Lesson Study

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Lesson Study

Материал туралы қысқаша түсінік
«Lesson Study» – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Бұл үдеріс барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалімдердің істерінен көруге болады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді.»Lesson «Lesson Study-ді» бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелері мұқият зерттейді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс-әрекетті зерттеу үдерісі арқылы практик – мамандар мектеп проблемаларын қарастырып, оларға жан-жақты жауап беру мүмкіндігіне ие болады.«Іс-әрекеттегі зерттеу адамдардың тәжірибесін, тәжірибе туралы түсінігін және тәжірибе жүргізілетін жағдайды түсінуін өзгертеді. Ол жаңа үлгілерді – жаңа өмірлік бағыттарды қалыптастыра отырып, «сөйлеу», «тәжірибе» санаттарының мазмұнын өзгертеді. (МАН, 48 бет).

«Lesson Study» – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Бұл үдеріс барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалімдердің істерінен көруге болады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді.»Lesson «Lesson Study-ді» бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелері мұқият зерттейді. Іс-әрекетті зерттейтін пән мұғалімдері өздерінің пәні бойынша сабақ жоспарларын бірлесе отырып жоспарлады. «Lesson study» тәсілі бойынша химия, информатика, тарих, пәндерінің мұғалімдері, зерттелетін 8 «А» сыныптың жетекшісі арқылы зерттейтін оқушыларды таңдадық. Іс-әрекет «Топтық жұмыс арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру» тақырыбында жүргізілді. «Lesson Study» сабағын жоспарлап, бақылауға алынатын оқушыдарды сынып жетекшісі арқылы таңдадық. Зерттеу жұмысына үш деңгейдегі үш оқушы назарға алынды. А оқушы (үлгерімі жоғары)- Құлмағанбет Нұрсембике дарынды, мектепке жақсы ықыласпен, жаңа білім аламын деп әрқашан да құштарланып келеді, өзіндік бағалауы орташа, нақты ойлау қабілеті жоғары. Ол өзінің көшбасшылығын сабақ барысындағы күрделі тапсырмаларды орындауда өз тобына көмек беру арқылы көрсетіп отырды. В оқушы (үлгерімі орта) пәнге деген қызығушылығы болса да, сабақта белсенділік танытпайтын еді, өйткені ол тұйық мінезді оқушылардың бірі. С оқушы (үлгерімі төмен) - сабаққа қызығушылығы төмен, сөйлемей отырды. Өзіндік  бағалауы орташа, нақты ойлау қабілеті орташадан төмен. Бірінші сабақ химия пәнінінен "Табиғаттағы су.Судың қасиеттері, қолдануы» тақырыбыңда өзім өткіздім. Мен оқушы үшін күтілетін нәтижелерін анықтап алып, сабақты өз деңгейінде өткізді.
Бақылауды жүргізетін мұғалімдер алдын-ала әзірленген зерттеу мақсаттары бойынша бақылау жұмыстарын жүргізіп отырды.Жаңа сабақты оқушылар бейнесюжетті көріп, сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа тақырыпты өздері нақтылады.
Оқушыларды топен жұмыс істету арқылы, сын тұрғысынан ойлау стратегиясын пайдаланып мақсатына жеткендігі аңғарылды.Сабақ соңында топ мүшелері табыс критерийлері бойынша талқылау жасады. Талқылау барысында таңдап алынған С оқушымызда прогресс болды, яғни жұптық жұмыстың нәтижесінде оқушы топтағы жұбымен диалогқа түсіп сұрақтарға жауап берді, постер қорғағанда өз ойын білдірді. Сабақ барысында С оқушының тобындағылар оны сөйлетуге, жауап беруге дайындап, топ ережесін орындауға тырысты. Бұл С деп таңдап алынған оқушы үшін үлкен жетістік болды, бұған сынып оқушылары түгелімен қуанды. Ал В оқушы белгіленген табыс критерийіне жете алмады, яғни топқа берілген тапсырмаларда белсенділік танытпады. Бұл оқушы өз-бетінше тапсырма орындағанды ұнатады. «В» деңгейіндегі оқушыны бақылап жүрген мұғалім жұмыс істеу тәсілін өзгерту керек екенін айтты.
Келесі кезекте А деп таңдап алған оқушы туралы бақылаушысы өте жоғары деңгейдегі пікірге тоқталды. Өйткені, бұл оқушы тек оқулықтағы мәліметпен тоқталып қалмай, жан-жақты ізденетінін »Судың ластануы» тақырыбында проблема тудырып бейне таспа арқылы «Фишбоун» әдісі арқылы қорғап шықты. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге қажетті құралдармен қамтамасыз етті. Сабақта оқушыларды ынталандыру үшін  «Миға шабуыл», «Фишбоун», «Рафт», деңгейлік тапсырма, өзін-өзі бағалауға,  топ арасында эксперттің сайлануы, интерактивті тақтадан «Дұрыс немесе дұрыс емес жауаптар» тапсырмалары арқылы және тест жұмысының орындалуы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятты. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Осындай жұмыс түрлері оқушыларды сыни ойлауға үйретіп, белсенділіктерін арттырып,  өзін-өзі реттеуге үйрететіні байқалды.Кері байланыс оқушылардан «Бес саусақ» әдісі арқылы алындыСабақ барысында С оқушының тобындағылар оны сөйлетуге, жауап беруге дайындап, топ ережесін орындауға тырысып бақты. Сабақ соңында мұғаліммен кері байланыс жасау арқылы зерттеудегі үш оқушының сабақтағы іс - әрекеті талқыланып, келесі сабаққа жоспар құрылды.

       Іс-әрекетті зерттеудің екінші информатика сабағының тақырыбы: «Вирустар». А оқушымыз өз тобына көшбасшылық жасап,әр тапсырма сайын дайын екендіктерін білдіріп, алғашқы болып, білімге құштарлығын, тобымен ынтымақтаса жұмыс істейтінін көрсетті. В деңгейдегі оқушыға оқулықпен жұмыс, кластер жасау тапсырмасы (555) берілді. Оқушы тапсырманы түсініп орындай бастады. С оқушы бейтарап отыратын күйден арылды, сызбанұсқамен жұмыс атқарды. Бірақ электронды оқулық бойынша толық орындап шықты. сабақ үдерісінде АКТ-ны пайдалану оқушылардың тәуелсіз ойлануына , ой қорытуына, қабілетіне, визуалды және  ақпарат алуына , өз бетімен ізденуіне ықпалын тигізді. Жан- жақты ойлауды қалыптастырып, балалардың өз білімдері мен  жаңа білімдерін ұштастыра отырып, тақырыпты түсінуге бағыт берілді. Формула құрастыру, «Венн диаграммасын « толтыруда С денгейдегі оқушы өз ойын айтуға тырысты. Осындай тапсырмалар арқылы оқушылар еркін ойлауға мүмкіндік алады, ойын дамытады,ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді,тіл байлығы жетіледі, жан-жақты ізденеді,өз ойын, көзқарасын жеткізеді.Қорыта келе А,В,С деп белгіленген үш оқушы табыс критерийлеріне жетті.

       Іс-әрекетті зерттеудің үшінші география сабағы.
Ақпараттандыру ісі білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде . Сондықтан да, оқытуда интерактивті тақтаның тиімділігі өте көп. Мысалы үй жұмысын тексерген кезде В деңгейдегі оқушы тақтаның алдында тапсырманы орындап берді. Ал С деңгейдегі оқушы сөйлемді талдаған кезде біраз қателер жіберді. Электронды оқулықпен тапсырмалар орындау барысында бақылаудағы үш оқушы өз деңгейлерінде жұмыстар атқарды. Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар В деңгейдегі оқушы АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында  оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алуы, тапсырманы орындау барысында дұрыс нәтиже көрсетуі сабаққа деген ынтасын көтерді деп ойлаймын. Сабақтарда видеоны қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Әр сабақтың соңында "Өзін-өзі бағалау", "Бірін-бірі бағалау" әдістері арқылы балалар өздерінің артықшылығын біле отырып жіберген қателерін анықтады және бағалады. Болашақта қателіктерін жоюға тырысты.

Әрбір сабақтан соң шығармашылық топ мүшелері бірлесе отырып, кәсіби әңгіме жүргізді, талдау жасады, басымдықтар мен кедергілерді анықтап, ортақ шешім таба білуді үйренді.Іс-әрекетті зерттеу соңында зерттеуге алынған 8 «А» сыныбымен сұхбат өткізілді. А,В,С деңгейдегі оқушылармен интервью алынды.

Сұхбат барысында 8 «А» оқушыларының мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізу барысында өткізілген тізбектелген сабақтар мен іс-әрекетті зарттеу сабақтарының өткізілуі туралы оқушылармен кері байланыстағы қорытынды пікірлері:

1. Топтық жұмыстардың ұйымдастырылуы бізге ұнады.

2. Біздің көңіл-күйімізді ескеретін психологиялық жағдай орнады.

3. Бізге сергіту сәтінде билеген ұнайды.

4. Сабақта әдіс - жаңа тәсілдер қолданылатын болды.

5. Жаңа тақырыпты өз бетінше игеріп, өз білімімізді бағалайтын болдық.

6.Сабақ соңында ойымызды ашық айтуда қолданылған кері байланыс ұнайды.

7. Шығармашылық жұмыстарды топ болып орындауда, постер әзірлеген ұтымды болды.

Мектепті дамыту жоспарының соңғы кезеңінде қарастрылған тәжірибеге өзгеріс енгізу кезінде жұргізілген мақсатты іс-шаралардың нәтижесін көру үшін мектеп өмірінде болған өзгерістер туралы пікірлерін білуде оқушылар мен ата-аналардан қорытынды сауалнама жүргізіліп, талдау жасалды. Сауалнамалар нәтижесі мектеп тәжірибесінде қысқа уақыт мерзімінде енгізілген өзгерістердің оқушылар жетістігіне әсер еткенін көрсетті. Көшбасшы ретінде қысқа мерзімді уақыт ішінде мектеп өміріне шүғылалы күн сәулесіндей енген өзгерістердің өзі мұғалім тәжірибесі мен кәсіби дамуына, оқушылардың жетістіктері мен нәтижелеріне теңізге тамған тамшыдай оң әсер етіп жатса, жаңалықтың жаршысы болған оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер мектебімнің дамуына кәсіби қоғамдастық мүшелері мен желілік қоғамдастыққа тартылған мектептер арқылы ықпал етеді деген сенімдемін.

Қорыта айтқанда, Lesson Study нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық және оқушыларымыздың оқу үдерісіне толыққанды қатысуына ықпал ете білдік.Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып,оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне,ойларын ашық айтуына дағдыландырдық. Болашақта осындай әдіс- тәсілдерді қолдана отырып оқушыларымыздың білім, білік дағдыларын арттырамыз. Талантты және дарынды оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беруге ізденеміз. Lesson Study-ді өткізген мұғалімдермен соңғы талқылау,талдау жұмысы мақсатында кедесу сағатын жасағанда, А атты әріптесім, өте үлкен сезіммен , толқып тұрып( бейнеүзікте) рахметін айтты және әрі қарай жалғастыратынын, енді басқа сыныптар үшін де қолданып көретінін ризашылықпен жеткізді.
Осы жерде, « Мұғалімдер , өз кезегінде , өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады» деген Выготскийдің сөзінің ақиқаттығына көзім жетті.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1125
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі