, бір қатар сабақтар өткіздік. Зерттеу сабақтарымыздағы негізгі мәселе «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру» болатын.

Біз осы тақырыпқа негіздеп отырып, алдымызға мынандай мақсаттарды қойған едік:

  1. Сабаққа қызығуы аз оқушыларды анықтау;

  2. Сабақты қызықты өтуі үшін не істеуіміз керек;

  3. Қандай әдіс – тәсілдерден пайдаланамыз және қалай пайдаланамыз;

  4. Туындаған қиыншылықтарды жою жолдары;

  5. Табысты сабақ пен табысты оқушы;

  6. Қорытынды.

Біз зерттеу сабақтарын жүргізу барысында түрлі әдіс – тәсілдерден пайдаландық. Сонымен бірге сыныптағы оқушылармен топтық жұмыс, жұптық жұмыс және жеке жұмыстарда сабақ жүргіздік. Жүргізген сабақтарда алдымен оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы аз болатын. Дегенмен, зерттеу сабақтарының кезектегі жүргізілген сабақтарында мұғалімдердің зерттеу тобымен бірге өткен сабақтағы тап болған қиыншылықтарды жою жолдарын қарастырып, әдіс – тәсілдерді, бағалау парақтары мен тапсырма деңгейлерін ауыстырып отырдық. Соның арқасында келесі сабақтарымыз табысты болды және көздеген нәтижеге жеттік. Атап айтатын болсақ, алғашқы сабақтарда сабаққа қызығушылық танытпай отырған оқушылар кейінгі сабақтарда белсенді қатыса бастады. Топтық жұмыстарда С деңгейдегі оқушылардың сабаққа қызығушылығы артқан болса, жұптық жұмыстарда белсенділігі арта бастады. Соңғы сабақтарда бұл оқушылар өз ойын емін – еркін жеткізе бастады. Сабақтарда ұтымды болған жерлері АКТ-дан пайдаланғанымыз, ойын арқылы сабақты жүргізгеніміз, оқушылардың деңгейіне сай тапсырмалар бергеніміз және түрлі әдіс – тәсілдер. Бұдан бөлек осы зерттеу сабақтарының арқасында оқушылар бірін – бірі, өзін - өзі бағалауды үйренді. Табысты мұғалім мен табысты оқушы дегеніміз осы шығар?! Қазіргі күндегі, біз, мұғалімдердің негізгі мақсатымыз – ХХІ ғасырда табысты оқушыны дайындау. Сондықтан, тағы «Lesson study» зерттеу сабақтарын жоспарлап жүргізетін болсақ, біз өз ойлаған мақсаттарымызға жетуіміз керек деп ойлаймын.

Сол мақсатта менің мынандай ұсыныстарым бар еді:

  1. Зерттеу сабақтарын бастауыш сыныптардан бастасақ;

  2. Зерттеу сабақтарын негізгі пәндердің барлығында жүргізілсе екен;

  3. АКТ құралдары толығымен қамтамасыз етілсе;

  4. Зерттеу сабақтарына көбірек жас мамандар жұмылдырылса.

Осы жоғарыда айтқандарды тәжірибеде қолдансақ, табысты сабаққа қол жеткіземіз деп ойлаймын.

Сіздер қалай ойлайсыздар, әріптестер?..































Lesson study зерттеу сабақтары бойынша пікірлерім

Lesson study зерттеу сабақтары оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруда өз нәтижесін көрсетті. Мен Досметова Лала қазақ тілі және әдебиеті пәнінен Халық ауыз әдебиеті тақырыбындағы өткізген зерттеу сабағым арқылы дәлелдей аламын. Біздегі мақсат оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы арттыру еді.Сабақ жоспарын топпен бірлесе отырып құрастырдық.Сабақ барысындағы мақсатым пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдей алуды және қойылған сұрақтарға еркін жауап бере алуды,мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтап, мәлімет жаза алуды үйрету еді.Оқушылардың сабаққа болған қызығушылығын «Кір жаятын жіп?» әдісі арқылы ояту еді.Үй тапсырмасын сұрауда «Кір жаятын жіп» әдісінен пайдаландым. Мұнда мен күтілмеген нәтижеге жеттім,күнделікті сабақтағы С деңгейдегі үш оқушым жақсы катысты.Әсіресе,Абдулатиф өз ойын толық жеткізіп, дәлелдей айтты.Жаңа сабақты меңгеруде «Менің ойым», әдісі арқылы өткізілген пікірталас тиімді болды.Пікірталаста оқушылар үш топқа бөлініп бірлесе жұмыс істеді.Олар өздерін еркін ұстап, ойын талқылап ,қолдап айта алды.Балаларға берілген еркіндік сабақты жақсартты. «Жоғалған сөздер» әдісі арқылы орындалған тапсырма өте қызық болды. Балалардан Абдусамат,Жасмина ,Нодирбек топтағы лидерлерге қарамай, шапшаңдықпен шығып орындады. Қабырғадағы ауыз әдебиеті түрлерінің түсіп қалған сөзді тауып, Өз ойын дәлелдеп берді. 3-тапсырманы орындауда жұптық жұмыс арқылы орындап,мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтап оқиды,мәлімет жазып, жұптар бірін - бірі тексерді. Бірлесе жұмыс істеу балалар үшін қызық болды.Сыныптағы үш лидер қыз өз қабілетін көрсетті. Сабақты қорытуда «Мен қалай меңгердім?» әдісінен пайдаландым.Оқушылар сабақты қалай түсінгенін лента көтеру арқылы білдірді. Қызыл - «Өте жақсы» түсінгендер он оқушы, Сары - «Жақсы» түсінгендер екі оқушы болды.Олар өз ойын дәлелдеді. Үй тапсырмасы оқушылар деңгейіне қарай берілді. «Халық ауыз әдебиеті- халықтың асыл мұрасы» тақырыбында эссе жазуды,эссе құрылымы А деңгейдегі оқушыларға 150 сөзден, В деңгейдегі оқушыларға 100 сөзден, С деңгейдегі оқушыларға 80 сөзден тұратын болуы керектігін айттым.Әрбір тапсырмадан кейін оқушыларға пысықтау сұрақтарын қойып бардым.Бұл зерттеу сабағы оқушылардың тақырыпты меңгеруінде пайдалы болды.Бірлесе жұмыс істеу балаларды достыққа, бірлікке ,бірін- бірі қолдауға жетелейді.Мұғалімнің айтқанын тыңдағаннан ,оқушылар өздері әрекет жасап,бірлесе орындаса олардың есінде жақсы қалады,сабақты жақсы меңгереді. Lesson study зерттеу сабақтары маған ұнады.Әр балада лидер болу қабілеті бар,бірақ оларды лидер болуы біздің қолымызда. Lesson study зерттеу сабақтарын тоқтатпай дамыту керек. Бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуде Lesson study зерттеу сабақтары су мен ауадай қажет деп ойлаймын. Lesson study арқылы біз бірлесеміз, біргеміз, әр уақытта қолдаудамыз және қолдаймыз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ