Lesson stady

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Lesson stady

Материал туралы қысқаша түсінік
Лессон Стади
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шалабаева Жазира Айтжановна

Алматы облысы,

Еңбекшіқазақ ауданы,

Сарыбұлақ ауылы,

«Сарыбұлақ ортамектебі»КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

«Ең оңайы — еліктеу, Ең ащысы — тәжірибе,

Ең мәртебелісі – ойлау»

Конфуций


Біз өмір сүріп отырған ақпараттық қоғамда, көп мәдениетті ортада бәсекелестік заманда, жаһандануға қарыштап қадам басқан уақытта халқымыз үшін маңызы аса зор оқу-ағарту ісін халықаралық талапқа сәйкестендіріп, әлемдік сапа деңгейіндегі білім мен білік дағдыларына негізделген білім беру жүйесін құру

кезек күттірмейтін мәселе.

Бүгінгі мұғалімнің жетістігін оқушыларға өзінің берген білімі мен біліктерін үйретумен бағалап қоймайды, сонымен бірге ол өсіп келе жатқан ұрпақты жаңа белгісіз жағдайда әрекет етуіне, олардың өз бетіндік әрекеті мен шығармашылығын дамытуға, қоғам өміріне белсене қатысу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау мен тиімді пайдалану икемділіктерін қалыптастыруға қаншалықты тиімді жағдай жасағандығымен бағалайды. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім- біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді.

Lesson study зерттеу сабағы оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл.

«Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны» – деп, неміс халқының ақын-жазушысы Иоганн Гете айтқандай, зерттеу сабағын тәжірибеге енгізу барысында, біраз қиындықтар болды. Бірақ «қиын болды» деп ісімізді аяқсыз қалдыруға болмайды.

Lesson study – дің басты мақсаты: Оқушыларға білім алуға көмектесу.Топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету.

Зерттеу сабағын жүргізу үшін:

Lesson study зерттеу тобы құрылады. Зерттеу тобында осы бағдарламаны игерген мұғалімдермен қоса, сынып жетекші және психолог мамандар болады.

Зерттейтін сыныпты таңдауда, пән мұғалімдерімен бірлесе ақылдаса отырып, зерттеуге белгілі бір сыныптарды алады.

Келесі қадам – осы сыныптағы проблеманы анықтау болып табылады. Осы мақсатта осы сыныпқа сабақ беретін негізгі пән мұғалімдері сабақтағы проблемаларын Lesson study бұрышына жазып, бірнеше проблемалар анықталды. Одан кейін зерттеуші топтың отырысы болады. Бұл отырыста осы бірнеше проблемадан ортақ проблема шығарылды. Ортақ негізгі проблеманы: «Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру» – деп алынды.

Зерттелетін пәндердің пән мұғалімдерімен бірігіп, бақыланатын оқушылар анықталды. Мұнда А оқушысы – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді. В оқушысы – сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы. Ал С оқушысы – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы.

Оқу үнін ескеру мақсатында олардан сұхбат алынады.

Проблеманы шешу үшін «Оқушылардың оқылым дағдысын қалай қалыптастыруға болады?», «Ол үшін қалай жұмыс жасаймыз?», « Қандай әдіс-тәсілді қолданамыз?» – деген сұрақтар айналасында талқылау жасалынады.

Зерттеу сабағы қазақ тілі сабағында.

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып планета» болды. Оқушыларға мәтін таратылды, тапсырма мәтінге тақырып қою және мәтіннің түсінігін өз сөзімен жазып, «Ыстық орындық» әдісі арқылы оқу болды. Нәтижеде, А оқушысы – өз деңгейінде жауап берді, ал В оқушысы – түсінгенін жазғанымен, мәтінге тақырып қоя алмады. С оқушысы – өз ойын, түсінігін жаза алмады. Сабақтан кейін, бақылаудағы оқушыларлардың сұхбаттарының

«Ыстық орындық» әдісінде қобалжып, өз ойларын білдіре алмағаны байқалды, келесі сабақта оқушыларды орнында отырып жауап беретіндей әдіс таңдау қажеттігін білдік. Сөйтіп, «Интервью» әдісін қолдануды жоспарладық.

Сонымен, Lesson study зерттеу сабағының тиімділігі:

  • Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.

  • Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.

  • Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.

  • Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.

  • Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.

  • Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.

  • Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.

  • Оқушының оқуы жақсарады.

  • Функционалдық сауаттылығы дамиды.

  • Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.

Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік.

Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.

Қазір еркін ақпарат дәуірі, елді алға сүйреп, өзгеріс әкелетін білім десек, сол білім ошағы болған дамыған елдердің іс тәжірибесін үйрену бізге міндет, осы орайда Қазақстандық білім жүйесіне ағылшындық атпен еніп жатқан жапондық озық әдістің бірі- «LESSON STUDY» дың бізге берері мол, бұны XIX ғасырда атақты жапон ғалымы Макото Йошида ғылымға енгізген.

Қазір әлемнің дамыған елдерінің көбі пайдаланады. Аты жат болғанмен бізге заты таныс бұл жүйені кезінде аталарымыз «Кеңеспен пішкен тон келте болмайды», «Төртеу түгел болса төбедегі келеді», «Саусақ бірікпей іине ілікпейді»-деп айтып кеткен, яғни бізше болғанда зерттеу сабағы немесе сыныпты зерттеу деп аталады, әрбір шәкірттердің тағырына қатысты проблемаларды шешу үшін, «әр қазақ менің жалғызым» деп қаракөздердің дара шауып, асқар шыңдардан көрінуін қаласақ бұл әдістің бізге берері мол, ден қойған ұстаздарға өшіп қалған шырақтар тұтанып, талай көзі ашылмаған бұлақтар сылдырай ағары даусыз.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
103
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі